Бағдарламасы «12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері»



жүктеу 193,53 Kb.
Дата06.03.2018
өлшемі193,53 Kb.
#11735
түріБағдарламасы

ПОӘК 042-18-38.46/02-2013


№ 1 басылым

_______.2015




бет беттің




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.46/02-2013


ПОӘК

Студентке арналған пәннің бағдарламасы

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері»

№ 2 басылым

______.2015 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері»

5В011000 – «Физика» мамандығы үшін
СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

Алғы сөз


1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы:__________ « 5 » 06 2015ж. Сыдықова Ж.Қ., п.ғ.к., доцент м.а., физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасы отырысында


« 10 » 06 2015ж., № 10 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« » 2015ж., хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2015ж., хаттама
ОӘК төрағасы_____________________ Г.К.Искакова

4 бірінші басылымның орнына ЕНГІЗІЛІП ОТЫР



Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:



Сыдықова Ж.Қ., педагогика ғылымдарының кандидаты‚ доцент м.а.

Физика кафедрасы

Байланыс ақпараты – оқу ғимараты №3, кабинет №304

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 303, 307,306

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 3


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Физика» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.


1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: студенттерге мектеп физика курсы мазмұнынының жүйелі түрде өзгеруінің обьективті қажеттілігін түсіндіру; жалпы білім беретін мектеп реформасының мәнін және физиканы оқытуда оны жүзеге асырудың жолдарын көрсету; оның ғылыми-техникалық прогреспен байланысын көрсету; жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін физика курсының негізгі мазмұны мен құрылымын және жан-жақты талантты, білімді де білгір мамандармен қамттамасыз ету үшін оқу-тәрбие процесін жетілдірудің жолдарын талдау, физиканы оқыту процесінде оқушыладың өз беттерінше жұмыс жасау дағыдысын қалыптастыру. Курсты меңгеру процесінде студенттерді оқу жұмысының жаңа формаларымен, сабақ құрылымындағы өзгерістермен, жоспралаудың әртүрімен және т.б. таныстыру. Оқыту әдістерін қарастыра отырып, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға, оқытудың жаңа қазіргі заманғы техникалық құралдарын тиімді пайдалануға, оқушылардың танымдық белсенділігін артыруға көңіл бөлу, оқыту әдістерімен таным әдістерінің арасындағы байланысты көрсету; студенттерді оқушыларға әдіснамалық білімдердің элементтерін қалыптастыру әдістемесін, өз беттерінше жұмыс жасау әдістемесін үйрету.

Физиканы оқыту әдістемесінің жеке мәселелерін қарастырған кезде ғылыми-әдістемелік талдауға және негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, мектеп физика курсындағы теориялар мен заңдарды меңгертуге көңіл бөлу керек.


1.4Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

тұжырымдау;

- жалпы орта білім беретін мекемелердегі физика курсының құрылымын және қысқаша мазмұнын беру және талдау;

- оқыту әдістерінің теориялық негіздерін, физиканы оқытудың тәсілдерін қарастыру;

- физиканы оқыту барысында оқушылардың өзбеттерінше жұмыс жасау әдістемесін қарастыру;

- физика бойынша оқу процесін ұйымдастырудың формаларын талдау; физиканы оқыту технологиясының теориялық негіздерін, физиканы оқыту кезінде оқушылардың оқу іскерлігін ұйымдастыру технологиясын талдау; мектептегі физика курсының жекелеген бөлімдерін меңгерту әдістемесін талдау; физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді қоюдың техникалық және әдістемелік талаптарын талдау; физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздерін талдау;

- мектеп физика кабинетін жабдықтау жүйесімен және ұйымдастыру негіздерімен таныстыру.
1.5Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • физикадан оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін білуі тиіс;

  • оқушылардың ақпараттармен жұмыс істей алу іскерлігін дамытуға бағытталған мұғалімнің жұмыс әдістемесін игеруі тиіс;

  • оқушылардың ұжымдық қарым-қатынастарын ұйымдастыру, өзбетімен жүзеге асыру іс-тәжірибеін дамытуға қажетті шарттарды игере білуі тиіс;

  • оқушылардың үздіксіз білім алу қажеттігін дамытуға мүмкіндік беретін мұғалім жұмысының формаларын меңгеруі тиіс.

  • Оқушылардың өз беттерінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін түсінуі тиіс;

  • Физикадан оқушылардың өз беттерінше орындайтын жұмыстарын ұйымдастыра білу дағдысына ие болуы керек;

  • Физикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыра білу дағдысын алуы керек.

1.6Курстың пререквизиттері:

1.6.1 «математика», «физика» (орта мектеп бағдарламасы көлеміндегі)

1.6.2 «жалпы физика»

1.6.3 «теориялық физика»

1.6.4 «педагогика»

1.6.5 «психология»

1.6.6 «философия»


1.7Курстың постреквизиттері:

1.7.1 физиканы оқыту әдістемесі.


2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ПС

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ




1.

Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау

1

1

1

1

2,5

11, Б. 17-19

2.

Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп)

1

1

2

2

5

16, 18, Б.25-27

3.

Оқушының өзіндік жұмыс жүргізу қабілетін дамыту жолдары

1

2

2

2

10

18, Б.57-59

4.

Өзіндік жұмыстарды жүргізудің маңызы

2

2

2

4

10

18, Б.57-59

5.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері

1

2

2

3

10

18, Б.56-57

6.

Физиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі

1

3

2

5

10

18, Б-56-58

7.

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері

2

2

2

3

10

17, Б.63

8.

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда тірек сызбаларды пайдалану

3

2

2

2,5

10

18, Б.40-43

9.

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағы жоспарды пайдалану

3













18, Б.40-43




БАРЛЫҒЫ:

15

15

15

22,5

67,5





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» курсын оқыту өзара байланысты бес форманы қажет етеді: дәріс, практикалық (семинар) жұмыс, зертханалық сабақ, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, карточкалар, сабақ жоспарларын, күнтізбелік жоспар жасау; зертханалық сабақта студенттер берілген тақырып бойынша демострациялар мен зертханалық жұмыстарды орындаулары керек. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» – 3 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ, 50 минуттық зертханалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физикалық ұғымдар мен шамалардың, құбылыстар мент процестердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, физика есептерін шығарып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа және зертханалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.
5 курс саясаты

Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген

«12 жылдық мектепте физика бойынша оқушылардың өзбетінше жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері» пәні бойынша балдардың таратылуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1-7

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Практикалық сабақ (есеп, қорғау)

1

Өздік жұмысқа қойылатын талаптар; өздік жұмыстың тәрбиелік мәні




Практикалық сабақта

2

Оқушылардың сабақтағы өздік іскерлігінің әдістері және тәсілері, формалары

5

Практикалық сабақта

3

Физика есептерін шығару бойынша оқушылардың өздік жұмыстары

10

Практикалық сабақта

4

Физикадан сапалық және графиктік есептерді шығару бойынша оқушылардың өздік жұмыстары

10

Практикалық сабақта

5

Зертханалық сабақ кезіндегі оқушылардың өздік жұмыстары

10

Практикалық сабақта

6

Оқушылардың таратпа материалармен орындайтын өздік жұмыстары

5

Практикалық сабақта

7

Оқушылардың үйде орындайтын өздік жұмыстары

5

Практикалық сабақта

Зертханалық сабақ

1-3

7 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу

20

Зертханалық сабақта

4-6

8 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу

30

Зертханалық сабақта

7

9 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу

10

Зертханалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

3

Физика есептерін шығаруда өздік жұмыстары ұйымдастыру әдістемесі

50

Сабақ кестесіне сәйкес

5

Оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдармен өз беттерінде жұмыс жасауды ұйымдастыру

25

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

2

Механика бөлімі бойынша есептер шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

20


Сабақ кестесіне сәйкес

4

Молекулалық физика бойынша есептер шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

10

Сабақ кестесіне сәйкес




Аралық бақылау

60




1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




8-15

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

8

Техникалық моделдеу және конструкциялау бойынша оқушылардың өздік жұмыстары

5

Практикалық сабақта

9

Физика оқулығымен оқушылардың өздік жұмыстары

5

Практикалық сабақта

10

Оқушылардың оқу әдебиетімен өзбетінше жұмыс жасауының спецификациясы

5

Практикалық сабақта

11

Физикадан оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру процесінде компьютерлік моделдерді қолдану

5

Практикалық сабақта

12

Компьютерлік моделдеу оқушылардың оқу белсенділігін арттыру тәсілі ретінде

5

Практикалық сабақта

13

физика сабақтарында оқушылардың компьютерлік бағдарламалармен өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

5

Практикалық сабақта

14

Физикадан 7-9 оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру

5

Практикалық сабақта

15

Физикадан 10-11 оқушыларының өздік жұмыстарын ұйымдастыру

5

Практикалық сабақта

Зертханалық сабақ

8-9

9 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу

10

Зертханалық сабақта

10-12

10 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу

15

Зертханалық сабақта

13-15

11 сынып физика курсы бойынша демонстарциялық тәжірибелерді таңдау, орындау және өңдеу

15

Зертханалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

9

Оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдармен өз беттерінде жұмыс жасауды ұйымдастыру

25

Сабақ кестесіне сәйкес

11

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағы жоспарды пайдалану

50

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

8

Молекулалық физика бойынша есептер шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

10

Сабақ кестесіне сәйкес

10

Электродинамика бойынша есептер шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

20

Сабақ кестесіне сәйкес

12

Оптика бойынша есептер шығаруда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

10

Сабақ кестесіне сәйкес




Аралық бақылау

75




8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000






7.ӘДЕБИЕТ

    1. Негізгі әдебиет

1. Теория и методика обучения физике в школе: общие вопросы //под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000

2. Теория и методика обучения физике в школе: частные вопросы //под ред. С.Е. Каменецкого, М.: 2000

3. Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе: теоретические основы. - М.: Просвещение, 1981

4. Л.И.Анциферов, И.М.Пищиков Практикум по методике и технике школьного физического эксперимента: Учебн.пособие для студентов пед.ин-тов по физ.-мат. спец. –М.: просвещение, 1984. -255с.

5. Межпредметные связи курса физики в средней школе//под ред. Ю.И. Дик, И.К.Турышева.- М.: Просвещение, 1987

6.Учебное оборудование по физике в средней школе//под ред. А.А.Покровского. М.: Просв.1973

7.Демонстрационный эксперимент по физике. Ч.1,2.//под ред. А.А.Покровского. М.: Просв.1968

8. Фронтальные лабораторные работы по физике в 7-11 классах общеобразовательных учреждений //под ред. В.А.Бурова, -М.,1996

9. Физический практикум для классов с углубленным изучением физики: дидактический материал: 9-10кл. //под ред. Ю.И.Дик, О.Ф.Кабардина.- М.: Просвещение, 1993

10. Методика факультативных занятий по физике: пособие для учителей //под ред. О.Ф.Кабардина, В.А.Орлова.- М.: Просвещение, 1988

11. Усова А.В., Бобров А.А. Формирование учебных умений и навыков учащихся на уроке физики. – М.: Просвещение, 1988

12. Бурсиан Э.М. Задачи по физике для компьютера. – М.: Просвещение, 1991

13. Методика преподавания физики ч.1,2 //под ред.В.П.Орехова. А.В.Усовой.-М.: Просв.,1980

14. Смирнов А.В. Методика применения информационных технологий в обучении физике. Учеб.пособие. -М.:Академия., 2008. -240с



  1. Усова А.В. Практикум по решению физических задач: Для студентов физ.-мат.фак. /А.В.Усова, Н.Н.Тулькибаева М.: Просвещение, 2001, - 206с.

  2. Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.

  3. Физиканы оқыту методикасы 6-7. Тұп нұсқасының редакциясын басқарған В.П.Орехов пен А.В.Усова. Алматы 1978.

  4. М.Құдайқұлов, Қ.Жаңабергенов Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1998.

  5. Физикадан факультатив сабақтар методикасы. Түп нұсқасының редакциясын басқарған О.Ф.Кабардин, Алматы, 1985.

7.2 Қосымша әдебиет:

  1. Оценка качества подготовки выпускников основной школы по физике. М.: Дрофа, 2000.

  2. Оценка качества подготовки выпускников средней (полной) школы по физике. М.: Дрофа, 2001.

3. Кассандрова О.Н., Матвеев А.Н. Методика решения задач по молекулярной физике. М.: Изд-во Моск.унив-та, 1982

4. Ланина И.Я. Формирование познавательных интересов учащихся на уроках физики.М.: Просвещение, 1985

5. Л.А.Сена Сборник вопросов и задач по физике. Учебн.пособие. М.:Высшая школа, 1986

6. Бурсиан Э.В. Физические приборы. Учебн.пособие. М.: Просвещение, 1984

7. ж. Физика в школе.- мерзімдік басылым

8. ж. ФМИ – мерзімдік басылым

9. Газета «Первое сентября», приложение Физика - периодическое издание

10. 7-11 кластарға арналған физика оқулықтары







жүктеу 193,53 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау