Бағдарламасы «Кәсіпорын экономикасы»


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 402,5 Kb.
бет2/2
Дата20.11.2018
өлшемі402,5 Kb.
#22458
түріБағдарламасы
1   2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ


«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

050506 «Экономика» , 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған (сырттай оқу бөлiмi)



Павлодар


Студенттерге арналған пән бағдарламасын бекіту парағы


Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11



БЕКІТЕМІН

Қаржы – экономикалық факультетінің деканы

___________ Т.Я. Эрназаров

200__ж «____»_________
Құрастырушы: аға оқытушы _______________ Шеген Г.И.
Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
пәні «Кәсіпорын экономикасы»

050506 «Экономика» , 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттеріне арналған (сырттай оқу бөлiмi)

Бағдарлама 200___ж «___» ___________ бекітілген оқу жұмысының бағдалмасы негізінде әзірленген
200___ ж «____» _____________ кафедра отырысында ұсынылған

№_____ хаттама


Кафедра меңгерушісі ___________________ С. К. Құнязова
Қаржы-экономикалық факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған

200 ж «____»_________ №___ хаттама


ӘК төрайымы _____________________ Л.А. Сидорова


КЕЛIСIЛДI

Есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі ________ И.Н. Шамрай

200_ж. « __» ________
Қаржы кафедрасының меңгерушісі ________ Н.С. Кафтункина

200_ж. « __» ________



Оқытушы туралы мағлұмат
Шеген Г.И. – «Кәсіпорындағы экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы.

Кафедрадағы қабылдау сағаты арнайы график бойынша (ауд. 419)


Пән туралы мәліметтер:
Пәннің еңбек көлемі 135 сағатты құрайды, олардың 45 сағаты аудиториядағы жұмысқа арналған, ал қалған 90 сағаты пән оқуға арналған студенттердің өздік жұмысына арналған (СӨЖ). Аудиториялық уақытты сабақтар түріне бөлу тақырыптық жоспарда келтірілген.

Пәнді оқып үйрену үшін келесі пәндер бойынша базалық білімі болу қажет:



  • Экономикалық теория

  • Микроэкономика

  • Менеджмент негіздері

  • Маркетинг негіздері

  • Кәсіпорынды ұйымдастыру және мөлшерлеу

  • Фирмаішілік болжау

  • Фирмаішілік коммерциялық есеп айырысу

  • Экономикалық информатика

  • Еңбек әлеуметтенуы және психологиясы.

Нарық экономика шартындағы кәсіпорын функциялауының жақсы қорытындыларын қамтамасыздандыра алатын шарттарға және факторларға деген әсері және объектвті экономикалық заңдарын оқып білу курстың мақсаты болып табылады.

«Кәсіпорын экономикасы» пәннін міндеттерін оқып білу осылайша табылады:

- Қазақстан Республикасының экономикасының даму сипаттамалары және оны мемлекеттік реттеуі;

- кәсіпорынды шаруашылықты жүргізу объектісі ретінде;

- өндірістін экономикалық и әлеуметтік тиімділігі;

- кәсіпорынның негізгі капиталы;

- шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстары;

- айналым капиталы;

- еңбек ресурстары;

- еңбек ақы төлеу;

- кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты;

- өндіру және өнімді өткізу шығындары;

- кәсіпорынның маркетинг және өңдіру қызметтері;

- өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету;

- өндірістің табыс пен пайдалалығы;

- кәсіпорынның қаржысы.

Аталған пәнді үйрену мақсатында студенттер мынаны білуі керек:

- ҚР экономикасы дамуының негізгі бағыттары;

- экономиканы мемлекеттік реттеуінің мәні және тәсілдері;

- өндірістік кәсіпорындарының мағнасы мен жіктелімі;

- өндірістік куатының мағнасы және түрлері;

- өндірістік бағдарламасының мағынасы;

- кәсіпорынның негізгі және айналым қаражаттарының құрамы;

- кәсіпорынның еңбек ресурстарының құрамы;

- кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау қөрсеткіштері;

- өндіріс шығындардың жіктелімі мен құрамы;

- кәсіпорын өндірістік – шаруашылық қызметінің пайда және табыстылығын есептеу әдістері.

Пәнді үйрену барысында студенттер мынаны игеруі керек:

- кәсіпорын өндірістік – шаруашылық қызметінің экономикалық жағдайың талдау;

- кәсіпорынның үйымдық және өндірістік құрылымдарын әзірлеу;

- кәсіпорынның ортажылғы өндірістік куатын есептеу;

- өндірістік бағдарламасың жоспарлау және бағалау;

- күрделі жұмсалымдардың құрылымың есептеу және олардың тиімділігін бағалау;

- айналым қаражаттарының нормативтарың есептеу және өндірістік босалқы қорының ең төмен мөлшерін бағалау;

- өндірістік ресурстарың тиімді пайдалану;

- жұмыс уақытының балансың, өндірістік бағдарламаға жұмсалған еңбегің жоспарлау;

- пайда нормасың, өнімнің табыстылығың,өндірістің табыстылығың капиталдың табыстылығың есептеу;

- өндірістік – шаруашылық қызметінің қаржы жоспарың құрастыру.

Пәнді үйрену барысында студенттер мына дағдыларды игеруі керек:


  • ақпаратпен жұмыс істеу;

  • іскерлік қарым-қатнас;

  • шешім қабылдау;

  • қысқаша есеп беру;

  • презентация өткізу.



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Г.И. Әбдікаримова. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 367с.;

  2. Р.К. Ниязбекова, Б.А. Ахметов, П.Т. Байнеева. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2008 – 791с.;

  3. А.К. Мейірбеков, К.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Алматы.: Экономика, 2003 – 251с.;

  4. Г.К. Андабаева. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. Павлодар: Торайғыров атындағы ПМУ, 2006 – 156с.;

  5. М. Бейсенова, А.Садынбекова. Кәсіпорын экономикасы: есептер жинағы. Алматы.: Ғылым, 2002 – 84с.;

  6. Д.Я. Куатова Кәсіпорын экономикасы: практикум. Алматы.: Экономика, 2006 – 106с.;

  7. С. Молотов, А.Оганесян. Экономика предприятия: конспект лекций. – М.: ПРИОР, 2003 –112с.

  8. А.М. Белов. Экономика организации (предприятия): практикум.- М.: ИНФРА-М, 2003- 272с.

  9. А.С. Пелиха. Экономика предприятия: учебное пособие для студентов экономических специальностей вузов. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002 – 415с.

  10. Магомедов А.М. Экономика предприятия.-2-е изд., доп. – М.Экзамен, 2004 – 350с.

  11. О.И. Волков, О.В. Девяткин. Экономика предпрития (фирмы) 2-е изд., перер. и доп.- М.: ИНФРА-М, 2005- 560с.

  12. П.П. Табурчак, В.М. Тулин. Экономика предприятия. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2002 – 316 с.


Қосымша:

1 Л.Е. Стровский. Внешнеэкономическая деятельность предприятия. 2-е изд. перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ, 1999 – 823с.

2 В.Е. Адамов, С.Д. Ильенкова и др. Экономика и статистика фирм. 3-е изд. перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2000 – 288с.

3 С. Аникеев Методика разработки плана маркетинга. – М.: Информ-студио, 1996 – 128с.

4 Швандер В.А., Базилевич В.И. Управление инвестиционными проектами. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001 - 208 с

5 Коссов В.В. Бизнес-план. Обоснование решений. 2-е изд. испр. и доп. – М.:ГУВШЭ, 2002- 272 с.

6 Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2004 – 400с

7 Жилкина А.Н. Финансовое планирование на предприятии. – М.: Благовест, 2004 – 248с

8 Бизнес-каталог промышленности РК – Алматы: КазИнформ центр, 1995.

9 Концепция региональной политики Республики Казахстан на 2000 – 2002 годы. – Астана, 2001.

10 Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010 года. - Астана, 2001.

11 Стратегия развития Казахстана и реформирование национальных производительных сил. - Алматы: Гылым, 1998.



12 Канатчинова А.К., Оспанов Х.А. Модернизация структуры производства в промышленности РК – Алматы: Гылым, 2000.


«Кәсіпорын экономикасы» пәнінің тақырыптық жоспары

2009 жылы түскен 050506 «Экономика» , 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша, жоғарғы кәсібі білім беру негiзiндегi сырттай оқу бөлiмi

Пәннің тақырыптық жоспары


п/п

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны


Дәріс.

Практ.

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

І БӨЛІМ Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны

1

Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

0,5

0,5

1

9

2

Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

0,5




1

9

3

Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

0,5

0,5

1

9

2 БӨЛІМ Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігi

4

Кәсіпорынның негізгі капиталы

1

1

1

10

5

Шикізат, материалдық және отын –энергетикалық ресурстар

0,5

0,5

2

8

6

Айналым капиталы

1

0,5

1

10

7

Еңбек ресурстары

1

0,5

2

8

3 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі

8

Еңбек ақы төлеу

1

0,5

1

9

9

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

1

0,5

2

8

10

Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

1

0,5

1

4

11

Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

1

0,5

2

3

12

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

1




1

4

4 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі

13

Табыс және өндіріс рентабелділігі

1

0,5

1

4

14

Кәсіпорын қаржысы

1




1

4




Барлығы

12

6

18

99



«Кәсіпорын экономикасы» пәнінің тақырыптық жоспары

2009 жылы түскен 050506 «Экономика» мамандығы бойынша, орта кәсібі білім беру негізіндегі сырттай оқу бөлiмi

Пәннің тақырыптық жоспары


п/п

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны


Дәріс.

Практ.

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

І БӨЛІМ Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны

1

Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

0,5

0,5

1

9

2

Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

0,5




1

9

3

Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

0,5

0,5

1

9

2 БӨЛІМ Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігi

4

Кәсіпорынның негізгі капиталы

1

1

1

10

5

Шикізат, материалдық және отын –энергетикалық ресурстар

0,5

0,5

2

8

6

Айналым капиталы

1

0,5

1

10

7

Еңбек ресурстары

1

0,5

2

8

3 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі

8

Еңбек ақы төлеу

1

0,5

1

9

9

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

1

0,5

2

8

10

Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

1

0,5

1

4

11

Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

1

0,5

2

3

12

Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

1




1

4

4 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі

13

Табыс және өндіріс рентабелділігі

1

0,5

1

4

14

Кәсіпорын қаржысы

1




1

4




Барлығы

12

6

18

99


Курс компоненттері
Дәріс сабақтарының тізімі

І БӨЛІМ ¥ЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ
1-таырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Үлттық экономика. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық қүрылымы. Салалар жіктелуі. Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қүрылымдық саясаты: үзақ мерзімді басым бағыттары және іске асыру стратегиясы. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өнеркәсіптің рөлі. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасынын индустриялық-инновациялық саясаттың басым бағыттары.

Нарықтың мәні және негізгі категориялары. Нарық түрлері, олардың ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және қайықшылықтары. Нарықтар қүрылымы.

Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтық инфрақұрылымының негізгі элементтері. Нарықтық қатынастар қалыптастыру жағдайындағы Қазақстандагы нарық инфра-құрылымын дамыту.

Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Дамыған мемлекеттердегі жоспарлаудың тәжірибесі (индикативті, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар, болжаулар). Экономиканы әлеуметтік-экономикалық жаңарту жағдайында мемлекеттің рөлі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері: салықтар, бағалар, еңбек ақы, импортты және экспортты лицензиялау, кеден ережелері, қаржы және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат.

Қазақстан Республиканы индустриялық-инновациялық дамыту жағдайында өндіріс факторларының бәсеке қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекеттік реттеудің шаралары. Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы басқару органдарының құрылымы және олардың функциялары.

Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.

2-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Кәсіпорын - шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері жэне кұқықтары. Әр турлі белгілері және меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Кәсіпорындардың жаңа түрлері - халықтық кәсіпорыңдар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар. Кәсіпорын қүрылымы. Кәсіпорындар бірлестіктері.

Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару.



3-тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін факторлар жэне көрсеткіштер жүйесі. Өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштері. Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Қаржы түрақтылық көрсеткіштері. Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған варианттардың дербес жағдайлары. салаларда тиімділік пен капитал салымдарды есепке алу. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы (көрсеткіштерді дисконттау) уақыт факторын есептеу әрдістері. Таза ағымдық қүн және табыстың ішкі нормасы деген көрсеткіштерін сипаттау. Варианттарды салыстырудағы сапалық талдау. Кәсіпорындар қызметінің тиімділікті бағалау экологиялық аспектілері.
2 БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГI
4-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы
Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні, олардың қүрамы және қүрылымы. Ұдайы өндірістің нысандары және негізгі капиталды жетілдіру.

Негізгі қорлардың амортизациясы және тозуы. Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта бағалау. Амортизацияны есептеу әдістемелер: біркелкі, өндіріс-тік, жеделдетілген (кумулятивті, қалдық қүнын азайту). Нарықтық қатынастар қалыптасу кезіндегі Қазақстан Республикадағы амортизациялық саясат.

Негізгі капиталды пайдалану көрсеткіштері. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсеке қабілеттілігін арттыру шаралары.

Кәсіпорынның тіркелген активтер. Кәсіпорының материалдық емес активтер: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.


5-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау.

Қазақстан Республикасьшың шикізат базасы және оны дамыту бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жагдайындағы отын-энергетикалық кешенді дамыту.

Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту. Шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісін дамыту. Қоршаған ортаны қорғау және өндіріс тиімділігін көтеруді ескере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдаланудың жолдары.

Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі. Кэсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын- энергетикалық ресурстарды басқару. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру.

Материалдық ресурстарды пайдалануды талдау әдістері, көрсеткіштері, факторлары және мэні.
6-тақырып. Айналым капитал
Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері.

Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жүмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні.

Айналым қаржылар қажеттілігін анықтау: өндірістік қор, аяқталмаған өндіріс және дайын өнімді қалыптасу үшін. Айналым қорларды пайдалануды бағалау. Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу.

Кэсіпорын жүмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.


7 тақырып. Еңбек ресурстары
Енбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикада халықты әлеуметтік қорғау түжырымдамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және енбек қауіпсіздігін қорғау.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптасу көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттігін анықтау. Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорынның қызметін тиімді істеу үшін ұймдастырушылық мінез-қүлықтың мэні жэне маңызы. Еңбек өнімділік және оны есептеудің әдістері. Еңбек өнімділік резервтері және факторлары.
3 БӨЛІМ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
8-тақырып. Еңбек ақы төлеу

Еңбек мотивацияның формалары және мәні. Еңбек ақы төлеудің мэні жэне қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмүны және еңбек ақыны ұйымдастырудағы мәні. Әлеуметтік әріптестіктің дамуы: генералдық (бас), салалық және тарифтік келісімдер, үжымлық келісім.

Жүмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары.

Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын

ұймдастыру. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу. Міндетті әлеуметтік сақтандыру. Әлеуметтік салықты есептеу әдістемесі. Жеке табыс салықтың сипаттамасы.

Еңбек ақыны үйымдастырудың шетелдік тәжірибесі. Еңбек ақының тарифсіз жүйесі. Кәсіпорынның пайдасымен зиянда қатысу жүйесі. Кәсіпорынның капиталында қатысу жүйесі.


9-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
Нарық және инвестициялық процесс. Инвестициялар: мәні мен түрлері.

Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу. 2003-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық даму Стратегиясы, оның мақсаты, мазмүны және іскеру шаралары.

Мемлекеттік даму институттар. Қазақстанның инвестициялық қоры. Қазақстанның Даму Банкісі. Инновациялық қор. Экспортты сақтандыру корпорациясы. Инвестициялық қор лар.

Инвестицияларды талдау бағыттары. Жобалық талдаудың тұжырымдамасы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мәні және әзірлеу қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі. Басшылық инвестициялық үсыныстар көрсеткіштері. Инвестициялардың экономикалық тиіміділігін анықтау әдістемесі.

Инвестицияларды қаржыландыру көздері.

Қаржы инвестициялар. Лизинг - өндірістік инвестициялау қүралы.

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты. Инновация (жаңашылықтар): табиғатының циклділігі және жайылуы. Жаңашылықтарды басқару және инвестициялау.

Кэсіпорындардың инновациялық менеджменті: мәні және міндеттемелері.

Инновациялық жобалардың портфелін калыптасу, мәні, қағидалары және бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.


10-тақырып. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары.
Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, түрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кэсіпорындағы шығындар құрамы. Кезең шығындарға және статьялар бойынша өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар.

Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өндіріс және тиімді өткізу шығындарды есепке алу әдістері. Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырмалық әдістері. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.

Қосымша шығындар, олардың құрамы және бөлу белгілері. Қосымша шығындарды бөлуәдістемесі. Өндіріс шығындарын толықтаудағы шет елдер тәжірибесі. Өнімнің өзіндік құнын азайтуының мэні, көздері және факторлары.
11 тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
Маркетингтік тәсіл және стратегиялық жоспарлау. Маркетинг стратегиясын таңдау және өткізу жолдары. Маркетингтің өндірісті ұймдастыруға және кәсіпорынның негізгі функцияларына әсер етуі.

Кәсіпорынқызметін жоспарлаудың әдістемелік негіздері. Кәсіпорынның жоспарлар құрылымы. Ішкі өндірістік жоспарлау. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу. Өндірістік бағдарламаны жасау үшін оның нарықтық-ресурстық тәсілі. Кәсіпорын дамуының циклділігін ескере отырып өндірістік бағдарламасын жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау әдістемесі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау эдістері.
12-тақырып. Өнімнің бэсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне жетуге әсері.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін өсіру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Өнімді стандартқа келтіру. Өнімді сертификациялау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі. Өнімнің, жүмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
4 БӨЛІМ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕСІ
13-тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі
Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстар түрлері. Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы.

Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша салық салу табысты анықтау кезінде шегерулердің сипаттамасы. Корпоративті табыстық салықты анықтаудың жалпы ережелері. Корпоративті табыстық салықты анықтау кезіндегі салық салу табысты анықтау әдістемесі. Қосымша құн салықты және басқа салықтарды есептеудің жалпы ережелері.

Кәсіпорында табысты арттыру резервтері.

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде. Рентабелділік деңгейін көтеру жолдары.


14-тақырып. Кәсіпорын қаржысы
Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары. Кәсіпорындағы қаржы қатынастар нысандары. Кәсіпорынның қаржы қызметінің негізгі қағидалары мен ұйымдастыру бағыттары. Қаржы механизмі: құрамдық элементтер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау эдістемесі. Кәсіпорындарда салық салу: мәні, түрлері және қағидалары.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржы жоспарлау. Кәсіпорыңдағы қаржы ресурстарды қалыптасу көздері. Заемды қаржыларды алу әдістері. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар.

Студенттердің өзіндік жұмыстарының түрлері
Пәнді меңгеру кезінде тақырыптық жоспар және бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес келесідей аудиториядан тыс жұмыстарды орындау қажет:

– дәріс сабақтарына дайындалу;

– тәжірибелік сабақтарына дайындалу;

- дәріс материалдарына кірмеген, бірақ міндетті болып табылатын курс тақырыптарының қысқаша конспектісін жазу;

- курстық жұмысты жасау.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының мазмұны
1 БӨЛІМ Ұлттық экономика жұйесіндегі кәсіпорын

1-тақырып Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу

Өнеркәсіптің орналастыру қағидалары, өнеркәсіптің әр-түрлі салаларындағы өндірістің орналастыру ерекшеліктері. Өнеркәсіптің орналастырудың экономикалық дәлелдеу әдістемесі, өндірістік объектілерді орналастырудың экономикалық тиімділігін бағалаудың мөлшерлері мен көрсеткіштері.

Шаруашылық қызметінің еркін әрекет етуі және кәсіпкерліктің дамуы. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Бәсекелестіктің қалыптасуының экономикалық негізі. Бәсекелестік түрлері, тәртібі және стратегиясының түрлері. Шағын кәсіпкерлік және бәсекелестікті мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік монополияға қарсы саясат. Жеке инвестицияларды және кәсіпкерлікті қолдау.

Өнеркәсіптік жоспарды реттеу. Дамыған мемлекеттердің жоспарлау тәжірибесі (индикативтік, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар, болжау).


2-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары.

Банкрот түсінігі және белгілері. Банкроттықтан қорғау стратегиясын таңдау. Кәсіпорынды банкрот деп жариялау процедурасы. Кәсіпорынды тарату және жақсарту (санация).
3-тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудағы уақыт факторын есептеу әдістері. HPV мен IRR көрсеткіштерін сипаттау. Варианттарды салыстырудағы сапалық талдау. Өндіріс тиімділігін арттырудың факторлары және жолдары.


2 БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГI
4 Тақырып Кәсіпорынның негізгі капиталы

Нарықтық қатынастар қалыптасу кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы амортизациялық саясат.

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың көрсеткіштері. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың факторлары және жолдары.
5 Тақырыбы Шикізат, материалдық және отын –энергетикалық ресурстар

Өнеркәсіптің ауыл шаруашылық базасының дамуы. Шикізаттың химиялық түрлерін өндірудің дамуы. Материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың жолдары.


6 Тақырып Айналым капиталы

Айналым қаржыларының қайтарымдылығы. Айналым қаржыларына деген қажеттілікті анықтау. Айналым қаржыларын пайдалануды бағалау. Кәсіпорындағы айналым қорларын үнемді пайдалану.


7 Тақырып Еңбек ресурстары

Еңбек өнімділігі және оны есептеудің әдістері. Еңбек өнімділігі өсуінің факторлары мен жолдары.


3 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің экономикалық механизмі
8 Тақырып Еңбек ақы төлеу

Еңбек етуге ынталандыру. Еңбек ақы төлемін мемлекеттік реттеу. Жалақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі.


9 Тақырып Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты. Инновация: табиғаты және таратылу циклындағы инновациялар мен экономикалық таңдау бірлесіп әрекет ету.

Кәсіпорынның инновациялық менеджменті. Инновациялық стратегия: тәуекелді және қауіпсіз. Инновациялық процесс және инновациялық құрылым. Ғылыми-техникалық альянс.

Инновациялық жобалар портфелінің қалыптасуы: мәні, қағидалары, бағалау факторлары. Инновациялық лизинг.


10 Тақырып . Өнімді өткізу және өндіріс шығындары.
Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері мен факторлары. Өндіріс шығындарын анықтаудағы шет елдер тәжірибесі.
11 Тақырып Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Нарық жағдайында кәсіпорындағы жоспарлауды ұйымдастыру. Өнім өндіру бағдарламасын жасауға қажет шығындық мәліметтер. Кәсіпорын жоспарының өндіріс және өнімді сату бөлімінің көрсеткіштері. Өндірістік бағдарламалар көрсеткіштерін есептеу әдістемесі.


12 Тақырып Өнімнің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Ғылыми-техникалық потенциал: түсінігі және құрамындағы элементтері. Ғылыми-техникалық потенциал көрсеткіштері және оның тиімділігінің экономикалық бағалау.

Өнім сапасы: түсінігі, оның деңгейінің көрсеткіштері және деңгейін арттыру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйелері. Өнім сапасын басқарудың жаңа стратегиясы. Өнімді стандартқа келтіру. Өнімді сертификациялау.
4 БӨЛІМ Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесі
13 Тақырып Табыс және өндіріс рентабелділігі

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші. Рентабелділік деңгейін көтеру және кәсіпорынның ішкі күштерін пайдалану жолдары.


14 Тақырып Кәсіпорын қаржысы

Қаржы механизмі: құрылымдық элементтер, тетіктер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары. Қаржылық жоспарлау. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері. Несие, оларды берудегі негізгі қағидалар. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.


Курстық жұмыстардың үлгілік тақырыптары
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның қызмет ету механизмдерін және оның қызметінің әртүрлі бағыттарын экономикалық негіздеу бойынша тәжірибелік дағдыларды алу. Курстық жұмыстың тақырыбы оқытушымен келісім бойынша таңдалады.


  1. Өнеркәсіптік кәсіпорында өнім сапасын басқару (кәсіпорын мысалында);

  2. Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі (өнеркәсіп және кәсіпорын саласы мысалында);

  3. Қазақстан өнеркәсібінде негізгі құралдарды пайдалануын жақсарту жолдары және оларды талдау (кәсіпорын мысалында);

  4. Өнеркәсіптік кәсіпорында өнімнің жаңа түрлерін игерудің экономикалық тиімділігі;

  5. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның өнімді қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі;

  6. Нарық экономика жағдайындағы кәсіпорынның өнімді өткізу қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  7. Өнеркәсіптік қалдықтар мен екінші қайтара ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  8. Кәсіпоррынның айналым қаржылары және оларды пайдалану тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  9. Нарық экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру және оның ерекшеліктері;

  10. Нарық экономика жағдайында кәсіпорындағы өндіріс шығындарды төмендету резервтері (өнеркәсіп тік кәсіпорын мысалында);

  11. Өндіріс рентабельділік деңгейін талдау және оны көтеру жолдары (сала немесе кәсіпорын мысалында);

  12. Кәсіпорында өндірістік ұжымдарының әлеуметтік дамуын ұйымдастыру және өндірісті басқаруды жетілдірудегі олардың міндеттері;

  13. Өнімнің материалсыйымдылығы және оны төмендету жолдары (өнеркәсіп саласының немесе кәсіпорпорын мысалында);

  14. Нарық қалыптасу жағдайдағы өндіріс тиімділігін көтеру жолдары (өнеркәсіптік кәсіпорын мысалында);

  15. Бірлескен кәсіпорын: құру тәжірибесі және өнеркәсіптің әр-түрлі салалардағы олардың ерекшеліктері (өнеркәсіптік кәсіпорын мысалында);

  16. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты: мәні, бағыттары, қолдану тәжірибесі (өнеркәсіп саласы мысалында);

  17. Кәсіпорында табысты бөлуді және қалыптасуды талдау;

  18. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін дамыту;

  19. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын жасау;

  20. Нарық жағдайында кәсіпорындағы еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру;

  21. Өнеркәсіп кәсіпорындарда салық салу;

  22. Акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігі және олардың дамуы (өнеркәсіптік кәсіпорын саласы мысалында);

  23. Кәсіпорында жоспарлауды ұйымдастыруды талдау (өнеркәсіптік кәсіпорын саласы мысалында);

  24. Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде кәсіпкерлікті дамыту;

  25. Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамуы;

  26. Шикізат таңдаудың экономикалық негіздеуі (кәсіпорын мысалында);

  27. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар қалыптасуының тиімділігі және дамуы;

  28. Кәсіпорындардағы инновацияларды басқару (жаңа енгізулермен);

  29. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы;

  30. Кәсіпорынның коммерциялық қызметін ұйымдастыру (өнеркәсіптік кәсіпорын саласы мысалында);

  31. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау.

  32. Өнеркәсіптік кәсіпорындағы ұйымдастырушылық (корпоративтік) мәдениетін қалыптастыру.

  33. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтеру жолдары (кәсіпорын мысалында);

  34. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне жету жолдары;

  35. Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру;

  36. Кәсіпорында шығындарды басқару;

  37. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру;

  38. Кәсіпорынның қаржы тұрақөтануына жету жолдары;

  39. Өндірісті әртараптандыру (диверсификациялау) және оның экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  40. Кәсіпорынның банкроттықтан сақтану жолдары;

  41. Өнеркәсіптік кәсіпорында қорларды басқару;

  42. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігіне жету жолдары;

  43. Кәсіпорынның тауарлық стратегиясын құру;

  44. Кәсіпорынның амортизациялық саясаты, негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетудің мәні және талдауы;

  45. Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдарды жаңартуды формасы ретінде;

  46. Қазақстан Республикасының экономикасын жедел жаңарту жағдайында кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына жету жолдары;

  47. Қазақстан Республикасының өнеркәсібін дамытудың кластерлік – перспективалар (кәсіпорын мысалында);

  48. Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары;

  49. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жаңа өнім түрлерін меңгерудің экономикалық тиімділігі;

  50. Кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның нарық шартындағы тиімділігі;

  51. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау.

  52. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда ұйымдастырушылық (корпоративтік) мәдениетті қалыптастыру.

  53. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің жоғарылау жолдары (кәсіпорын мысалында);

  54. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілікке жету жолдары;

  55. Кәсіпорындағы еңбек мотивацияларының жетілдіруі;

  56. Кәсіпорындағы шығындарды басқару;

  57. Кәсіпорынның маркетингілік қызметін жетілдіру;

  58. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығына жету жолдары;

  59. Өндірісті диверсификациялау, оның экономикалық тиімділігі (кәсіпорын мысалында);

  60. Кәсіпорынның банкроттылыққа ұшырау жолы;

Курстық жұмыстың көлемі 30 беттен кем емес. Курстық жұмыс әдістемелік нұсқаулардың негізінде орындалады және стандарттарға сәйкес дайындалады.

Оқытушы тексергеннен кейін курстық жұмысты қорғауға жіреді. Курстық жұмыс қорғаланнан кейін баға қойылады. Курстық жұмыстың қорғалуы бекітілген комиссиямен іске асырылады.



2009 жылы түскен, 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша, жоғарғы кәсібі білім беру негiзiндегi сырттай оқу бөлiмi; 2009 жылы түскен 050506 «Экономика» мамандығы бойынша, орта кәсібі білім беру негізіндегі сырттай оқу бөлiмiне арналған ағымдағы үлгерімдеріндерінің бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

Апталар

Емтихан сессияларынынң кезеңдері

1 САК

2 САК

3 САК

4 САК

5 САК

Қортынды

Максималдық балл, сонын ішінде бақылау түрлері бойынша

42

12,6

12,6

8,4

8,4

16

100

Дәріс сабақтарына қатысу 2 сағат үшін макс. балл

1*12
















12

Дәріс сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі

1*12
















12

к
















Тәжірибелік сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл

1*6
















6

Тәжірибелік сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі

2*6
















12

жд
















Курстық жұмысын орындау

макс. балл / бақылау түрі






4,2*3

4,2*3

4,2*2

4,2*2

4*4

58



















Шартты белгілер:

ДК – дәріс конспектілері;

ЖД – жұмыс дәптері;

АС – ауызша сұрау;

К – конспект.

2009 жылы түскен, 050506 «Экономика» мамандықтары бойынша, жоғарғы кәсібі білім беру негiзiндегi сырттай оқу бөлiмiне арналған ағымдағы үлгерімдеріндерінің бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


Апталар

Емтихан сессияларынынң кезеңдері

1 САК

2 САК

Қортынды

Максималдық балл, сонын ішінде бақылау түрлері бойынша

42

42

16

100

Дәріс сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл

1*12







12

Дәріс сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі

1*12







12

к







Тәжірибелік сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл

1*6







6

Тәжірибелік сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі

2*6







12

рт







Курстық жұмысын орындау

макс. балл / бақылау түрі






4,2*10

4*4

58










Шартты белгілер:

ДК – дәріс конспектілері;

ЖД – жұмыс дәптері;

АС – ауызша сұрау;

К – конспект.

Курс саясаты
Семестр уақытында студент барлық оқу кестелерімен және бақылау жұмыстарын тапсыру кестелерімен сәйкес барлық оқу сабақтарына қатысуы тиіс.

Дәрістік және тәжірибелік сабаққа қатысу 1 баллмен бағаланады.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес әр дәрістік және тәжірибелік сабаққа студент дайындалып, қарастырылған мәліметтерге талқылама жасап, белсенді қатысуды қабылдауы тиіс.

Белсенділік қатысу сапасы негізінде бағаланады. Белсенділіктің максималды бағасы әр сабақта хабарланып тұрады.

Студенттің өздік жұмыстары СӨЖО уақытында бағаланады, баллдар бақылау шараларынның күнтізбелік кестесіне сәйкес қойылады. Тапсырмалар оқытушы қойылған мерзімінде орындалады. Қойылған мерзімнен кейін жұмысты тапсырса 5% бағаға төмендетіледі. Барлық жұмыстар жұмыс дәптерлеріне жазбаша түрде ресімделеді. Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерімдері (АҮ) бойынша балдары бар студентер жіберіледі. Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады:

Р1(2) = ТУ 1(2)*0,7 + РК1(2) *0,3

Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша 50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды.



Семестр үшін пән бойынша студенттің межелік жіберілуінің бағасы төмендегідей анықталады:

РД = * 0,7+КР*0,3

Пәнді оқып білу барлық өткен мәліметтермен қоса емтиханмен қорытындыланады.



Емтиханға кіру үшін міндетті түрде:

  1. Тапсырма бағдарламасындағы қарастырылғандарды орындау;

  2. 50 баллдан төмен баллдар болмауы тиіс.

Емтихан 100 баллмен бағаланады. Емтихан жазбаша түрде өткізіледі, билете 3 сұрақ болады. Бірінші сұрақ 34 баллмен бағаланады, екінші, үшінші – 33 баллмен. Максималды баллдар толық түрде жауап берген кезде қойылады.
Қорытынды баға формула бойынша есептелінеді
,
мұндағы

РД – межелікке жіберу бағасының цифрлік эквиваленті

Э – емтиханға бағасының цифрлік эквиваленті.

Бірігіп жұмыс істеген кезде келесі ережелер қалыптасуы тиіс:

1) оқытушы мен студенттер арасында бір біріне деген сыйластық болуы тиіс.

2) сабаққа міндетті түрде кешікпеуі тиіс. Сабаққа қатысу әп сабақта белгіленеді;

3) сабақ барысында ұялы телефонды өшірулері тиіс;

4) себепті салдарға байланысты сабаққа келмегендерге қайта жұмыс жасау мүмкіндігі бар;

5) барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс;

6) сабаққа студенттер дайын болып келулері тиіс;



7) сабақта белсенді болыңдар;

8) академиялық тәртіптің саясаты және этикалары университетіміздің ішкі тәртіп ережелерімен сәйкес болуы тиіс.
жүктеу 402,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау