6
олардың 8,8% ауылдық жерлерде тұрады.
4
Кедейліктің негізгі себептері жұмыссыздық пен
табыс деңгейінің төмендігі, ол халықтың неғұрлым осал топтарына, әсіресе: жастарға, ауыл
тұрғындарына және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатты батады. Ресми деректер бойынша
халықтың тек 0,5% ғана азық-түлік қоржынының ең аз шамасын құрайтын табысы бар
5
.
2007 ж. Қазақстан күн көру минимумынан аз табысы бар ауылдық жерлерде тұратын адам
санын 2012 ж. қарай азайту жөнінде қосымша міндет қойды. Мұндай қызметтер халықтың
әл-ахуалы аясындағы анағұрлым позитивті нәтижелер үшін күн көріс минимумы шамасының
артуымен сүйемелденер еді. Консультациялар барысында Қазақстанның 2050 ж. ең дамыған
30 елдің қатарына қосылу мақсаты жиі атап өтілді. Экономикалық өсімнің жеткілікті түрде
әсер ететін көрсеткіштеріне қарамастан қатысушылар мұндай өсімнің бүкіл халықтың әл-
ауқатынан көрініс табуына үміт білдірді, демек өмір сүру сапасы елдің экономикалық
әлеуетіне сәйкес болуы үшін ең аз жалақы деңгейін көтеру қажет.
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселесін басымдықты салалар қатарына жатқызады.
Экологиялық шақыруларды шешудің бірден бір жолы ретінде Қазақстан Үкіметі энергия
тиімділігін көтеру, шығындарды мерзімінен бұрын қысқарту және анағұрлым маңыздысы
халықтың денсаулығы үшін қауіпті факторларды төмендету үшін экологиялық таза
технологияларды енгізу арқылы қазіргі сәтте экономиканы «жасылдандыруға» жол салуда.
Таза энергияға арналған «EXPO 2017» көрмесі Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамытуға
қосымша түрткі болады. Ел қазірдің өзінде-ақ жел және күн энергиясы өндіруші және
экспорттаушы болып табылады. «Жасыл» технологияға ірі инвестиция салынады және
тұтастай алғанда мұндай инвестициялар халықтың пайдасына қызмет етеді деп күтілуде.
Қазақстан көрегендіктің мысалы болып табылады және ұлттық стратегияның дамуға
ұмтылу дәрежесін көрсетеді. Жақында ел Президенті «Қазақстан-2050» Ұлттық даму
стратегиясы шеңберінде дамудың жаңа көріністері жарияланды.
6
Стратегияда денсаулықпен,
әлеуметтік үйлесімсіздікпен, кәсіби дағдылармен, мемлекеттің тиімділігімен, ұлттық және
ғаламдық қауіпсіздікпен байланысты бірқатар бағыттар қозғалады және жаңартылған
энергетика сияқты сектордың алдына шамшыл міндеттер қойылып отыр. Сол сияқты
стратегияда «ғаламдық экологиялық дағдарыс әлеуметтік-саяси дағдарысқа ауысатыны,
және бұл Қазақстанға, біздің төзімділігімізді тексеруге қысым жасамай қоймайды» деп атап
айтылған. Сондықтан, күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылық
мәселелері шығарылып отыр».
7
Бүгінде Қазақстан өзінің жетістіктері мен жаһандық аренадағы өзінің рөлін мақтан етеді.
Еліміз әлемнің лайықты азаматы және тілеулес көрші портретін жасай отырып, халықаралық
қатынастарға белсенді қатыса отырып тырысуда. Қазақстан ядролық қаруды таратпау
режимін жүргізуге қатысты, сонысымен әлем қауіпсіздігінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне
үлес қоса отырып берік позиция ұстануда. Қазақстан кеңес одағы кеңістігіндегі Еуропа
қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымына (ОБСЕ) төрағалық жасаған тұңғыш ел болды. Ел
Әлемдік діндер съезін жүйелі түрде өткізе отырып, өзін әлемдік діндер диалогы орталығы
ретінде есептейді. 2012 ж. Лондон қаласында өткен Олимпиадалық ойындардың нәтижесі
Қазақстан үшін үлкен триумф екенін және оның спорттағы қабілетін көрсетті. 2012 ж.
Қазақстан экономикалық бәсекеге қабілеті бойынша 51-орынға ие болды және жаңа ұлттық
стратегияда атап өтілгендей 2050 ж. таман ең дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылуда.
8
4
Ең аз жалақы 17 439 теңгені құрайды (ескер. 119 дол.). 2012 ж. орташа жалақы 98 736 теңгені құраған.
2012 ж. мамырдағы жай-күй бойынша ең аз күнкөріс минимумы 16 119 теңгені құрады (ескер. 110 дол.).
ҚР заңнамасындағы өзгеріс. BMF заңгер кеңесшілер тобы, 2012 ж. қаңтар.
5
ҚР Статистика агенттігі,
http://www.stat.kz
6
http://www.akorda.kz
7
Сонда.
8
Сонда.
7
Халықаралық ұйымдармен консультациялар барысында Үкіметтің қоғамдағы проблемаларға
ашықтығы болып табылады, әсіресе соңғы жылдар ішінде бірнеше рет атап өтілді, бұл
позитивті өзгерістермен Қазақстандағы дамуға әсер етеді. Бұған сондай-ақ, оған мемлекеттік
органдардың өкілдері қатысқан консультациялар кезіндегі ашық талқылаулар куә болады.
Бұл, әлеуметтік мәселелерді шешудегі алға қарай жасалған ірі қадам ретінде мойындалып
отыр және олардың көбі бүгінгі ұлттық даму стратегиясында көрініс тапты.
Қазақстан сол сияқты табысы орташа елдерге БҰҰ ынтымақтасудың жақсы мысалы бола
алады. Бүгінгі таңда БҰҰ және Қазақстан Үкіметі бірлесіп қаржыландыратын бірнеше
жобалар іске асырылып жатыр. Қазақстан даму мәселелері үшін ресурстары болғандықтан
бірегей ел болып табылады. Егер мұндай ынтымақтастық бірқатар бағыттар бойынша
бірлескен жұмыстарды ынталандыру үшін және БҰҰ бүкіл жүйесі бойынша сараптық
білімді пайдалануда кеңейтіле түссе, Қазақстан табысы орташа елдер үшін БҰҰ
жұмыстарының үлгісі ғана емес, сонымен бірге тұрақты даму жолындағы шақырулар
бойынша күрделі мәселелерді шешу жөніндегі техникалық білімдер мен ғаламдық
тәжірибелерге қол жеткізуді жақсы пайдалана алады.