268
9 -ТА РА У
9.1-СЫЗБА. Жумыс орындарындағы
жыньістықайырмашылықтар
ДЕРЕККӨЗ: АҚШ халықсанағы бюросы 2011 с.
ерлер, пайыздықкөрсеткіші
әйелдер, пайыздықкөрсеткіші
Басқарушы/ кәсіби
Сауда және кеңсе
қызметі
37%
Қызмет көрсету
43%
57%
Өндіріс (фабрика)
жәнетранспорт
21
%
Шаруа қожалығы, орман
шаруашылығы және
балық шаруашылығы
76%
24%
салаларда (мысалы, алғашқы медициналық-санитарлық көмек)
әйелдер саны көбейді.
2.
Ә р т ү р л і б іл ік т іл ік .
Әдеттегідей айырмашылығы бұрынғыдан аз
болғанымен, әйелдер білім беру саласы сияқты төмен еңбек-
ақы төленетін салаларға барады, ал ерлер табысы елеулі са-
лаларды таңдауда (England, 2010). Білімдік-біліктіліктердегі
айырмашылықтардан гөрі жұмыс тәжірибесі мен кәсіби даяр-
лық маңызды. Жұмыс берушілер әйелдің тұрмыс құрып неме-
се балалы болғаннан кейін қайта жұмысқа шығуына сенімді
болмаса, оның оқуы мен даярлығына уақыт пен ақшаны аз
бөледі (Tomaskovic-Devey & Skaggs, 2002). Әйелдер, тіпті балала-
ры бар немесе тұрмыс құру ниеті жоқ болса да басшылық лауа-
зымдарға ие бола алмайды.
3.
Д и с к р и м и н а ц и я .
Ерлер мен әйелдердің кәсіби даярлық жағынан
өзгешелігі болса да кәсіптік айырмашылықтардың үлкен бөлігі
жұмыс берушілер тарапынан байқалатын дискриминацияға бай-
ланысты (Hesse-Biber & Carter, 2000). Жұмыс берушілер еркектерге
арналған кейбір жұмыс орындарын сақтап отырады, себебі әйелдер
арасында өзін гендерлік-рөлдік стереотиптерге негіздейтіндер бо-
лады. Осының нәтижесінде, әйелдер менеджер емес, дукеннің мең-
герушісі емес, медбике немесе қарапайым сатушы болып қалады.
Жұмыс берушілер тарапынан болатын дискриминация балалары
бар әйелдерге ерекше болуы мүмкін. Олардың ойынша, балалы
әйел өз міндеттерін басқа қызметкерлер сияқты атқара алмайды
(Benard & Correll, 2010).
ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
269
Бірдей кәсіп, әртүрлі табыс
Кәсіптердің барлығы жыныстық айырмашылыққа байланысты
бөлінбейді. Мысалы, жолсерік, мұғалім және зерттеуші сияқты ма-
мандықтар бойынша істейтін ерлер мен әйелдердің үлесі айтар-
лықтай. Алайда айтылған мамандықтар бойынша да ер адамдардың
табысы жоғары болады (9.2-кесте). Мұның негізгі екі себебі - әртүрлі
атаулар мен дискриминация.
1.
Ә р т ур л і а т а у л а р .
Көптеген жағдайларда ерлер мен әйелдер мін-
деттері бірдей, атауы әртүрлі қызметтерді атқарады: әйелдер
«атқарушы көмекшілер» болса, сол жұмысты атқаратын еркектер
«кіші меңгеруші» болады. Жүмыс «ерлердің ісі» деп саналатын бір
ғана санат бойынша анықталып, онымен ерлер айналысуы тиіс
делініп, оларға жоғары еңбекақы төленеді.
2.
Д и ск ри м и н ац и я .
Әйелдер мен еркектер бірдей лауазымға ие болса да
әйелдерге аз төленеді. Мұның бір себебі - белгілі мамандық бойынша
ерлердің неғүрлым беделді, жақсы төленетін санатта болуы (Hesse-
Biber & Carter 2000, McBrier, 2003). Ep заңгерлер беделді салаларда
біліктілігін арттыру үшін ірі, жоғары еңбекақы төлейтін компания-
ларға орналасады, ал әйелдер беделі томен салаларда, еңбекақысы
аз, шағын фирмаларға жұмысқа тұрады. Ерлер сатылым жүйесінде
жақсы еңбекақы немесе жоғары комиссия ұсынатын дүкендер мен
бөлімшелерге жұмысқа тұрса, әйелдер еңбекақысы төмен орындарда
сатушы ретінде жұмыс істейді.
Әйелдер мен еркектерді жұмысқа қабылдаған бір жер болып,
олар бір кәсіпте тең лауазымда жүмыс істесе де, жүмысқа қабілет-
тіліктері және білім деңгейі тең болса да тәжірибелері мен басқа
біліктіліктері ұқсас болғанына қарамастан, әйелдердің табысы то
мен болатыны анық. Табыс айырмашылығына ешбір түсінікті негіз-
деменің болмауы, бұл дискриминацияның маңызды рөл атқаруына
байланысты деп болжауға негіз болған (Maume, 2004).
Әйелдер де, еркектер де басым салаларда дискриминация бола
ды. Әйелдер басым ұжымдарда ерлер «әйнекті жеделсатыға» кірген-
дей ахуал жиі болады. Ол арқылы жоғары лауазымға және беделді
9.2-КЕСТЕ Орташа апталықеңбекақысынан байқалатын жыныстық
айырмашылықтар
Әйелдер төмен табысты кәсіптерде шоғырланған. Бірақәйелдер мен ерлер бірдей
кәсіппен айналысса да, бәрібір олардың табыс мөлшері томен болатыны анық.
Әйелдер еңбекақы аз төлейтін фирмалар мен бөлімшелерде жұмыс істейді және
жумысқа орналасу, мансапта жоғарылау жөнінен оларға дискриминация, қысым жиі
көрсетіледі.
Кэсіп
Е рлердің
т а б ы сы
Ә йелдердің
т а б ы с ы
Ж ұ м ы сш ы
әйелдер
Басдиректорлар
$2.360
$1.759
19.7%
Заңгерлер
2.346
1.795
31.7
Багдарламашылар
1.430
1.325
23.3
Бастауыш және орта
мектеп мүғалімдері
966
870
77.8
Сатушылар
704
472
40.3
I
Сексизмніңәсеріәліде
і жалғасқанымен, бұрын тек ер
адамдар жұмыс істеген салаларда
қазір көптеген әйелдер қызмет
етуде.
270
9-ТА РАУ
қызметке жылдам жетеді (Williams, 1992, Hultin, 2003) (Ridgeway, 2011;
Elliot & Smith 2004, Maume, 2004; Cotter et al, 2001). Керісінше, ер адамдар
басым ұжымдардағы әйелдер «шыны шектеуішке» кезігеді. Бұл- әйел-
дің жоғары қызметке жетуіне жол бермейді, кейбір жағдайларда оның
жұмыстан шығуына себеп болады. Әйелдерге құзыретсіздігіне қарай
жыныстық қатынасқа итермелеу жасалады деген сылтаумен бейрес-
ми көшбасшылықтан және шешімдер қабылдау жүйесінен шеттетіле-
ді. Мундай жағдайларда «шыны шектеуіші» нығаяды.
Г е н д е р ж ә н е б и л і к
Макс Вебер айтқандай, бедел мен биліктегі айырмашылықтардың
маңызы экономикалық жетістіктегі айырмашылықтардың маңы-
зынан кем емес. Бул жетістіктерге жүгінсек, біз әйелдер үшін жүйелі
түрде қолайсыздық туып отыратынына тағы куә боламыз. Отбасын-
да, бизнесте, діни қауымдарда және басқа жерлерде әйелдер көбінесе
билік басына келе алмайды.
Ә леуметтік институттардағы билік
тең сізд ігі
Әйелдерді бағынышты етіп ұстау әлеуметтік институттардың көбінде
бар. Кейбір шіркеулерде қызметшілер Жаңа Өсиеттегі «Әйелдер, күйеу-
леріңе мойынсұныңдар» деген сөзді келтіреді (Ефестіктерге 5:22). Кол-
ледждерде баскетболдан жаттықтырушы әйелдердің еңбегі, ер жат-
тықтырушыларға қарағанда әлдеқайда төмен бағаланатыны сирек
жайт емес. Саясатта ер лидерлер басым, ал әйелдер әлі күнге дейін АҚШ-
та және бүкіл әлемде сайланған ірі лауазымды шенеуніктердің аз ғана
бөлігін қүрайды.
Қары м-қатынастардағы билік тең сіздігі
4-бөлімде айтылғандай, күнделікті түрмыстағы бейресми алмасулар
да нормалармен реттеліп, қайталаньш отырады. Ерлер мен әйелдердің
өзара бейресми қарым-қатынастағы рөлдеріне мұқият назар аударсақ,
айқын айырмашылықтарды көруге болады: айырмашылықтардың
барлығы балалық шақтағы әлеуметтендіруге, сондай-ақ әйелдердің
төмен мәртебесі және билігіне байланысты. Мысалы, әлеуметтанушы
Паола Енгланның айтуынша (2010):
«А дам дарды ң өзара қ а р ы м -қ а гы н а с әл ем ін ен к ө р етін ім із - әйелдерді кезде-
суге әлі де ерлер ш а қ ы р а д ы ж ән е ж ы н ы с т ы қ м ін ез-қ ұ л ы қ ерлер тарап ы н ап
(England, Shafer & Fogarty, 2008) көрсетіледі. Ж ы н ы сты қ қ аты н ас еркіндігі
бел ал ы п к е т к е н д ік т е н , гетеросексуалд ы ерлер м ен әйелдер ү ш ін кездейсоқ
ж ы н ы сты қ қаты н ас ж асау оңайга түседі. Бірақ о н ы ң гендерлік бөлігі, қосар-
л а н ғ а н стан д ар ттар өзгерм ей сақтал у д а. Еркектерге қ ар аған д а әйелдер
кездейсоқ ж ы н ы с т ы қ қаты н астар ға барудан ж и і бас тар тад ы деп санала-
ды (H am ilton & A rm strong 2009, England, Shafer
&
Fogarty, 2008). ... Қартаюға
қаты сты қ о сар л ан ған стан д ар ттар одан да көп. Ер адам дарға қарағанда
әй ел д ер д ің едәуір ж асқа ж етк ен д е ту р м ы с қ ұ р у м ү м к ін д іг і аз деп санала-
ды (А нглия м ен McClintock, 2009). Ал еркектер м ү н д а й ж аста н еке құруды
ұсы нса (Sasslcr & Miller, 2007) қ а л ы п т ы болы п есегітеледі. Соны мен қатар үй-
л е н ге н н е н к е й ін әй елд ерд ің басы м кө п ш іл ігі к ү й е у ін ің тегін қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |