Емтихан сұрақтары құрылған тақырыптар (бағдарлама)
Операциялық жүйе жұмысы туралы, операциялық жүйені жобалау және оны басқара білу. ЭЕМ-де қолданылатын операциялық жүйе түрлерін ажырата білу.
Үдерістер мен ағындар туралы түсінік болу. Орталық процессордың атқаратын қызметтерін сипаттай білу.
Операциялық жүйені басқара білу. Операциялық жүйені қолданудың негізгі мақсатын және оны баптай білу. Негізгі артықшылықтарын ажырата алу.
Параллельді процестерді синхронизациялай білу. Жадыны басқара білу. Операциялық жүйеге қойылатын талаптарды меңгере білу.
Операциялық жүйеге қызметші бағдарламалармен танысу. Операциялық жүйенің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үйрену. Операциялық жүйеге қызметші бағдарламаларды қолдана білу.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Н.А.Сейлова “Операциялық жүйелердің ұйымдастырылуы” Алматы, 2014.
Таненбаум Э., Бос Х. Современные операционные системы. – СПб.: «Питер», 4-е изд. – 2015.
Партыка Т.Л., Попов И.И. Операционные системы, среды и оболочки: Учебное пособие. – М.: «ФОРУМ: ИНФРА - М». – 2010.
Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые операционные системы. – 2-е изд. – СПб.: Издательство «Питер», 2011.
Руссинович Марк, Соломон Дэвид, Ионеску Алекс. Внутреннее устройство Windows. 7-е издание. Питер, 2018, 944 c.
William Stallings Operating Systems: Internals and Design Principles, 7/E, Prentice Hall, 2011.
Andrew S. Tanenbaum and Herbert Bos.Modern Operating Systems. 4/E. 1136 pages, Pearson India, 2016.
Andrew S. Tanenbaum, David J. Wetherall. Computer Networks. 5/E, Pearson, 2011.
Білім алушылардың оқу жетістіктері дәстүрлі бағалау шкаласына және ECTS шкаласына көшу арқылы бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша келесі баллмен бағаланады:
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық эквивалент
|
Балл (%-дық мазмұны)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
Емтихан сұрақтарын бағалау және бағалау критерийі:
-
Балдармен бағалау
|
Бағалау критерийі
|
95-100
|
Оқылған материалдың бүкіл көлемін терең және толық білгенін және түсінгенін көрсету; қарастырылатын ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, қатынастардың мәнін толық түсіну. Оқыған материал бойынша толық және дұрыс жауап құрастыра білу; негізгі қағидаларды ерекшелеп көрсету, жауапты нақты мысалдармен, фактілермен өз бетінше нақтылау; талдау жасау, қорытындыларды жалпылау. Пәнаралық (бұрын алған білімдер негізінде) және пәнішілік байланыстарды орната білу.
|
90-94
|
Сұрақтың тұжырымымен қарастырылған проблема нақты тұжырымдалған. Жауаптың мазмұны толығымен бағдарлама талаптарына сәйкес берілген. Жауаптың мазмұны ретімен айтылды. Талқыланып отырған мәселе терең және көпжақты талданады. Ешқандай елеулі қателер жоқ. Қорытындылар нақты және деректі материалдарға негізделген. Бірақ сұрақ ұсынған тақырыптан 1-2 аз ғана ауытқулар бар.
|
85-89
|
Барлық оқытылатын бағдарламалық материалды білу. Оқыған теориялар негізінде толық және дұрыс жауап беру; зерттелетін материалды жаңғыртудағы, ұғымдарға анықтама берудегі болмашы қателер мен кемшіліктер, ғылыми терминдерді қолданудағы немесе қорытындылар мен жалпылаулардағы дәлсіздіктер; Материал белгілі бір логикалық реттілікпен беріледі. Бірақ бұл ретте бір болмашы қателік немесе екі кемшіліктен аспауға жол беріледі, негізінен оқу материалын меңгерген; жауапты нақты мысалдармен дәлелдейді.
|
80-84
|
Оқылған материалдағы негізгі ережелерді өз бетінше бөліп көрсету мүмкіндігі; фактілер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасау, пәнішілік қарым-қатынас орнату. Алған білімдерін практикада қолдану, ғылыми терминдерді қолдану. Бірақ оның анықтамалық әдебиеттермен, оқулықпен, бастапқы дереккөздермен жұмыс істеу дағдылары жеткіліксіз (ол дұрыс бағдарланған, бірақ баяу жұмыс істейді). Жауап бергенде болмашы қателіктер жібереді.
|
75-79
|
Кейбір маңызды фактілер қарастырылмайды, бірақ қорытындылар дұрыс, фактілер барлық уақытта салыстырыла бермейді және кейбіреулері сұраққа қатысты емес. Негізгі мәселе ерекшеленеді, бірақ терең түсіндірілмейді. Барлық сұрақтар сәтті бола бермейді, барлық қарама-қайшылықтар ерекшеленбейді.
|
70-74
|
Жауапта тақырыптан айтарлықтай ауытқулар кездеседі. Сұрақта қарастырылған мәселені талдау толық сипатта емес.
|
65-69
|
Білім алушы кейбір жағдайларда ғана талданған мәселенің дүниетанымның іргелі мәселелерімен байланысын көрсетті. Ұсынылған сұраққа жауап беру үшін маңызы бар негізгі ұғымдарды біледі және оларды жауап беру барысында пайдалана біледі.
|
60-64
|
Себеп-салдарлық байланыстардың ішінара бұзылуы, кішігірім логикалық дәлсіздіктер, бірқатар негізгі фактілердегі және барлық дерлік бөлшектердегі қателер кездеседі. Толық мәліметтер берілген, бірақ талданбайды; фактілер әрқашан пікірлерден бөлінбейді, бірақ студент олардың арасындағы айырмашылықты түсінеді.
|
55-59
|
Ең маңызды фактілер жоқ, қорытындылар жасалмаған. Қарастырылып отырған мәселеге фактілер сәйкес келмейді, салыстыру жоқ. Негізгі мәселені (тіпті қате) бөліп көрсете алмайды. Өте өрескел фактілік қателер бар. Білім алушының жауабында талданатын есеп пен іргелі және негізін қалайтын проблемадар арасындағы байланыс туралы түсінік жоқ.
|
50-54
|
Қойылған сұрақтар саласында бағдарламалық материалдың маңызды және негізгі бөлігін түсінбейді және білмейді, оларды нақты мәселелерді шешуде қолдана алмайды. Жауапта өрескел қателер болды.
|
25-49
|
Бөлшектену, қисынсыз ұсыну бар. Білім алушы бұл ұғымның, теорияның, құбылыстың модульдің (пәннің) басқа объектілерімен байланысын сезінбейді. Қорытындылар, нақтылау және ұсыну дәлелі жоқ.
|
0-24
|
Материалдың негізгі мазмұны игерілмейді және ашылмайды. Білім алушының жауабындағы өрескел қателер бар. Жауапты ұсыну барысында тақырыптан және оқытылатын бағдарламадан айтарлықтай ауытқу кездеседі. Жауап жазылмаған, жауап жазудан бас тарту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |