8
Ұлттық консультациялардың алдын ала нәтижелері
Ұлттық консультациялар 2012 ж. наурызынан бастап 2013 ж. наурызға дейін түрлі мүдделі
тараптардың, соның ішінде республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік
органдардың, ҮЕҰ, сарапшылардың, жастардың, ғалымдардың, жеке кәсіпкерлердің, жұмыс
берушілердің, кәсіподақтардың және халықтың осал топтарының қатысуымен жүргізілді.
Ашық және танымдық талқылаулар барысында әлеуметтік жақсы тұрмыс мәселелері
бойынша көптеген түрлі сыни пікірлер айтылды. Консультациялардың нәтижелері
Қазақстанда көтерілетін сұрақтардың ауылдық жерлердің негізгі сұранымдары мен әл-
ауқаты шектерінен асып кететінін растады. Халықтың осал топтарының әл-
ауқаты,тұрақтылық пен гүлденуді қамтамасыз етуде сөзсіз міндеттердің негізгісі ретінде
танылды. Бірақ, сонымен бір уақытта, өмір сүру деңгейін бұдан әрі және жан жақты көтеру
үшін қазіргі бар кедергілерді жоюға мүмкіндік беретін мемлекеттік институттарды
күшейтуді және жаңа тетіктер жасауды талап ететін бірқатар проблемалар көтерілді.
Қоғам тарапынан көбірек көңіл бөлінуін талап ететін мынадай түрлі топтар белгіленді:
мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалар мен жастар, соның ішінде жетімдер, әйелдер, АИФ-
СПИДПЕН өмір сүретін адамдар, ішкі және сыртқы көшіп-қонушылар. Халықтың бұл
топтары анағұрлым қолайсыз жағдайда болады және әлеуметтік интеграцияның, адам
құқығын қорғау, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі объектісі болып
табылады.
Көтерілетін мәселелер шеңбері жергілікті деңгейдегі өзекті проблемалардан бастап одан гөрі
ғаламдық ауқымдағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне дейін түрленеді. Төменде ұлттық
консультациялар барысында анағұрлым басымды ретінде белгіленген негізгі тақырыптар
беріліп отыр. Осы серіктестіктердің кең тобымен өткізілген Ресми талқылаулардың
нәтижелері ғаламдық күн тәртібіне үлес қосады, сондай-ақ Қазақстан ұшырасып отырған
маңызды мәселелерді тиімді шешу үшін жаңа бағдарламалар жасауға көмектеседі.
Экологиялық тұрақтылық
Экологиялық тұрақтылық бүгінде Қазақстан ұшырасып отырған басым шақырулардың бірі
болып табылады және оның басымдылығы болашақта да сақталатын болады. Елде ластану
деңгейі жеткілікті түрде жоғары екені байқалады, ал кейбір аймақтар ауыз судың
жоқтығынан немесе жетіспеушілігінен, ауаның ластануынан, топырақтың азуынан,
қалдықтарды басқарудың жеткіліксіздігінен және тазалық деңгейінің тиісті түрде
болмауынан азап шегіп отыр. Арал теңізі (70% құрғаған) мен Сырдария өзені арналарының
құрғап кетуі экожүйеге жағымсыз әсер етуде.
9
Бүгінде жердің шамамен 60% азып кеткен,
бұл ауылшаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, осылайша халықтың өмірі үшін үлкен
қиындық тудырады.
9
Hopes for disappearing Aral Sea, The Watchers. http://thewatchers.adorraeli.com
9
Консультациялардың нәтижесіне сәйкес
ауыз суға қол жеткізу бүкіл ел бойынша
ең үлкен мәселе болып табылады.
Халықтың барлық топтары үшін, әсіресе
Маңғыстау сияқты су құбырындағы су
ішуге жарамсыз болып келетін облыста
проблема өткір қойылып отыр. Сондай-ақ
бұл мәселе ұлттық интернет сұраулар
шеңберіндегі 2015 ж. кейінгі даму үшін
бірінші кезектегі мәселе болып белгіленді.
(2 Қосымшаны қараңыз). Суды сүзгіден
өткізетін
зауыттардың
жетіспейтінің
байқалады, сондай-ақ қазіргі бар көптеген
сумен жабдықтау желілері ескірген.
10
Бұдан басқа, ауыз судың зор көлемі - ЖІӨ
тек 4,8% ғана қамтамасыз ететін экономика
секторындағы
ауылшаруашылығына
пайдаланылады (82% қолда бар ауыз
судың). Осы судың айтарлықтай бөлігі су
ресурстарын ұтымсыз басқару салдарынан
тиімсіз жұмсалады. «Қазақстан 2050»
стратегиясында, қоғам табиғаттың ең
құнды байлығының бірі - суды ысырап
етуді доғару керек деп атап айтылған.
Стратегияда «2050 жылға қарай Қазақстан сумен қамтамасыз етілу проблемасын бірден және
түпкілікті шешуі тиіс» делінген.
11
Қазіргі уақытта Үкімет сумен жабдықтау желісін кеңейту
жөніндегі «Ақ Бұлақ» бағдарламасын іске асыруда, бірақ бұндай тырысулар әзірге осы
проблеманы толық шешуге және халық арасындағы алаңдаушылықты азайтуға мүмкіндік
бермей отыр.
Судың сапасы проблемасы өз алдына бөлек тұр. Кейбір облыстарда үй шаруашылығы, ішуге
келмейтін төмен сападағы сумен қамтамасыз етіледі. Республикада су сапасының стандарты
бар, бірақ оны тиісті мониторингтеу жүйелерімен қатар жақсарта түсу керек. Астана
қаласынан алыс емес халық қоныстанған жерлердің өкілдері су ресурстарын басқаратын
ұлттық орган хлор концентратын қоғамдық құдыққа төккенін еске салғаны бар. «Біз судың
үлгісін Астанадағы тәуелсіз компанияға сапасын тексеру үшін жібердік. Судағы хлор деңгейі
нормадағыдан бірнеше есе жоғары», - деген еді ауыл тұрғындары.
Ауаның ластануы Астанада, Алматы мен Қызылордада болып өткен пікірсайыстары кезінде
денсаулықтың нашарлауы, және демографиялық фонға әсер етуі мүмкін болатын ауыру
деңгейлерінің өсу факторы ретінде атап өтілді. Тыныс жолдары ауыруларының деңгейі
соңғы жылдары шұғыл көбейіп кетті. Ауаның ластануы өнеркәсіптік аймақтардың
шығарындыларының айтарлықтай көбеюі мен көлікке пайдаланылатын отын сапасының
төмендігі, ауаның зиянды заттарға толуы болып табылады . «Алатаудың таулары бір кезде
өзінің сұлулығымен әйгілі болатын», - дейді қатысушылардың бірі. «Бүгінде мұндай
сұлулықты көрмейсің бізді осы алаңдатады. Бүгінде таудың ұшар басын қаптаған ақ мұз жоқ,
бұл да өзендердегі судың азаю себебінен болып табылады. Сол сияқты ауа да Ресейдегі
10
Аймақтық шолу: Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы сумен жабдықтау және санитария
проблемасы. Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдығы ғаламдық су серіктестігі, , 2009 ж.
11
«Қазақстан -2050» стратегиясы,
http://www.akorda.kz
негізгі фактілер
Орман жамылғысы
12,4 млн. га
(2011 г.)
11,1 млн. га
(2000 г.)
Су құбырына қол жеткізу 65,2% (2011 г.)
53,3 (2002 г.)
Халықтың жан басына
шаққандағы CO2 *
14,25 тонн
(2009 г.)
8,54 тонн (2000
г.)
Халықтың
орталықсыздандырылған
көздердегі ауыз суға қол
жеткізуі
17,8 % (2011 г.)
19,5% (2002 г.)
Қоғамдық сорғылардағы
ауыз суға қол жеткізу
11,1% (2011 г.)
16,5% (2002 г.)
Қоғамдық құдықтардағы
ауыз суға қол жеткізуі
1,9% (2011 г.)
5,4% (2002 г.)
Көздер: ҚР Статистика агенттігі.
*Показатели ЦРТ http://mdgs.un.org