Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет14/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83

34
үлгерімі  жоғарылайды.  Егер  мұғалімдер  оқу  үдерісін  оқушылар  бағдарламаның  мазмұнын 
игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп құра алса, бұл тиімдірек 
оқуға мүмкіндік береді. Педагогикалық стратегия ретінде оқу үшін бағалау арқылы метатану-
ды дамытуға болатындығы ғылыми дәлелденген және ол мектептер, жоғары оқу орындары, 
сонымен қатар ғылым салаларындағы көптеген жүйелерде қолданылады. Сондықтан тестілеу 
нәтижелерінде  болсын,  қалай  оқу  керектігін  үйренуде  болсын  алға  қойылған  мақсаттарға 
жетудегі табыстылықты осы метатанудың ықпалы деп түсіндіруге болады.
Оқу қағидаттарын түсінуде оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының 
айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын 
қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл оқуды даралаудың 
(жекешелендірудің)  ең  басты  идеясы  болып  табылады.  Бір  жағынан  бұны  метатанудың 
дараланған  оқудың  оқу  үшін  бағалау  сияқты  компоненттерін  кеңінен  қолданатындығымен 
түсіндіруге  болады.  Метатану  дағдыларының  өрістеуі  білім  алушыларға  ондай  қабілеттері 
айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салала-
рын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жол 
ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға 
білім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте:
•  материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мой-
ындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? маған 
мұны есте сақтау қажет пе? бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?);
•  материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі 
бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек);
•  материалды  игеру  деңгейін  анықтай  отырып,  өз  өздерін  тексеруге  және  тестілеуге 
қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?);
•  қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің 
стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).
Соңғы тармақ ерекше маңызды. Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше 
оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін 
көрсетеді:  метатануды  игермеген  оқушылар  қиындық  кездескен  кезде  үнемі  басқа  адамнан 
көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің 
жалпы  мүддесінде  мұғалімдермен  тең  әрекеттеседі  және  ақыр  соңында  мұғалімнің  функ-
циясын өздері атқарады. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет 
болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу мақсатында 
оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге жұмсауға болатын уақыты көбейеді. 
Білім  алуда  тәуелсіздікті  қамтамасыз  ету  оқуды  даралаудың  шешуші  критерийі  болып 
табылады.  Кейбір  оқу  модельдерінде  мұғалім  оқу  үдерісінде  өте  басым  позицияда  болады. 
Мұғалім оқу мақсаттары мен оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; тапсырма-
ны  орындау  барысында  оқушыны  бағыттап  отырады;  тапсырманың  орындалу  мерзімі  мен 
жұмыстың ұзақтығын басқарады, күтілетін нәтижелерді анықтап, оқушылардың оқу үдерісін 
бағыттап, кері байланыс ұсынады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. 
Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындап, оқудың мақсаты 
мен мазмұнын белгілейді, жұмыстың мерзімі мен орындалу ұзақтығын, сондай-ақ нәтижесі 
қандай бола керектігін анықтайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқаруынан 
тәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға 
қолдануға болады. Бірақ оқушылар есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке тар-
тылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады. 
Қарқынды  дамып  жатқан  өмір  жағдайында  үздіксіз  білім  алу  қажеттігі  бізден  тәуелсіз 
оқи  білу  қабілетін  талап  етеді.  Сондықтан  жаңа  кезеңдерден  өтуіне  қарай  басқа  адамдарға 
тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушылар тәсілдер, 
құндылықтар, дағдылар және білім кешенімен қаруланады және де бір нәрсені үйрену қажет 


35
болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек 
қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы 
жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары 
деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай және 
уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Csikszentmihalyi, M., (2008). Flow. [Ағым]. Harper Perennial.
Ryan, R.M., & Deci, E.L., (2009). Promoting self-determined school engagement: Motivation, learn-
ing, and well-being. [Өзін-өзі анықтайтын мектептегі қызығушылықты арттыру: ынталан-
дыру, оқу және ахуал]. In K. R. Wentzel & A. Wigfield (Eds.), Handbook on motivation at 
school. [Мектепте ынталандыру жөніндегі нұсқаулық] (pp. 171–196). New York: Routledge.
Қалай оқу керектігін үйрену
«Қалай оқу керектігін үйрену» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл 
үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау 
жүргізу қабілеттерін дамытады. Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға 
мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті 
екендігі  анықталды  (Whitebread,  2008).  Олар  балғын  жас  болуына  қарамастан,  өздерінің 
оқуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, 
сондай-ақ өздерін оқушы ретінде сезіне бастайды. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай 
дағдыларын дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып шығуларының кілті екендігін 
растады. Бұл зерттеу аталған қабілеттерді дамыту 3–5 жас аралығында болатындығын, сондай-
ақ  мұғалімдердің  осы  кезеңде  жоғары  сапалы  педагогикалық  тәсілдерді  қолданып  қомақты 
үлес қоса алатындығын көрсетті.
Метатану дегеніміз не?
«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін 
бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға танымдық үдерістерді 
білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді 
қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге бола-
ды.
Флейвелл  (1976)  өткізген  алғашқы  кең  көлемді  метатану  зерттеуінде  ерте  жастағы 
балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға 
зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті. Он бес секундтан кейін балалардан осы 
реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды. Ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса, 
ол үшін күш салу керек екендігін түсінді. Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін 
еске  сақтады.  Ал  неғұрлым  кішірек  балалар  бұл  тәсілді  пайдаланбағандықтан,  еске  сақтай 
алмады. Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана олар тапсырманы дұрыс орын-
дап шықты. Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын өнімсіз (тиімсіз) пай-
даланды. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік 
тапшылығы» деп сипаттайды (Whitebread, 2000).


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау