КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы _____________Сарбалаев Ж.Т. «____» ________20__ж.
Мақұлданды:
КПжЖОБ бастығы___________Жанпеисова З.М.«____» ________20__ж.
ОӘБ бастығы _________Жуманкулова Е.Н. «____» ________20__ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдады:
«____»______________20__ж. №____ Хаттамасы
Оқу үдерісінде оқу тәжірибенің мақсаты және міндеттері
1 курс студенттерінің оқу практикасы педагог-психологтардың кәсіби қызметінің нақты саласындағы жұмысымен студенттерді таныстырудың бірінші кезеңі және оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезеңде студенттер қарым-қатынас пен жасалған бақылау нәтижелерін психологиялық диагностиканың құралы ретінде меңгереді.
Тәжірибе педагог-психологтың кәсіби даярлығының маңызды бөлігі ретінде мына мақсаттарға жетуге бағытталған:
-мақсаттар қою шеберлігін игеру, жеке және бірлескен қызметтің міндеттерін қалыптастыру, жұмыс бойынша әріптестермен ұйымдасу;
-теориялық білімді бекіту және олардың тәжірибеде қолдану дағдысына иелену;
-практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларына иелену;
-педагог-психологтың кәсіби ұстанымын, дүниетанымын, мінез-құлық стилін қалыптастыру, кәсіби этиканы меңгеру;
-әр-алуан бейінді мекемелерде психолог қызметінің ерекшелігімен танысу.
Оқу тәжіриебесінің шеңберінде студенттер кәсіби қарым-қатынастың дағдылары мен шеберлігін игереді және педагог-психологтың кәсіби қызметімен танысады.
Оқу-таныстыру тәжірибесі штатында педагог-психологы бар ұйымдар мен мекемелерде (бала-бақшалар, мектептер, әлеуметтік-психологиялық көмек пен сауықтыру орталықтары) бір апта ішінде жүргізіледі.
Оқу тәжірибесінің мақсаты
Педагог- психолог жұмысының заманауи нысанымен, мазмұнымен танысу. Психологиялық-педагогикалық жұмыстың қазіргі таң талаптарына жауап беретін болашақ маман тұлғасының кәсіби маңызы бар қасиеттерін дамыту және жетілдіру.
Кәсіби бейімделу шеберлігін дамыту және басқа адамның психологиялық ерекшеліктерін ажырата білу, сондай-ақ басқа адамның жеке психологиялық бейнесіне назар аудару.
Психолог қызметін ұйымдастыру туралы түсініктерді қалыптастыру және психологиялық шараларды жүргізу, сондай-ақ басқа адамның жеке психологиялық бейнесін құру негізінде адамдармен кәсіби әрекеттесуге қосыла білуді дамыту.
Оқу тәжірибесінің міндеттері:
студенттерді кәсіби қызметтің тәжірибесін жалпылау, зерделеу, бақылау, талдау икемділігімен, сонымен қатар өз тәжірибелік тәжірибесімен құралдандыру;
- тәжірибе барысында бақылау жұмыстарын орындау, қажетті теориялық материалды меңгеру және бекіту;
- коммуникативтік дағдыларды дамыту;
- сұхбат және бақылау әдістерін меңгеру;
- бақылау қорытындылары (тұтастай, таңдамалы және жеке) мен зерттелуші адам мен сарапшылар (педагогтар мен психологтар) сұхбатының нәтижесі бойынша бала-бақша тәрбиеленуші мен мектеп оқушысының психологиялық кескінін, кешенді психологиялық мінездемесін құрастыру;
- білім беру мекемесі психологының (немесе оны алмастырушы тұлғаның) тапсырысы бойынша жұмысты орындау;
- болашақ мамандықтың әлеуметтік маңызы мен мәні көзқарасын кеңейту;
- зерттеушілік қызметті меңгеру үшін оқыту процесінде қабылданған материалды пайдалана отырып іскерлігін қалыптастыру;
тәжірибе қорытындылары бойынша есеп беру материалын дайындау.
Бакалавриаттың БББ құрылымында оқу тәжірибесінің орны
Оқу тәжірибесі шеңберінде 1 курс студенттері кәсіби қарым-қатынас дағдылары мен шеберлігін игереді және педагог-психологтың кәсіби қызметімен танысады.
Осы тәжірибені өту нәтижесінде студент мына жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерге иеленеді
ғылыми ойлау мәдениетін игеру, теориялық ережелер мен фактілерді жалпылау, талдау және жинақтау;
өзінің қызметін талдау дағдыларын игеру және өз қызметі мен психологиялық жағдайының когнитивтік және эмоциялық реттеу әдістерін қолдануды үйрену;
басқа адамның тұлғасын қабылдау, эмпатия, сенімді байланыс пен диалогты орнату, адамдарды қолдау мен сендіру;
ақпаратты қабылдау, сақтау және қайта өңдеудің негізгі әдістері, тәсілдері және құралдарын, компьютермен жұмыс дағдылары ақпаратты басқару құралы ретінде игеру;
Интернет желісі мен қазіргі ақпараттық технологияларды кәсіби бейінді пайдалану;
Психология бойынша білімді психологиялық феномендер, психиканың дамуы мен қызмет ету заңдылығын суреттеу және зерделеу әдістері мен санаттары туралы ғылым ретінде қолдану;
Педагогика мен психологияның әртүрлі ғылыми және ғылыми-практикалық саласында жалпы кәсіби білім мен дағдыларды қолдану негізінде педагогикалық-психологиялық зерттеулерді өткізуге қатысу;
Барлық кәсіби өмір жолында өздігінен білім алу;
Қоғамның психологиялық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында халық арасында ағарту қызметін жүргізу қабілеттілігі мен дайындығына ие болуы тиіс.
Тәжірибені өткізу нысаны мен орындары
Оқу тәжірибесі әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде, кәсіпорындарда жүргізіледі. Тәжірибені өткізу орнын таңдау университет пен студенттер қызығушылықтары мен мақсаттылығымен анықталады. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, әртүрлі әлеуметтік үлгідегі арнайы мекемелер, бұл шағын аудандардың балалар алаңы, ерекше жағдайларда жазғы мектеп жанындағы балалар лагерлері артықшылыққа ие болады.
Пререквизиттер: Психология технологиясындағы әдістер, жалпы педагогика, жалпы психология,психология-педагогика мамандығына кіріспе.
Пререквизиттер:Дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша, диплом алды тәжірибе,өндірістік тәжірибе.
Оқу тәжірибесінің өту кестесі (Оқу тәжірибесінің жалпы көлемі-30 сағат құрайды)
Кезең
|
Қызмет түрлері
|
Есеп беру пішіні
|
1
|
2
|
3
|
Дайындық кезеңі
|
Студенттерді тәжірибені өту орындарымен таныстыру, үлестіру. Практика бағдарламасымен таныстыру. Практиканы өту уақытында студенттерді міндеттерімен және құқықтарымен таныстыру.
|
Практиканы өту үшін дайындалатын құжаттарды анықтау.(мекемелер және ұйымдармен әкімшілікпен келісім қорытындысы).
Бағыт беруші конференцияғы қатысу.
|
«Тәжірибе күнделігінде» рәсімдеу;
мекемемен немесе ұйыммен танысу ретін күнделікте бейнелеу
|
Жұмыс кезеңі
|
Ұйымдар (мекемелер) «практика жоспарын» құрастыру, ұйымдармен әкімшілік өкілдірмен танысу.
|
Даму тарихы, ұйымның құрылымы, жұмыс тәртібі,саланың бағыты,ішкі күнтізбенің ережесін үйрену, ұйымның (мекеменің) әкімшілік өкілдерімен әңгімелесу, танысу. Мамандармен оқытушылармен танысу және ұйымның ішінде экскурсия жасау. Психология-педагогика құжаттарымен лауазымдық нұсқаулармен жұмыс орнымен танысу.
|
«Тәжірибе күнделігін» безендіру:
-мекеменің (ұйымның) құрылымы жұмыс кестесінің анализі;
- мекеменің (ұйымның) әкімшілік өкілдерімен әңгімелесу сұлбасын жасау.
|
Келесі диагностикалық, коррекциялық және т.б сабақтарға қатысу, педагог- психологпен өткізілетін іс шараларда болу.
|
«Тәжірибе күнделігінде» безендіру
- бақылау нәтижелерінің жазылуы;
- педагог-психологпен өткізілген іс-шаралардың анализі
|
Педагог-психологтың кәсіб и этикет ерекшелігін оқып білу.
|
Педагог-психологтың жұмысын бақылау.
|
Кәсіби қарым-қатынас ерекшелігі, жұмыс бабымен әңгімелесудің кіріспе ережесінің ерекшеліктерін «тәжірибе күнделігінде» көрсету және т.б.
|
Студенттің күнделікті жұмыста педагог-психологка (ұйым жетекшісіне) көмек етуі.
|
Жетекшінің нақты берген тапсырмасын орындау.
|
Ұйымның мамандарымен бірге өткізілген, іс- шараларды «тәжірибе күнделігінде» белгілеу.
|
Қорытынды кезең
|
Тәжірибеде алынған нәтижені жалпылау.
Конференцияның соңына тематикалық сөз сөйлеуді дайындау.
|
-Келесі параметрлер бойынша педагогика- психология саласының толық мінездемесін құрастыру:
а) педагог-психологтың жұмыс бағытының негізгісі;
б) Кәсіби саланың мақсаты;
в) педагог-психологтың шешетін міндеттері;
г) педагог-психологтың маңызды кәсіби сапасы;
д) педагог-психологқа қажетті дағдылар және ұстанымдар;
е) берілген ұйымда педагог-психологтың кәсіби саласының өзгешеліктері
-Конференцияның қорытындысында сөйлеу.
|
Белгіленген тәртіп бойынша тәжірибе бойынша есеп.
Қорытынды тәжірибе бойынша топ жетекшісінің топ жұмысын бағалауы, жетекшінің беретін мінездемесі-пікірі.
Қорытынды конференцияға доклад дайындау.
|
Тәжірибе мазмұны
Оқу тәжірибесі шеңберінде студенттер кәсіби қарым-қатынас дағдылары мен шеберлігін игереді және педагог-психологтың кәсіби қызметімен танысады.
Тәжірибе өту процесінде олар тесттер, сауалнамалар, сұхбат, бақылау сияқты психологиялық зерттеудің базалық әдістерін игеруі қажет. Қағида бойынша зерттеу үшін осы немесе өзге дәрежедегі әлеуметтік тәрбиелеуге қиын бала таңдалады.
Бақылау мектепте сабақтарда сияқты, сыныптан тыс уақытта да (үзілістер, сынып шаралары және т.б.) жүзеге асырылады; бала-бақшада сабақтарда да, ойын барысында да жүргізіледі.
Сұхбат зерттелуші баланың өзі, сынып жетекшісі мен мұғалімдері, тәрбиешілері, психологтары қатысуымен өткізіледі. Сонымен қатар, тәжірибе жетекшілерімен келісілген немесе ұсынылған әдістемелік құралдар мен сауалнамалар пайдалануы мүмкін.
Зерттеу нәтижелері бойынша баланың психологиялық суреті құралады.
Студент психологиялық бейнені құру дағдыларын игере отырып, өзінде клиенттің бейнесін құру механизмдерін қалыптастырады. Бірінші курстың тәжірибесі шеңберінде құралған психологиялық сурет педагогтардың, тәрбиешілердің жұмысында іске асырылатын тәжірибелік ұсыныстарды жасау үшін қолданылады.
Оқу тәжірибесі бойынша тапсырмалар:
1. Тәжірибені өтудің жеке жоспарын жасау
2. Сұхбат, бақылау әдістерін қолдана отырып, зерттеу жүргізу
3. Тәжірибеден өтпес бұрын, бағдарламаны зер салып меңгеру және тәжірибе жетекшілері берген тапсырмаларды орындауға дайын болу, нақты тәжірибелік мәселелерді шешу үшін тиісті нормативтік материалдарға жүгіну қажет.
Тәжірибе бөлімдерін орындау бойынша нұсқаулар
Тәжірибеден өтпес бұрын, студент тәжірибе бағдарламасын зер салып меңгеруі керек және тәжірибе жетекшілері берген тапсырмаларды орындауға дайын болу, нақты тәжірибелік мәселелерді шешу үшін тиісті нормативтік материалдарға жүгінуі қажет. Тәжірибеден өту кезеңінде болсын, дайындық кезінде болсын туындаған сұрақтар бойынша оқу, монографиялық әдебиетке, мерзімді баспасөзде жарияланатын материалдарға жүгіну ұсынылады.
Осы тәжірибенің бағдарламасы негізінде студент-тәжірибеленушіге тәжірибе жетекшісімен (мекеменің тәжірибелік қызметкерімен) бірге тәжірибе өтуінің нақты жоспарын жасау ұсынылады.
Оқу-таныстыру тәжірибесінің жеке жоспарының үлгі схемасы
Жұмыстың жоспарланған нысандары (білім беру мекемесі психологының сауалы бойынша жұмыс, сабақтар, іс-шаралар)
|
Жоспарланған жұмысты өткізудің күнтізбелік мерзімдері
|
Орындалғаны туралы белгі
|
1.
|
|
|
Жеке жоспарды құрастыру кезіндегі келесі маңызды жағдай психология бойынша іс-шараны өткізу мүмкіндігін талқылау, оның тақырыбы мен болжалды күнін келісу болып табылады. Егер мектепке дейінгі мекемедегі тәжірибеде бір уақытта бірнеше студенттер жұмыс істесе, онда олар күштерін біріктіріп, психология бойынша шара (ата-аналар жиналысы...) өткізе алады.
Оқу тәжірибесінің жеке жоспарында жұмыстың негізгі нысандары сияқты (сабақтар, зерттеулер жүргізу), ағымдағы жұмыс түрлерін (әдіскерлермен, тәрбиешілермен, психологпен кеңес, балалармен сұхбат және т.б.) де қарастыру қажет.
Тұлғаны зерттеуді ұйымдастырудың үлгі сипаттамасы:
Зерттеу тақырыбы: тәрбиелеуге қиын оқушы немесе бала-бақша тәрбиеленушісінің психологиялық суреті (жеке ерекшеліктері).
Зерттеу объектісі - жеке тұлға аралық қарым-қатынаста немесе зияттық-танымдық дамуда қиыншылық сезінетін бала.
Зерттеу пәні - мінез-құлқында, қызметінде, қарым-қатынасында көрініс табатын тәрбиелеуге қиын баланың жеке ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты – зерттелетін оқушының бейімделу бұзушылықтарымен байланысты жеке ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу қабылданған бақылау деректеріне негізделеді, оның барысында мінез-құлқында, қызметінде, қарым-қатынасында көрініс табатын тәрбиелеуге қиын баланың әртүрлі жеке және танымдық ерекшеліктері талданады және назар аударылады.
Қойылған мақсатты іске асыру бірқатар зерттеу тапсырмаларының қойылуы мен шешімін талап етеді:
· бала қиыншылық сезінетін саланы анықтау (оқу және тәрбиелік қызметінің саласы, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынасы және т.б.);
· қиыншылықтардың бар екендігін айғақтайтын, сыналатын баланың мінез-құлқында, қызметінде, қарым-қатынасында сипатты белгілерді анықтау;
· тәрбиеленушінің (оқушының) осы немесе өзге саладағы қиындықтарының себептерін зерттеу;
· Эмпиризмдік зерттеудің деректерін тәрбиелеуге қиын баланың кешенді мінездемесінде (психологиялық сурет) қорытындылау .
Зерттеу әдістері: бақылау, сауалнамалар, тесттер.
Қабылдау әдісі қойылған тапсырмалардың ішінен бірінші және екіншісін шешу үшін қолданылады. Зерттеу объектісін таңдау үшін (белгілі қиыншылықтары бар бала) зерттеудің бірінші кезеңінде жалпы бақылауды (3-4 сеанс) қолдану қажет. Оның көмегімен қиыншылық саласы анықталады, қиыншылықтардың бар екендігін айғақтайтын, сыналатын баланың мінез-құлқында, қызметінде, қарым-қатынасында сипатты белгілер байқалады. Объект таңдалғаннан кейін, дүркінді қабылданған бақылау қолданылады (5-7 сеанс). Қабылданған бақылаудың басты мақсаты негізделген болжамды ұсыну үшін материалды жинау болып табылады.
Нысандандырылған бақылау нәтижелерін ескере отырып құралған сұзбат баланың осы немесе басқа қиыншылықтарының себептерін түсінуге не құптауға (толығымен немесе ішінара), немесе ұсынылған болжамды жоққа шығару (толық не ішінара). Сонымен қойылған зерттеу тапсырмаларынан үшіншісі сұхбат арқылы шешіледі.
Тәжірибе кезіндегі студенттердің міндеттері
Студент кредит саны арқылы белгіленетін апталарда оқу тәжірибесінде болуға міндетті, кредиттің жалпы көлемі – 1, тәжірибенің ұзақтығы – 1 апта, пәннің еңбек сыйымдылығы – 30 сағат. Студент тәжірибе бағдарламасында қарастырылған жұмыстардың барлық түрлерін уақытылы орындауы қажет.
Тәжірибе кезеңінде ол қоғамдық белсенділік, өзінің жұмысына, мамандығына, терең қызығушылық пен махабатын көрсетуі тиіс, педагогикалық әдептің, ұйымдастырушылықтың үлгісі болуы керек.
Тәжірибе бағдарламасына сәйкес студент тәжірибе жетекшісімен өзінің жеке жоспарын құрастырады. Тәжірибе барысында студент күнделік толтырады, мұнда ол бақылау нәтижелерін белгілейді, өзінің жұмысын талдайды.
Тәжірибеленуші мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне, тәжірибе жетекшісі мен әкімшілік өкімдеріне бағынады. Тәжірибеленушіге қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда, ол тәжірибе өтуден шеттелуі мүмкін. Дәлелді босатқан жағдайда (ауырғанда және т.б.) топ жетекшісіне тиісті ақтайтын құжатты ұсыну керек.
Студент-тәжірибеленушілер:
білім беру мекемесінің әкімшілігіне тәжірибе барысы және ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша жүгінуге;
оқу-тәрбиелік процесті жетілдіру, тәжірибені ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
кемшіліктерді (егер олар болса) жою бойынша жұмысты одан арғы жалғастыру үшін негізгі мекеменің тәжірибе жетекшісінен топ (сынып) құрамы, жеке тұлға, олардың сапалы мінездемесі туралы мәліметтерді алуға құқылы.
Студент-тәжірибеленушілердің міндеттері:
белгіленген мерзімде тәжірибе басталғанға дейін нұсқаушы конференцияға қатысу;
тәжірибе бағдарламасын зерделеу;
университет бұйрығы бойынша белгіленген білім беру мекемелерінде белгіленген мерзімде тәжірибеден өту;
кафедра жетекшісінен және тәжірибені өту орны бойынша тәжірибе басшылығының барлық тапсырмалары мен нұсқауларын орындау;
тәжірибе өтіп жатқан ұйымның, мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
осы білім беру мекемесінің әкімшілігіне, тәрбиешілеріне, мұғалімдеріне құрмет көрсету;
орындалған жұмысқа және оның нәтижесі штаттық қызметкерлермен бірдей болуына жауапты болу;
тәжірибеде басшылық ететін тұлғаларды өзіңнің орнында болмау уақыты туралы хабардау ету;
тәжірибе бағдарламасының барлық бөлімдерінің орындалуы жазылатын күнделікті күн сайын толтыру;
бағдарлама нұсқауларына, жеке тапсырмалары мен тәжірибе жетекшісінің қосымша нұсқауларына сәйкес тәжірибе нәтижесі бойынша есеп беру.
Тәжірибе қорытындылары бойынша білім алушылар жетекші мен кеңес беруші тексерісінен өтетін және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылатын комиссия алдында қорғалатын есеп тиісті кафедраға ұсынылады. Есепті қорғау нәтижелері бағалардың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша дифференцияланған сынақен бағаланады.
Тәжірибеден өтпеген, тәжірибе бағдарламасын орындамаған, жұмыс туралы жағымсыз пікір немесе есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатарлас келесі академиялық кезеңге немесе жазғы семестрге қайтадан тәжірибеге жіберіледі.
Тәжірибе кезеңінде мекемеде жұмыс істейтін студенттердің бірі топ басы болып тағайындалады. Топ басы міндеттеріне студенттердің келуінің есебі, топ жұмысын жалпы ұйымдастыру, тәжірибе жетекшілерінің тапсырмаларын орындау кіреді.
Тәжірибе бойынша есеп құжаттамасы
Тәжірибе қорытындысын шығару әрбір студент есеп беретін тәжірибе қорытындылары бойынша қорытынды кеңесті өткізуді қамтиды.
Титулдық бет.
Студент тапсырмалар, сондай-ақ өзінің бақылауы шеңберінде тәжірибенің барлық кезеңі ішіндегі жұмыс көлемі мен сипатын дәйекті түрде бейнелеуге міндетті тәжірибе күнделігі.
Тәжірибенің тақырыптық мазмұнын орындау, оны жақсарту, өзгерту жөніндегі ұсыныстар туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша есеп.
Тәжірибе базасының жетекшісінің қолы қойылған және лауазымды тұлғаның мөрімен расталған студенттің мінездемесі.
Қосымша материалдар.
Білімді бағалау тәртібі.
Тәжірибе туралы есеп студенттің тәжірибе кезеңінде кейінгі қорытындыларымен зерттеу нәтижелері, олар мінездемеге (оқушыға немесе тәрбиеленушіге) енуі керек; өткізілген сабақтар мен аудитордан тыс шаралардың конспект-жоспарлары; тәжірибе алуға қатысты қорытындылар, ескертулер, жазбалар, өткізілген зерттеулер нәтижелері, өзінің серіктес-тәжірибеленушілерінің сабаққа және аудитордан тыс шараларға қатысу хаттамалары, сонымен қатар қызметтің басқа түрлері мен нәтижелері сияқты орындаған жұмыстары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Сондай-ақ есепте қызметтің аса қиын және қызықты бағыттар талдауын; тәжірибе өткенде кездескен қиыншылықтарға нұсқауды, нақты тапсырмалар және оларды шешу бойынша туындаған қиын әрі даулы мәселелер мазмұндамасын тапсыру ұсынылады. Есепте студент меңгерген материалына және тәжірибе барысында танысқан сол қызметке өзінің көзқарасын білдіруге болады.
Курстық жұмысты жазу үшін студенттің тәжірибе өткен кезде жинаған қажетті материалдары туралы мәліметтері есеп қамтылуы мүмкін.
Бағдарлама мен әдістемелік нұсқауларда көрсетілген тізімге сәйкес студент тәжірибе және оны өтудің барлық материалдары туралы есепті тексеріс пен талдау үшін кафедраға ұсынуы керек.
Тәжірибеде студентпен жүзеге асырылатын жұмыстардың үлгі түрлері:
Құжаттамамаен, ұйым құрылымымен, жұмыс түрлерімен және т.б танысу.
Бала-бақшада, мектепте, әлеуметтік-психологиялық көмек пен сауықтыру орталықтарында оқу сабақтары мен шараларға қатысу;
Зерттеулерді жүргізу.
Тәжірибе аяқталған кезде базалық мекеменің тәжірибе жетекшісі студент мінездемесін жазады, мұнда оның қызметінің мазмұны, тәжірибе өткен кезде қолданған білімі, шеберлігі, сондай-ақ атқарылған жұмыстың сапасы үшін оған баға қойылады (тәжірибе базасы жетекшісінің қолы қойылады және осы мекеменің мөрімен расталады).
Тәжірибеден өту туралы есептерді қорғау сабақтардың кестесінде қарастырылған мерзімде оның аяқталу мерзімдері шамасы бойынша жүзеге асырылады.
Қорытынды конференция үшін бес минуттық сөз сөйлеуді дайындау керек, мұнда студент тәжірибе кезеңінде атқарған жұмысы мен оның тәжірибе нәтижелеріне жеке көзқарасын баяндауы тиіс. Қойылған міндеттер орындалғандығын және жаңа білім мен дағдылар меңгергендігін көрсету, сондай-ақ әлеуметтік мекеме қызметін жақсарту үшін өзінің ұсыныстарын айтуы керек.
Тәжірибе нәтижелерін бағалау критерийлері.
Білім алушының есебін тәжірибе жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Қорытынды баға тәжірибе базасынан тәжірибе жетекшісінің бағасы ескеріліп қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 40 % құрайды, және университет атынан жетекші ұсынған есепті қорғау бойынша бағасы ескеріле отырып қойылады, оның қорытынды бағадан салыстырмалы салмағы 60 % құрайды. Есепті қорғау нәтижелері белгіленен балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша дифференцияланған сынақпен бағаланады.
Осыған орай:
Сипаттауда айтылған пікір;
Күнделіктегі жазбалардың мазмұны мен оны толтыру ұқыптылығы;
Есеп сапасы;
Қорытынды конференцияда сөз сөйлеу
ерекше ескеріледі.
Есепті тапсыру мерзімдерін бұзғаны, дәлелсіз босатулар немесе қандай да бір тапсырмаларды орындаудан бас тарту, күнделікті ұқыпсыз жүргізгені үшін бағалар әлбетте төмендетілетін болады.
Білім алушылар білімін бағалау критерийлері:
95-100. А «Өте жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, білім алушылардың оларды орындауға шығармашылық тәсілін бейнелейді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шараларды, сабақтардың конспект-жоспарларын, олардың талдауын әзірлеу, тәрбиелік жұмыстың жоспары және т.б.), білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жоғары бағалады, білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
90-94. А- «Өте жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, білім алушылардың оларды орындауға шығармашылық тәсілін бейнелейді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шараларды, сабақтардың конспект-жоспарларын, олардың талдауын әзірлеу, тәрбиелік жұмыстың жоспары және т.б.), білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
85-89. В+ «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына сәйкес келеді, тапсырмалардың көбірегі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарлары, олардың талдау зерттемелері, тәрбиелік жұмыстың жоспарларыы және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жоғары бағалады, білім алушы есебінде тәжірибенің қысқа мазмұны, міндеттері мен мақсаттары көрініс табады.
80-84. В «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, тапсырмалардың көбірегі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарының талдамасы, тәрбиелік жұмыстың жоспарлары және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жақсы бағалады, білім алушының есебі тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарына сай келеді.
75-79. В- «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмаарына сәйкес келеді, есепке тәжірибе материалдары (мектеп оқушылары диагностикасының қорытындылары, сыныптан тыс шаралар, сабақтардың конспект-жоспарының талдамасы, тәрбиелік жұмыстың жоспарлары және т.б.) қоса беріледі, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы жақсы бағалады, білім алушының есебі тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарына сай келеді.
70-74. С+ «Қанағаттанарлық» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына жеткілікті деңгейде сәйкес келеді, тәжірибелік қызметінің материалдары бар: өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, есеп білім алушы жұмысының барлық басты бағыттары бойынша құрастырылған.
65-69. С «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары бар: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, білім алушының толық есеп бар.
60-64. С- «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың материалдары бар, білім алушының тәжірибесін сынып жетекшісі, пән мұғалімі, мектеп психологы қанағаттанарлық бағалады, қысқа есеп бар.
55-59. D+ «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың ішінара материалдары бар, есепте тәжірибенің негізгі мазмұны қысқаша баяндалған.
50-54. D «Қанағаттанарлық» - күнделікте тәжірибе тапсырмарын орындағаны туралы жазбалар бар, тәжірибелік қызметінің материалдары үзінділермен берілген: пән мұғалімдерінің бағасымен, өткізілген сабақтардың конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелік жұмыстың ішінара материалдары бар, есепте жұмыстың басты бағыттары баяндалған.
0-49. F «Нашар» «Қанағаттанарлық» - күнделіктегі жазбалар мазмұны тәжірибе тапсырмарына сай келмейді, тәжірибелік қызметінің материалдары лекцияның конспект-жоспарлары, мектептен тыс шаралардың талдамалары берілмеген, тәжірибе бойынша есеп жоқ.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі Негізгі:
1 Абдуллина О.А., Загрязкина Н.Н. Педагогическая практика студентов. – М., 2009. – 173 с.
2 Практика как основа профессиональной подготовки педагогов учебно-воспитательных учреждений. Алма-Ата, 2011. – 77 с.
3 Психологические основы педагогической практики студентов / Под ред. А.С. Чернышова. – М., 2010. – 139 с.
4 Психолого-педагогическая практика в системе образования / Ермолаева М.В., Захарова А.Е., Калинина Л.И., - М., 2009. – 288 с.
5 Соколова Н.Е., Михальчик Т.С. Методические указания к организации и проведению педагогической практики студентов – заочников педагогических институтов. М., 2012. 64 с.
Қосымша:
1 Вопросы практической психодиагностики и консультирования в вузе. / Под ред. Н.Н. Обозова. – Л., 1984. – 152 с.
2 Изучение личности школьника учителем / Под ред. З.И. Васильевой. – М., 1991. – 136 с.
3 Ингенкамп К. Педагогическая диагностика. – М., 1991. – 240 с.
4 Практикум по психологии / Под ред. А.И. Щербакова. – Л., 1970.
5 Психологическая диагностика / Под ред. К.М. Гуревича. – М., 1981. – 232 с.
6 Психологический анализ урока / Под ред. Н.Ф. Добрынина. – М., 1952. 119 с.
7 Психологичеческий практикум в школе. – М., 1979. – 109 с.
8 Психолого-педагогические аспекты анализа урока в школах инновационного типа / Масырова Р.Р., Линчева А., Алматы, 1998. – 159 с.
9 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога: В 2 кн. – М., 1999. – 382 с.
Достарыңызбен бөлісу: |