Бағдарламасы орал, 2016 мазмұны 1


Спортты дамытудағы SWOT-анализі



жүктеу 1,37 Mb.
бет7/8
Дата25.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#27316
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Спортты дамытудағы SWOT-анализі

Күшті жақтары

Қаланың қолайлы географиялық жағдайы;

Спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;

Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралар санының тұрақты өсуі;

Ұлттық спорт түрлерінің серпінді дамуы;

Әлсіз жақтары:

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;

Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы;

Нормативтік құжаттық базаның нашар қамтамасыз етілуі.

Мүмкіндіктер:

Дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;

Материалдық-техникалық базаны нығайту;

Дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдардың үлесін арттыру;

Ресей Федерациясының көршілес облыстарының және басқа да шетелдердің спортшыларымен қаларалық турнирлер, біріншіліктер өткізу.

Қауіп-қатерлер:

Компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;

Спорт кешендерінің жетіспеушілігі және дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.

Бар факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысы, мүгедектердің дене дайындығы, дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша шаралар алынғанын көрсетіп отыр.



Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар ішкі факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлар, әсер етеді. Спорттық ғимараттардың тапшылығы мен жеткіліксіз қаржыландыруы спорттың дамуына ықпал ететін ішкі фактор болып табылады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдап жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайды тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты, қылмыстың жалпы санының өсуі жедел ахуалдың күрделенуіне әкелмегенмен, соңғы үш жылда қалада аса ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 127-тен 2014 жылы 50-ге дейін) және ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 732-тен 2014 жылы 599-ға дейін) төмендеді.

19-кесте


Тіркелген қылмыстардың деңгейі

Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014ж.

2012 ж. %

Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы

6169

6985

6832

110

олардың













аса ауыры

127

67

50

39

ауыры

732

658

599

81,1

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағы (2012 ж. 3,0%-дейін төмендеді.

20 кесте


Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

111

127

90

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

6,3

6,7

3,8

Сонымен қатар қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағандардың басым бөлігі оқушылар болып отыр: 2012 жылы – 73,1%, 2013 жылы – 72,3 % және 2014 жылы – 71,6 %.

Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2012 жылы 28,9% 2014 жылы 19,7% төмендеді.

21 кесте


Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

2014ж.

бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың саны, бірлік

512

485

466

бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы

28,9

25,7

19,7

көшеде жасалған қылмыстар саны, бірлік

1818

1733

1504

көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы, %

30,1

25,3

22,7

Бұрын сотталған адамдардың қайталап қылмыс жасауына ықпал ететін басты жағдай – бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалардың әлеуметтік қорғансыз болуы және оларды әлеуметтік бейімдеу механизмінің тиімсіздігі, бұл өз кезегінде бұрын сотталғандар арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкеліп отыр.

Сонымен қатар, криминогендік жағдайдағы оң өзгерістер тұрақты сипатқа ие бола қойған жоқ. 2012-2014 жылдарда көше қылмыстарының саны азайғанымен, олардың үлес салмағы жалпы қылмыс саны бойынша жоғары (2012 жылы – 30,1 %, 2013 жылы – 25,3 % және 2014 жылы – 22,7 %).

Көше және басқа да қоғамдық орындарда криминогендік ахуалдың күрделілігі қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камералары желісін одан әрі дамытуды талап етеді.

2012-2014 жылдар аралығында облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 77 адам қайтыс болып (2012 жылы – 26, 2013 жылы – 34, 2014 жылы –17), 1124 адам әр түрлі дене жарақатын алды (2012 жылы – 363, 2013 жылы –416, 2014 жылы – 345).

22-кесте
Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері




Көрсеткіштер атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. 2012 ж. %

Тіркелген ЖКО барлығы

320

369

237

74

олардың













Қайтыс болған адамдар саны

26

34

17

65,1

Жарақат алған адамдар саны

363

416

345

95,3

Аталған теріс көріністердің басты себебі жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының өте нашарлығы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды жол бұдыры, жаяу жүргіншілер мен тротуар қоршаулары санының жеткіліксіздігі екендігін атап өту қажет.

Автомобиль парктері санының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынына әсер етуде. Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталуы төмен болып отыр.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған;

  • облыстық ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуін жаңарту және күшейту жүргізілді.




  • «мектеп» полиция инспекторларының штат саны тиісті нормаға сәйкес жасақталмаған;

  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі;

  • жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • апатты алдын алу субъектілері қызметін үйлестіруді арттыру;

  • құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын өсуге жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

  • құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камераларының желісін кеңейту;

  • жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту.




  • жұмыс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыздықтың артуына орай қылмыстың, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының өсу қаупі;

  • автомобиль парктерінің күрт өсу қарқынынан жол-көлік оқиғаларының арту қауіпі.





Негізгі мәселелер болып табылады:

білім беру ұйымдарына бекітілген ювеналдық полиция қызметкерлері («мектеп» инспекторлары) жетіспейді. Облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлерінің жалпы саны 17, ал облыс аумағында 58 орта жалпы білім беретін мектеп бар, онда 36,9 мың оқушы, 22 орта-арнаулы оқу орнында 20,9 мыңнан астам оқушы және 3 жоғарғы оқу орнында 28,4 мыңнан астам студент білім алуда;

ІІО-ға есепке қойылғанына қарамастан сотталған тұлғалар тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына жолданады. Олардың ішінде жұмысқа орналастырылғандары санаулы, күн көріс қамы көп жағдайда қайта қылмыс жасауға әкеліп жатады;

көптеген көшелер мен көп қабатты үйлердің аулаларының жарықтандырылмауы ұрлық пен тонау қылмыстарының жасалуына ықпал етеді;

жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.

Аталған мәселенің шешімін табу үшін 2016-2020 жылдар аралығында «мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын кезең-кезеңмен көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді;

балалар мен жасөспірімдердің каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру, жаңадан сауықтыру лагерлерін, спорт залдар мен алаңдар құру бойынша белсенді жұмыстану қажет;

бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум бекіту;

бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, түзелу жолына түспегендерге қатысты әкімшілік қадағалау орнату, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарына кері қайтару сияқты заңды түрде ықпал ету шараларын қолдану;

2016-2020 жылдар аралығында облыстағы елді мекендердегі көшелерді кезең-кезеңмен жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін жақсарту;

жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жауапкершіліктерді қатаңдату;

техникалық жылдамдық өлшеуіш құралдары және «зияткерлік қиылыстар» желісін ұлғайту.

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар облыста қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етуі тиіс.


2.2.3 Қаланың инфрақұрылым кешенін талдау
Құрылыс

2014 жылы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 32,5 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың деңгейіне 177%.

23- кесте

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлық құрылыс жұмыстары, соның ішінде:

21308,4

18307,6

28670,7

құрылыс - монтаждау жұмыстары

17655,9

14595,2

25354,1

ағымдағы жөндеу

2602,3

1458,1

2170,8

күрделі жөндеу

1050,2

2254,3

1145,7

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

85

86

177,5

2014 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен келесі негізгі нысандар түрі бойынша қуаттылықтар енгізілді:

65 объект нақты құны 2108,8 млн.теңге,соның ішінде : 5 сауда магазині көлемі 0,291 мың шаршы метр, 8 қойма көлемі 7,0 мың шаршы метр, кондитер цехы көлемі 0,162 шаршы метр, 3 сауда үйі көлемі 4,9 мың шаршы метр, монша 20 орындық, 10 офис көлемі 3,5 мың шаршы метр, 5 автосервис көлемі 0,491 шаршы метр, автокешен жалпы көлемі 450 шаршы метр, спортзал көлемі 0,774 мың шаршы метр, 3 автожуу көлемі 1,698 мың шаршы метр, асхана 200 орындық және кафе, автогараж 2 автокөлікке, ангар көлемі 224 шаршы метр, 2 жабық базар («Трубсервис kz», ЖШС «Таң») 150 сауда орынымен, 18 минимаркет, 2 супермаркет, кукуруз таяқшасын өндіру бойынша цех (14,1 тонна), құрылыс материалдарын өндіру цехы (25 мың куб.м), 2 жолда тамақтандыру кешені, Деркөл кентінде мәдени-сауықтыру кешені, су тасқынына қарсы имарат, автокөлік жолдары (0,31 км.)

Тұрғын үй қоры жыл сайын ұлғаюда. 2012 жылы тұрғын үй қоры 5414,5 мың шаршы м құрады, 2013 жылы –5920,6 мың шаршы м, 2014 жылы – 6097,5 мың шаршы м. Тұрғын үйдің 97,7% жеке болып табылады (2012 ж. – 96,3%).

Тұрғын үй қорын абаттандыру жағдайы жақсаруда. Сумен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы үлес салмағы 2014 жылы 100% құрады. 2012 жылғы 70,3% қарсы, кәрізбен жабдықталғаны – 86,5% (68,8%), орталықтандырылған жылумен 58% (59,1%), газбен жабдықталғаны – 99,5% (99,2%), орталықтандырылған ыстық сумен қамтылғаны – 56,3% (57,8%).

Іске қосылған тұрғын үйлердің басым бөлігі Орал қаласында (жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 61,9% немесе 159,1 мың шаршы м), Бөрлі (15,7% немесе 40,4 мың шаршы м) және Зеленов аудандарында (7,0% немесе 18,1 мың шаршы м) тұрғызылған.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 1000 адам тұрғынға 2012 жылғы 397,1 ш. м-ден 2014 жылы 410,0 ш.м-ге (3,3%) ұлғайды.
24- кесте

Тұрғын үйлерді іске қосу

жалпы ауданының шаршы м



Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 ж. 2013 ж., %-бен

Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы

169397

158005

159122

100,7

оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен

118524

89186

100,527

112,7

салынған пәтерлер саны

186259

170327

179682

105,5

Пәтерлердің орташа мөлшері

2467

2653

2429

91,6

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2012 жылы бір адамға 21,3 шаршы метрден ұлғайып, 2014 жылы 23,1 шаршы метрді құрады (2013 жылы – 22,6 шаршы м).

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2012 жылы 10,8 млрд. теңге, 2013 жылы – 9 млрд. теңге, 2014 жылы – 10,9 млрд. теңгеені құрады

Көп пәтерлік үйлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің пайдалы ауданы құрылысының орташа нақты құны 2014 жылы 68мың теңге, тұрғындармен салынған тұрғын үйлер – 65,1 мың теңге құрады.

Халықтың тұрмысын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыруға 2012 жылы 4 млрд. теңге бөлінді.

2012 жылы 45,6 мың шаршы м. несиелік тұрғын үй, 5,8 мың шаршы м, 6 көп пәтерлік (520 пәтер) пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайғастыру үшін 1,3 млрд. теңге бөлінді.

2013 жылы 20,5 мың шаршы м. несиелік және 29,8 мың шаршы м. жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал қаласында 8 көп пәтерлік тұрғын үй (812 пәтер) пайдалануға берілді. 1,9 млрд. теңге бөлінді және 100 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынды.

2014 жылы 23,5 мың шаршы м. несиелік тұрғын үй, 8,8 мың кв.м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Инженерлік-коммуникациялық құрылысқа 1,9 млрд. теңге бөлініп, 154,6 км инженерлік желі жүргізу қамтамасыз етілді.



Құрылыс бойынша SWOT – талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу бойынша көлемдерінің ұлғаюы;

  • тұрғын үй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты сұраныстың өсуі;




  • қыс мезгілі құрылыс жағынан сұраныстың, куаттың жеткіліксіздігін тудырады (тұрып қалу мезгілінің ұлғаюы).

  • тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына коммуникациялардың жоқтығы;

  • қаражаттың жеткіліксіз бөлінуіне байланысты, жалдамалы тұрғын үйлердің әлсіз қарқынмен дамуы;

  • тұрғын үй құрылысы жүйесінің мүмкіншіліктерін тиісті деңгейде пайдаланбау.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жаңа замандық технологияларды енгізу арқылы құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдары өнімдерінің үлкеюі, құрылым мен өнімді энерго тиімділік және экологиялық талаптарға сәйкес өндіру, тұрғын үй құрылыс құрамында қазақстандық үлесін арттыру;

  • жыл бойы бір қалыпты құрылысты ұйымдастыру;




  • қыс мезгілінде құрылыс материалдарының тұрып қалу уақытының созылуы;

  • мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуіне тікелей байланысы;

  • тұрғын үй құрылысы, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы;

  • Апатты және ескі үйлерді бұзып, орнына жеке инвестицияларды тарту есебінен, 50% «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» арқылы жаңа құрылысты салып «квадрат на квадрат» принципі бойынша өтеусіз үйлерді ұсыну.





Қолданылып жатырған шараларға қарамастан бүгінгі күнде әлеуметтік бағытта және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуына әсер ететін бірқатар мәселелер бар;

жергілікті атқарушы органдар тізімінде тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына жеткіліксіз ақша аударылуы;

экономикалық белсенді халық бөлігін, соның ішінде жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмай отыр;

халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі.

Азаматтарға тұрғын үйге қол жетімділігі және оларды тұрғын үймен қамтасамыз ету тиімділігін арттыру тұрғын үй салу жолымен жүзеге асады.

Қолжетімді тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін республикалық бюджеттен болашақта жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысының және қолжетімді құрал, сондай-ақ тұрғын үй несиесінің айырықша көлемінің ұлғаюы.

Сонымен қатар, халықтың көші-қоны секілді демографиялық жағдайларын күшейту, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйге көптеген тұрғындардың тапсырыс беруінің артуы үшін несиелік қорлар шектеулі. Қалада құрылыстың өсу қарқынына байланысты мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп үлгермеуде.

Тұрғын үйге қолжетімділіктің тапшылығын шешу мақсатында жеке инвестицияны тарту арқылы, одан әрі қарай «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы арқылы жүзеге асыру қажет, сонымен бірге, тұрғын ұй құрылысына республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемдерін арттыру, яғни барынша перспективалы и қолжетімді құралы ретінде.



Апатты үйлердің тұрғындарын жаңа құрылыстар аудандарына көшіру арқылы апатты үйлерді бұзу өтеусіз «квадрат на квадрат» принципі бойынша үйлерді ұсыну, қалған пәтерлерді коммерциялық бағада ұсыну. Қазіргі уақытта Орал қаласында 42 үй апатты деп танылды, сонымен бірге, 200 ескі үй бар.

2015 жылы Деповская ауданын, Гагарина көшесі 1, Құрманғазы көшесі 198 бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (әрі қарай - МЖӘ) принципі арқылы игеру басталды, ол дегеніміз ескі апатты жағдайлардағы үйлерді бұзып, орнына жаңа көп қабатты тұрғын үйлерді жеке инвестицияларды тарту арқылы тұрғызу, инженерлік-коммуникациялық желілерді абаттандырумен бірге бюджет есебінен жүргізу.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы жалпы ауданы 425 га солтүстік-шығыс ТЖЖ игеру жоспарланған.

Тұрғын ауданның аумағында жалпы ауданы 343 620,0 м2 болатын 4 140 кем емес пәтерлер жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта аталған ТЖЖ бойынша жергілікті бюджет есебінен жеті тоғыз қабатты тұрғын үйлер жобалануда, аталған үйдің құрылыстары 2018-2020 жылдары жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, «Ак Жайык» ТЖЖ көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы және жобалық-сметалық құжжатамасын дайындау шараларын жхүргізу жоспарланып отыр.

ТЖЖ бойынша шамамен 2 250 мың м2 137 тұрғын үйдің құрылысы қарастырылған. ЖСҚ дайындау 2018-2020 жылдарға қарастырылып отыр. Қазіргі уақытта инженерлік-коммуникациялық желілердің (су, электр, газ) құрылыстарына ЖСҚ дайындалды және кәріз желісі бойынша ЖСҚ жасақталуда. Инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы 2018-2020 жылдарға қарастырылған.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Орал қаласының Круглоозерное кентінде 1145 учаскеге толықтай жобалау жоспарымен бірге бас жоспар қарастырылған. Аталған жоба бойынша кезекте тұрғын тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру қарастырылып отыр, тағы да «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жүйесі арқылы үйлердің құрылысы жоспарланған. Инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы 2018-2020 жылдарға жоспарланған.



Жолдар және көлік

Қалада 2014 жылы 29,2 млн.тонна әр түрлі жүк тасымалданды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 6,7%-ға көп, жолаушылар - 425,6 млн.адам (6,3%-ға көп). Жүк айналымы 2391 млн.ткм құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өсті, жолаушылар айналымы 6868,1 млн. жкм құрады (5,4%-ға көп).


25-кесте

Көліктердің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, мың тонна

27340,2

27787

29163

өткен жылдың кезеңіне %-бен

105,2

99,8

106,8

Жүк айналымы, млн. ткм.

2 239,7

2 319,4

2391

өткен жылдың кезеңіне %-бен

121,9

103,5

103,1

Көліктің барлық түрлерімен жолаушы тасымалдау, мың адам

400 190,4

423 444,8

425 591,2

өткен жылдың кезеңіне %-бен

110,3

105,8

100,5

Жолаушылар айналымы, млн. жкм.

6 518,5

6768,4

6868,1

өткен жылдың кезеңіне %-бен

108,9

106,8

101,5


Автомобиль көлігі

Тасымалданған жалпы жүк көлемінің 99,7% және тасымалданған жалпы жолаушылар санының 99,9% автомобиль көлігінің үлесіне жатады.

2014 жылы автомобиль көлігімен 29 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 6,8%-ға көп, жолаушылар – 425,6 млн.адам (6,3%-ға көп). Жүк айналымы 2390,5 млн.ткм құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға өсті, жолаушылар айналымы – 6867,2 млн. жкм (7,3%-ға көп).

Қазіргі уақытта қалада 35 қалалық автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 7 тасымалдаушы-кәсіпорын қызмет көрсетуде.

Орал қаласының автобус маршруттарында 522 бірлік, облысішілік маршруттарда 130 бірлік автобус пен шағын автобустар жұмыс жасап жатыр.

Орал қаласында 521 бірлік такси көлігі бар 35 такси компаниясы қызмет көрсетеді.

Қалалық бюджет қаражаты есебінен 1 4 әлеуметтік маңызы бар автобус маршрут бойынша жолаушылар тасымалы 37,5 млн. теңгеге субсидияланды.

2013-2014 жылдары қалада тасымалдаушы-кәсіпорындардың автобус парктері едәуір жаңартылды, 100 бірліктен астам жаңа автобус сатып алынып, соның арқасында жолаушылар тасымалында қызмет көрсету деңгейі артты.

Орал қаласындағы «Уралтехсервис» ЖШС және «№1 жолаушы автокөлік кәсіпорны» ЖШС кәсіпорындарында көліктерді диспетчерлік сүйемелдеу орталықтары құрылды. Қалалық бірнеше маршрут GPS-навигациялық құралдармен жабдықталды, бұл автобустардың жұмысын қашықтықтан бақылап отыру мүмкіндігін жүзеге асырады.

Су көлігі

Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау қалада Жайық өзені арқылы жеке кеме компаниялары, негізінен, «Флот» ЖШС және «Эсторал» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

Кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 623 км құрайды.

2014 жылы су көлігі кемелерімен 96,3 мың тонна жүк тасымалданды немесе 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 26,6%, жолаушылар – 28,1 мың адам (2012 жылға 73,2%). Жүк айналымы 0,5 мың ткм құрады немесе 2012 жылғы деңгейге 166,7%, жолаушылар айналымы – 0,9 мың жкм (68,2%).



Автомобиль жолдары

Қала экономикасының дамуы автомобиль жолдары жүйесін дамыту қажеттілігін анықтайды.

Қала бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 580,9 мың км құрайды, оның ішінде 287 км немесе жолдардың жалпы қашықтығынан 49,4%, қатты жабынмен жабылған 293,9км. немесе 50,6%.

Автокөлік жолдарының құрамында 4 көпір мен 4 жол өтпе жолдары бар.

2012-2014 жылдары қала жолдарының құрылысына, қайта құру, жөндеу және қала жолдарын ұстауға республикалық және жергілікті бюджет қаражаты,сонымен қатар, КПО қаражаты есебінен – 8323 млн.теңге бағытталды, соның ішінде 2012 жылы -1188 млн.теңге, 2013 жылы - 2200 млн.теңге, 2014 жылы - 4935 млн.теңге.

2012-2014жылдары автокөлік жолдарын жалпы қашықтығы 78,9 км. орташа, күрделі және қайта құру жүргізілді.(2012 жылы-19,6 км., 2013 жылы-30,9, 2014 жылы - 28,4 км.)


Көлікті дамыту бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • қала Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін тарамдалған автомобиль және темір жол, әуе және су желілері орналасқан;

  • көліктердің негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы.




  • негізгі құралдардың айтарлықтай моральды және физикалық тозуы (жылжымалы құрам мен инфрақұрылым);

  • көлік кешенінің негізгі құралдары мен инфрақұрылым ахуалы жеке сектор және мемлекет тарапынан ірі инвестицияны қажет етеді;

  • қала маңындағы және облысішілік автобус маршруттарындағы жеке тасымалдаушылардың рұқсатсыз ұйымдаспаған жолаушылар тасымалдауы;

  • облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы (2014 жылдың қорытындысы бойынша 45,4%);




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • инфрақұрылымды қамтуды дамыту үшін экономикалық белсенділік пен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру;

  • автомобиль жолдары желісін сақтап қалу және дамыту.




  • автокөліктің жылжымалы құрамының тозуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді;

  • жол жамылғысының қанағаттанарлықсыз жағдайы пайдалану қозғалысының төмендеуіне, көліктерді пайдалану шығынының жоғарылауына, апаттық жағдайлардың өсуіне алып келеді;

  • инвестициялық белсенділік деңгейі мен экономикалық өсім қарқынының төмендеуі.

Сапалы автомобиль жолдарының болмауы облыс үшін проблемалық мәселе болып табылады. Автомобиль жолдарының топырақты және ауыспалы типті жамылғылы учаскелері қозғалыс жылдамдығы бойынша, ось салмағы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісін қалыпқа келтіру және оларды күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз.

Сондықтан, инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарды қалыпқа келтіруге және қатты жамылғылы жолдарға алмастыруға болады, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және тасымалдау қабілетінің артуына әкеледі.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2015 жылы қаланың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 5,3 млн. текше метр құрайды, соның ішінде 3,04 млн. текше метр немесе 57,3% (1154 үйлер) тұрғын үй көп қабатты үйлерге жатады. Тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 1021 КПТҮ немесе 88% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 31 КПТҮ (2,6%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, бұзуға жататын апатты үйлер.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында қалада 2011-2015 жылдары көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 721,9 млн.теңге бағытталды. 76 үй жөнделді, соның ішінде 2011 жылы -30 КПТҮ, 2012 жылы -21 КПТҮ, 2013 жылы – 1 КПТҮ, 2014 жылы – 15 КПТҮ, 2015жылы – 9 КПТҮ.

Негізінен шатыр, терезе, кіреберіс есік және инженерлік (сумен қамту, кәріздік, жылумен қамту электрмен қамту) желілері ауыстырылды, ғимараттың айналасына откос орнату, кіре берісте және жертөле бөлмелерін жөндеу жүргізілді.

2016 жылдан қаражат бөлінуіне қарай 8 КПТҮ жөндеу жоспарлануда. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін КПТҮ үлесі 88%-дан 84,7%-ға дейін төмендейді.
Электрмен қамту қала инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады. Элекр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылдың 10 айына 256,2 млн.кВт., 2012 жылмен салыстырғанда 10,4% ұлғайды.

26- кесте



Электр қуаты өндірісі





2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

(10 айы)



Электр қуаты өндірісі, млн. кВт. сағ

322,7

316,6

345,6

323,2

256,2

Қалада электр энергиясын өндіруді Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28,5 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.

Қалада электр энергиясының негізгі көлемін тасымалдаумен «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады, оның қызмет көрсетуінде ұзындығы 1724 шақырым, кернеулігі, 10 және 0,4 кВ желілері, 477 трансформаторлық қосалқы стансалары бар. Жыл сайын трансформаторлық қосалқы стансалар және қолданыстағы электрмен қамту желілерін жаңғырту, ағымдағы және күрделі жөндеулер болып тұрады. 2011 жылы - 137 шақырым, 2012 жылы – 146 шқ, 2013 жылы – 135 шқ, 2014 жылы – 143,5 шқ, 2015ж. 9 айында электр тарату желілері -107 км.жөнделді.

Электр энергиясын есептеу приборларымен қамтылуы 100%-ды құрайды.

Саланың негізгі проблемасы электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері және қосалқы стансалары 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтірілу мен жаңғыртылуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы - 72% құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерін және құрылғыларды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі.

Қаланың коммуналдық секторының инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі келесідей:

жылумен қамту - 47%-ның қалыпты жағдайда, жөндеуді қажет ететіні - 54%. «Жайықжылуқуат» АҚ жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 242,4 км;

электрмен қамту - 49%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 51%. «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 1724 км.



Сумен қамту

Су көздерінің ластануынан, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың нашарлауынан, сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз болуынан облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.

2015 жылдың 1 қаңтарына қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 87%-ды құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 87% қалалық коммуналдық су құбырларының жалпы қашықтығы Орал қаласы бойынша (Желаев, Зашаған, Деркөл кенттік округтарын қосқанда)- 428,4 км. шақырым.

Тозығы жеткен жағдайдағы су құбыры желілері 287,02 км.

2015 жылы 7,07 шақырым қалалықсу құбыры желілері ауыстырылды, орын алған апат пен ауытқулар саны – 90 бірлік.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы №10-1 шешіміне сәйкес, қалаға қарасты: Желаев селолық округі, Зашаған кенті, Кругллозерный кенті, Аталған шешімге сәйкес, Орал қаласында 6 ауылдық елді мекендері: Меловые горки, Серебряково, Ливкино, Кардон, Маштаков және Желаев.

6 елді мекеннің ішінен Желаев ауылы «Батыс Су Арнасы» ЖШС-нің орталықтандырылған су қамтылған, Серебряково және Меловые горки ауылдары ҚР АШМ «Казсушар» РМК БҚФ су құбырымен қамтылған, Маштаково, Кардон, Ливкино ауылдары орталықтандырылған жер асты су көздерімен қамтылған.



2015 жылы «Батыс Су Арнасы» ЖШС-і өз қаражаттары есебінен 67,7 млн.теңге сомасында Орал қаласы бойынша 7км. су құбырларына қайта құру жүргізді. 2 мыңнан астамсу есептегіш құралдары орнатылды.Нәтижесінде 2,9 мың адам орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.

27- кесте

Орталықтандырылған сумен қамтылуы

%




2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Елді мекендердің сумен қамтылуы

40

40

50

50

Қала тұрғындарының сумен қамтылуы

80

82,8

85

87

Аталған салада негізгі мәселе болып, су құбырлары жүйесінің тозуы болып табылады. Осыған байланысты, кепілдендірілген сапалы ауыз судың қол жетімді болуын қамтамасыз ету үшін және жаңа қажетті су құбырлары желісін салу мен қазіргі бар су құбырлар жүйесін қайта құруды жалғастыру қажет.



Суды бұру

Қала тұрғындарының орталықтандырылған суды бұруға қол жетімділігі Орал қаласы бойынша 79,2%. Кәріздік желілердің ұзындығы Орал қаласы бойынша – 362,3 шақырымды құрайды. Орал қаласы бойынша 188,8 шақырым кәріздік желілері ауыстыруды қажет етеді. Кәріздік желілер 30 жылдан астам пайдалануда және желілердің - 66% жоғарғы тозу деңгейі негізгі проблемасы болып табылады.



Қалада 2 кәріздік имарат жұмыс істеуде. 2015 жылы (9 айда) кәріздік тазарту желісі арқылы 6835 мың текше метр өткізілді.

2015 жылы 1,5 шақырым суды бұру желілері қайта құрылып, ауыстырылды.
Жылумен қамту

Орал қаласында орталықтандырылған жылуды пайдаланылады. Орал қаласының жылумен қамтуын 561 Гкал/сағ. қуаты бар қалалық ЖЭО және 19 қазандық қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 99,8%. 2015 жылы жылумен қамту көздерінің жылу энергиясын өндіру 777,1 мың Гкал құрады.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 246,5шақырым, соның ішінде 4,1 шақырымы - коммуналдық, 242,4 шақырымы – «Жайықжылуқуат» АҚ-ның меншігінде.

Саланың негізгі проблемасы 53% құрайтын желілердің тозуы болып табылады, оның деңгейі өткізіліп жатқан шараларға байланысты төмендеу үрдісі бар.

2015 жылы қала бойынша 12,2 шақырым жылу желісі ауыстырылды.

2015 жылы магистралдық жылумен қамту желілерін айыру және апатты жағдайлар саны – 0 құрады.



жүктеу 1,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау