НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
249
I
Басқаамерикалықтарсияқты
I
америкалықарабтар АҚШ мәдениетін
де, өздерінің айрықша мәдени
ерекшөлігін де мақтан етеді.
араб ұлтты болып есептелмейді). Америкалық арабтардың үлкен де
жалғыз тобын Ливаннан қоныс аударған иммигранттар құрайды
(Arab American Institute 2011). Бұл мемлекеттердің әрбірінің өзіндік
дөстүрі бар, алайда олардың тілі, мәдениеті және тарихи дәстүрлері
ортақ. Кейбір америкалықтар барлық арабтарды мүсылмандар деп та-
ниды. Бірақ, шын мәнінде, америкалық арабтардың үштен екі бөлігі
христиандар.
Америкалық арабтар - өте оқымысты халық (Arab American Ins
titute, 2011). Ақ нәсілді америкалықтар секілді мектеп және жоғары оқу
орындарын бітірген. Сондықтан көбінесе жоғары лауазымды орындар-
да қызмет етіп, табысы жоғары адамдардың қатарына жатады.
Өзекті мәселелер
11 қыркүйекте болған оқиғадан кейін АҚШ-та арабтарға қарсы пікір
ұлғая бастады. 2010 жылы өткізілген сауалнама нәтижесінде, Амери
ка халқының 41%-ы арабтарға деген көзқарасының нашар екендігін,
ал 46%-ы «Ислам діні - жек көруді үйретеді» деген қағиданы ұстануы-
на сенгені анықталды (сауалнамада жалпы арабтар мен америкалық
арабтар деп бөлініп көрсетілмеген) (Arab American Institute 2010a).
Мүндай сенім жалпы республикашылардың, Інжіл христиандары-
ның және ақпарат құралдарына толықтай сүйенетін адамдардың
арасында да қалыптасқан (Arab American Institute 2010a; Saad 2006; Pew
Research Center 2007). Өкінішке қарай, ақпарат құралдарында, мыса-
лы, телешоуларда, фильмдер мен мақалаларда араб халқын Амери
кам қарсы лаңкестік әрекет ұйымдастырушылар ретінде көрсетіп,
бүрмаланған көзқарас тудыруда.
11 қыркүйектегі оқиғаға дейінгі жылдармен салыстырғанда,
америкалық арабгарға қарсы қылмыстық іс-әрекеттер белең алуда,
бірақ одан кейінгі бірінші жылдармен салыстырғанда азайған. Хрис
тиан дінін ұстанушы арабтардың 35 пайызы мен мұсылман дінін
үстанушы арабтардың 62 пайызы этностық тегіне қатысты арабтарға
қарсы дискриминация болғаны жөнінде баяндаған (Semmerling 2006;
Byng, 2008).
250
8-ТАРАУ
Аралас нәсілді америкалықтар
Өздерін екі не одан да көп нәсіл өкілі деп санайтын тұлғалар АҚШ
халқының 2,9 пайызын құрайды (Humes, Jones & Ramirez, 2011). Бұл
көрсеткіш томен болғанымен, екі себептен елеулі өзгеріс болғанын
байқатады. Біріншіден, араласұлтты америкалықтар саны соңғы жар
ты ғасырда 20 есе өсті. Екіншіден, ата-анасының нәсілі/ұлты әртүрлі
балалар бір ұлтты емес, аралас үлтты деп анықталғаны - Америка та-
рихында бірінші рет орын алған жағдай.
Өздерін аралас ұлтты деп санайтын америкалықтардың саны неге
өсіп келеді? Бұрынғы уақыттарда аралас ұлтты балалар көптеген жағдай-
да зорлық зардабынан дүниеге келген, олар туған әкесінің ұлтын анық-
тауға ынталы болмаған. Өткен он жыл шамасында адам өз ұлтынан басқа
ұлт өкілімен тұрмыс құрса, отбасы олардан бас тартқан. Сондықтан олар-
дан туған балалар бір ата-анасының туысгарымен ғана тұрып, өзін сол
ұлттанмын деп өскен. Қазір бір отбасында әртүрлі ұлтты ана-анасынан
туған балалардың көпшілігі сүйіспеншілікпен дүниеге келіп, оларды
екі жақтың туыстары да қабылдайтын болды. Осының нәтижесінде бір
үлтын ғана көрсету, отбасының толық еместігінің белгісі болып санала-
ды. Сондықтан америкалықтар өздерінің үлтын белгілеп көрсетуі үшін
көптеген қүжаттарды толтыруы қажет. Бұл адамдардың өздерін аралас
ұлтты деп ашық түрде белгілеуіне алып келеді (Da Costa, 2007).
Аралас үлтты қоғамның өсуіне қарамастан, америкалықтардың
көпшілігі өздерін белгілі бір ұлтқа жатқыза алмай, ыңғайсыз жағдай-
ға қалады. Мысалы, гольф спортының жұлдызы Эльдрик «Тайгер»
Вудс оны афроамерикалық деп атаған журналистерге өзінің арғы ата-
ларының екеуі байырғы америкалық, төртеуі азиялық, біреуі еуропа-
лық болғанын әрдайым айтып түсіндіреді.
АҚШ-тағы нәсілдік және
этностық теңсіздіктің
болашағы
Соңғы онжылдықта аз ұлт топтарының әлеуметтік мәртебесі біршама
жақсарғаны байқалады. Оның дәлелі - афроамерикалықтың АҚШ пре
зидент! болып сайлануы. Сөйтсе де теңсіздік әлі сақталып отыр. Бұл қо-
рытынды тарауда нәсілдік және топтық жіктеуге қатысты ой-пікірлер
келтіріледі және теңсіздікті жою стратегиялары сипатталады.
Қосарланған жаза қаупі -
стратификация жүйесінің
екі өлшемі бойынша адам
мәртебесінің томен болуы.
Теңсіздікпен күрес: нәсіл ме әлде тап па?
Осы және 7-бөлімде адамның бір жағынан, әлеуметтік таптағы орны,
екінші жағынан, нәсілі мен үлты оның өміріне қалай эсер ететінін көр-
сеттік. Егер адамның мәртебесі екеуінде де томен болса оған қосарланған
жаза қаупі төнеді. Мысалы, кедей афроамерикалық, латынамерикалык
және байырғы америкалық жасөспірімдер ақ нәсілді жасөспірімдермен
салыстырғанда жиі жұмыссыз жүреді немесе өмірін түрмеде өткізеді.
Әлеуметтанушылар АҚШ-тағы теңсіздікке нәсілдік және таптық
жіктеу ықпалының артуын қызу талқылауда. Зерттеушілер «афроаме-
рикалықтардың мәселесі нәсілдік және таптық топтарға жіктелуге бай-
ланысты ма» деген сұрақ қояды. Белгілі афроамерикалық әлеуметтану-
шы Уильям Дж. Уильсон өзінің бірнеше кітабы мен мақаласында (1978,
НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
251
1987,1996, 2009) таптар арасындағы стратификация қоғамдағы маңызды
факторлардың бірі деп қарайды. Оның айтуынша, еңбекақысы жоғары
зауыттар мен фабрикалардың жабылуы, басқа жұмыс орындарының
қала сыртына көшірілуі себебінен кедейлікке үйренісіп кеткен афроаме-
рикалықтар, өз мүмкіндіктері шектелуін сезінген. Және дискриминация
мен оларға қатысты бұрмаланған көзқарастарға қарсы тұра алмаған. Сол
себепті барлық америкалық үшін жақсы, жаңа жұмыс орындарын ашуға
бағытталған стратегияларды қолданып, оларды іске асыру афроамерика-
лықтарға ең дүрыс көмек болар еді (7 тарауда айтылған «лайықты еңбек-
ақы талап е гу қозғалыстары» және «білім алу мүмкіндіктерін ұлғайту»).
Көптеген әлеуметтанушылар мұнымен келіспейді. Олар АҚШ-
тағы нәсілдік теңсіздік мәселесін тек таптық жіктеуге негізделген сая-
сат арқылы ғана шешуге болатынына күмән білдіреді. Алайда афроаме-
рикалықтардың әлеуметтік жағдайы орташа немесе жоғары деңгейге
жетсе де дискриминация мен теріс көзқарас әлі кездеседі. Мысалы,
орта таптағы афроамерикалықгар ақ нәсілділермен салыстырғанда,
кедей өңірлерге жақын жерде өмір сүреді (Alba,Logan&Stults2000). Осы-
лайша, көптеген әлеуметтанушылардың пайымдауынша, теңсіздік
мәселесін оңтайлы шешу үшін болашақта нәсілдік, этностық және
әлеуметтік таптар мәселелерін шешуге бағдар алу қажет.
Теңсіздікті жеңу стратегиялары
АҚШ-та нәсілдік және этностық теңсіздікті жоюдың басты сгратегия-
сы - дискриминацияға қарсы күрес жүргізу және заңды іс-шаралар
қолдану. 1964 жылдан бастап АҚШ ресми түрде нәсіліне, түсіне, діні-
не, жынысына және шыққан тегіне байланысты дискриминацияға
қарсы заңдар қабылдап келеді. Мүндай заңдар маңызды рөл атқара-
ды. Мемлекет әртүрлі нәсілдер мен ұлттар арасындағы некені заңды
деп мойындап, афроамерикалықтарға дауыс беру және мемлекеттік
мектептерде білім алу құқығын берді. Сонымен қатар газет беттерін-
де жүмысқа ақ нәсілділерді ғана қабылдау туралы хабарландырулар
беруге тыйым салынды.
Дискриминациям қарсы қабылданган заңдар кемсітуді заңсыз деп
жариялады. Бұл заңдар жұмыс берушілерден, мектептерден және тағы
басқа белсенді қызмет атқаратын топ өкілдерінен дискриминацияға ду-
шар болған тұлғаларга көмек көрсегуін талап етеді. Бірақ тең мүмкіндік-
тер саясатын іске асыру заң шығару секілді оңай болмай тұр.
Жаңа нәсілдік / этностық бөлініс пе?
Тиімді іс-шаралар бағдарламасы аясында афроамерикалықтармен ара-
лас америкалық азиаттар, латынамерикалық және байырғы амери-
калықтар «аралас нәсілді» деп аталды (Lee
&
Bean, 2007). Мүндай жіктеу
АҚШ қоғамында бүрыннан қалыптасқан «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес»
деп бөлінуді күшейте түседі. Америка тарихында адамның арғы атасы-
ның бірі африкалық екені белгілі болса, онда ол адам афроамерикалық
деп саналған (мысалы, оларға ақ нәсілділермен неке құруға тыйым са-
лынған). Сондай-ақ XX ғасырға дейін «ақ нәсілді емес» деп есептеген-
діктен азиялықтардың, латындардың байырғы америкалықтардың
азаматтық алу құқығы, басқа да құқықтары болмаған (Lee & Bean, 2007).
Мұндай «ақ нәсілді / ақ нәсілді емес» деп бөліну азайып келе жа-
тыр. Кейбір деректерге сүйенсек, АҚШ үш топқа бөлінеді (ақ нәсіл-
ді, афроамерикалық, латынамерикалық). Басқа деректерге қарасақ,
америкалықтар арасында афроамерикалықтар мен «қара нәсілді /
Достарыңызбен бөлісу: |