Бағдарламасы бойынша қазақстандағЫ Ұлттық консультациялар 2013 жылғы мамыр қазақстандағы БҰҰ Елдік командасы



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата31.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27877
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 

10

орман  алқаптарының  өрттену  салдарынан  ластанып  жатыр.  Көкірегіңді  керіп  ауа  жұту 



мүмкін емес, себебі ол көбіне түтінге толы болады.». 

 

Сондай-ақ  Консультациялар  барысында    Каспий  теңізі  өңіріндегі  ресурстарды  өндіру 



қарқынына  алаңдаушылық  айтылды.  Талқылауға  қатысушылар  Каспий  теңізінің 

мониторингі судың ластануын болдырмау үшін  жеткілікті тиімді емес деп атап өтті. Мұнай 

мен  газ  өндірудің  өсуімен,  Каспий  су  айдынындағы  ауа  райы  қолайсыздығынан    мұнай 

жайылу тәуекелі арта түседі. Бұл бүкіл экожүйе мен теңіз жергілікті тұрғындар үшін жалғыз 

су  көзі  болғандықтан  халыққа  жаман  болады.  Төтенше  жағдайлар  туындауына  арналған 

жоспарлар  бар,  бірақ  мұнай  өнеркәсібі  масштабы  өсіп  келе  жатқандықтан  қайта  қарауға 

жатады.    Сақтандыру  саясаты  шектеулі,  ал  халық  сумен  байланысты  тәуекелден 

қорғалмаған.  ҮЕҰ  экологиялық  зерттеулерінің  бірінде  Каспий  теңізінде  Мексикан 

шығанағына ұқсас мұнай жайылу оқиғасы орын ала қалған жағдайда, жағдайды дереу түзету 

мүмкін еместігі туралы қауіп бар екені айтылған.  



 

Қалдықтар  және  санитария  әсіресе  ірі  қалаларда  маңызды  проблеманы  білдіреді.  

Қалдықтардың  айтарлықтай  көлемі  халықтың  денсаулығына  зиян  келтіреді,  қоршаған 

ортаны  улайды  және  жақын  маңда  тұратын  адамдарға  үшін  эстетикалық  мәнін  айтпағанда, 

санитарлық жай-күйді нашарлатады. Бір жағынан, қатысушылар денсаулық және қауіпсіздік 

мәселелеріне  алаңдайды.  Екінші  жағынан,  Қазақстанның,  адамдардың  қоршаған  ортаға 

ұқыпсыз қарауымен байланысты дүние жүзілік аренадағы атағына алаңдайды. Қатысушылар 

қалалар  мен  ауылдарды  таза  ұстау  үшін  жергілікті  билік  органдарының  жауапкершілігін 

көтеру қажеттігін сұрады. 

 

Климаттың  өзгеруі  салдары  қазірдің  өзінде  байқалып  отырған  және  егер  тиісті  шаралар 

қолданылмайтын  болса  ұлғая  беретін  әлемдік  масштабтағы  проблема  ретінде  танылады, 

Қатысушылар, климаттың өзгеруі сияқты проблемасы үстіртін ғана қозғалған кезде (мүмкін 

тақырыптың ғаламдық сипатта болуы), оларға тікелей тиетін мәселелерге қатысты (мысалы, 

ауыз су проблемасы, ауаның ластануы, әлеуметтік қызметтер) анағұрлым ашық болғандығын 

атап  өткенін  айты  керек.    Бірақ,  климаттың  өзгеруі  топырақтың  азуға  ұшырауына,  бұл  

егістің  молшылығына,  азық-түлік  қауіпсіздігіне  және  адамдардың  жақсы  тұрмысына  кері 

әсер  етеді  ететіні  туралы  жалпы  ұғым  бар.  Су  мен  табиғи  апаттың  әлеуетті  тәуекелдері 

көшіп-қонуды  күшейтуге  соқтырмай  қоймайды,  өйткені  адамдар,  мейлінше  қолайлы  өмір 

сүру  жағдайын  іздеумен    зардап  шеккен  аудандарды  тастап  кетеді.  Қазақстан  бүгінде                              

CO2 шығарындыларының көрсеткіші жоғары (2009 ж. CO2  халықтың жан басына шаққанда 

14  метрлік  тонна)  елдердің  бірі  болып  табылады    және  талқылауға  қатысушылар  еліміз  ел 

ішіндегі 

шығарындыларды 

қысқарту 

шараларын 

қолдануы 

керек, 


сондай-ақ 

шығарындылардың халықаралық деңгейде  азаюына жәрдемдесуі тиіс деп санайды. 

 

Тұтастай  алғанда,  қатысушылар  қоршаған  ортаның  жай-күйінің  өзгеруі,  халықтың 



экологиялық    проблемалардың  ізінше  қоныс  аударуға  мәжбүр  болатынын  қоса  алғанда, 

халықтың  денсаулығына,  өмір  сүру  деңгейіне  әсер  ететініне  алаңдайды.  Қоршаған ортаның 

құлдырау  салдарлары  соңғы  бірнеше  онжылдықтарда  ерекше  байқалып  тұр.    Халықтың 

көпшілігі осы мәселедегі  әрекетсіздік құртатынын сезінеді. Сондықтан болашақтағы саясат 

экологиялық  мәселелерді    халықтық  мәселелермен  неғұрлым  кең  байланыстыру  керек.  

Қатысушылар Үкіметтің экологияның  елдің түрлі бөлігінде халықтың денсаулығына әсерін 

кешенді бағалауын, сондай-ақ қоршаған ортаның нашарлау процестерін тоқтатуын және кері 

бұруға бастамашылық жасауын  сұрайды.    

 

Аймақтық қауіпсіздік  

 

Әлемдік  масштабтағы  жанжалдардың,  араб  өңіріндегі  тұрақсыздықты  және  осындай 



жанжалдардың  әлемнің  басқа  бөліктеріне  жанама  әсерлерін  қоса  алғанда,  алаңдату 


 

11

туғызатыны  атап өтілді.      Аймақтық ынтымақтастық  пен  қауіпсіздік  елдің  қауіпсіздігі  үшін 



айырықша  маңызды  болып  тұр.  Орталық  Азияның  әрбір  мемлекеті  өз  бетімен,  әртүрлі 

қарқында  дамуы  аймақтағы  тепе-теңсіздікпен  шарттасады.    Мемлекеттік  топтар  мен 

үкіметтік емес ұйымдар  Қазақстанның тұрақтылық деңгейін қолдау және   Орталық Азияда 

экономикалық күйреуді болдырмау үшін мықты болып қалуы маңызды екенін мойындайды. 

Сол сияқты, экологиялық проблеманы, еңбек миграциясын, жалпы экономикалық-әлеуметтік 

дамуды,  сондай-ақ  НАТО  2014  ж.  одақтастарының  әскери  күштерді  шығаруынан  кейінгі 

Ауғанстан тарапынан әлеуетті қауіпті қоса алғанда, жалпы шақыруларды шешу үшін көрші 

елдермен  анағұрлым  тығыз  ынтымақтасу  қажет.    Сондай-ақ  Ауғанстаннан  әскерді  шығару 

есірткімен  заңсыз  айналысудың  өсуіне,  діни  экстремизм  мен  лаңкестікке  соқтыруға  алып 

келеді деген тәуекел бар. Соңғы деректер бойынша, бүгіннің өзінде-ақ саудагерлер апиынды 

Қазақстан  арқылы  Ресей  рыноктарына  жеткізу  үшін  жақсы  дамыған  жол  және  теміржол 

желілеріне қол жеткізіп отыр. Орталық Азия мен Ресей арасындағы жалпы сауда ағынының 

ұлғаюы,  сондай-ақ  аймақтағы  ХЖТ  (Халықаралық  Жол  Тасымалы  конвенциясы)  жүк 

автомобильдері  санының    өсуі  есірткімен  сауда  жасайтын  ұйымдар  ХЖТ  келісімін  теріс 

пайдалану  есебінен  рұқсат  етілген  ағынның  бір  бөлігі  болу  қаупі  бар.  Бұдан  басқа, 

Қазақстан,  Ресей  және  Беларусия  арасындағы  кедендік  одақ  туралы  келісімге  сәйкес  

Қазақстан ЕО шекараны кесіп өткенге дейінгі соңғы кедендік бақылау болып табылады және 

бұл аймақтағы шекара бақылауын күшейтуді талап етеді.    

Қатысушыларды  Қазақстандағы  еңбек  көші-қон  ауқымы  алаңдатады  және  бұл  мәселе 

сондай-ақ  аймақаралық  қауіпсіздік  құрамында  талқыланды.    Консультациялар  шектерінде 

аймақтық  қауіпсіздік пен  көші-қонға  арналған  кездесу болып өтті, оған  түрлі  ведомстволар 

мен ҮЕҰ қатысты. Кездесуде  Қазақстандағы еңбек мигранттарының осал жағдайлары және 

адрестік  көмектің  қажеттігі  талқыланды.  Еңбек  миграциялары  негізінен  Орталық  Азияның 

басқа  мемлекеттерінен  жақсы  экономикалық  мүмкіндіктер  іздеп  келеді.  Қазіргі  бар 

қауіптердің  бірі  Қазақстанға  келуге  тыйым  салынған  діни  қауымдастықтардың  әлеуетті 

ағыны   болып табылатыны  атап өтілді.      Ішкі  көші-қонның  беталысы да  сол  сияқты  артты.  

Мысалы,  Астанаға  адамдар  Шымкенттен,  Қарағандыдан,  Екібастұздан  жұмыс  іздеп  көптеп 

келетін  болды.  Бір  жағынан,  ҮЕҰ  мигранттардың  еңбекпен  айналысу  және  әлеуметтік 

қызыметтерге  қол  жеткізе  алмауы  наразылық  пен  әлеуметтік  тұрақсыздыққа  соқтырады 

дейді.  Екінші  жағынан,  мемлекеттік  ведомстволардың  өкілдері,  еліміз  бірінші  кезекте 

жергілікті  халыққа  қолдау  көрсетуі  тиіс  және  тұтастай  алғанда  Қазақстан  халқының  өмір 

сүру  жағдайының  жақсаруы  мигранттарға  қолайлы  әсер  береді  деп  атап  өтеді.    Экономика  

министрлігінің  өкілі  «Қазақстан  2050»  жаңа  стратегиясы  көші-қон  саласындағы  іс-әрекет 

жоспарын  әзірлеуді  көздеп  отырғандарын    айтты  және  ҮЕҰ  одан  әрі  қарау  мен  жоспарға 

енгізу үшін ресми ұсыныстарын бере алатынын жеткізді.  

 

Азық-түлік  қауіпсіздігі  талқылауларда  сол  сияқты  аймақтық  қауіпсіздік  құрамында 

қозғалды. Қазақстан әлемдегі ірі бидай өндірушілер арасында 6-орынды алып отыр. Елімізде 

сол  сияқты  арпа,  сұлы,  жүгері  және  күріш  өсіріледі;  бұл  өнімдер  Орталық  Азия  рыногына 

жеткізіледі және аймақтан тыс жерлерге экспортталады. Азық-түлік қауіпсіздігі тәуекелдері 

ауылдық  жерлерді  көптеген  адамдар  тастап  кетіп  жатқандықтан  халықтың  көшіп-қонуы 

құрамында қарастырылады; климаттың өзгеру салдарлары; фермерлер үшін сақтандырудың 

жоқтығы;  ауылшаруашылығы  секторындағы  инвестицияның  жеткіліксіздігі,  сондай-ақ 

ауылшаруашылығында 

 

білікті 



еңбек 

ресурстарының 

жоқтығы. 

Қазақстанның 

ауылшаруашылық  секторын  қолдау  тек  ішкі  рынокты  қамтамасыз  ету  үшін  ғана  емес 

сонымен бірге ғаламдық рынокта  тепе-теңдікті сақтап қалу болып табылады.  

 

Су ресурстарына  қол жеткізу  сол  сияқты,  әсіресе  Орталық  Азияның  суларын  Қырғызстан 

тауларынан  бастау  алатынын  ескерсек,  аймақтық  қауіпсіздік  мәселелерінің  бірі  болып 

табылады    деп  есептеледі.  Мемлекеттік  органдардың  өкілдері,  экологиялық  ҮЕҰ  мен 

академиялық топтар елдің халқы мен ауылшаруашылығы үшін өмірлік маңызы бар су бөлу 

мәселелері  бойынша  көрші  мемлекеттер  арасындағы  трансшекаралық  ынтымақтастық 




жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау