Осы бағдарламамен мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру бойынша өршіл мақсаттар қойылды. Осы мақсаттарды іске асыру үшін бейінделген заңнама, бизнесті, білім мен ғылымды қолдау шаралары, бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдету, мемлекетпен өзара әрекеттесу кезінде транзакциялық шығындарды қысқарту түрінде қолдау инфрақұрылымы жасалынатын болады. Сонымен қатар, мемлекет еңбек өнімділігіне уақытты барынша босату мен экономикалық белсенді мінез-құлықты ынталандыру үшін өз азаматтарының қызмет алудағы қажеттіліктерін болжап қояды.
Электрондық үкімет
Мемлекет ақпараттандырудың алдыңғы кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тікелей немесе жанама түрде араласатын мемлекеттік органдардың базалық инфрақұрылымы мен ақпараттық жүйелері түрінде Қазақстан Республикасының «Электрондық Үкіметін» құрды.
2017 жылдың шілдесінде 740-тан астам қызмет пен сервис электрондық нысанға көшірілді, 83 мобильдік қызмет іске асырылды. 2015 жылы веб-порталда электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 36 миллионнан асты, 2016 жылы – шамамен 40 миллион. 2017 жылдың қыркүйегінде тіркелген бірегей пайдаланушылардың саны 6,6 миллион адамнан асты.
2017 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша елімізде 349 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2013 жылы «электрондық үкіметтің» Call-орталық базасында тегін 1414 телефон нөмірімен Бірыңғай байланыс орталығы құрылды. Бірыңғай байланыс орталығына күн сайын азаматтардан кемінде 14 мың арыз-шағымд келіп түседі, жыл сайын арыз-шағымдардың жалпы санының орташа 15% артуы болжануда. Бұл операторларға үлкен жүктеме түседі, өз кезегінде бұл қоңырау шалу мәселелеріне әкеліп, қызметтердің сапасын төмендетеді. Қоңыраулардың көбі бір үлгідегі өтініштерді қамтиды, оларды автоматты өңдеу немесе өз-өзіне қызмет көрсету режиміне аударуға болар еді.
Электрондық үкіметтің веб-порталында Ашық үкімет алаңы құрылды. 2017 жылғы қазандағы жағдай бойынша «ашық деректер» порталында 2 376 деректер жиынтығы орналыстырылды, 17 132 нормативтік құқықтық актілер жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамалары талқыланды, 14 928 бюджеттік құжат жарияланды.
Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, ашықтық, клиенттерге бағдарлану, белсенділіктің деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты өзекті проблемалар болып қалуда. Осылайша, мысалы, мемлекеттік органдар өзекті және талап етілген ашық деректер түріндегі қосымша құнды құру үшін пайдаланылуы мүмкін ақпаратты әлі де болса лажсыздан ашуда.
Мемлекеттік органдардың бейіндік қызметі автоматтандырылуда, алайда әлі де ақпараттандырумен толыққанды қамтылмаған қызмет салалары бар. Жаңа технологиялардың пайда болуы қазіргі кезде іске асырылған қызметтерге қарағанда жоғары сапалы қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы, үлкен деректер технологиясын пайдалану халықтың қажеттіліктерді талдауда түбегейлі басқа көзқарасқа, салдарынан қызмет көрсету сапасының артуына әкелуі мүмкін.
Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің топ-30 кірудің сөзсіз шарттары ЖІӨ дамыған елдердің деңгейіне дейін өсуі ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуда айырмашылықты енсеру болып табылады, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін жақсартуда прогреске қол жеткізу, және тиісінше, халықтың денсаулығының, өмір сүру ұзақтығы мен сапасының жоғарғы деңгейін қолдау.
Денсаулық сақтаудағы цифрлық технологиялар проблемалардың негізгі блоктарын шешуге көмектесе алады: медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, сондай-ақ аурулардың алдын алу мәселелері.
Денсаулық сақтау еңбекке қабілетті және экономикалық белсенді жасты сақтауды қоса алғанда, мемлекет халқының өмір сүру ұзақтығы мен сапасына тікелей ісер етеді. Денсаулық сақтауды цифрландыру медициналық қателіктердің санын төмендетуге, қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығын, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде дамыған елдерде іске асырылатын мемлекеттік жобалар азаматтардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және деректермен алмасуды қамтамасыз ететін ұлттық деңгейдегі архитектураның тұтастығын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі мақсаттары – әрбір адамның денсаулығын мониторингтеу мүмкіндігімен бірыңғай ақпараттық ортаны алу, тұтастай алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық қателіктердің санын азайту, ортасында емделуші мен оның денсаулығы туралы ақпарат тұратын жүйені құру.
2004 жылы Қазақстанда Ұлттық телемедициналық желі құрылды. 2016 жылдың соңына қарай ол 204 денсаулық сақтау объектісін біріктірді, оның көмегімен аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдардың (144 аудандық және қалалық ауруханалар) қызметкерлері облыстық және республикалық аураханалар мен орталықтардағы әріптестерінен кеңестер ала алады. 2016 жылы 28 060 телемедициналық кеңес өткізілді, әсіресе, кардиология бойынша – 4 674 сеанс, пульмонология бойынша – 3 666 сеанс, неврология бойынша – 2 720 сеанс неғұрлым сұранысқа ие болды. 2004 жылдан бастап 2016 жылдар аралығында медициналық ұйымдардың емделушілері барлығы 133 мыңнан астам телемедициналық кеңес алды.
Алайда, денсаулық сақтау жүйесінде әлі де цифрландырумен қамтылмаған және тиімділікті арттырудың заманауи мүмкіндіктерін пайдаланбайтын үлкен көлемді салалар бар.
Сондай-ақ, норма шығарушылық процесте де проблемалар бар, оның ішінде бірыңғай ақпараттық кеңістіктің болмауы; құқықтық мониторингті жүргізу қолмен жүзеге асырылатын мониторинг пен норма шығарушылық процесі арасындағы байланыстың үзілуі; НҚА әзірлеу алдында талдау жүргізу үшін құралдардың болмауына орай айқын және бірыңғай ақпараттық кеңістікте жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді одан әрі жетілдіру қажеттілігі бар.
«Ақылды» қалалар
Қазіргі әлем қалалық инфрақұрылымға жоғары талаптар қоюда. Ірі қалаларда көлік логистикасы, техникалық және әлеуметтік қалалық инфрақұрылым, қала ортасының сапасы, қаланың дамуын басқару тиімділігі, қаладағы халық санының көбеюін ескере отырып, қоғамдық, іскерлік және тұрғын кеңістігін дамыту проблемалары бар.
2012 жылдан бастап Астана қаласында «Тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде бейнебақылау жүйелерін дамыту, бұзушылықтарды фото-бейне тіркеуді енгізу, деректерді өңдеу орталығын, жедел басқару орталығын және зияткерлік байланыс орталығын құру сегменттері жұмыс істеуде. «Smart мектеп» (88 мектептің 19-ы қосылды), «Smart көше жарығы», «Smart емхана» (10 емхананың 2-уі қосылды) бағыттары бойынша бастамалар іске асырылуда. Алматы қаласында бұзушылықты фото-бейне тіркеу жүйесі енгізілді, ал 2015 жылы «Оңай» қоғамдық көлікте электрондық билет беру жүйесі іске қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |