76
Barnes, D. (1976). From communication to curriculum [Сұхбаттасудан оқыту бағдарламасына
дейін]. Harmondsworth: Penguin.
Galton, M., & Hargreaves, L. (2002). Transfer from the Primary School: 20 Years On [Бастауыш
мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge.
Mercer, N. (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners
[жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер]. Clevedon:
Multilingual Matters.
Mercer, N., & Hodgkinson, S. (2008). Exploring talk in school: inspired by the work of Douglas
Barnes [Мектептегі зерттеушілік әңгіме: Дуглас Барнастың жұмысымен рухтану]. London:
Sage
Mercer, N., & Littleton, K. (2007). Dialogue and the development of thinking. A sociocultural
approach [Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл]. NY: Routledge.
Stubbs, M. (1983). Language, school and classrooms (2
nd
ed.) [Тіл, мектеп пен сыныптар]. London:
Methuen.
Wragg, E., & Brown, G. (2001). Questioning in the Primary School [Бастауыш мектептің
мәселелері]. Routledge Falmer.
Рефлексиялық оқыту
Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің
жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті
жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «рефлексиялаушы практик» деген
ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық
және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз
қалай ойлаймыз?» (1910) деген кітабы рефлексиялық ойды шешуге жататын мәселелерді
зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып,
практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға
ерекше ықпал етті.
Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексиялық тәжірибені
педагогтердің проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе отырып
шешу әдісі ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның «рефлексиялаушы практик:
кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады» (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды.
Ғалымның «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара
отырып, кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «рефлексия» түсінігін қоюы бұл іске
қосқан зор үлесі болып табылады. Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі
парадигма бола алмады. Оның «іс-әрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «іс барысындағы
толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын
эмоциялар мен теорияларды ескеруді қамтиды, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға
сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «іс-әрекеттен
кейінгі толғаныс» жүреді.
Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай
бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» топта не болып жатқанын,
өзіміздің белгілі бір жағдайда неге дәл осындай іс-әрекет жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар
мен мәселелерді анықтаймыз.
Төмендегі
дағдылардың кейбіреуі рефлексиялық оқыту тұрғысынан қолданылады:
• проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;
• басымдықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым
мәнін түсіну;
• тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
• нақты және түсінікті сипаттама беру;
77
• айқындалмаған жорамал мен құндылықтарды мойындау;
• шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіру;
• шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;
• қол жеткізілген тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
• алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлауы кіреді.
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау жолдары мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды
және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді
талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді.
Бұл арқылы олар, мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені бұл адамдардың
өмір жолын тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы
өзгерістер мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне
әсер ететін қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу
мүмкіндіктеріне ие болады.
Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы,
балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт
пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтылар мәселелерді талқылауға болады.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің
орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы
ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық
болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық
көзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік сана-сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен
болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар
белсенді болады, олар сұрақ қойып,
дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар
ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге
сенбейді,
мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке
ашық болады.
Төменде берілген құрылымды өзіңіздің оқытуыңыз бен баланың оқуы жайында сын
тұрғысынан ойланып-толғануда да қолдануға болады:
1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.
2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.
3. Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың
әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
4. жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын
салыстырыңыз.
5. Барлық сынып көлемінде көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін өз
зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.
6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі
туралы қорытынды жасап, бағалаңыз.
7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды
жоспарлауда пайдаланыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |