Тақырып: Эксперименттік психологияға кіріспе. 2сағат. Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.
Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптерін қарастыру. Студенттерде экспериментік психология жайлы білімді бекіту.
Жоспар:
1.Ғылым әдіснамасы.
2.Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері.
3.Психологиядағы әдістер классификациясы.
4.Психологиялық зерттеу этикасы.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Психология ғылыми және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Ғылыми психология адам, оның психикасын, мінез – құлқын, таныммен байланысты мәселелерді шешуге қажет теориялық білімдерді алуға бағдарланған. Қолданбалы психология практикалық міндеттерді шешеді: адам іс - әрекет жетілдіру, оның мінез – құлқын жақсарту, психикалық даму деңгейін көтерумен байланысты практикалық нұсқалар жасайды.
Экспериментальды ғылыми психологияда – осы ғылымды байытатын білімдер жинақталады, бірақ олар әрқашанда практика жүзінде пайдаланылмайды.
Экспериментальды практикалық психологияда болжамдар мен ұсыныстар беріледі және тексеріледі.
Эксперименттік психология қызықты, ең күрделі пән болып табылады. Экспериментальдық әдістер нормативін білу психологтың кәсіби деңгейін көрсетеді. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Тек эксперимент жүргізу арқылы ғана сенімді қорытынды қалыптастыруға болады.
Эксперименттік зерттеулердің негізгі белгілері:
Мәселенің болуы (өмірлік маңызы бар сұрақ)
Осы мәселені шешудің болжамының болуы. Болжам міндетті түрде тексеріледі және дәлелденеді
Болжамдардың ғылымилығы (ұсыныстарымыз бір – біріне қарама – қарсы болмауы керек)
Ғылыми эксперимент: даярлау және өткізу
Математикалық статистика әдістерін пайдаланып, нәтижелерін өңдеу.
Ғылыми экспериментсіз шешілмейтін мәселелерге жатады:
Балалардың және ересек адамдардың психологиялық дамуын жеделдету. Үлкендердің көмегімен орындаған тапсырманы (қандай да іс - әрекеттің) баланың миында пайда болуы. Л.С.Выготский: «Жақын арадағы даму аймағы».
Жастық даму дағдарысын анықтау және оны жеңу.
Дамудағы сензетивтік кезеңді диагностикалау. Таным процесінің, ерекшелігінің психикалық дамуына ешқандай ауыртпашылық түспей даму кезеңін сензетивтік кезең деп аталады.
Баланың шынайы мүмкіншіліктеріне және оның психологиялық дамуының перспективаларына сәйкес келетін оқу мазмұнын таңдау.
Оқытудың әдіс – тәсілдерін дамытушыға айналдыру (психологиялық тұрғыдан).
Эксперименттік психологияның мәселелерін шешудің
тәсілдері мен құралдары
Дұрыс даярланған, тиянақты өткізілген психологиялық эксперимент көптеген сұрақтарға дұрыс жауап беруге көмектеседі.
Эксперимент зерттеу мәселесін нақты анықтаудан басталады. Эксперимент үшін алынған мәселелер келесі критерийлерге жауап беру керек:
өзектілігі немесе көкейкестілігі
жаңалығы
практиканың маңыздылығы.
Ғылыми мәселенің өзектілігі. Оны зерттеу үшін таңдаудағы маңызды аргумент. Осы мәселені шешу үшін керектігін, оның қазіргі талаптарына сәйкестігін көрсетеді.
Жаңалығы. Мәселенің басқа сипаты. мәселені шешудегі талпыныстарды кең және терең зерттеу нәтижесінде жаңалық анықталады.
Практикалық маңыздылығы. Мәселені шешудегі табылған шешім осы жағдайды қаншалықты жақсы жағымен өзгертетіне негізделеді.
Тақырып: Эксперименттік әдіс тарихы. 2сағат.
Мақсаты: Студенттерге ғылымға дейінгі психология, философиялық психология және ғылыми психология жайлы түсінік беру.
Жоспар:
1.Ғылымға тән белгілер.
2.Ғылымға дейінгі психология.
3.Философиялық психология.
4.Ғылыми психология.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Психологияның жеке ғылым ретінде ерекшеленуі, эксперименталды зерттеулердің дамуымен байланысты болады. 1879 жылы неміс ғалымы Вундт (Лейпциг қаласында) тұңғыш рет лаборатория ұйымдастырды. 1880 жылдан бастап жоғары психикалық функцияларды зерттеу кең етек алды. XX ғасырдың алғашқы 10 жылында Вюрцбург мектебінің психологтары ойлау және еріктің эксперименталды зерттеу жұмыстарын бастады.
Германияда эксперимент кең дамыды. Оның кең етек жаюы ес, ойлау, ерік және т.б. да күрделі психикалық процестерді зерттеумен байланысты болады. Медициналық және педагогикалық психология кең дамыды.
Герман Эбингауз (1850 – 1909жж) жаңа материалды толық игеріп болғаннан кейін, оны қайтадан қайталау керектігін айтқан, себебі ол ұмытылып қалмауы керек: тек қана оқып қоймай оны қайталау керек.
Ойлаудың эксперименталды бағдарламасы Вюрцбург мектебінің зерттеу пәндерінен және тапсырмаларынан құрастырылды (1901 – 1910 – 1911жж). Мектептің негізін салушы Вунттың Лейпциг қаласындағы 1887 ж мен 1894 жылдар аралығында ассистент және оқушысы Освальд Кюльпе (1862 – 1915жж).
Отто Зельц (1881 – 1943жж) Освальд Кюльпенің оқушысы, Вюрцбург мектебіне жатты, ойлауға жүргізген экспериментімен белгілі. Зельц ғылыми жаңалықтардың тарихынан мысал келтіреді. Индивидуалды ерекшелік психологиясының негізін алғаш қалағандар:
Англияда – Ф.Гальтон,Францияда – А.Бине, АҚШ – та – Дж. Кеттел, Г.Ст.холл, Ресейде – А.Ф.Лазурский, Англияда бұл жұмыс биолог, антрополог, атақты Дарвиннің ізбасары – Френсис Гальтонның (1822 – 1911жж) еңбегімен басталды. Өзінің басты «Наследственность таланта» (1869ж) атты еңбегінде таланттың тұқым қуалағыш екенін айқын көрсеткен.
Альфред Бине (1857 – 1911жж) Франциядағы эксперименталды психологияның негізін салушы. Ол өзінің эксперименталды зерттеуі бойынша ойлау туралы мәліметтер жинастырды.
1896 жылы А.Бине мен В.Анридің «Индивидуальная психология» еңбегі жарыққа шықты. 1912 жылы В.Штерн «ақыл – ой дарындылығының коэффициенті» ұғымын енгізді. Кейіннен бұл қатынасты интеллектуалды коэффициент деп атады.
Отандық ғылымда индивидуалды психологияны А.Ф.Лазурский дамытты. Ең алғашқы жеке психологиялық лабораторияны ашқан психолог – Н.Н.Ланге болды. (Новосибирский университет, 1896ж), ол эксперименталды психологияның дамуына зор үлес қосты. Оның жүргізген зерттеу жұмыстары қабылдау және зейінге байланысты.
1901 жылы А.П.Нечаев Педагогикалық музейдің әскерлі – оқыту бөлімінде, эксперименталды психологиялық лаборатория ұйымдастырды. 1904 жылы Нечаевтің психологиялық лабораториясында педагогикалық курстар ашылды. Москва университетіндегі тарихи – философиялық факультетінде психологиялық институттың (1912ж) ашылуы, отандық эксперименталды психология тарихындағы ең қуанышты кеш болды, Челпанов негізін салушы болды. Челпановтың «Эксперименталды психологияға кіріспе» атты оқулығы бар(1915ж).
Тақырып: Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі. 1сағат.
Мақсаты: Психологиялық бақылау әдіс және бақылау берілулерінің объективтілік және субъективтілік критерилері, бақылау процедурасының әдіснамасы туралы студенттерге түсінік беру.
Жоспар:
1.Психологиялық бақылау әдіс және әдістеме ретінде.
2.Бақылау берілулерінің объективтілік және субъективтілік критерилері. 3.Бақылау процедурасының әдіснамасы туралы.
4.Психологиялық зерттеудің басқа әдістерімен бақылаудың қатынасы.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
Бақылау – ғылыми зерттеулердің ең ескі әдістерінің бірі. Тәжірибе жолымен алынған кез – келген ғылыми білім адам іс - әрекетін немесе табиғат құбылыстарын бақылау негізінде алынған. Сондықтан кең мағынада бақылау деп – эмпирикалық білім алудың кез – келген түрін айтуға болады.
Зерттеуші – бақылаушы тұрмыстық мағынадағы бақылаушы сөзіне
ерекшеленеді:
1. Танымдық мақсаты бар. Осы мақсат бақыла үрдісін жанама етеді және таным шеңберін ары қарай жылжытады. Бақылау пәні ретінде – адамның мінез – құлқы, эмпирикалық көрінулері, адамдардың қарым – қатынасы және топтардың өзара әрекеттері, сонымен бірге ойлар, пікірлер т.б. қарастырылады. Бақылауды зерттеу әдісі ретінде және әдістеме ретінде түсіну қарама – қайшылық тудырмайды, бір –бірін толықтырады. Мақсатына байланысты бақылаушы зерттелетін құбылысты мақсатты қабылдауға немесе сұрыптап іріктеуге тырысады. Танымдық мақсаттар пәндік мазмұнды сұрыптауға әкеледі – нені болжау керек, нені бақыланған факті деп есептеу керек.
2. Бақылаушының белсенділігі – бақылау үрдісін ұйымдастыру, бақылау жағдайын даярлау және таңдау. Берілулерді тіркеуде.
Психологияда бақыланатындар деп есептейді:
Индивидтардың мінез – құлқы;
Бөтен адамдар іс - әрекеті, оның өтуінің сыртқы формасы;
Басқа индивидтардың тілдік санасы, олардың түнде көрінуі;
Эмоциялық күйлердің формалары;
Жеке адамдар қасиеттері, қылығында көрінетін жеке адамдардың өмірбаяндық жолы.
2. а) Бақылау және зерттеу мақсаттары. Зерттеу мақсаттары
мазмұнына байланысты:
б) Сипаттау бірліктерінің тәуелділігін бақылау.
Жүйелі бақылау – бақылаушы ұғымдарды құрылымдаудың белгілі ережелері бойынша жүзеге асырады.
Бақылау жүйелілігі – зерттеу мақсатына сай бақылау бағыттарының болуы, объектінің жақтарын қарастыру, анықтау.
в) Болжамды тексеруге қатысты бақылау.
Эвристикалық бақылау – болжамды тексеруге бағытталған.
г) Бақылаушының позициясын есепке алу көзқарасындағы бақылау.
Сырттан бақылау – бақылаушы зерттелетін объектіден толықтай бөлінген;
Қосылу бақылау – объектіні бірге жүріп бақылау, бақыланушы – топ адамдарының бірі болады;
Іштей бақылаудың өз артықшылығы және кемшілігі бар.Бір жағынан ол зерттелетін шындыққа тікелей қосылуға көмектеседі, екінші жағынан тікелей қосылу бақылаушының есебінің объектілігіне әсер етуі мүмкін. Кейбір бақылау түрлері сырттай және іштей бақылаудың арасында болуы мүмкін. Мысалы, ұстаздың сыныпты бақылауы, психологтың, кеңес берушінің бақылаулары.
д) Ұйымдастырылуына байланысты бақылау түрлері. Бақылау жағдайына байланысты 3 топқа бөлінеді:
Далалық – бақыланушы табиғи өмір жағдайында болады. Бақылаушы жағынан бастама болмайды
Лабораториялық – адамның мінез – құлықтарын, психикасының басқарылу көріністерін, формаларын, зерттеудегі жасанды жағдай.
Табиғи жағдайды арандату – бұл табиғи экспериментке ұқсас болып келеді.
е) Бақылауды хронологиялық ұйымдастыру. Бұл үш түге бөлінеді:
Лангитюдті – бұл ұзақ уақыт жүргізіледі, көптеген жылдар, зерттеу объектісімен үнемі қатынаста болады.
Кезеңдік – хронологиялық ұйымдастырудың кең таралған түрі.
Жеке – жеке жағдайды сипаттау түрінде болады.Жүйелі немесе кездейсоқ бақылау нәтижелерінің құбылыстарының типтік көрінуі.
ж) Бақылау және бақылау есептерінің түрлері. Сипаттау тәсіліне байланысты:
Стандартталған – бақыладың негізгі категориялары көрсетілген, қайсысын тіркеу керек екені, бақылау реті, оның кезектігі және т.б.
Стандартталмаған – белгілі мақсаттармен тіркейді, бірақ арнайы шектеусіз, неге назар аудару керек, қандай сәттерін тіркеу және т.б.
Зерттеу протоколы. Бақылау схемасына бақылау барысында бақылаушының есебінің белгілі сәттері кіреді. Бақылау берілулері хаттама, күнделік, естелік немесе жеке жазулар формасында тіркеледі.
Хаттама (протокол) – жиі пайдаланылатын жазу формасы, ол кезеңдік бақылауларда пайдаланылады және бақылау барысында тікелей жүргізіледі.
Күнделік – жалғасқан бақылауда қолданылатын жазу формасы, жазу күніне бір рет, бірнеше күнде бір рет жазылады, бақылаушы есте сақтағанын еркін түрде жазады, оның зейінін өзіне аударғанын жазады.
Жеке жазулар (естелік) – жеке бақылауларды немесе бақылаудың қосымша тәсілі ретінде пайдаланылғанда тіркеледі.
Бақылау процедурасы ұғымына: бақылау әдісін нақтылау және оны жүзеге асырудың негізгі этаптарының кезектерін анықтау және берілулерді тіркеуге пайдаланылған техникалық құралдарды пайдалану.
Бақылау процедурасы белгілі әдістемені жүзеге асыру ретінде:
Даярлық кезеңі – бақылау объекті туралы бастапқы көрінулерді салыстыру, жағдай, зерттеушілер бақылау әдістемесін таңдау.
Бақылау схемасын жасау кезеңі - немесе нақты жоспарлар, бақылау технологиясын таңдау, оны пайдалану керектігін анықтау. Жоспарды нақтылау үшін алдын ала сеанс жүргізеді немесе генеральная репетиция.
Бақылау өткізу кезеңі – бұл эмперикалық (тәжірибелік) материалдар алу үрдісі, оның нәтижесі протокол болып табылады, яғни бақыланатын жағдайды тіркейтін құжат.
Соңғы кезең – нәтижелерді өңдеу және талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |