Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет32/126
Дата17.02.2020
өлшемі11,77 Mb.
#29267
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126

70
Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:
•  Оны  әзірлеудегі  және  тәжірибеде  қолданудағы  бірінші  басымдық  бағалауды 
оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.
•  Бағалау  ақпарат  беру  арқылы  оқуға  көмектесе  алады,  ол  ақпаратты  мұғалімдер  мен 
оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.
18-сурет. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту
Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың 
«қара жәшік» сияқты техникалық 
метафорасы қолданылған және сол арқылы оқу үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі 
жұмыс» ретінде белгілі болды (18-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалауды 
реформалау Тобымен бірлесіп жүргізген зерттеулері бағалаудың көмегімен оқуды жақсарту 
бір қарағанда қарапайым болып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға 
байланысты екенін көрсетті:
•  Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.
•  Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі 
бағалауға қатыстырады.
•  Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
•  Бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал 
ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
•  Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай 
алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
ПАйДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТ
Alexander, R. (2001). Culture and pedagogy [Мәдениет пен педагогика]. Wiley-Blackwell.
Assessment Reform Group. (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles [Оқу үшін бағалау: 10 
ұстаным]. University of Cambridge Faculty of Education.
Assessment Reform Group. (2002b). Testing, Motivation and Learning [Тестілеу, қызықтыру және 
оқыту]. University of Cambridge Faculty of Education.
Black,  P.,  & Wiliam,  D.  (1989a). Assessment  and  Classroom  Learning  [Бағалау  және  сыныпты 
оқыту]. Assessment in Education: Principles, Policy and Practice, 5
 (1), 5-75.


71
Black, P., & Wiliam, D. (1998b). Inside the black box: raising standards through classroom assessment 
[Қара жәшіктің іші: сыныпты бағалау арқылы стандарттарды арттыру]King’s College 
London, School of Education. Now available from NFER/Nelson.
James, M. (2002). Assessment for Learning: what is it and what does research say about it? [Оқу 
үшін  бағалау:  бұл  не  және  зерттеулер  бұл  туралы  не  айтады].  Learning  how  to  learn 
project, Faculty of Education, University of Cambridge.
Диалогтік оқыту
Ғылыми  зерттеу  нәтижелері  сабақта  диалогтің  маңызды  рөл  атқаратынын  көрсетті. 
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын 
арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. аталған 
авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп 
жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған. 
«Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін 
негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту 
әдістерін «диалогтік оқыту» деп атауға болады.
Тарихи шолу
1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің 
маңызды  екендігін  тілге  тиек  еткен.  Выготский  кіші  жастағы  балаларды  танымдық  даму 
әрекеттері  әлеуметтік  қарым-қатынас  үдерісінде,  яғни,  анағұрлым  қабілетті  оқушылармен 
араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды 
ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен 
қатар Выготский оқушылар өздерінің «
Жақын арадағы даму аймағында» (жаДа) жұмыс 
істесе,  танымдық  дамудың  жақсаратындығын  атап  көрсеткен.  жаДа  оқушы  дамытатын 
дағды  мен  қабілеттер,  өз  бетімен  жасай  алмайтын  тапсырмалар  көлемін  айқындайды.  Бұл 
тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі 
немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда 
оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. 
Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі 
ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары 
мен  мұғалімдері  болуы  мүмкін,  диалог  жүргізу  мүмкіндігі  болған  жағдайда,  оқу  жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, жаДа аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің  оқуда  сөз,  сөйлеу  негізгі  рөл  атқаратындығы  туралы  пікірі  тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау 
және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон 
(2008)  зерттеулері  Барнстың  ертеректегі  жұмысына  негізделе  құрылып,  оқу  барысындағы 
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.
Заманауи түсінік
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін 
көрсететін дәлелдер жеткілікті. Олар: 
•  оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
•  оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау