Бағдарламасы «Жылумассаалмасу»



жүктеу 126,46 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі126,46 Kb.
#2794
түріБағдарламасы


6М071700 – ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА

мамандығы бойынша

магистратураға қабылдау емтихандарының
БАҒДАРЛАМАСЫ

«Жылумассаалмасу» пәні
Жылуөткізгіштік

Фурье заңы және оның пайдаланылуы. Ыстықтық өріс пен тікмегзем.

Фурье заңы. Жылуөткізгіштік еселеуіші. Жылуөткізгіштіктің жылулық теңдеуі.

Жылу және электр ағындарының тәріздігі. Геометриялық кедергі мен жылуалмасу бетті анықтау. Жылуөткізгіштік еселеуішінің орташа мәнін анықтау.

Әртүрлі денелердің жылуөткізгіштік жылулығын анықтау. Тұрақты жылуөткізгіштікті денелердің қалыптасқан ыстықтық өрісін анықтау. Көп қабатты дененің қалыптасқан жылуөткізгіштігі.

Жылуөткізгіштіктің математикалық тұлғасы. Жылуөткізгіштіктің шаққылық Фурье теңдеуі. Ыстықтықөткізгіштік еселеуіші. Фурье теңдеуінің шарттары.

Шекаралық шарттың үшінші түрі. Жылуберу еселеуіші. Био сынамасы.
Жылуалмастырғыштардың жылулық есебі.

Тұрақты ыстықтық жылуөту. Жылуөту ағыны мен дененің ыстықтықтарын анықтау.Жылуөту еселеуіші. Әр түрлі денелердің жылуөту еселеуіштері. Сырықтың аумалы жылуөту күйі. Жылуөтудің қарқынды жолдары. Қырланған тақташаның жылуөтуі.

Тұрақсыз ыстықтықты жылуөту. Жылуалмастырғыштардың жалпы түсініктері.

Бір және қарсы ағынды жылутасығыштар ыстықтықтарының аумаққылық орташа тегеурінін анықтау.Бір және қарсы ағынды жылутасығыштардың шығысындағы ыстықтықтарын анықтау. Бір және қарсы ағынды жылуалмастырғыштардың өнімділіктері салыстыру. Күрделі жылуалмастырғыштардың орташа ыстықтық тегеуріндері.

Жылу көзді денелердің қалыптасқан жылуөткізгіштігі. Жылу көзді тақташаның қалыптасқан жылуөткізгіштігі. Шексіз сырықтың қалыптасқан жылуөткізгіштігі. Шекті сырықтың жылуөткізгіштігі.

Қалыптаспаған жылуөткізгіштік. Фурьенің өлшемсіз теңдеуі мен сынамасы. Тақташаның қалыптаспаған жылуөткізгіштігінің теңдеуін Фурье әдісімен шешу. Тақташа қажырының өзгеруін анықтайтын әдістер. Фурьенің шешімін талдау. Шекті денелердің қалыптаспаған жылкуөткізгіштігі. Реттелген жылулық тәртіп.

Жылуөткізгіштікті зерттеудің жуықты әдістері. Сызба әдісі. Санды (тор) әдісі.

Тәріздік әдісі.


Бір текті ағынды жылуалмасу.

Жылуберудің теориялық негіздері.Жылуберу еселеуіші.

Жылуберу теңдеуі. Қайрат теңдеуін шығару. Қайрат теңдеуін талдау.

Сығылмайтын сұйықтың қозғалыс теңдеуінде көтергіш күшін ескеру.

Қалыптасқан жылуберудің теңдеулер жүйесі мен шарттары. Ағынның тежелу ыстықтығын жылуалмасулық анықтау.

Жылуберудің ұқсастық теориясы. Жылуберудің өлшемсіз теңдеулері мен сынамалары. Жылуберудің ұқсастық теңдеулері. Жылуалмасу құбылыстарын үлгілеу. Үлгілеудің қағидалары.

Жылуалмасудың шек аралық қабат теориясы (ШҚТ). Жылуалмасудың ШҚТ-ның қасиеттері және ретті ағынды теңдеулері. Ретсіз шек аралық қабаттың теңдеулері. Жылуалмасудың сұйық қозғалымдық теориясы. Физикалық және ретсіздік Прандтль сандары. Рейнольдс тәріздігі.

Куэт ретті ағынының жылуалмасуы. Куэт ретті ағынының жылдамдық өрісі. Куэт ретті ағынының ыстықтық өрісі. Тақташаның еріксіз ағынды жылуберуі. Тақташаның жылуберу теориясының қорытындылары. Ретті ағынды тақташаның жылуберуі. Ретсіз ағынды тақташаның жылуберуі. Құбырдың еріксіз ағынды жылубер. Лайон теңдеуі мен шешімі. Ретті ағынды құбырдағы жылуберу. Құбырдың ішіндегі ретсіз ағынды жылуберу. Құбырдың ішіндегі өтпелі ағынды жылуберу. Бұдырлы мен қимасы әртүрлі және имек құбырдың ішіндегіағынды жылуберу. Көлденең ағынды құбырдың жылуберуі.Көлденең ағынды құбырлар дестесіндегі жылуберу.

Ерікті ағынды жылуалмасу. Ерікті ағынды жылуалмасудың теориялық қорытындылары. Ерікті ағынды жылуалмасудың тәжірибелік қорытындылары.
Текті күй және химиялық ауысулар жылумасса алмасуы

Шықтанудағы жылуалмасу. Тектікүй ауысулардың жылуқозғалымдық анықтамалары мен ерекшеліктері. Үлдірлі шықтың жылуалмасуы. Құбырлардың сыртындағы ағынды аса қызған будың үлдірлі шықтануындағы жылуберуі. Құбырдың ішіндегі ағынды будың үлдірлі шықтануындағы жылуберуі. Будың тамшылы шықтануындағы жылуберуінің тетігі мен қарқыны.

Қайнау жылуалмасуы. Көпіршіктің ең кіші өресі. Көпіршіктің пайда болуының жұмысы. Көпіршіктің өсуі мен денеден ажырау өрелері. Көпіршікті қайнаудың үлдірлі тәртібіне көшуі. Сұйықтың ерікті қайнауындағы жылуберу. Еріксіз ағынды сұйықтың қайнауындағы жылуберу. Қайнаудың үлдірлі тәртібінің жылулық жүктемесі.

Массаалмасу. Енуліктің негізгі анықтамалары мен заңдары. Массаберу және Стефан теңдеулері. Үштік тәріздік. Массаалмасудың шаққылық және ұқсастық теңдеулері. Химиялық тектесулердегі жылумаңыз алмасу.


Сәуленену жылуалмасуы.

Мөлдір ортадағы сәуленену жылуалмасуы. Сәулелену жылуалмасуының анықтамалары мен негізгі заңдары. Сәулелену ағындардың геометриялық қасиеттері. Дене мен қоршауының сәулелену жылуалмасуы.Қалқалардың жылуоқшаулағыштық әрекеті. Сіңіру еселеуіштері жоғары сұр денелердің сәулелену жылуалмасуы. Өзаралық найымдау түйінін дәлелдеу. Ағынды алгебра әдісі. Жартылай мөлдір ортадағы сәулелену жылуалмасу. Жану өнімдерінің сәулелену ерекшеліктері мен жылуалмасуы.

Жалынның сәулелену жылу алмасуы.
«Электртехникасы және электроника» пәні

Тұрақты токтың электр тізбектері

Электр тізбегі жәйлі негізгі ұғымдары. Электр энергиясының қорек көздері мен қабылдағыштары. Электр тізбегі. Негізгі үғымдары мен электр тізбегінің элементтері. ЭҚК, потенциал, кернеу, тоқ күші, электр кедергісі, қуат және тармақ, түйін, контур, алмастырмалы схемасы. Электр тізбектерінің жұмыс режимдері. Активті және пассивті екі полюстік. Тұрақты тоқт электр тізбектері.

Тұрақты тоқ анықтамасы. Бір қорек көзді ЭҚК бар тармақталған электр тізбектері тармақталған электр тізбегінің баламалы (эквивалентті) кедергісі.электр тізбегінің заңдары. Электр тізбектеріндегі энергетикалық баланс. Бірнеше қорек көзді ЭҚК бар тармақталған және тармақталмаған электр тізбектерінің электрлік күйлерін Кирхгоф заңдарын қолдана отырып талдау. Электр тізбектерін есептеу әдістері.

Бір фазалы синусоидалы тоқ электр тізбектері

Синусоидалы ЭҚК-ті қарапайым генератордың әсер ету принципі. Синусоидалы ЭҚК, тоқты, кернеудің түсуін сипаттайтын анықтамалар мен негізгі ұғымдар. Лездік, амплитудалық, орташа және әрекеттік мәндері, период және жиілік, бастапқы фаза. Синусоидалы шамалардың векторының айналуының уақыттық графиктері мен функциялары ретінде және кешендәк жазықтықта бейнеленуі. Айнымалы тоқ тізбегінің негізгі элементтері. Синусоидалы тоқ тізбегіндегі резистор, орауыш индуктивтілігі және конденсатор. Синусоидалы тоқ тізбектері үшін Ом және Кирхгоф заңдары. Резистордың, индуктивтіліктің және конденсатордың тізбектей және параллель жалғануы.электрлік күйлерінің теңдеуі. Векторлық және топографиялық диаграммалары. Кернеудің, кедергінің, қуаттың үшбұрыштары. Кернеу және тоқ резонанстары, олардың туындау шарттары мен тәжірибелік мәні. Айнымалы тоқ тізбектерін символикалық есептеулерінің негіздері.



Үш фазалы электр тізбектері

Көп фазалы қоректендіру көзі және көп фазалы тізбек туралы түсінік. Жұлдызша және үш бұрышты қосу. Үш фазалы тізбектегі симметриялы режім. Үш фазалы тізбектің, әртүрлі сұлбаларын қосылғандағыкейбір қасиеттері. Симметриялы емес режімдегі үш фазалы тізбекті, статикалық жүктемемен есептеу. Кейбір дара жағдайлардағы қабылдағыш фазасындағы кернеу. Үш фазалы желінің эквиваленттік сұлбалары. Үш фазалы тізбектегі қуатты өлшеу. Айналмалы магнит өрісі. Синхронды және асинхронды қозқозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі. Үш фазалы жүйе өлшемдерінің симметриялы құраушылары. Кернеудің және токтың симметриялы құраушыларына, үш фазалы тізбектің кейбір қасиеттерінің қатынасы. Токтардың әртүрлі тізбектей қосылыстарындағы симметриялы үш фазалы тізбектің кедергілері. Симметриялы емес үш фазалы тізбектегі кернеу мен токтың симметриялы құраушылары. Симметриялы емес жүктемелі тізбектегі есептеу. Желідегі симметриялы емес тізбек бөлігін есептеу.

Үш фазалы ЭҚК генераторының әсер ету принципі. Электр энергиясының қабылдағыштарының әртүрлі жалғану сұлбалары.үш фазалы тізбектің симметриялы жұмыс режимдері.фазалық және желілік тоқтар мен кернеулердің арасындағы қатынастар. Үш фазалы тізбектердің симметриялық емес жұмыс режимдері. Векторлық және топографиялық диаграммалары.
Сызықты емес электрлік тізбектер

Сызықты емес электрлік тізбектердің теориясындағы және техникасындағы соңғы жетістіктер. Қарапайым сызықты емес тізбектердің элементтері және баламалы сұлбалары. Сызықты емес элементтері бар тармақталмаған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес элементтері параллель жалғанған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес сызықты элементтері аралас жалғанған тізбектерді есептеудің графикалық әдісі. Сызықты емес активті екіұштылардың вольтамперлік сипаттамалары. Сызықты емес элементтері бар тармақталған электрлік тізбектерді есептеудің мысалдары. Сызықты және сызықты емес элементтері бар тізбектерді есептеу үшін активті екіұштылар теориясын қолдану.

Магниттік тізбектердің негізгі ұғымдары және заңдары. Тармақталмаған магниттік тізбектерді есептеу.

Айнымалы токтың сызықты емес тізбектеріндегі құбылыстар. Айнымалы токтың сызықты емес тізбектерін есептеу әдістері. Бірдей жиілікті ЭҚК көздері бар тізбектердің жалпы сипаттамасы. Вентильдері бар тізбектегі ток қисығының формасы. Қарапайым түзеткіштер. Болат магнит өткізгіші бар орамадағы токты есептеу. Феррорезонанс құбылысы.



Электрмагниттіқ қондырғылар және трансформаторлар

Негізгі ұғымдар. Тұрақты МҚК бар магнит тізбектері. Магнит тізбектерінің элементтері. Магнит тізбектері үшін толық тоқ заңы. Тармақталған және тармақталмаған иагнит тізбектері.

Қолданылуы, құрылысы, әсер ету принципі мен бір фазалы трансформатордың қолдану аймақтары. Тарансформатордың қысқа тұйықталу және бос жүріс режимдері. Жүктемелік режимдері. Автотрансформаторлар.
Тұрақты токты электрмашиналары

Электрлік машиналар. Тұрақты тоқ машиналары. Тұрақты тоқ машиналарының құрылысы мен әсер ету принципі. Тұрақты тоқ машиналарының генераторлық және қозғалтқыштық жұмыс режимдері.Айнымалы магнит өрісі. Асинхронды қозғалтқыштың құрылымдық элементтерінің қолданылуы мен әсер ету принциптері. Асинхронды қозғалтқышты жәберіп жәберу. Екі фазалы.

Тұрақты тоқ машиналары. Тұрақты тоқ машиналарының құрылысы мен әсер ету принципі. Тұрақты тоқ машиналарының генераторлық және қозғалтқыштық жұмыс режимдері.

Айнымалы магнит өрісі. Асинхронды қозғалтқыштың құрылымдық элементтерінің қолданылуы мен әсер ету принциптері. Асинхронды қозғалтқышты жәберіп жәберу. Екі фазалы және бір фазалы қозғалтқыштар.


Асинхронды және синхронды машиналар

Жалпы ұғымдарп. Электр жетегінің негізгі жұмыс режимдері. Қозғалтқыштың түрі мен типін таңдау. Электр жетегімен басқару.

Жалпы ұғымдар. Электр қондырғыларының жылулық қорғанысы. Автоматты ауа ажыратқыштары. Реле және релелік қорғаныс. Контакторлар, магниттік жібергіштер, контроллер.

«Сала экономикасы» пәні

Жылуэнергетиканың негізгі мағлұматы

Халық шаруашылығы жүйесіндегі жылуэнергетика. Қазақстандағы энергетика саласы.Қазақстан халық шаруашылығын энергетикамен қамтамасыз етудің мәні мен мағанасы.



Энергетикалық ресурстар, пайдалану бағыты мен экономикасы

Жанармай түрлері, олардың сипаттамасы мен талдаулары.Көмір, газ және мунай өндірістері – жалпы қорлары, орналасу ресурстары, өндіру көлемі, проблемалары. Энергиятұтынудың структурасын жетілдіру қажеттілігі. Қазақстандағы энергетикалық стратегияның негізгі ережелері. Отын-энергетика балансы.



Кәсіпорын активы

Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. Ағымдағы активтердің құрылымы мен құрылысы. Жекеменшік, қарызды және жарғылық қаржы. Амотризация және оны есептеу әдісі. Кәсіпорынның жұмыс қаржысының құрылымы. Ағымдағы активтерді үнемдеу және оның айналымы.



Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Пайдаланатын және жөндеуде істейтін қызметкерлер. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру. Еңбекақы төлеу формалары. Энергетика саласында еңбек өнімділігі көрсеткіштерің ерекшелігі. Энергетика саласында кадрлар дайындау және қайта дайындау. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуының құқықтық алғышарттары. Еңбек уәждеудегі ынталандырудың құқықтық рөлі. Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу.



Энергия өндірудің өзіндік құны

Электрлі және жылулық энергияны өндіргенде шығындар құрылымы. Энергетикалық кәсіпорындарда шығын құрылымының ерекшеліктері. Шығындарды құраушылар-өндіру, тасымалдау және тарату кезіндегі талдау. Шығындар классификациясы.


Энергетикалық кәсіпорындарындағы баға белгілеудің саясаты

Баға белгілеудің теориялық және практикалық негіздері. Нарықтық жағдайдағы отын бағасына, электр және жылу энергиясына баға орнатудың қалыптасуы. Энергетикалық кәсіпорынның пайдасы мен тиімділігі. Энергияның көтерме және бөлшек сауда нарығының түсініктемесі. Биржалық сауда негізіндегі энергия нарығының қалыптасуы.



Энергиямен жабдықтаудың экономикалық негіздері

Энергия нарығы жағдайындағы энергетикадағы шоғырлану, орталықтандыру және қиыстырудың экономикалық тиімділіктері. Энергетикалық қорларды тасымалдау экономикасы және оның энергиямен жабдықтау жүйелерінің дамуына әсер етуі.



Энергетикалық есепке алуды ұйымдастыру

Энергетикалық кәсіпорындарында бухгалтерлік және салықтық есепке алудың ерекшеліктері. Өндірістік кәсіпорындарда энергетикалық есепке алу. Отын-энергетикалық ресуртарын нормалау. Отынды есепке алу. Ыстық суды және буды есепкп алу. Суық суды және сығылған ауаны есепке алу. Энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасы. ЭАЕАЖ (АСКУЭ) енгізудің келешегі.



Құрал-жабдықты жөндеу, пайдалану және ұйымдастыру

Негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу мен пайдаланудың тапсырмалары мен мәні. Жөндеу түрлері, олардың мазмуны және қаржылау көздері. Жөндеу циклы және оның құрылымы. Еңбек сыймдылығының нормативтері. Энергетикалық құрал-жабдықтардың жөндеуге тұру нормалары. Жөндеуді ұйымдастыру нормалары. Жөндеудің экономикалық көрсеткіштері.



Энергетикалық кәсіпорынды басқару

Кәсіпорынды басқару сулбасы және ұйымдастыру құрылымы. Энергетикалық кәсіпорынды басқарудағы ерекшеліктер. Басқарудың классификациялық әдістері-ұйымдастырмалық-талаптық, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды-тәрбиелік басқару әдістері. Басқару құрылымына қойылатын шарттар.


Қазақстанның және энергетикалық кәсіпорындардың салық жүйесі

Салық салу принциптері және салық түрлері. Салықтың әлеуметтік функциалары. Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтары. Кәсіпорын салықтары.



Жобалық талдау.Энергетикадағы техникалық-экономикалық есептеулер

Өнеркәсіптегі қаржы салымдарының масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмуны, соның ішінде энергетикада. Меншікті қаржылық салымдар. Энергетикалық құрылыстың сметалық бағасы және оны төмендету жолдары. Инвестициялардың мәні мен түрлері. Бинес-жоспардың құраушылары. Дисконттау. Жобаны жүзегі асырудан алынатын пайда мен ақща түсімдерін және қажетті инвестиция қөлемін есептеу. Инвестицияларды бағалау әдістері-NPV,PI,IRR,PP,ROL



«Техникалық термодинамика» пәні
Негізгі түсініктемелер мен анықтамалар. Буқуатты циклдердің технологиялық сұлбасы және техникалық термодинамиканың міндеті. Тең қалыптылық және процесс. Термодинамикалық параметрлер, зат күйінің теңдеуі.Термодинамикалық жүйе, жұмыс және жылудың қоршаған ортамен қарым-қатынасы.

Термдинамиканың бірінші бастамасы

Ішкі энергия және функциялық күйқалпы. Термодинамиканың бірінші бастамасының теңдеуі. Энтальпия жәйлі ұғым. Энтальпия ішкі энергияның бірінші туындысы. Жылу сыймдылық. Нақты және орташа жылу сыймдылығы арасындағы қатынас. Жылу сыймдылық және ішкі энергия, энтальпия арасындағы қатынас. Ағымға арналған термодинамиканың бірінші бастамасы.



Идеал газдың термодинамикалық процесі

Теңгерімді және теңгерімсіз процестер тұралы ұғым. Шеңбер тәрізді процестер. Идеалды газ: теңдеуі мен күй қалпы диаграммасы, негізгі заңдары, Джоул тәжірибесі, Майер теңдеуі. Идеал газдар қоспалары. Идеал газдардың негізгі термодинамикалық процестері, процестердің жылуы мен жұмысы, заттардың идеалды газ күй қалпы кезіндегі калориалық өзгеруін сипаттау.



Термодинамиканың екінші бастамасы

Тура қайтымды Карно циклі, термиялық ПӘК, Карно теоремасы. Ерікті қайтымды цикл, энтропия туралы ұғым.Клаузиус интегралы мен теңсіздігі. Энтропияның тура және кері қайтымды процестердегі өзгеруі. Оқшауланған термодинамикалық жұйенің қалыптылық жағдайы.

Термодинамикалық күй қалпы. Термодинамиканың ІІ бастамасының статистикалық мағанасы. Химиялық потенциал. Термодинамикалық және газдық абсолюттік температура шкаласы.Эксергия.Қайтымды және пайдалы жұмыс өндіру.

Дененің термодинамикалық қасиеттері

Эндрюс тәжірибесі. Ван-дер-Ваальс изотермасы және теңлеуі. Дененің рТ-, pv диаграммасы,коэффициенттері мен теңдеулері, күй-қалпы және кестелері. Дененің калориялық қасиеті. Фазалық тең қалпы және ауысулар.

Термодинамиканың дифференциал теңдеулері. Су және су буындағы термодинамикалық процестер. hs, Ts –диаграммалары. Ылғал ауа, ауаның hd -диаграммасы, ылғал ауадағы процестер.

Термодинамикалық ағым

Адиабаталық процестер. Дыбыс жылдамдылығы, дыбыс жылдамдылығынан өту. Лавал соплосы. Су буының ағыны. Бу мен газдың араласуы және дросселденуі.



Газ циклдері

Компрессорлар. Поршенді компрессордың индикаторлық диаграммасы мен термодинамикалық циклі. Сығылу жұмысы.

Іштен жанатын қозғалтқыштар циклі, газтурбиналы қондырғылар мен реактивті двигателдер. Двигателдердің термиялық ПӘК, оларды жоғарылату жолдары.

Буқұатты циклдер

Ренкин циклі, термиялық ПӘК, оның суды регереративті қыздырудағы, буды аралық аса қыздырудағы және будың алғашқы параметрлеріне байланысы. Жылуландыру циклі, жылуландыру коэффициенті. Бинарлық циклдер.

Атомдық жылуэнергетикалық қондырғылар циклі. Жылу энергиясын электр энергиясына айландырудың тура әдісі.

Тоңазытқыш қондырғылары мен жылу насостары циклдері

Буэжекторлық, букомпрессорлы, ауа және абсорбционды тоңазытқыш қондырғылары. Тоңазытқыш коэффициенті, жылу трансформаторлары мен насостарының жұмыс атқару принциптері.



Химиялық термодинамика негізі және кері қайтымсыз термодинамика процестері

Химиялық реакциялар түрлері. Химиялық реакциялар жылдамдығы, Аррениус заңы.



Кері қайтымсыз термодинамикалық процестер әдістемесі, диссипативті функция үшін жалпы өрнектеу, жылуөткізгіштік теориясы.
жүктеу 126,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау