Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Техникалық пайдалану ережелері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



жүктеу 1,03 Mb.
бет2/9
Дата25.11.2017
өлшемі1,03 Mb.
#1713
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Габарит


Пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтау үшін, локомотивтің, вагонның, ашық құрамдағы жүктің жүріс кезінде қандай да бір ғимараттарға соқтықпауы қажет. Стансада адамдарға қызмет көрсететін көлікке, жылжымалы құрамға өту үшін жолдардың арасындағы қауіпсіздікті сақтауы қажет. Осындай мақсатта жылжымалы құрам (вагон мен локомотив) белгілі бір қатал тәртіпте құрастырылады, оны жылжымалы құрамның габариті деп атайды. Барлық құрылғылар мен ғимараттар жолдан белгіленген бір қашықтықта тұруы қажет, оны құрылыстың жақындық габариті деп атайды.

Темір жолды қайтадан өңдеп, жаңа жоспар жасағанда және жеке ғимараттарды салғанда стандарт талабына сай «құрылыстың жақындық габариті мен темір жолдағы жылжымалы құрамның дөңгелек арасы 1520 мм» болуы шарт:



  • жолдар үшін, жалпы темір жол желісіндегі ғимараттар мен құрылғылар және өнеркәсіп орындарымен стансаны жалғастыратын кірме жолдар – құрылыстың жақындық габариті С (1-ші сур.);

  • жолдар үшін, аумақтағы ғимараттар мен құрылғылар және зауыт, фабрика, шеберхана, депо, теңіз бен өзен порттары, жүк ауласы, қойма мен басқа да өнеркәсіп орындарының аумақтарының арасында, соның ішінде жалпы темір жол желісінің кәсіпорындарында – құрылыстың жақындық габариті СП.

Құрылыстардың жолға жақындау габариті деп жаңа және желіге екінші жол салғанда, жолды электрлендіргенде, сондай-ақ басқа да қайта құру шараларында, кірме жолдарында пайдаланылады. Егер олар жылжымалы құрамға өзара қатысты болмаса (жұмыс жағдайындағы вагон тежегіші, бекітілетін байланыс сымдары, су алатын айналмалы бөліктері және т.б.).

Жылжымалы құрамның габариті деп (жолдың осінен тік қарағанда) жүк тиелген немесе бос жылжымалы құрам түзу жазық жолда тұрғанда ішкі аумағынан шықпайтын көлденең шектік өлшемін айтады. Жаңадан құрастырылған жылжымалы құрам габаритке сәйкес болуы керек Т (2-ші сур.). жылжымалы құрамды пайдаланғанда, құрылғылар мен ғимараттар Т габаритінде құрастырылады. Осы жылжымалы құрамды жіберу үшін С габаритінің талабына сәйкес болуы керек.

Көрсетілген суреттер арқылы, С пен Т габариттерінің арасында жазықтық болады, жүріс кезінде жылжымалы құрамның өтуіне және адамдардың жүріс қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ, үлкен жүктерді тасымалдауға, өзінің мөлшері бойынша жылжымалы құрамнан шығып тұратын қауіпсіздіктерін сақтау керек. Габарит мөлшері миллиметрмен көрсетіледі және былай өлшенеді: жол осінен - көлденеңнен; рельс басының жоғарғы деңгейінен - тігінен (РБД (УГР)).

Стансадағы С габаритінің баспалдақты төменгі бөлігін, жол осінен 1745 мм қашықтықта, жолаушылар платформасын төмен 150-200 мм биіктікте орналастырады. 1100 мм биіктікте жүк және жолаушылар платформасы жол осінен 1920мм қашықтықта орналасады. Барлығы 1100-ден 4300 мм биіктікте салынады (мысалы: бағдаршам діңгегі, байланыс желісінң тірегі, жарықтандыратын діңгек және т.б.) жолдың осінен 2450 мм кем емес қашықтықта орналасуы керек.

1-ші сур. Ғимараттар мен құрылғылардың орналасуы көрсетілген (мосты, тоннел, галерея және платформадан басқа) ішкі жағынан станса мен аралықтың соңғы жолдары, сондай-ақ, стансадан жеке жатқан жолдар, жұмыс істейтін құрылыс –жол машинелерінің жұмыс қанаттары теріс жағында көрсетілген. Габаритте көрсетілгендей, соңғы жолдың осінен 3100 мм жақын емес қашықтықта орналасуы керек. Өте көп қар жиналатын ойықтар мен (шыңдардан басқа) олардан шығатын ( 100м қашықтықта) шеткі жолдардың осінен ішкі жолдардың байланыс желілерінің қашықтығы және баска да құрылғылар 5700 мм кем болмауы қажет. Қиын жағдайларда жаңадан электрлендірілген желілер жолдың осінің ішкі жағына дейін стансаларда 2450 мм кем емес, ал аралықта - 2750 мм болады.

Желілер мен жол бөліктеріне, пойыз жылдамдығы 160 км\сағ асқанда, габариттік мөлшері арнайы нұсқаулармен бекітіледі.

Ашық жылжымалы құрамда тиелген жүк (орауы мен бекітуін ескере отырып) тиеу габаритінде орналасуы қажет. Жүкті жаппай тиегенде белгіленген габарит бойынша дұрыс тиелуін габарит қаңқасы тексереді.

Темір жолдың негізгі элементтері


Алдыңғы ТПЕ мынадай талаптарды талап еткен, телімде қатынайтын локомотивтің жылдамдығына жолдың жағдайы сәйкес келуі керек. Қазір жолға талап жоғары. Оның құрылымы мен мазмұны пойыздар жүрісінің қалқымай үлкен жылдамдықта, қауіпсіз, белгіленген телімде жүруі. Яғни, бұл жол шаруашылығын алдын-ала дайындап жаңа тартым түрлерін тиімді пайдалануға және енгізуге мүмкіндік береді.

Темір жолдың негізгі элементтері – жер төсемі, жоғарғы беті және қолдан ғимараттар салу. Жер төсеміне үйінді, су жіберетін шұңқыр және қорғайтын құрылғылар жатады. Үйіндідегі су жіберетін құрылғылар – бұл қорлар мен тік канавалар. Егер грунтты үйіндіге салсақ, жақын орналасқан шұңқырлар саны шықпайды, сондықтан оны қасынан алады, одан қор пайда болады.

Шұңқырлардан су жіберетін құрылғылар – кюветтер, қалқаншалар, дөңесті, банкетті канавалар, кавальерлер және банкеттер. Кюветта ені екі жағынан жердің көлденең еңістігінде 0,4 метр, тереңдігі 0,6 метрден кем емес. Тігінен қисайғанда оған түскен су ағатындай болуы керек, басқа жағдайда 0,002 кем болмауы керек. Үстіндегі суды ғана емес, грунттағы суды да ағызатын болса, онда кюветтаның орнына қалқанша қояды, тереңдігі 1,5 метрден аспау керек. Үстіндегі суды ұстап қалу үшін және тігінен жіберу үшін шұңқырларға дөңесті канавалар орнатады, бассейіннің көлеміндей жиналады, судың жиілігі және түбіндегі ені 0,6 метрден кем емес болуы керек. Шұңқырға суды жібермеу үшін, дөңесті канавадан жоғарғы жардың ауданына дейін жиналады, банкетті көлденең қисықпен 0,02 жасайды және банкетті канавалар жасайды. Егер шұңқырдан қазып алған грунтты үйіндіге пайдаланбаса, онда оны жырықтарға салады, одан кавальер пайда болады. Жоғарыдан шұңқырға судың кетуін қорғап, су жібермейтін болады.

Үйіндіден пайда болған грунтағы суларға, шұңқырдан штольниді немесе галерияны, дренажды жібереді. Жабық дренаж құбырлардан тұрады, ағаш немесе бетон ойықтарынан және диаметрі 8-12 миллиметрлі, өзен жағасындағы құммен немесе сазбен толтырады, олар толтырғышқа өтіп кетпеу үшін торф талшықтарымен, ағаш қалдықтарымен немесе басқа да матералдар мен қаптайды.

Жабық дренаждар үшін құбыр фильтрлерін кеңінен қолданады - арнайы құбырладың ішкі диаметрі 50 – 200 миллиметр және қабырғасының қалыңдығы 25-50 миллиметр керамикалық бетонан тұрады. Қажет уақытында дренажды жауып (6 метрден жоғары) құбыр диаметіріне адам сыйатындай құбырды бақылау үшін және дренажды жөндеу үшін қажет. Траншейн түріндегі тереңдетілген дренаж үлкен диаметрдегі құбырды (1,2 – 1,5 метр) галереей деп атайды. Галерейлер бетонды, темірбетонды және ағаштан тұрады. Галерейлер терең болғанда (10-12метрден көп) дранежердің орнына траншеяларды қойып, штольнилармен жабдықтайды.

Тік шахталарды тереңдігі мен орналасуына қарай 150-250 метрден тексеретін құдықтар мен желдететін құрылғылардан тұрады. Штольни, галереи сияқты домалақ, тікбұрышты немесе қиылысқан болады.

Жолдың жоғарғы қабаттарының элементерне рельс, рельстік бекіту және ығыстырмайтын аспап – ағаштан немесе темір бетонан, бағыттама бұрмалары, қиылысулар, ауыстыратын брусьтар мен балласт қабатарынан тұрады. Рельске жылжымалы құрамнан күш түсіп, шпал мен балласт қабаттары арқылы жер төсеміне беріледі, сондай-ақ дөңгелек жүрісін тік және қисық телімдегі жолдарға бағыттайды.

Рельстік бекітулерді қиылысатын және аралық деп бөледі. Бекітулер жапсырма мен рельстік болттар, гайка мен шайбадан тұрады. Осылардың көмегі арқылы рельстік тізбектерді үзіліссіз жалғастырып тұрады. Рельстік түйіспе деп – жолдағы ең көп жүретін жерді айтады. Жаңадан өңдейтін жолдар түйіспейтін жолдар болады. Аралық бекітулерге рельстің астынан бекітулер жатады. Олар бөлінбейді, біруақытта рельс түрінде бекітіліп, рельстің төсем темірі шпалға бекітіледі, шпалға рельстің төсем темірі бекітіледі, содан соң рельс темірге бекітіледі.

Ығыстыратын аспап серіппелі, рельс табанына киілетін және шпалға тірелетін, немесе қатты жапсырмадан тұрады. Ығыстырмайтын аспап 18 ден44 ке әрбір рельс тізбегіне 25 метр ұзындықта болады.

Бағыттама бұрмаларын жолдарды біріктіруге немесе ажыратуға, қарапайым және қиылысатын қызмет атқарады. Бір деңгейде екі жолдың қиылысуы қарастырылады.

Балласттық қабат– тас қиыршықтары, граверлік, асбестік немесе құмды – рельс пен шпал арқылы алған жер төсемінің негізгі көлеміне біркелкі тарату және үстіңгі қабаттағы суды ағызып жіберу, сондай-ақ, рельстік-шпалды торлардың нақты жағдайы көлденең және тікке бағытта орналасқан.

Жасанды құрылыстар: көпірлер, темір жолды су жіберетін жерлерден қорғау; темір жолдардың астынан су жіберетін үлкен емес құбырлар жіберу; виадук пен эстакадаларда терең шұңқырларды болғызбау үшін биік үйінділерді қояды; әр түрлі деңгейдегі көлік жолдары мен темір жолдың қиылысуын қамтамасыз етеді; таулы жер мен биік жерлерден өту үшін тоннелдер салады. Жасанды құрылыстар тірек қабырғалары, күрделі еңістерде жер төсемінің мықты болуын қамтамасыз етеді; тауларда пайда болған селжүргізетін, темір жол төсемдері арқылы сел мен лай жүргізетін; ірі тастарды фильтрлейтін, жиі-жиі жайлап су жіберетін.

Көпір тіректері мен құрылғылардан тұрады, оларды жалғастыратын аралықты тіреулер аралығы деп атаймыз. Тіректерді былай бөледі: жағалық және аралық; көпірлер – бір-, екі-, үш-, және ең көп ұзындықта, ал құрылысы бойынша төмен қарай жүретін, жоғары қарай жүретін немесе аралас жүретін бөлігі. Көпірлер метал түрінде, темір бетон түрінде, бетон түрінде, тас түрінде, кейде ағаш түрінде болады. Жұмыстың құрылысы мен мағынасына қарай мосты күш түсетін ұзындық аралығын арқалық, рамалық, ілініп тұратын және аралас болып келеді. Көтеретін және айрылатын мостылар болады. Көпірдеғі реілс жолдарына тас қиыршықтарын салады, көлденеңнен ағаш немесе металл орналасады, сондай-ақ темірбетонды плиталар орналасады.

Құбырларды темірбетонды, бетонды, тасты және сирек металды немесе ағашты деп бөледі; су жіберетін ойықтар – бір- немесе екі ойықты, ал пішіні бойынша – домалақ, сопақ немесе тікбұрышты болып келеді. Көпірдің астынан суды дұрыс жіберу үшін құрылғыларды реттеп, шайып кеткен үйінділерді қорғау.


Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Габариттің түрлері

  2. Темір жолдың негізгі элементтері

  3. Жолдың жер төсемі,

  4. Жолдың жоғарғы беті

  5. Жасанды құрылыстар


Дәріс №3. Жүріс барысында жіберілген қауіпсіздіктерді тексеру тәртібі, оларды талдау, профилактикалық жұмыс, оларды есепке алу мен есеп беру
Жолдың жоспары мен жобасы

Темір жолдың жоспары – көлденең жазықтықта осьтерді графикалық көрсету (үстінен қарағанда). Табиғаттың кедергілері (тау, өзен, көл, болотта және т.б.), жол жұмыстарын көп болдырмау үшін немесе күрделі және қымбат қолдан жасайтын құрылғыларды, тік бағыттағы трасса желілерінің құрылысын кейінге қалдырып, қисық телімдегі жолдарды жасайды. Қисықтарды бағытына қарай (оңға және солға) және еңістіктер, радиуске қатысты болады, қисықтардың өзіндік артықшылықтары бар: жүріс кедергілерін азайтып, пойыздар жүрісін жылдамдатады. Кейде топографиялық жағдайына қарай жердің орналасуын бөлуге келмейді.

Жолдың қисық телімдерін жаңа желіде жобалап, үлкен радиуста, бірақ, тәртіп бойынша, 4000 көп емес және 100 метрден кем емес. Қиын жағдайларда желі түрлеріне қарай және пойыздардың қатынайтын жылдамдығы бекітіледі 2000 – 500 метрге дейін радиустарын азайтады. Кірме жолдар мен жалғастыратын жолдар 180 – 150 метрде қисық радиусте жіберіледі. Типтік мөлшері жаңа желідегі қисық радиуста: 4000, 3000, 2500, 2000, 1800, 1500, 1200, 1000, 800, 700, 600, 500, 400, 350, 300, 250, 200, 180,150 м.

Пойыздар жүрісінің бағытымен көтерілетін желілерді дөңес деп, ал түсетін жерлерін еңіс деп айтамыз. Тік жазықтықта жолдың осьтерін графикалық көрсету желінің пішіні деп аталады. Дөңес пен еңіс деп - i мөлшеріндегі қисықпен биіктіктердің айырмашылығын пішіндегі сыну нүктелерімен және элемент ұзындығымен анықтайды. Қисық мөлшері мыңдықпен көрсетіледі.

Қисық көп болған сайын, пойыздар жүрісі кезінде өрге көтерілуге кедергі де көп болады және желілерде пайдалану шығынын көп жұмсайды. Қисықтың еңісіне қарай, телімде қатынайтын пойыздардың салмағына қатысты болады. Пойыздардың салмағын есептеу үшін ең үлкен дөңестер мен бағытты немесе телімді қарастырады. Оны есептейтін немесе басқаратын қисық деп атайды. Салынып жатқан желіден техникалық-экономикалық есептеулер арқылы негізгі қисықты алады, алдағы жасалатын жол жұмыстарының пайдалану көлемі, жүк айналымының өсуі мен топографиялық жағдайы, сондай-ақ, салмақ мөлшері мен көрші жолдардағы қисықтарды ескереді. Басқаратын қисық I и II категория бойынша желіде 15ү, III категория - 20‰ және IV и V категория - 30‰ . жаңа желіде I категория болады, жолаушылар пойызы 120 км/сағ жылдамдықпен жүруін қарастырады, басқаратын қисық 9‰ аспауы керек, ал топографиялық жағдайы қиын болғанда 12‰.

Пойыздар жүргенде қалқымай әрі қауіпсіз жүруін, ең үлкен қисықтарды, пішінің элементерінің ұзындықтарын талапқа сәйкес анықтап және аралас элементердің қисықтарының алгебралық айырмашылықтарын жоба мөлшерінде қарастырады.

Айырым бекеттер, пойыздар тоқтайтын (қиылысатын немесе басып озатын), жүк және маневр жұмыстары орындалады, аудандарда әр түрлі деңгейде орналасады. Жергілікті жердің жағдайына байланысты (немесе жерді дұрыстауда көп жұмыс істеу), ТПЕ-не сай Айырым бекеттердің еңісте орналасуына болады және, олардың еңісін 0,0015-ке дейін шектейді, қиын жағдайда 0,0025. Вагон паркінің тығыршықты подшипникке ауысуын ескере отырып, жүріс кезінде аздап кедергі келтіруін, вагонның өздігінен рельстен шығып кетпеуі (немесе құрамды локомотивтен ағытқанда), яғни, пойыздар жүісінің қауіпсіздігін күшейтіп, оған шектеулер қоюы керек. Барлық жағдайда, стансалар мен разъезде және басып озу бекеттерінде 0,0025 қисықтары орналасқан, пойыздарды белгілі бір салмақтарында локомотивтің көмекші тежегіштерімен ұстап тұруы қажет, сондай-ақ, оларды орнынан қозғай алуы керек. Қажет уақытында, маенврды арнайы тәртіпке дайындап, жеке вагондарды бекітіп, сақтандыру құрылғыларын қояды, қорғайтын тұйық жолдарға жіберіледі және т.б.

Жүріс жылдамдығын өсіруді ескере отырып, көптеген стансаларды қайта жабдықтап, пайдалану жұмыстарын жақсартып және пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтауды, стансадағы жолдардың орналасу тәртібін жақсартады. Қиын жағдайдағы қисықтың ең қысқа радиусы 1500 метрден 1200 метр болады, жолаушылар пойызының жылдамдығы 120 км/сағ, ал жүк пойызы 80 км/сағ жылдамдықтан аспағанда телімдерде мұндай радиустер рұқсат етіледі .

Үзіліссіз тасымалдау көлемінің өсуі станса жұмысын көбейтеді, оның ішінде сұрыптау, телімдік және жүк, онда жолдардың дамуын көтеруге талап себепші болады. Маневр жылдамдығын өсіру және сұрыптау дөңесінен құрамды жіберу жолдарға байланысты (олардың пішініне), вагондардың қатты соғылуын болдырмау, сондай-ақ, олардың бүлінбеуі керек. Олар вагонның тығыршықты подшипнигіне байланысты болады. Бағыттама зоналарындағы сұрыптау жолдары тартым жолдарының бағытындағы еңісі вагонды сұрыптау жағынан 0,004 болады; бағыттама алқымынан тысқары тартым жолдары – сұрыптау жолдары мен аумақтарда еңіс 0,0025-тен қисық болмайды (қиын жағдайда дөңестерде 0,002ден қисық болмайды). Тартым жолдары кері қисықта болмайды. Стансаны қайтадан салғанда сәйкес талаптар бойынша, кейбір жағдайда тартым жолдарда кері қисықтың салуын рұқсат етеді. Бірақ, барлық жағдайда, маневр жұмыстарын жасағанда жеткілікті қауіпсіздігін сақтап, анық көрінуі керек.


жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау