ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
265
9.1-КАРТА: Жүктілік пен босану кезіндегі өлім-жітім қаупі
Солтүстік Америкада жүктілік және босану кезінде қайтыс болған әйелдер саны 2 200 әйел арасынан бір өлім тіркелген. Бүл
көрсеткіш Австралия, Жаңа Зеландия мен Европа үшін ортақ. Ал Оңтүстік Африкада 540 әйелден біреуі, Азияда 230 әйелден
біреуі, Африкада 36 әйелден біреуі жүктілік немесе босану кезінде қайтыс болған.
ДЕРЕККӨЗ: Халықтыңанықтамалықбюросы (2011b)
анықталмаған, бірак, екі фактор аса маңызды болып көрінеді. Бірінші-
ден, мұғалімдер афроамерикалық балалардан, әсіресе олар кедей болса
үміттенбеуі мүмкін және бұл балалар кез келген ереже бұзушылық үшін
айыпталады. Сонымен, жетістікке жетуге көмектесетін қажетті тәлім-
гері мен өз жігері
болмағандықтан, бұл балалар
мектепке деген қызығу-
шылығын жоғалтады (Brunn & Kao, 2008). Екіншіден, осы кезге дейін ер-
лер жоғары кәсіптік білімі болмаса да кәсіподақ фабрикаларында немесе
мамандандырылған салаларда жұмыс істей алады. Нәтижесінде, кедей
немесе жұмысшылар табына жақын аудандарда өмір сүретін ұлдардың
санасында «нағыз еркектер» күш қажет ететін жұмыстарда істейді, ал
«жұмсақ мінезді еркектер» мектепте білім алады деген пікір қалыптас-
қан. Керісінше, афроамерикалық қыздардың көбі білім алмаса, озық
болу мүмкіндігі аз болатынын ерте жастан түсініп талпынады.
Сала таңдау
Қазір жоғары білім алған әйелдердің саны ерлерден асқанымен, сек
сизм олардың мүмкіндіктерін әлі де шектеп отыр. Бәлкім, осыған се-
беп болатын - бесінші сыныптан бастап ер балалар көбінесе ғылым
мен математика пәндері бойынша сабақ алып, ал қыздар жиі тіл
мен әдебиетке назар аударатыны шығар. Көптеген жағдайда мұндай
жыныстық айырмашылықтар әлеуметтік бейімделу мен мүдделер-
ге орай қалыптасады (Sadker & Sadker, 1994). Барлық пән бойынша
266
9 -ТА РА У
әсіресе математика және ғылымда мүғалімдер әдетте ұлдардың же-
тістікке жету мүмкіндігі мол деп есептейді. Сондықтан мұғалімдер
қарапайым фактілер туралы сұрақтарды қыздарға, аналитикалық
дағдыларды қажет ететін сұрақтарды ұлдарға қояды. Ұлдар жауап бе-
руге қиналса, мұғалімдер шешімін түсіндіруге тырысады. Ал қыздар
жауап беруге қиналса, мұғалімдер олардың жағдайын тіпті қиын-
датады. Оқуға түсетін кезде қыздар сол пәндерге қызығушылық та-
нытса да физикалық ғылымдар немесе инженерлік мамандықтар
бойынша машығы немесе дайындығы көбінесе жеткіліксіз болады
(Sadker & Sadker, 1994). Нәтижесінде, әйелдер білім беру саласы мен
гуманитарлық ғылымдарды тәмамдайды, ер балалар айтарлықтай
жоғары еңбекақы төленетін инженерлік және физикалық ғылымдар
саласын игереді.
9.1-кестеде 1971 жылы және 2009 жылы оқудың әртүрлі бағытта
ры бойынша әйелдер алған бакалавр дәрежесінің үлесі көрсетілген.
Кестеден осы кезеңде өзгерістер болғанын көруге болады. Ерлер үшін
дәстүрлі салаларда 1971 жылдан бері және 2009 жылы түлектердің ба-
сым бөлігін әйелдер құрады. Қазіргі
уақытта бизнес, заң, математика,
әлеуметтік ғылымдар мен тарих бағыттарында барлық түлектердің
жартысын әйелдер құрайды. Дегенмен бүл өзгерістер біржақты:
дәстүр бойынша ерлерге тән салаларға енген әйелдер саны көбейсе де
әйелдер үшін дәстүрлі салаларға келген ерлер өте аз (England, 2010).
Сөйтсе де ерлер мен әйелдердің арасындағы айырмашылықтар
сақталған. 2009 жылы инженерлік бағыттағы түлектердің 16 пайы-
зы және компьютерлік ғылымдардағы түлектердің 18 пайызы әйел-
9.1-КЕСТЕ.
Бакалавр дәрежесін алған әйелдер, бағыттар бойынша,
%
1971 жыл
және 2009 жыл
1971 жыл мен 2009 жыл аралығында дәстүрлі ерлер кәсібі бағытында білім алған
әйелдердіңсаны айтарлықтай артты. Дегенмен инженерлік салада, ерлер санының
басымдығы сақталуда, ал білім беру әсіресе үй экономикасы бойынша білім беру
сияқты салаларда әйелдер көбірек. Инженерлердің табыс мөлшері мүғалімдерге
қарағанда үш есе артық, мамандықтар арасындағы бүл айырмашылық -
әйелдердің табысы еркек адамдардың табысынан аз екендігінің бір дәлелі.
М а м а н д ы қ , о қ у б а ғ д а р ы
1971
2009
Бизнес
9%
49%
Компьютерлік және ақпаратты қ
гылымдар
14
18
Білім беру
75
79
Инженерия
1
16
Денсаулық сақтау
77
85
Экономикалық білім беру
97
97
К ітапханалы қ іс және мүрагат
92
90
Заң
6
53
М атематика
38
43
Әлеуметтік гылымдар және тарих
37
49
ДЕРЕККӨЗ: Білім статистикасы үлттықорталығы (2010)