ОӘК 042-18-12.1.69/03-2013
|
18.09.2013 Баспа №1
|
беттің
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-18-12.1.69/03-2013
|
«Техникалық пайдалану ережелері»
пәнінен оқытушыларға
арналған жұмыс
бағдарламасы
|
18.09.2013
Баспа №1
|
«Техникалық пайдалану ережелері»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Алғы сөз
1. Құрастырған
Құрастырған: ____________________ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Сарсембеков Е.А., Бакиева А.Б., оқытушы Сагатбекова А.Б.
2. Талқыланды
2.1. «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 « 09 » 09 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ С.Смағұлов
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
Хаттама № 1 « 11 » 09 2013 ж.
Төрағасы __________ Бекбаева Р.С.
3. бекітілді
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.
Хаттама № 1 « 18 » 09 2013 ж.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор _______________ Искакова Г.К.
4. ЕКІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР
мазмұны
1. Дәрістер
2. Практикалық сабақтар
3. Студенттің өздік жұмысы
1. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс №1. Темір жол көлігіндегі басқару құрылымдары
Темір жол көлігіндегі басқару негіздері
Көлік экономикалық құрылымдардың бір саласы болып табылады. Қазақстан экономикасы үшін темір жол көлігі шикізат тасымалдайтын көлік түрі, республикадағы көлік - байланыс кешенінде басты рольде тұр. Қазақстанның жағрафиялық орналасуы әлем экономикасында темір жол көлігінде маңызы өте зор.
Содай-ақ, Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі жоғары –5 халықаралық темір жол көлігіндегі коридорлар арқылы өз құрылымдарын транзитпен жібере алады.
Қазақстандағы темір жол желісінің ұзындығы 14 мың км., соның ішінде қос жолды желілер – 5 мың.км, электрлендірілген –3,7 мың.км. тарамдалғаннегізгі жолдардың ұзындығы - 18,8 мың км., байланыс және арнайы – 6,7 мың.км. Республикадағы темір жол желісінде 751 айрылым бекеттері орналасқан.
ҚР темір жол көлігін басқаруда мынадай негізде бөлінеді:
салалық;
аумақтық;
қызметтік.
Басқару мынадай салалық негізде келісілген:
Көлік және байланыс министірлігі – «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық қоғамы ЖАҚ («ҚТЖ» ҰҚ ЖАҚ) – тасымалдау бөлімшесі - құрылымдары (станса, депо және т.б.).
Қызметтік негізде әр түрлі сұрақтармен айналысатын бөлімшелер мен салаларға бөлуді ұсынады (жүріс бойынша, жүк шаруашылы, локомотив, вагон, тоқпен қамтамасыз ету, байланыс және т.б.). Барлық бөлімшелерді үш кешенге бөлуге болады:
негізгі шаруашылық:
жолаушылар мен жүкті тасымалдағандағы жүк және коммерциялық операциялар;
тасымалдауды басқару;
магистральдық құрылымдардың маңызы мен басқару;
жылжымалы құрамның маңызы мен басқару;
сумен-, жылумен-, тоқпен қамтамасыз ету;
қамтамасыз ету шаруашлығы:
локомотивті депода жөндеу;
вагонды депода жөндеу;
вагон мен локомотивті толық жөндеуден өткізу;
жолды толық және орташа жөндеу;
жүк пен ғимараттарды күзету.;
тұрмыстық шаруашылық.
Пойыздар қозғалысы мен маневрлық жұмыстардың қауіпсіздігін бұзатын себептер. ЖҚ бұзылудың классификациясы
Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану істен шығып, белгілі бір жағдайда апат туғызуы мүмкін. Жолаушы және жүк пойыздарының бірінен соң бірі жүруі, локомотивтің шамалы істен шығуы немесе жүк вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы мүмкін. Бұл жағдай ТПЕ сәйкес істен шыққан пойыздар жүрісіне қауіп төндіретін, жылжымалы құрамды пайдалануға сондай-ақ, тасымалданатын жүктің бүтіндігіне кепілділік берілмесе рұқсат етілмейді.
Төменде көрсетілгендер бойынша бір вагон істен шықса, оны пойызға тіркеуге болмайды:
- ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;
- тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;
- рессор үстіндегі тіректің жарығы;
- шегіну жарығы оның периметірінің ұзындығы 1/3 көп болса, төменгі белдеуі және 3 білікті тіркеменің айналатын тіректер жарығы және т.б. жарықтар.
Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын, жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен шыққан вагон құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету, электір жабдықтарын қосуға болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі. Қазіргі жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар – электір агрегаттары күрделі және жетілген қызмет көрсетуді талап етеді. Әсіресе жолаушылар пойызындағы вагондарды қосқанда генератор сымдарын, біліктің ортаңғы бөлігіндегі редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның келесі бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді: рамадағы кез-келген жарық; қаңқаның 50 мм артық қисайуы; кіргенде ұстайтын тұтқалармен, көтерілген тамбур фартугы істен шыққанда. Басқа вагоннан электірмен қоректенетін, жарық беру немесе жылыту құрылғылары істен шықса, өртенуге қауіпті жолаушылар вагонын сапарға жөнелтуге болмайды. Электір жабдықтарының бөлшектерін реліс басына 100 мм кем мөлшерде ғана жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе жолаушылар пойызында құрастырылған вагонның еріксіз желдеткіштері істен шыққанда, буксаның қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.
Вагонның жөндеуден өткендігі туралы трафереті болмаса, пойызға қоюға рұқсат етілмейді. Жолаушылар пойызына вагонды қою үшін, жылдамдығы 140 км/сағ, жететін қосымша талаптармен бекітіледі. Бұл жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін қажет, жылдамдық өскен сайын динамикалық, вибрациялық және басқа да күштер тораптағы вагондарға әсер етеді.
Мұндағы келтірілген істен шығуларда, пойызды жібергенде вагондарды тіркеуге болмайды, аялдау уақыттырында вагондарды ағытпай-ақ жөндеуге болады немесе күнделікті жөндейтін жолдарға вагонды ағытып береді. Вагонды ағытып алу туралы шешімді, вагон тексерушісі ТТБ (ПТО) жұмысының технологиялық үрдісіне сәйкес қабылдайды.
Вагон паркінің құрылысын жақсарту және беріктігін ұлғайту, ертерек құрастырылған жылжымалы құрамды жаңарту, жөндеу базаларын дамыту және бекіту, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, бірыңғай механикалық еңбек үрдісі негізінде алдыңғы технологияны енгізу және вагодарды жөндеу.
Жүк вагондарының ішіне кіретіндер:
- транзиттік пойыздағы немесе құрамдағы вагондарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ құрамдағы бос вагондарды немесе вагондар тобын тиеуге ағытпай-ақ дайындау;
- бос вагондарды күнделікті жөндеу (ТР-1) немесе олардың тобын құрамнан ағытып алып, тасымалдауға бірыңғай дайындау және арнайы жөндейтін жолдарға беру;
- транзиттік пойыздардан және құрастырылған құрамнан вагондарды ағытып алып күнделікті жөндеу (ТР-2);
- деполық жөндеу (ДР) – вагондарды келесі деполық және толық жөндеуден өткенше жұмыс істеу қабілетіне кепілдік береді;
- толық жөндеу (КР) – вагон жабдықтарын толығымен қалпына келтіру.
Аралық стансадан вагонды жөндеуге ағытып алып, кепілдік телімдерінде істен шыққанын қалпына келтіру, жоспарда есептелмеген және ең жақын техникалық қызмет көрсету бекетінде жөндейді.
Техникалық қызмет көрсету жүйесі және жолаушылар вагонын жөндеу келесі: техникалық тексеру, күнделікті вагондарды ағытып және ағытпай жөндеу; бірыңғай техникалық тексеру, күзгі және көктемгі мезгілдегі тексеру; деполық жөндеу; бірінші және екінші көлемдегі зауыт жөндеуі.
Пайдаланудағы вагондардың істен шығуын уақытында ескерту қажет, қажалуын және бұзылғанын байқағанда, жүріске қауіп төндіретін, тасымалданатын жүктердің бүтіндігін және жолдағы жолаушылардың жағдайының төмендеуін болдырмау үшін, барлық істен шыққандарды жөндеу қажет. Техникалық қызмет көрсету вагон паркінің дұрыс жағдайын және тазалық-техникалық жағдайын қарастырады. Вагонның техникалық жағдайын тексергенде тораптар мен бөлшектердің дұрыстығын және сәйкес мөлшерде бекітілгендігін, букса тораптарының жағдайын, тіркеменің жүретін бөлігін, рама мен қаңқаны, тежегіш құрылғыларын, авто тіркегіш құрылғыларын, өткізетін аулаларын, жолаушылар вагонының электірлі тоңазтқыш жабдықтарын ЦМВ, арнайы бағыттағы вагондардың кәсіби жабдықтарын, вагондарды мықтап жалғастыратын бөліктерін тексереді, ол пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтайды.
Техникалық қызмет көрсету жүйесі мен жылжымалы құрамды жөндеу, бірнеше пайдалану кезінде жұмыс істеу қабілетін ұстап тұруы қажет, оның ішінде ауа-райының жағдайына қарай, пойыздың салмағы, жүріс жылдамдығы, жолдың жоспары мен пішіні және т.б. темір жолда жоспарлы-ескерту жүйесінде техникалық қызмет көрсетеді және жылжымалы құрамды жөндейді, олардың өзіндік түрлері мен әдістерін, технологиясын көрсетеді. Локомотивтер үшін және МВПС кіретін техникалық қызмет көрсету ТО-1, ТО-2, ТО-3, күнделікті жөндеу ТР-1, ТР-2, ТР-3, орташа (СР) және толық (КР) жөндеу.
ТО-1 Локомотив бригадасының локомотвті қабылдап, тапсырғандағы қызмет көрсетуі;
ТО-2 Техникалық қызмет көрсету бекетінде локомотивті біріккен топтың күшімен 1 – 2 тәулік жөндеу;
ТО-3 Негізгі депода тексеретін агрегаттар мен тораптардың түрін көбейтіп, тексеру деңгейін көтеріп және кез-келген істен шыққан агрегатты ауыстыру керек. ТО-3 әр түрлі диагностикалық құрылғыларға кеңінен қолданады.
ТР-1 көлемі ТО-3 көп айырмашылығы жоқ және оны негізгі деподағы біріккен топ орындайды. ТР-2 жұмысы – қаңқаны көтеру, оның тіректерін және біріктірілген тіркемелерін тексеру. Деполық жөндеудің аса ірі түрі – ТР-3. оған локомотивтердің барлық жабдықтарын жөндеу кіреді, соның ішінде тепловоздың дизель-агрегат қондырғысы, қаңқаны бояу.
Қызмет көрсетудің әрбір түрі және локомотивті жөндеу және МВПС үш түрлі көрсеткішті сипаттайды: жиілігін, ұзақтығын (қарапайым) және көлемін (міндетті жұмыстардың түрі). Оның бәрі локомотив сериясы мен түрлеріне, пайдалану шарттарына, жөндеу базаларының мүмкіндігіне, жұмысты ұйымдастыруына қатысты.
Жергілікті жағдайды ескере отырып, жиі қажалуын, жылжымалы құрам бөлшектерінің ескіруін, жүргендігін жөндеу аралығы анықтайтын, әрбір жолдың жөндеу базасының мүмкіндігі және әрбір деподағы ТҚК және КЖ ұзақтығын, локомотив сериясы мен жұмыс түрін, жөндеу көлемін анықтайды.
Жылжымалы құрамды жөндеу әдістері: жеке, агрегатты, нақты, позициялық және басқа да түрде болады. Ең көп тараған түрі агрегаттық әдіс, локомотивке немесе МВПС алдын-ала жөнделген агрегатты істен шыққан агрегаттың орнына ауыстырып қояды. Бұл жөндеу уақытын қысқыртады, бірақ өткізетін технологиялық жабдықтар қорын ұлғайтады. Техникалық қызмет көрсету технологиясы және жылжымалы құрамды жөндеу типтік технологиялық үрдіспен, нұсқалары мен техникалық көрсеткіштерімен анықталынады.
Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Темір жол көлігіндегі басқару негіздері
2 Пойыздар қозғалысы мен маневрлық жұмыстардың қауіпсіздігін бұзатын себептер.
3 ЖҚ бұзылудың классификациясы
Дәріс №2. Теміржол көлігінің жабдықтарын, құрылғыларын және жылжымалы құрамдарын техникалық пайдалану ережелері
Достарыңызбен бөлісу: |