НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
247
конфликтілер аяқталған соң да АҚШ үкіметі байырғы америкалық-
тардың еш құқығы жоқ деп кедейліктен шығармау саясатын ұстанған
(Wilson, 2000). Мысалы, 1838 жылы үкімет байырғы Америка халқын
Миссисипи өзенінің шығыс жағалауынан күштеп көшірген. Олардың
көбі фермерлер болған, ешқайсысы АҚШ үкіметіне қарсылық көрсет-
кен емес. Олар АҚШ-тың оңтүстік бөлігінен жаңа «Үндістер терри-
ториясы» - Оклахомаға көшірілді. Бұл «мұңлы сапарда» мыңдаған ер
адам, әйелдер мен балалар аштықтан, әлсіздіктен және түрлі аурулар-
дан қайтыс болған. Өнімсіз өңірлерде қоныстанған соң да көбі өмірден
кетті.
Бір ғасыр өтпестен АҚШ үкіметі басқа да байырғы америкалық-
тарды шөлейтті жерлерге мәжбүрлеп көшірді. Олар тұрып жатқан
жерлерді ақ нәсілді америкалық ұнатып қалса жерін тартып алған.
Жергілікті топ мүшелерінің дауыс беру құқығы болмаған, ал бала-
ларының сана-сезімдерін «тазарту» үшін бірнеше жылға интернатта
оқуға мәжбүрлеп жіберген (Wilson, 2000). Ұлттық сайлауда дауыс бе-
руге 1924 жылға дейін, ал жергілікті сайлауда дауыс беруге 1960 жыл-
га дейін тыйым салынған (Wilson, 2000). Бұдан кейін де дискрими
нация сақталып, 1968 жылғы америкалық үндістердің көтерілісіне
әкеп соқтырды.
Қазіргі жағдай
Байырғы америкалықтар (америкалық үндістер) АҚШ-ты құрайтын
азшылық топтардың бірі болып есептеледі (жалпы халықтың 1 па-
йызын ғана құрайды). Жартысына жуығы төрт штатта ғана өмір сү-
реді: Оклахома, Аризона, Калифорния және Нью-Мексикода. Бәлкім,
байырғы америкалықтар қоғамның ең көп зардап шеккен азшылық
тобы шығар. АҚШ-тағы нәсілдік және этностық топтардың арасында
олардың білім көрсеткіші ең төмен, ал ішімдік ішу мен мезгілсіз қаза
болу көрсеткіші ең жоғары деңгейде (Kao
&
Thompson 2003). Ақ нәсілді
америкалықтарда жергілікті америкалық тайпалар казинолар арқы-
лы жетістікке жетті деген ой қалыптасқан. Казинолар үлкен қалалар-
ға жақын орналасса ғана көп пайда келтірген. Казинолар, шынымен,
тайпалық үкіметке қажетті табыс әкеліп, мектептер мен үй мәселе-
сін шешуге, сонымен қатар өз топтары ішіндегі кедейлікпен күресуге
ықпал етті (Conner & Taggart, 2009; Evans &Topoleski, 2002). Алайда ка
зинолар санының өсуі қылмыс пен тәуелділіктіліктің көбеюіне әкеп
соқтырды (Evans ScTopoleski, 2002).
8.2-кестеде оңтүстік Дакотада орналасқан Пайн Ридж аумағындағы
30.000 халқы бар Оглало Сию тайпасыныңжағдайы сипатталады. Байыр-
ғы америкалықтардың мәртебесі эр алуан. Олар 200-ге жуық тайпалық
топтардан тұрады, өздеріне тән мәдениеті мен тілі бар. Кейбіреулері бір-
шама жетістіктерге жеткен: солтүстік батыста - балықшы фермерлер;
Вайомингте - мал шаруашылығымен айналысатындар, М^йнде - ко-
nip салушылар. Қала аймақтары мен Миссиссипидің шығыс жаға-
лауында ақ нәсілді америкалық қоғамның әсері басым болғандықтан
көптеген жергілікті америкалықтар бір мәдени ағымға тоғысып, жеке
экономикалық жүйе құрған. Солай бола тұра Пайн Ридж сияқгы ре-
сурстары шектеулі оқшауланған (және казиноларға көпшілікті тарту
мүмкіндігі жоқ) аймақтарда өмір сүретін түрғылықты америкалық-
тардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы томен және тұрмыстары
нашар. Сонымен қатар байырғы америкалықтар оқшау тұратын ай-
мақтарға жақын қалалардағы ақ нәсілді америкалықтар арасында
тараған бұрмаланған пікір мен дискриминация кесірінен көп түйт-
кіл шығып түрады.
248
8-ТАРАУ
8.2-КЕСТЕ. Пайн Ридж резервациясындағы турмыс
Мектеп бітірген (25 ж аста немесе одан
жогары)
33,5%
Жоғары білім алган (25 жаста немесе одан
жоғары)
11,4%
Әйел басқаратын отбасылар
32,2%
К дейлік деңгейінен төмен ж ағдайда омір
сүретіндер
48,6%
Телефон қүралдары ж оқтар
11,7%
Жеке көлігі жоқтар
10,9%
Үйлері су және кэріз жүйесімен
қам ты лм агандар
6,3%
Орташа отбасылық табыс
$31,517
ДЕРЕККӨЗ: U.S. Bureau of the Census 2011b, 2011c.
Америкалық арабтар
Тарихи ш олу
Америкалық арабтардың АҚШ-қа үлкен иммиграциясы 1800 жылдар-
дың соңында басгалды. Басқа да Оңтүстік және Шығыс Еуропадан қо-
ныс аударған иммигранттар секілді араб иммигранттары да бүл елге
экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында көшіп келді. Олар
еврейлер мен италиялықтар сияқты «ақ нәсілділер» деп қабылданған
жоқ, бірақ афроамерикалықтар байырғы америкалық немесе латына-
мерикалық халықтар секілді зац және басқа жағынан қысым не дис
криминация көрген емес.
Араб иммигранттарының саны 1965 жылдан бастап көбейе баста-
ды. Сол уақытта федералдық қүқықтық өзгерістерге байланысты еу-
ропалық емес ұлттарға да АҚШ-қа қоныс аударуға рұқсат берілді. Одан
кейінгі уақытта біршамасы Таяу Шығыстағы соғыстан қашып келсе,
басқалары жоғары білім мен жақсы табыс үшін келген. 11 қыркүйек-
тегі оқиғадан кейін америкалық арабтарға қарсы көзқарас пен дис-
криминацияға байланысты мәселе көтерілді.
Қазіргі жағдай
Америкалық арабтар АҚШ халқының 1%-дан төмен бөлігін құраса да
әлемде орын алып жатқан оқигаларға байланысты олардьщ мәртебе-
леріне ерекше мән беріле бастады.
Барлық араб ұлтты америкалықтар иммигранттар немесе Сол-
түстік Африка мен Таяу Шығыстан қоныс аударған иммигрантгардың
үрпақтары деп саналады. Олардың қатарына Марокко, Алжир, Сауд
Арабиясы мен Ирактан келген иммигранттар да кіреді (ирандықтар
Достарыңызбен бөлісу: |