Бағдарламасы 6М050900 «Қаржы» мамандығы



жүктеу 0,58 Mb.
бет1/3
Дата10.02.2018
өлшемі0,58 Mb.
#9225
  1   2   3


ПОӘК 042-18-4.1.83/02-2014

№ 1 баспа 11.09.2014 ж.

бет беттен














ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СБЖ құжаты

О Ә К


ПОӘК 042-18-4.1.83/02-2014

«Қаржы теориясы» пәннің бағдарламасы

№ 1 баспа 11.09.2014 ж.






«ҚАРЖЫ ТЕОРИЯСЫ»




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

6М050900 «Қаржы» мамандығы


Семей 2014



Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы ___________С.Ж. Ибраимова, э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі
«29» 08. 2014 жыл
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды


Хаттама №1 29.08. 2014 ж.
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі __________ С. Ибраимова
2.2 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №1 09.09.2014 ж.
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы __________ С.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды


Хаттама №1 11.09.2014 ж.
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша

проректор _____________ Г. Искакова

Мазмұны




1

Жалпы ереже

4

2

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

5

3

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар




4

Курс форматы

22

5

Курс саясаты

30

6

Баға қою саясаты

30

7

Әдебиеттер

33



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ


  • Дәріс сабақты жүргізуші – Ибраимова С.Ж. «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі

  • Кафедра – Қаржы;

  • Байланыс ақпараттары – тел: 53-03-16, оқу ғимараты № 8, кабинет №232;

  • Дәрісті жүргізу орны – аудитория 327

  • Пәннің атауы – «Қаржы теориясы»;

  • Кредит саны – 3

«Қаржы теориясы» экономикалық ғылымның аса маңызды құрамдастарының бірі – қаржы туралы ғылымды терең зерделуге арналған, ол бәсекеге қабілетті мамандар ретіндегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының күрделі пробелемаларын қоюға және шешуге қабілетті докторанттарды теориялық және практикалық даярлауды қамтасыз етеді. Оның табиғатын білдіретін қаржы туралы, жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірістің тиімді дамуындағы категория механизмінің мүмкіндіктерін білу қаржы ғылымы үшін білікті мамандарды даярлау кезіндегі қажеттілік болып табылады.

Пән ЖОО-дан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес әзірленген және сондықтан «Қаржы» бағдарламасының басқа пәндердің оқу жоспарында қаралған зерделеу кезіндегі дәйекті ара қатынасын белгілейді. Бұл пәнді зерделеудің алдында концептуалдық тұрғыда қаржының, оның критерийлері мен қағидаттарының негізі болып табылатын «Экономикалық теория» жалпы теориялық пәндер болады.

Зерделеу үшін қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіздер, қалыптасу тарихы, ұйымдастыру нысандары, практикалық қолдану, бұл осы экономикалық категориялардың мәнін, ұдайы өндірістік үдерістердегі және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оның рөлі мен маңызын меңгеруге жәрдемдеседі. Бұл ретте экономика мен қаржыдағы рыноктық механизмдерді қолдану жөніндегі қолданыстағы шаруашылық практикаға айналысуды, рыноктық экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне көңіл аударуды, рыноктық қатынастар дамуының және олардың қаржыға әсерінің жинақталған тәжірибесін талдауға және қорытындылауға болжайды. Бұл үшін пәннің мәнін меңгеру кезінде магистранттардың дара жұмысы, олардың жазбаша жұмыстарының дайындауы ғылыми-практикалық конференцияларға баяндамалар мен қатысуы, мақалалар даярлауы және жариялауы, жұмыс орны бойынша шаруашылық үдерістерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және еңгізу қарастырылады.

Пәннің пререквизиттері: бұл пәнді игеру үшін «Қаржы» (бакалавриаттың пәні).

Пәннің постреквивиттері: «Қаржы менеджменті (ілгермелі курс)».



Пәннің құзыреттілігі:

  • Диалектикалық арақатынасты түсіну және экономикалық санаттың кешенді әрекеті;

  • Экономикалық және әлеуметтік жүйедегі тетіктердің қолданылуына деген көзқарасты кеңейту;

  • Күрделі мәселелерге, экономикалық санаттың және оның жүйелі іске асырылуына ғылыми оймен қарау.

  • Қаржы аспектілерімен байланысты, аналитикалық жұмыс әдістерін білу;

  • Қаржы экономикалық есепті жүргізу үшін әр түрлі сараптамалардың ақпарат көздерін қолдану;

  • Сараптама жүргізе білу және қаржы экономикалық тәуекелдерді бағалау, макро және микродеңгейдегі қаржы экономикалық көрсеткіштерге болжам жасау;

  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.

Оқуды бітіргеннен кейін магистранттар мыналарға дағдыланады:

  • осы салада қолданылатын зерттеу әдістерін жүйелі түрде түсіне білу;

  • ғылыми зерттеулерді жоспарлау, әзірлеу, жүзеге асыру және дәлелдеу сияқты кешенді жұмыстарды жасау;

  • зерттеу жұмыстарына үлес қосу арқылы өз білімін кеңейту, олардың кейбірейлері ұлттық және халықаралық деңгейді басылымға шығуы мүмкін.

  • Жаңа және күрделі идеяларды сараптау, баға беру және синтездеу;

  • Өзінің жеткен жетістіктерімен жұмастастарын, зерттеу одағын және қоғамды хабардар ету.

  • Қоғамның техникалық, әлеуметтік және мәдени дамуына өз үлесін қосу.




  1. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАР БӨЛУ

Кесте 1 Тақырыптыр мазмұны






Тақырыптың атауы

Сағат саны

Әдебиет

Дәріс

Семинар

ОМӨЖ

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1

Модуль I Қаржы ғылымының теориялық негіздері

Микромодуль 1.1

1-тақырып. Кіріспе: Қаржы және оның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі рөлі

«Қаржы теориясы» пәнін зерделеудін мақсаты. Пәннің міндеттері.

Қаржы туралы ғылымның предметі, объектісі. Қаржының субъектілері.

Қаржылық ғылымның теориялық негіздері – ұдайы өндіріс және мемлекет туралы ілім.

Қаржылық ғылымның әдіснамасы. Танымның диалектикалық-тарихи әдісі. Теория мен практиканың, тарихи-қисынды тәсілдерінің бірлігін сақтау.Эмпирикалық, сондай- ақ теориялық тәсілдемелер кезінде пайдаланылатын ғылыми танымның ортақ әдістері: теориялық зерттелімнің, эмпирикалық әдістері. Қаржылық операциялар мен үдерістер ауқымдарының өлшеуіштері ретіндегі статистикалық және басқа цифрлық мәліметтер.

Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі пәннің орны.

Қаржы туралы ғылым дамуының кезеңдері. Қаржы туралы теориялық пікірсайыс мәселелері.

Қаржыны ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін қазақстандық практикаға бейімдеу. Критерийлерді, нысандарды, әдістерді,үдерістерді теориялық жан жақты ойластыру және рыноктық экономика жағдайларында қаржының ұлттық моделінде оларды қолдану.


2

1

3

3

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



2

Микромодуль 1.2

2-тақырып. Қоғадық ұдайы өндірістегі қаржының рөлі

Құндық экономиқалық категориялар ретінде қаржы ұғымы. Объективтік және субъективтік себептермен айқындалатын қаржының қажеттігі. Қаржы табиғаты. Тауар-ақша қатынастары және қаржы. Ұдайы өндірістік үдерістегі қаржы. Ұлттық шоттар жүйесіндегі ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу. ГЖӨ және ЖҰӨ.

Ақша қаржының бастапқы категориясы ретінде.

Ақшаның, қаржының, рыноктық ортадағы олардың модификацияларының қазіргі түсіндірмесі (интерпретициясы). Ақшалай қосалқы категирялардың, соның ішінде қаржының іс-әрекетінде ақша функцияларының дамуы.

Категориялар мен қосалқы категорияларды шектеудің проблемалары. Нарықтық экономикада қоғамның міндеттерін жузеге асыруға ақшаның, кредиттің, қаржының, олардың туынды нымандарының бағыттылығы.

Макроэкономикалық реттеуде ақша мен қаржыны пайдалану.

Мемлекеттің қүрылымдық-инвестициялық саясаты. Экономика дамуының қазіргі кезеңінде инфляцияны басқару саясаты.

Қаржылық ресрстар және қорлар қаржылық қатынастардың материалдық-заттай алып жүрушілері ретінде. Қаржылық ресурстардың көздері. Қаржылық ресурстар өсуінің факторлары.



2

1

4

4

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



3

Микромодуль 1.3

3-тақырып. Қоғадық ұдайы өндірістегі экономикалық категориялардың өзара байланысы және өзара әрекеті

Ұдайыөндірістік үдерістерді қамтамасыз етуші экономикалық категориялардың сипаттамасы.

Экономикалық категориялардың әдістеріндегі өзгешелік құн, ақша, капитал, қаржы, кредит, баға, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру, қаржы нарығының ерекшелігі.

Ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық категориялардың өзара байланысы.

Негізгі экономикалық категориялардың екі жақты өзара іс-әрекеті

Қаржымен салыстырғанда ұдайыөндірістік үдерістегі категориялар әрекеті таралауының салыстырмалы ауқымдары.



2

1

4

4

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



4

Микромодуль 1.4

4-тақырып. Қаржының қазіргі концептуалдық теориялары

Қаржылық қатынастар көрінісінің қазіргі нысандары мен әдістері, олардың теориялық қағидаларда бейнеленуі

Қаржының батыстық теориялары концептуалдық негіздері.

Классикалық және кейнсиандық теориялар.

Дискредициялық және дискредициялық емес фискалдық саясаттың әрекеті. Автоматтық немесе кіріктірме тұрақтандырғыштардың механизмдері.

Қаржылық-экономикалық реттеудін бағдарламалары бойынша монетаризм теориясының негізгі позициялар

«Неоклассикалық синтез».

«Мемлекет шығыстарының таза теориясы».

Неолибералдық бағыт.

«Ынталандырушы» және «тежеуші» фискалдық саясаттардың іс-шаралары.

Монетарлық және фискалдың саясаттар механизмдерінің келісімі. Манделла-Флемингтің моделі.

«ЖҰӨ-жиынтық шығыстар» жүйесіндегі макроэкономикалық тепе-тендіктің сызбасы.

Шығыстар мультипликаторының сипаттамасы. Микроэкономикалық тепе-тендік жүйесіндегі салықтар мультипликаторының әрекеті. Балансталынған бюджет мультипликаторының мазмұны.

Сұраным мен ұсынымға салықтар әрекетінің сызбасы.

«Ұсыным экономикасы» теориясындағы салықтардың түсіндірмесі. «Лаффер қисық сызығымен» суреттелетін тәуелсіздіктің мәні.

Институтционализм және неоинститутционализм.

Қаржы теориясы мен практикасы саласындағы ресейлік және отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері.

Орнықты даму теориясы.

Дағдарысқа қарсы әрекет ету тұжырымдамасы.


4

2

5

5

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



5

Микромодуль 1.5

5-тақырып. Қаржы жүйесі

Қаржыға қатысты «жүйе» ұғымы. Категорияның жұмыс істеу сипатына сапалы ұстанымдарды бейнелейтін қаржы жүйесінің элементтері. Қаржы жүйесін сыныптау белгілері.Қаржылық қатынастар объектілірінің мәнін жиынтық түрде. айқындайтын қаржы жүйесінің бөліктері мен буындары. Функциялық белгісі бойынша қаржы жүйесінің құрлымы. Қаржы жүйесінің сызбалары.

«Тар» және «кең» түсініктегі қаржы жүйесі. Жиынтық ақшалай-қаржы жүйесінің ұғымы.

Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Бұл қағидаттардың қаржыны бүтіндей қабылдаудағы рөлі мен маңызы.

Қаржы жүйесін жетілдірудің бағыттары. Нарықтың тұрпаттағы экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің рөлі. Қаржы жүйесінің құрлымына рыноктық қайта құрулардың әсері.


4

2

5

5

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



6

Модуль II Экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы

Микромодуль 2.1

6-тақырып. Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықтық аспектілері

Қаржылық саясат ұғымы, мемлекеттің экономиқалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны. Фискалдық саясат.

Қаржылық саясаттың міндеттері, мақсаттары және қағидаттары. Қаржылық стратегия және қаржылық тактика. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын әзірлеу.

Экономикалық механизм жуйесіндегі қаржылық механизм, оның мазмұны мен құрылымы. Қаржы механизміне қойылатын талаптар. Қаржылық механизмінің динамизмі.

Қоғамның экономикалық және әлеуметтік мақсаттарын жұзеге асыруға арналған мемлекеттің қаржылық саясатын әзірлеу.

Ақшалай–кредиттік және салықтық–бюджет саясатты ұйлестіру аспектілері. Өтпелі кезеннің қаржылық саясатының ерекшеліктері.

Экономикалық ғаламдану үдістері және индустриялық- инновациялық стратегиясы жузеге асыру жағдайында Қазақстанның қаржылық саясатына олардың әсері. Мемлекеттік мақсатты және бюджеттік бағдарламаларда қаржылық саясатты көкейтесті ету. Өнірлік қаржы саясаты. Қаржылық механизмнің құрамы мен құрылымы. Қаржылық механизмнің динамизмі, тұрақты даму жағдайында оның қаржы жүйесін басқару мен қаржылық жоспарлаудың нысандары мен әдістерінің диалектикасы.

Қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі ретіндегі қаржыны басқаруды ұйымдастыру. Қаржылық механизмнің аса маңызды қосалқы жүйесі ретіндегі қаржылық жоспарлау. Қаржы үдерістерін құқықтық қамтамасыз ету және нормативтік реттеудің қажеттігі. Қаржы жуйесіндегі контроллинг пен мониторинг.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, оның ерекшеліктері және әлеуметтік экономикалық жоспарлаумен байланысы. Қаржылық болжаудың дамуы.

Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары, әдістері, кезендері. Қаржы жоспарларының жүйесі. Аумақтық қаржылық жоспарлау. Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдірудің негізгі бағыттары. Нәтижеге бағытталған қаржылық жоспарлау.

Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу. Қаржылық құқық және оның құрамдас бөліктері. Қаржылық-құқықтық реттеудің әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметі, оны жүзеге асыраудың әдістері. Қаржылық-құқықтық актілер, олардың түрлері.

Қаржылық бақылау ұғымы, оның объективтік шарттастығы, жүргізу алғышарттары. Қаржылық бақылау іс-әрекетінің айрықша өзгешелігі және сферасы. Қаржылық бақылаудың қағидаттары мен міндеттері. Нарықтық экономикадағы қаржылық бақылау және оның сыныптамасы. Аудит, оның ерекшеліктері, міндеттері, ұйымдастырылуы, тиімділігі.



4

2

5

5

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



7

Микромодуль 2.2

7-тақырып. Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде, ұдайы өндірістік үдерістегі олардың рөлі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының функциялары және негізгі белгілері.

Бастапқы шаруашылық буынның қаржылық қатынастарын топтастыру.

Меншіктің әртүрлі нысандарының шаруашалық органдар қызметінің ұйымдық құқықтық аспектілері.

Меншікті өзгертудің қаржылық аспектілері: мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, қайта құрылымдау.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы. Ұлттық компаниялар мен холдингтер қаржысы. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастыру қағидаттары. Коммерциялық (шаруашылық) есеп.

Коммерциялық шаруашылық жургізуші субъектілерінің қаржы қорлары қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері.

Шаруашылық жургізуші субъектілерінің шығындары. Жалпы табыс, таза табыс, оны бөлу.

Компаниялардағы, фирмалардағы қаржылық менеджмент, оларды жүзеге асыраудың шарттары.

Коммерциялық емес қызметтің сипаттамасы, олардың түрлері.

Коммерциялық емес сферада шаруашылық жүргізу әдістері.

Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздері.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеуінің ерекшеліктері. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негізгі белгілері. Шаруашылық жургізуші субъектілерді, сынаптаудың критерийлері. Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет, шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастыруға оның әсер етуі. Біріктірілген корпоративтік құрылымдардың және олардың қаржысының дамуы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы менеджменті. Фирманың қаржылық стратегиясы мен тактикасы. Нарық жағдайында қаржыны ұйымдастыру қағидаттарының дамуы. Коммерциялық есеп.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жай-куйі мен қаржы орнықтылығының көрсеткіштері. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері, қаржыландыру көзі ретіндегі бюджеттік қаражаттардың рөлі.


4

2

5

5

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



8

Микромодуль 2.3

8-тақырып. Рыноктық экономикадағы мемлекет қаржысы

Мемлекттің қаржысы, қаржылық қатынастардың жүйесіндегі оның орны мен рөлі. Мемлекет қаржысының құрамы, олардың буындарының қысқаша сипаттамасы.

Мемлекеттің кірістері, олардың диалектикасы. Мемлекет кірістерінің құрамы, құрлымы және сыныптамасы. Бастапқы және түпкі мемлекет кірістері.

Мемлекеттің шығстары. Мемлекет кірістерінің, мемлекет шығыстарының және қаржылық ресурстардың ара қатысы.

Мемлекеттің шығстарының жүйесі, оларды ұйымдастырудың қағидаттары. Мемлекеттің шығстарының құрамы мен құрылымы.

Салықтар, олардың функциялары. Мемлекет дамуымен және тауар-ақшалай қатынастарды жетілдірумен байланысты салықтар мен олардың фукциялары эволюциясы. Салық салудың және салықтарды ұтымды ұйымдастырудың қағидаттары.

Салық жүйесі, рыноктык экономика жағдайларында оларды құруға қойылатын негізгі талаптар. Қазақстанның салық жүйесі. Салық службасы.

Әр түрлі белгілері бойынша салықтардың сыныптамасы. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері. Салықтық кодекс.

Мемлекеттік бюджет, оның ерекшелік белгілері. Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, оның функциялары.

Бюджеттік қатынастарды материалдық-заттай іске асырылуы.

Мемлекеттік бюджеттің құрылымы.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары. Оның құрамы мен құрылымы.

Бюджеттік сыныптама.

Бюджет балансы. Бюджеттің орнықтылығы мен теңгерімділігінің проблемалары. Бюджет тапшылығының экономикалық және әлуметтік зардаптары.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі.

Бюджет жүйесі және бюжет құрылысы.

Бюджетаралық қатынастар.

Бюджеттік үдеріс, оның кезеңдері.

Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесінің құрамындағы олардың орны. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары

Арнаулы экономикалық аймақтар (АЭА) қаржысын ұйымдастыру. Аймақтардың әлеуметтік эконмикалық дамуындағы АЭА-дың рөлі.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі және мәні. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы бюджеттен тыс қорлардың рөлі. Бюджеттен тыс қорлардың сынаптамасы. Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар.

Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары. Ұлттық әл-ауқат қоры. Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының жаңа стратегиясы. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры, елдің экономикасы мен қаржы жүйесінің тұрақты дамуындағы оның рөлі.

Мемлекеттік кредиттің мәні мен мазмұны. Мемлекеттік кредиттің функциялары. Мемлекеттік кредиттің түрлері, нысандары және әдістері.

Халықаралық мемлекеттік кредит, оның нысандары. Мемлекеттік борыш, оның түрлері. Мемлекеттік борышты басқару. Сыртқы мемлекеттік борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы құрылымының ерекшеліктері. Экономикалық және саяси аспектілердегі берешек проблемалары.

2008 жылғы сыртқы кредиттеудің дағдарысы және оның зардаптары.

Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті дамыту бағыттары. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әдістері. Сыртқы экономикалық қызметке салықтардың әсері. Кедендік баждар және олардың маңызы. Мемлекеттің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану.

Елдің төлем балансы.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің қажеттігі, типтері, түрлері, нысандары және әдістері.



4

2

6

6

НӘ:

1,2,3,4,5,6,7,

13,14


9

Микромодуль 2.4

9-тақырып. Үй шаруашылықтарының қаржысы

Үй шаруашылықтарының қаржысының мәні, олардың функцияларының мазмұны.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрылымы мен құрамы.

Үй шаруашылықтарының бюджеті.

Үй шаруашылықтарының табыстары және оларды сынаптау.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның тұрлері. Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу. Күнкөріс минимумы және тұтыну себебінің қүны, оларды анықтаудың амалдары. Кедейлік, кедейлік индикаторлары. Мемлкеттік әлеуметтік трансферттер.

Зейнетақымен қамсыздандыру. Мемлекеттік жәрдемақылар.

Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық-бюджеттік реттеу. Лоренстің ауытқымасы.

Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың сыныптамасы және құрылымы. Ақшалай шығыстар. Түпкі тұтыну мен қолдануға жұмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары.


2

1

5

5

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14



10

Микромодуль 2.5

10-тақырып. Нарықтық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары

Экономиканы қаржылық реттеудің қажеттігі мен мүмкіндігі.

Экономиканы қаржылық реттеудің құралдары.

«Ынталандырушы» және «тежеушілік» фискалдық саясаттың іс-шаралары.

Монетарлық және фискалдық саясаттың келісімдері. Қымбат және арзан ақша саясаты. Манделла-Флемингтің моделі.

«ЖҰӨ-жиынтық шығыстар» жүйесіндегі макроэкономи-калық тепе-теңдік сызбасы. Шығыстардың мультипликаторына сипаттама. Макроэкономикалық тепе-теңдік жүйесінде салықтардың мультипликаторының іс-әрекеті. Теңестірілген бюджет мультипликаторы.

Сұраныс және ұсынымға салықтардың әсерінің сызбасы. «Лаффер қисығымен» сипатталатын тәуелділіктің мәні.

Сақтандырудың қаржылық аспектілері. Сақтандыруды ұйымдастыру. сақтандыру ісі және сақтандыру нарығы.

Қазақстандағы қаржы нарығының даму проблемалары. Қаржы нарығы және қор биржасы.

Исламдық қаржыландыру.

Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы. Елдің төлем балансы. Жаһандану жағдайындағы бірлесудің қаржы-экономикалық проблемалары.

Инфляция мен қаржының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Инфляцияға қарсы саясаттың іс-шаралары.

Қаржы дағдарысы, оны болдырмау іс-шаралары.

Инфляцияға қарсы әрекеттесу тұжырымы.



2

1

3

3

НӘ:

1,2,3,4,5,13,14






ЖИЫНЫ

30

15

45

45




Кесте 2 Практика- семинар сабақтарының жоспары



Тақырып мазмұны




сағат

1-тақырып

Кіріспе: Қаржы және оның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі рөлі

  1. Қаржылық қатынастардың теориялық негіздері

  2. Нарықтық экономикада қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары

  3. Қаржылық қатынастардың пәні, обектілері және субъектілері

  4. Қаржыны зерделеудің әдіснамасы және әдістемесі




1

2-тақырып

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының рөлі

  1. Қоғамдық ұдайы өндірісте қаржы қатысуының сипаты

  2. Қоғамдық өндіріс ауқымдарын өлшеу

  3. Қаржының мәні және оның функциялары

  4. Қаржы функцияларына экономистер қөзқарастарының эволюциясы

  5. Қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасының қағидалары

  6. Қаржы табиғатының дамуының қазіргі үрдістері

  7. Қоғамның экономикалық ресурстарының құрамды бөлігі ретіндегі қаржылық ресурстардың ұдайы өсуі

  8. Ұдайы өндірістік үдерісті қамтамасыз ететін экономикалық категориялардың өзара байланысы

  9. Негізгі экономикалық категориялардың екіжақты іс-әрекеті

  10. Экономикалық категориялардың іс-әрекеті әдістеріндегі айырмашылықтары

  11. Постдағдарыстық кезеңде қаржы секторы дамуының жаңа тұжырымдамасы

1

3-тақырып

Қоғадық ұдайы өндірістегі экономикалық категориялардың өзара байланысы және өзара әрекеті

  1. Ұдайыөндірістік үдерістерді қамтамасыз етуші экономикалық категориялардың сипаттамасы.

  2. Экономикалық категориялардың әдістеріндегі өзгешелік құн, ақша, капитал, қаржы, кредит, баға, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру, қаржы нарығының ерекшелігі.

  3. Ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық категориялардың өзара байланысы.

  4. Қаржымен салыстырғанда ұдайыөндірістік үдерістегі категориялар әрекеті таралауының салыстырмалы ауқымдары.

1

4-тақырып

Қаржының қазіргі концептуалдық теориялары

  1. Қаржының теориялық қағидаларының көрінуінің қазіргі экономикалық теориялары және нысандары, әдістері

  2. Қаржының батыстық теорияларының тұжырымдамалық негіздері

  3. Қаржының теориясымен практикасы саласында ресейлік және отандық

  4. Монетарлық және фиксалдық саясаттардың келісімі

  5. Дағдарысқа қарсы сезіну тұжырымдамалары

2

5-тақырып

Қаржы жүйесі

  1. Қаржы жүйесі «Қаржы» экономикалық категориясы механизмінің жұмыс істеу нысаны ретінде

  2. «Тар» және қаржы түсініктері, қаржы жүйесі. Мемлекеттің жиынтық ақша-қаржы жүйесі

  3. Қазақстан қаржы жуйесінің жалпы сипаттамасы

  4. Қаржы жуйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары

  5. Нарықтық тұрақты экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің рөлі

  6. ҚР қаржы жуйесі және дағдарыс жағдайларындағы оның рөлі




2

6-тақырып

Қаржылық қатынастардың ұйымдық-құқықтық аспектілері

  1. Қаржылық саясат және оны іске асырудың механизмі

  2. Қаржыны басқару

  3. Қаржылық жоспарлау мен болжаудың негіздері

  4. Қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету

  5. Қаржылық бақылау




2

7-тақырып

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының теориялық аспектілері

  1. Шаруашылық жүргізіші субъектілер қаржысы: жұмыс істеу, ұйымдастыру және басқару негіздері

  2. Меншікті қайта құру және оның қаржылық аспектілері

  3. Қазақстандағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың жаңа нысандары

  4. Мемлекеттік кәсіпорындардың ұлттық компаниялардың және холдингтердің қаржылары

  5. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы




2

8-тақырып

Рыноктық экономикадағы мемлекет қаржысы

  1. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

  2. Мемлекеттің табыстары мен шығыстары

  3. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

  4. Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі

  5. Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру

  6. Бюджетаралық қатынастар

  7. Қазақстанның қазынашылық жүйесі

  8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

  9. Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш

  10. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің тұрпаттары, түрлері, нысандары және әдістері

  11. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметтің дамуы және оны қаржылық реттеудің әдістері

  12. Елдің төлем байланысы

2

9-тақырып

Үй шаруашылықтарының қаржысы

  1. Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы - қаржы жүйесі элементтерінің бірі

  2. Үй шаруашылықтарының қатысуымен ресурстардың толық айналымы

  3. Үй шаруашылықтарының қаржысының функциялары

  4. Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстары

  5. Үй шаруашылықтарының бюджеті, олардың кірістері мен шығыстары

  6. Зейнетақымен қамсыздандыру. Мемлекеттік жәрдемақылары

  7. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі

  8. Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу

  9. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер




1

10-тақырып

Нарықтық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары

  1. Экономиканы қаржылық реттеудің қажеттігі мен мүмкіндігі.

  2. Экономиканы қаржылық реттеудің құралдары.

  3. «Ынталандырушы» және «тежеушілік» фискалдық саясаттың іс-шаралары.

  4. Қазақстандағы қаржы нарығының даму проблемалары. Қаржы нарығы және қор биржасы.

  5. Исламдық қаржыландыру.

  6. Инфляция мен қаржының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Инфляцияға қарсы саясаттың іс-шаралары.

  7. Қаржы дағдарысы, оны болдырмау іс-шаралары.

Инфляцияға қарсы әрекеттесу тұжырымы.

1



3 ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық келесі жағдайда құрылуы керек, яғни магистрант әдістемелік нұсқаулықпен таныса отырып, пәнді оқыту процесін ұйымдастырудың үйлесімді жағын қарауы қажет.

«Қаржы теориясы» курсын оқу барысында экономика мен қаржыларда нарықтық негіздері қолдану жөнінде қолданымстағы шаруашылық практиканы белсенді қолдануы қажет етеді. Сондықтан нарықтық қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, нарықтық экономиканың дамуының болып жатқан үдістерлеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезіңде магистранттардын жеке дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындау, магистранттық конференциялар мен басқа ғылыми–практикалық іс-шараларға баяндамалар даярлап, қатысуы қарастырылады. Магистрант әр түрлі шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайы мен даму болашағына аналитикалық талдау жасай алуы бойынша, өндірістік тиімділік пен қаржылық нәтижелілік, шетел мемлекеттерінің қаржылық жүйесінің қызметіне салыстырмалы талдау жүргізе алуы бойынша білімін көрсетуі қажет.

Магистрант ол үшін оқытушының келесі ұсыныстарын пайдалануы қажет:


  • Дәрістік сабақтарға арналған дәптерлерді енгізу;

  • Үй тапсырмаларын орындау.

Сондықтанда оқу барысында заңдық және нормативті-құқықтық базаны, сонымен қатар экономикалық журналдар мен газеттерден материалдарды пайдалану қажет;

Әдістемелік ұсыныстар: ұсынылған курс бойынша негізгі әдебиеттерді пайдалану, сабақтың мазмұнына сәйкес құрылған сұрақтар бойынша ауызша сұрауды жүргізу, бақылау жұмыстары үшін сұрақтарды жазбаша түрде тәжірибелік сабақтарға арналған дәптерде жүргізу.



Әдістемелік кепілдеме тәртіптері

Аудиторлық дәріс курсы магистрант білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.

Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар магистранттардың өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.

Практикалық сабақтар – магистранттардың өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар магистранттарға ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және магистранттардың үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және магистранттардың өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда магистранттар проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.

МӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Қаржылық менеджмент» курсы бойынша кредиттік технология магистранттармен МӨЖ реферат түрінде орындалады. МӨЖ орындауға кіріскенде магистранттар берілген ревераттың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Магистранттарға өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жоларалық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілтейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.

Рефератқа қысқаша жоспар құру керек. Рефератты орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, магистранттың қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.



МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Берілген тақырыптар бойынша МӨЖ жазған кезде реферат бетінің саны 5 беттік машинамен басылған мәтін көлемінен кем болмауы керек.


  1. Қаржылық-экономикалық реттеудін бағдарламалары бойынша монетаризм теориясының негізгі позициялар

  1. «Неоклассикалық синтез».

  1. «Мемлекет шығыстарының таза теориясы».

  2. Неолибералдық бағыт.

  3. Басқа құндық экономикалық категориялармен қаржының өзара іс-әрекеті

  4. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау органдары

  5. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының ерекшеліктері

  6. Негізгі өндірістік капиталдар, олардың толық айналымы

  7. Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімдерін қаржыландырудың көздері

  8. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары

  9. Кәсіпорынның шығындары

  10. Шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстарын қалыптастыру және бөлу

  11. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдары қаржысының ерекшеліктері

  12. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының кірістерінің көздері және негізгі шығыстары

  13. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер

  14. Жанама пайдаларды реттеу

  15. Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттамасы және құрамы

  16. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстардың сыныптамасы

  17. Әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру

  18. Инновациялық дамуды қаржыландыру

  19. Қорғаныс пен басқаруды қаржыландыру

  20. Салықтардың экономикалық мәні, қағидаттары және функциялары

  21. Салықты алудың амалдары және салықтық есептердің әдістері

  22. Корпорациялық табыс салығы

  23. Жеке табыс салығы

  24. Әлеуметтік салық

  25. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

  26. Меншік салықтарының (жер, мүлік, көлік құралдарының) қысқаша сипаттамасы және маңызы

  27. Қосылған құн салығы

  28. Акциздер, олардың фискалдық және реттеуші рөлі

  29. Алымдардың, төлемақылардың арналымы және рөлі

  30. Салықтарды аударып салу үдерісінің ерекшелеліктері

  31. Салық салудан жалтарыну

  32. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары , экономиканы басқару механизмі ретінде

  33. Бюджет тапшылығымен байланысты бюджет саясатының тұжырымдары

  34. Бюджет жүйесіндегі бекітіп берілген және реттеуші табыстар

  35. ҚР жергілікті бюджеттерінің табыс бөлігінің құрамы

  36. ҚР жергілікті бюджеттерінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрлымының ерекшеліктері

  37. Бюджет жүйесіндегі субвенциялар және алынымдар

  38. Бюджеттік үдерістің кезеңдері (республикалық, жергілікті деңгей)

  39. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы

  40. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекшеліктері

  41. Жинақтаушы зейнетақы қорларын қалыптастыру және пайдалану

  42. ҚР Ұлттық қоры: қордың қалыптасуы және миссиясы

  43. Инвестициялық қор, оларды пайдаланудың бағыттары

  44. Инновациялық қор, Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы оның рөлі

  45. Ішкі және сыртқы мемекеттік борыштың проблемалары

  46. Ұдайыөндірістік үдерістегі үй шаруашылықтарының рөлі

  47. Үй шаруашылықтарының бюджеті, оның кірістері мен шығыстары

  48. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі

  49. Халықтың тұрмыс деңгейін реттеу

  50. Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары

  51. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер кедейлікті төмендетудің фаторы ретінде

  52. ҚР-дағы қаржы рыногының ерекшеліктері

  53. Бағалы қағаздардың негізгі түрлері олардың қысқаша сипаттамасы

  54. Қаржы рыногының инфрақұрылымы,оның құрамы

  55. Кеден баждары, олардың арналымы, түрлері

  56. Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың проблемалары

  57. Инфляцияның тұрпаттары, түрлері және олардың қаржылық аспектілері

  58. Инфляцияға қарсы саясаттың шаралары

  59. Шығындар инфляциясын жою

  60. Сұраным инфяциясын жою жөніндегі қаржылық-экономикалық іс шаралар

  61. Сыртқы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қаржы. Елдің төлем балансы.

  62. Жаһандану жағдайындағы бірлесудің қаржы-экономикалық проблемалары.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ақша мен қаржы

  2. Акшаның, қаржының қазіргі түсіндірмесі, нарықтық ортадағы олардың түрлері

  3. Экономикалық ғылыми бағыттарда қаржы теориясын әзірлеу

  4. Ақшалай қосалқы категориялар әрекеттерін шектеу

  5. Ұдайы өндірістік үдерістерде экономикалық категориялардың өзара әрекеті (қаржы, баға, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру, кредит мысалдарында)

  6. Макроэкономикалық реттеуде ақша мен қаржыны пайдалану

  7. Ақшалай-кредиттік және салықтық-бюджеттік саясатты үйлестіру аспектілері

  8. Постдағдарыстық кезеңде қаржы секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасы

  9. Нарықтық экономикада қаржылық қатынастарды және қаржы институттарын ұйымдастыру нысандары

  10. Ұлттық шоттар жұйесіндегі қаржы, қоғамдық өндіріс ауқымды өлшеу

  11. Қаржы жүйесі «қаржы» экономикалық категориясының жұмыс істеу механизмінің нысаны ретінде

  12. Ақшалай қаражаттар қорлары қаржылық қатынастардың материалдық –заттай жүзеге асырылуы ретінде

  13. Ғылыми техникалық прогресс және қаржы

  14. Қаржы жүйесі түсініктің кең мағынасында (жиынтық ақша-қаржы жүйесі)

  15. Қаржы жуйесі «тар» мағынада «қаржы» экономикалық категириясы механизмінің жұмыс істеу нысаны

  16. Транзиттік экономика жағдайларында Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы

  17. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика

  18. Қаржы жүйесінің құрылымына нарықтық қайта құрулардың әсері

  19. Қазіргі жағдайларда қаржыны басқару

  20. Қазақстан Республикасында қаржылық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету

  21. Қаржылық бақылау теориясы, практикасы және шетелдік тәжірибесі

  22. Дағдарыстық кезеңде Қазақстанның қаржылық саясатының рөлі мен ерекшеліктері

  23. Қаржылық ресурстар және оларды пайдалану тиімділігін арттыру проблемалары

  24. Қаржылық ресурстарды ұдайы жаңғырту қоғамның экономикалық ресурстарының құрамды бөлігі ретінде

  25. Мемлекеттің қаржылары, қаржылық қатынастар жүйесіндегі олардың орны мен рөлі

  26. Қазақстанның қаржылық қатынастарының мемлекеттік институттары: қажеттігі және жұмыс ерекшеліктері

  27. Қазақстан экономикасының нақты секторын дамытудың қаржылық ынталандырмалары

  28. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын қаржыландыру

  29. Экономиканы ғаламдандыру және Қазақстанның қаржылық саясатына оның әсері

  30. Қазақстан Республикасында ұлттық қоры: тиімді қалыптастыру мен пайдалану проблемалары

  31. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекеттік емес қорлардың рөлі

  32. Қаржылық механизмді жетілдіру проблемалары, тәжірибесі, перспективалары

  33. Қазақстанда шағын және орта бизнесті көтермелеу жүйесінің қалыптасуы және дамытуы

  34. Үй шаруашылықтарының қаржысы: Қазақстанда жүмыс істеу ерекшеліктері

  35. ҚР –да халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

  36. Жинақтаушы зейнетақы қорлары: жай-күйі және дамуы

  37. Қазақстанда зейнетакымен қамтамасыз етуде қаржының рөлі

  38. «Адами капиталдың» ұдайы жаңғыртылуында үй шаруашылықтарының рөлі

  39. Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің қаржылық нысандар мен әдістерінің дамуы

  40. Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталық қаржылық механизмі

  41. Сыртқы экономикалық қатынастар үдерістеріндегі қаржының рөлі

  42. Сыртқы экономикалық қызметте салықтардың әсері

  43. Мемлекеттің қаржылық ресурстарының қалыптасуы және пайдалануы

  44. Қазақстандағы экспорттық-импорттық операциялардың ерекшеліктері

  45. Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың проблемалары

  46. Экономикалық интеграцияны жүзеге асырудағы қаржының рөлі

  47. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамтамасыз ету

  48. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер

  49. Мемлекеттің құрылымдық –инвестициялық саясатын іске асыруда қаржының рөлі

  50. Нарық жағдайында қаржылық қатынастардың жаңа нысандарының дамуы

  51. Қазақстан экономикасының мемлекеттік қаржылық реттеу

  52. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде инфляцияны басқару саясаты

  53. Қаржылық қатынастардың шетелдік тәжірибесі (жекелеген елдердің мысалында)

  54. Қаржының қазіргі теориялары: шетелдік және отандық теориялардың тұжырымдамалық негіздері

  55. Әлемдік қаржылық дағдарыс: көріну нысандары, салдарлары және жою жолдары

  56. Қазақстандағы қаржылық дағдарыстың ерекшеліктері және оны оған қарсы әрекет бойынша Үкіметтің шаралары

  57. Мемлекеттің шығыстары-экономикаға араласудың құралы ретінде

  58. Сақтандыру экономикалық категория ретінде және оны практикалық қолданудың механизмдері

  59. Сақтық нарығын мемлекеттік реттеу

  60. Қазақстанда сақтық нарығы дамуының қаржылық аспектілері

  61. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының жай-күйі және дамуының перспективалары

  62. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығы: ҚР-да даму проблемалары мен перспективалары

  63. Мемлекеттік бағалы қағаздар, олардың даму эволюциясы мен бағыттары

  64. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу

  65. Әлемдік қаржы нарығы

  66. ҚР-да халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық камтамасыз ету

  67. Нарықтық экономикада салық салуды және салық жүйесін жетілдіру

  68. Мемлекеттік сатып алулардың инвестициялық әулеті

  69. Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: өтпелі кезеңде жұмыс істеу аспектілері

  70. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: жай-күйі және перспективалары

  71. Бюджеттік кодекс КР бюджет жүйесінің құқықтық негізі

  72. Бюджет жүйесі буындарының арасында кірістер мен шығыстарды бөлудің механизмі

  73. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіндегі жергілікті бюджеттер

  74. Қазақстан Республикасының қазынашылық жүйесі: қалыптасу және даму перспективалары

  75. Қазақстан экономикасындағы мемлекет қаржыларының макроэкономикалық аспектілері

  76. Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі

  77. Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастар проблемалары

  78. Бюджет тапшылығы, оның салдары және қаржыландыру әдістері

  79. Әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорация даму институттары ретінде

  80. Мемлекеттік кредиттің қазіргі жағдайы

  81. Мемлекеттің қажеттіліктеріне қарыздардың рөлі

  82. Мемлекеттік борыш және оны басқарудың ерекшеліктері

  83. Жалпы сыртқы борыш: қалыптасу үдерісі және реттеу проблемалары

  84. Бюджеттен тыс қорлар: мақсаттар қайшылықтары және ҚР-да пайдалану практикасы

  85. Нарықтық қатынастар дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық механизмін жетілдіру

  86. Меншіктің түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері

  87. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы

  88. Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларының қаржысы

  89. Мемлекеттік холдингтер ұлттық компаниялар мен мемлкеттік кәсіпорындардың қаржылық реттеуі мен бақылауының нысаны ретінде

  90. Коммерциялық қызмет, шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастыруға оның әсері

  91. Коммерциялық емес сфера мекемелері мен ұйымдарының қаржысы

  92. Шаруашылық жүргізуші субъектілер өндірістік қорларының толық айналымындағы қаржының рөлі

  93. Корпорацияның қаржылық ресурстарының негізгі көздері және оларды пайдаланудың тиімділігі

  94. Компанияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы

  95. Қазақстандағы дара кәсіпкерлік қызмет

  96. Қазақстан Республикасының салық және жетілдіру жолдары

  97. Жанама салықтар: теориясы мен практикасының проблемалары

  98. Қосылған құн салығы және экономикадағы оның рөлі

  99. Корпоративтік табыс салығы: алу практикасы мен жетілдіру проблемалары

  100. Мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асырудың салықтық аспектілері

  101. Меншікке салынатын салық және қазіргі нарықтық экономикадағы оның маңызы

  102. Қазақстан Республикасында минералды ресурстарға салық салу; жай-күйі және жетілдіру проблемалары



4 КУРС ФОРМАТЫ

Қатысу - магистрант дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрді қатысуы керек. Егер сіз белгілі бір себептермен сабаққа қатыспасаңыз, онда меңгермеген мәліметтер үшін жауапкершілікті өзіңізге аласыз.

Тәртіп - сабақ барысында тәртіп бұзушылық үшін магистрант аудиториядан шығарылып жіберіледі және курс бойынша «қанағаттанар-лықсыз» деген баға алады.

Бақылау тапсырмалары – олар міндетті түрде орындалып, белгіленген уақытта тапсырылуы керек. Мерзімінен кеш тапсырылған жұмыстардың бағасы кемітіледі.

Үй тапсырмасы - әрбір сабаққа магистранттар әдебиеттердің негізгі және қосымша тізіміне сәйкес дайындалуы керек.

Тапсырмаларды дайындау: кешіктіріліп тапсырылған жұмыстарды балдары кемітіледі.

Межелік аттестация - межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысу есебімен, магистранттың өздік жұмысымен уақытында тапсыруымен, сабақ барысында ауызша не жазбаша формада жауап беруімен бағаланып, межелік бақылаудың қорытындысы ескеріліп шығарылады. Семестр барысында 2 межелік аттестация өтеді.

Көшіріп алу және плагиат – кез келген көшіріп алу немесе плагеат (басқа магистранттардың дайын жұмыстарын көшіріп алу) үшін аудиториядан шығарылып жіберіледі немесе бүкіл курс бойына «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Ұялы телефондар – сабақтың өтуі барысында өшіріліп тастауы керек.

Емтихан – қорытынды емтиханды емтиханға босатылған барлық магистранттар билет негізінде тапсырады. Емтихан барлық оқытылған курсты қамтиды. Емтихан кезінде көшіріп алуға қатаң түрде тыйым салынады.



5 КУРС САЯСАТЫ

Магистрант білімін бақылау келесідей формада іске асырылады:

ағымдағы бақылау (апта сайын)

межелік бақылау (7 және 14 апта)

қорытынды бақылау – академиялық кезеңнің соңында өткізіледі (мамандықтың білім беру стандартына сәйкес)

Ағымдағы бақылау – бұл оқытушының жетекшілігімен магистранттардын дәріс, практикалық және өздік жұмыс орындауын жүйелі түрде тексеру.

Пәнді оқыту кезінде магистрант білімін ағымдағы бақылаудың келесідей түрлері қолданылады:

-ауызша сұрау;

-жазбаша жұмыс;

- коллоквиум;

- үй тапсырмасын қорғау;

-дискуссия, тренинг, дөңгелек үстелдер, кейстер;

-тесттер

-есептер.

Магистрант білімін межелік (рейтингтік) бақылау бекітілген кестеге сәйкес 7 –ші және 14-ші апталарда өткізіледі.
6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Рейтингті есептеу оқытушының сабақ журналы бойынша жүргізіледі

Оқытушы магистрантты бағалаған жұмыс түрлері:


  • Сабаққа қатысу;

  • ОМӨЖ орындау кестесі бойынша аудиторлық бақылау жұмыстарын орындау (АБЖ);

  • МӨЖ орындау кестесі бойынша үй тапсырмасын орындау (ҮТ);

  • Өздік жұмыс кестесін орындау (ӨЖК);

  • Магистранттардың ғылыми конференцияларға, пән бойынша олимпиадаларға және т.б. қатысу;

Қатысу: Дәрістерге, тәжірибе сағаттарына қатысу қатаң түрде міндетті. Егер белгілі бір себеп бойынша сіз сабаққа қатыса алмасаңыз, бүкіл игерілмеген материалға жауапты боласыз.

Үй жұмысы: Әр сабаққа магистрант негізгі және қосымша әдебиет тізіміне сәйкес дайындалу қажет.



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау