Бағдарламасы «Экспериметтік психология»


Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат



жүктеу 495,28 Kb.
бет4/5
Дата05.03.2018
өлшемі495,28 Kb.
#11604
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат.


Мақсаты: студенттерде жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау туралы түсінік қалыптастыру Ресми жоспарлау міндеттерімен таныстыру.

Жоспар:

1.Жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды жоспарлау және ресми жоспарлау.

2.Ресми жоспарлау міндеттері.

3.Факторлы жоспарлар.

4.Психогенетикалық зерттеулер.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Психологиялық экспериментке даярлық оның мақсаттарын және міндеттерін анықтаудан басталады.

Зерттеудің әр түрлі түрлері, әр түрлі күш, уақыт, жұмысты талап етеді. Сондықтан зертеу түрін анықтауда күш және ресурстарды үнемдеу принцибінен бастау керек.

Бұл принципті былай тұжырымдауға болады:

Зерттеуді өткізуге келетін математикалық, уақыттық және ақыл – ой шығынары, оның мәселелеріне, міндеттеріне, мақсаттарына шамалас болуы керек. Сонымен қатар қойылған мәселені шешуге жеткілікті болуы керек.

Психологиялық зерттеудің күрделігіне, қиындығына қарай таңдаймыз. Ең қиыны экспериментті зерттеу.



  1. Зерттеу тақырыбын нақтылау. Зерттеу пәні мен объектісін анықтау.

Тақырыпты анықтауосы зерттеу жауап беретін нақты сұрақтарды анықтау.

Зерттеу объектісі- осы зерттеуде зерттелетін материалдық немесе идеялық объект.

Зерттеу пәніболжамдарда тұжырымдалып, экспериментте тексеріледі және тақырыпқа сәйкес келуі керек.

  1. Керекті психодиагностикалық әдістемелерді іріктеу және бейімдеу және нәтижелері статистикалық өңдеуде құралған.

  2. Экспериментті кеззеңді өткізу процедурасын, уақытын және өтетін жерін анықтау.

  3. Жалпы жоспар және бағдарлама жасайды. Осында зерттеу кезеңінің кезектігі, уақыты және күтілген нәтижелер жазылады.

Эксперимент филотаждық немесе байқау зерттеуінен басталады. Оның міндеті эксперимент қаншалықты жақсы ойластырылған және даярланған, оның тақырыбы дұрыс алынған ба, болжам нақты тұжырымдалған ба, психологиялық әдістер дұрыс іріктенген бе, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу құралдары мен талдау тәсілдері дұрыс талданған ба, деген сұрақтарды тексеру.

Филотаждық тексеру алдын – ала көрінбейтін кейбір маңызды қателерді ашуға көмектеседі.

Егер өткізілген филотаждық эксперимент жағымды нәтиже берсе, негізгі эксперимент өткізуге көшеміз.

Негізгі экспериментте ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін керек алғашқы берілулер жинақталады. Оларды (алғашқы берілулер) ары қарай жүйелейміз, таблица, график, түрінде белгілеуіміз, керек жағдайда компьютерге енгізіп өңдейміз.

Егер эксперимент нәтижелері сандық сипатта емес сапалық сипатта болса, онда оларды да жүйелейді, талдайды және мағыналы өңдейді.

Эксперимент жоспарлары: эксперимент тек «кейін» жоспары түрі бойынша ұйымдастырылған.

Бұл зерттеу түрінде эксперименталды және бақылау топтары эксперименттің аяқталуында ғана бағаланады, басында бағаланбайды.

2. Эксперимент «дейін» және «кейін» жоспарлар түрі бойынша ұйымдастырылған (негізгі, ыңғайлы).

Бұл зерттеуде себептер мен салдарлар екі топта да экспериментке дейін және кейін де бағаланады. Алынған екі топ арасындағы айырмашылық экспериментке дейін болған деген болжам жоққа шығарылады.

Тақырып: Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері. 2сағат.


Мақсаты: Студенттерге өлшеу тарихына кіріспе. Беріледі. Дәріс барысында өлшеу теориялары, психологиялық өлшеу ерекшелігі, психологиялық шкалалау, психологиялық өлшеу әдістері, тесттердің классикалық теориялары сұрақтарына талдау жасалады.

Жоспар:

1.Өлшеу теориялары.

2.Психологиялық өлшеу ерекшелігі.

3.Психологиялық шкалалау. Психологиялық өлшеу әдістері.

4.Тесттердің классикалық теориялары.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Өлшеу дегенімізбелгілі бір ережеге сәйкес заттарға санды жабыстыру.

Өлшеу шкалаларыатаулық, реттік, интервалды, қатынас болып бөлінеді.


Шкалалар

Сипаттамалар

Мысалдар

Атау

Объектілер топтастырылған, кластар номерлермен белгіленген, бір кластың номерінің екіншісінен үлкен немесе кіші болуы, зерттеудің қасиеттері туралы еш нәрсе айтпайды (айырмашылықтары бар екендігінен басқа).

Көздерінің түсі, жынысы, ұлты, сақтандыру номері, нәсілі, клиникалық диагноздары, майкадағы номері.

Реттік

Заттарға берілетін санның мәніне сәйкес, заттарға тән қасиеттің санын бейнелейді. Сандардың тең әртүрлілігі, қасиеттердің тең әртүрлілігін бейнелейді

Минералдың қаттылығы, жеке басқа қасиеттері бойынша реттілігі, еңбек үшін алған медалдар, әскери ранг

Интервалды немесе аралық

Өлшеу бірлігі бар. Соның көмегімен заттарды тек тәртіпке келтіріп қоймай, оларға сай беруге болады. Заттарға берілген сандардың әртүрлілігі, өлшенген қасиеттердің санындағы тең әртүрлілікті бейнелейді.

Интервалды шкаланың нөлдік нүктесі ырықты және қасиеттердің жоқ екенін көрсетпейді



Календарлық уақыт, температураның шкалалары

Қатынас

Заттарға берілген сан интервалдық шкаланың ообъектілерінің барлық қасиеттеріне ие, бірақ сонымен бірге шкалада абсолютті нөлдік шкала бар. Нөлдік шкала бағаланатын қасиеттің жоқ екенін дәлелдейді. Өлшеуде берілген сан қатынасы.
Өлшенген қасиеттің сандық қатынасын бейнелейді.

Ұзындық, салмақ, уақыт. температура

Өзгергіштік деп – зерттеулер мен амалдар сипаттары. Мысалы, салмақ, жас, студенттер саны, оқу жылдамдығы және т.б.

Өзгергіштік шкалалары – үздіксіз – бірнеше мән береді.Мысалы: салмақ, жас, реакция жылдамдығы. Мысалы: 9 метр 10мин. 9 сек. жүгірді. Яғни дәл уақыты емес.

Дискретті өзгергішбелгілі бір мән береді. Мысалы, балалардың саны – 12 бала.



Алғашқы статистикалық өңдеу дегеніміз – керекті қарапайым математикалық статистика сандарын анықтау.

  • орташа мәнді анықтау

  • дисперсия

  • медиана

  • норманы бөлу

  • квадраттық ауытқуды есептеу

Екінші статистикалық өңдеу – бірінші эксперимент берілулерінде жасырылған статистикалық заңдылықтарды анықтауға керек болжам немесе міндетті шешуде өткізіледі. Бұған: орталарды салыстыру, дисперсия, берілулерді бөлу, регрессивті талдау, корреляциялық талдау және т.б.

Тақырып: Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету. 2сағат.

Мақсаты: Студенттерге зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау туралы түсінік беру. Зерттеу нәтижелерін көрсету формаларымен таныстыру.


Жоспар:

1.Зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау.

2.Зерттеу нәтижелерін көрсету формалары.


Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Экспериментті қолданбалы психологиялық – педагогикалық зерттеудің толық аяқталуының ғылыми қорытындыларды жасау жеткіліксіз. Осы қорытындылар негізінде практикалық психологиялық – педагогикалық нұсқаулар енгізілуі керек.

Эксперимент берілулерін өмірлік психологиялық – педагогикалық жағдайлармен талдау қажет.

Талдау келесі сұрақтарды анықтауды керек етеді:



  1. алынған эксперимент берілулері педагогикалық практикадағы қандай нақты мәселелермен байланысты

  2. өткізілген эксперимент нәтижелерінен шыға отырып, практикада нені жағымды өзгертуге болады.

  3. мұны аз математикалық және моральдық шығындар жұмсап, өмірге көп пайда келтіруде, қалай істеуге болады

  4. алынған нәтижелерді өмірге енгізуді қандай кезекте өткізу мақсатты

  5. енгізудің мүмкіндіктерін, болатын тиімділігін қалай бақылауға болады

  6. енгізу процесі жемісті аяқталғанын қандай критерийлермен анықтауға болды.

Осы жағдайлар анықталғаннан кейін, енгізу бағдарламалары жасалады. Бұл бағдарлама құжат болып табылады. Онда барлық сұрақтарға нақты және анық жауап беріледі. Жоспарларды енгізудің нақты жолдары, оны іске асырудың мерзімдері, енгізуге жауапты адамдар, бақылауды іске асыратын ұйым немесе адам, бақылау критерийлері мен белгілерін енгізу есебінің формалары көрсетіледі. Психологиялық эксперимент нәтижелерін немесе психологиялық тестік тексеруді олардың тестік сипаттарынан басқа таблица, схема, график, суреттер және т.б. түрінде көрсетуге болады.

Кесте (таблица) – сандық және сапалық берілулердің көлденең және тігінен ретке келтірілген жиыны.

Таблицаның атауы, аты болуы да, болмауы да мүмкін.

Таблицалар белгілі бір ережеге сәйкес құрылады:


  • мәтінде 2 – 3 таблица болса, олар номерленеді

  • «Таблица» сөзі оң жақта немесе ортасында жазылады.

  • аты болса, аты жазылады

  • кейде «ескерту» беріледі. Олар таблицаның астына жазылады

  • таблицада тақырыпшалар болады, олар әрбір қатарда не берілгенін көрсетеді.

Таблица түрлері:

  1. Атауы, ескертуі жоқ, жалпы тақырыпшасы жоқ таблица.

  2. Графаланған, атауы, тақырыптары бар таблица.

  3. Графаланған, атауы, тақырыпшалары және ескертулері бар таблица.

Орта мектептің Х – сыныбының балаларының комплексті зертеу берілулері.

График жазықтықтағы екі өзгеру арасындағы байланысты суреттейтін сызықтар. Графиктер – кеңістіктегі жазықтық 3 өзгеруі бар байланысты суреттейді.



Оқушылардың үлгерімі мен қабілеттері арасындағы тәуелділік графигі

Екі өлшемді графикті пайдаланғанда көлденең сызық бойында тәуелсіз өзгерулер орналасады, олар себептер ретінде қарастырылады.

х, у – тәуелсіз өзгерулерді, z – тәуелді өзгерулерді суреттейді

Үш өлшемді кеңістікті графикте х, у сызығы көлденеңінен, ал z – сызығы тігінен орналасады.

Эксперимент нәтижелерін графиктік суреттеу түрінің бірі – гистограммалар.

Гистограмма – бұл бағаналы диаграммалар, тігінен орналасқан, тік бұрыштардан тұрады. Олардың биіктігі зерттелушіде қандай да бір қасиеттің даму дәрежесін немесе деңгейін бейнелейді.

Зерттелетін қасиеттің жиі кездесуін көрсеткен цифрлар гистограммалар бағанасының ішінде немесе олардың астында немесе тік сызықтың бойында беріледі.





3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

жүктеу 495,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау