20
7-сурет. Ми қыртысының негізгі бөліктері
жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік
түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері
ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге
асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын
(фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра
бастаған кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Мысалы, егер
бiзден Қазақстан картасының суретiн еске түсіруді сұраса, онда біз, ең алдымен, Қазақстан
географиясының жалпы образын еске аламыз, әрі бастапқыда нақты белгісіне мән бермей,
құрлықтық шекаралардың негiзгi сызықтарын көз алдымызға елестетер едік. алайда, қажет
болған жағдайда, әрі сондай мақсат қойылса, біз нақты белгілерді сұрыптай бастаймыз,
мәселен, Каспий теңізіне немесе оңтүстiктегi тауларға назар аударамыз. Осылайша, нақты
белгілер біздің географиялық танымымызға қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар аудару
қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай
бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.
Қысқа мерзімді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады
Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «
жұмыс»
жадысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді
жадыдағы ақпаратпен «
жұмыс істеуге» мүмкіндік ашады. Басқаша айтқанда – ақпаратты
белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық,
есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе
іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету.
Ұзақ мерзімді жады қажет
кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады.
жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан
бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы
мүмкін. Мысалы, біреу Сізден дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола
алатын студентті ұсынуды өтінді делік. Сіз студенттеріңіз жөніндегі негізгі ақпараттар қоры
сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және
семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай студенттер туралы
ақпаратты жұмыс жадыңызға тасымалдап, қарастыра бастайсыз. Тікелей немесе жанама
түрде Сіз дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, Сіздің
ойыңызша осы талап үдесінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайсыз. Ұзақ мерзімді
жадыны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу
үдерісі жұмыс жадысында жүзеге асады.
21
Оқыту мен оқу үшін жадыны зерттеудің маңызы
Төменде келтірілген үзiндi доктор Джон Саймонстың жақында Кембридж университетi
эксперименталды психология кафедрасының жады зертханасында жүргізген зерттеулеріне
негiзделген.
Миды бұлшық етпен салыстыру жиі кездеседі, өйткенi миды жаттықтырсаң, ол жұмыс
істеуін жақсарта бастайды. Бодибилдинг спортымен айналысатындар кiр тастарын көтеру
арқылы бұлшық еттерін қатайтып, күшейте алады, демек, Сіз де есіңізде сақтағыңыз келетін
ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішіңізден) жаттықсаңыз, онда өзіңіздің жадыңызды
жақсарта аласыз.
Зерттеушiлер көп жылдар бойы мұндай әдiспен ақпаратты қайталау оны қысқа мерзiмдi
жадыда сақтап және ұзақ мерзімді жадыға беру үшін керек деп санаған. Бұл әдіс біздің
инстинктімізбен сәйкес келеді, мысалы, біз телефон нөмірін есте сақтағымыз келсе, онда оны
ой-санамызда қала ма деген ниетпен ішімізден көп рет қайталаймыз. Көптеген студенттер
дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу, нақты
дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деп ойлайды.
ақпаратты көп қайталасаң, жадыңда ұзақ сақталатындығы дәлелденген. Зерттеулердiң
бiрiне қатысушыларға сөздер тiзiмi беріліп, оларды белгілі бір уақыт ішінде дауыстап айту
сұралады. Қатысушылардан қайталаған сөздерді еске түсіруді сұрағанда, жадыда жатталған
сөздердiң саны тiзiмнің неше рет оқылғандығына тiкелей байланысты болатыны анықталды.
Соған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға қарағанда, жадыда
ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып, стратегиялық амалдарға сүйеніп есте сақтау
анағұрлым тиімдірек болып шықты.
«Нақтылайтын» өңдеу
Көптеген адамдар актерлер өз рөлдерiн механикалық қайталауды пайдаланып жаттайды
деп есептейді, бірақ Хельга Нойс жүргізген (2006) зерттеу бұның олай емес екендігін көрсетті.
Нойс актерлер өздерінің рөлдерін сценарийдің сөздеріне емес, бұл сөздердің мағынасына және
кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады. Бұл зертханалық зерттеулердiң
нәтижелерiмен расталды: сөздер тізбегін қайталау материалды ұзақ уақытқа есте сақтау
мүмкіндігін жақсартатынына қарамастан, осы ақпаратты тиісті фактілер мен білімге
байланыстырып қарастыратын «нақтылай» өңдеу («elaborative» processing) әдісі анағұрлым
тиімдірек болып табылады. Зерттеулердiң бiрiнде қатысушыларға келесі сұрақтарды пайдалана
отырып, сөздерді жаттауға ұсыныс жасалған:
а) Сөз бас әріппен жазылған ба?
ә) Сөз қарапайым ба, әлде күрделі ме?
б) Сөз жиһаздың бөлігіне жата ма?
ең жоғары есте сақтау деңгейі анағұрлым тереңірек, нақты және қайта өңдеуге негізделген
пысықтауды қажет ететін (б) сұрағына жауап бергенде байқалды.
Басқа бір экспериментке қатысушылар сөйлемдерді тек жаттап есте сақтаған (мысалы,
«Дәрігер қорғаушыны жек көрді») немесе нақтылайтын сөйлемдерді (мысалы, «Нашар
тәжірибесіне қатысты оның атына сотқа талап-арыз берілуіне байланысты дәрігер қорғаушыны
жек көрді») қолдана отырып жаттаған. Нақтылау әдісі сөйлемдерді анағұрлым тез жаттауға
мүмкіндік береді, танымдық қызметті қолдану бастапқы сөйлемді тереңірек кодтауға
әкелетіндігін көрсетті.
Зерттеулердiң бiрiнде емтиханға дайындалу үшін олардың қайсысы тиімді болатынын
білу үшін нақтылаудың әр алуан түрлері салыстырылды. Қатысушылардың бiр тобына мәтiнді
оқырдың алдында ойлану үшiн сұрақтар түріндегі тақырып берiліп, басқа топқа мәтiндi жаттап
алу тапсырылды. Зерттеушiлер мәтінді нақты сұрақтар арқылы қарастыру материалды есте
сақтау мен оны басқаға айтып беруді жақсартатынын атап көрсетті.