Тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін биология сабақтарында ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, коммуникативтік дағдыларды дамыту қажет.
Оқу барысында оқушыларды сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қарым-қатынасқа түсуін, түрлі ақпараттық құралдарды пайдалануын, «Биология» пәнінің ғылыми тілін сауатты қолдануын ынталандыру қажет.
Биологиядан оқытылым тапсырмаларының мысалдары:
ақпарат көздерімен жұмыс (ғылыми энциклопедиялар, ғылыми мақалалар, мерзімдік басылымдар), оқылған әдебиеттен тиісті үзінділер келтіру арқылы тезистер жасау;
оқылатын материалды оқу, салыстыру, талдау мен бағалау және негізделген қорытынды шығаруға қолдану.
Биологиядан жазылым тапсырмаларының мысалдары:
тәжірибелік немесе зерттеу жұмысының нәтижелерін сипаттап, түрлі дерек көздерінен алынған алуан түрлі мәліметтерді пайдалана отырып ғылыми баяндама жазу;
Биологиядан айтылым және тыңдалым тапсырмаларының мысалдары:
ғылыми терминологияны сауатты қолданып, баяндама жасау, өз ойын дұрыс білдіре алу, өз ойын негіздей білу, дискуссия жүргізу;
тапсырмаларды орындау, оқушылар тобының тиімді жұмысына бағытталған топтық практикалық жұмыста сөйлеу және басқа адамды тыңдай білу.
3. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Биология» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процессін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету үшін, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.
4 «Биология» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 4.1 Оқу жүктемесінің бөлінуі
Оқу жүктемесінің бөлінуі:
Сынып
|
Апталық жүктеме
|
Жылдық жүктеме
|
10
|
2 сағат
|
68 сағат
|
11
|
2сағат
|
68 сағат
|
«Биология» пәнін оқыту теориялық және тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған арнайы орынжайлардың болуын талап етеді. Төменде биология пәнін жоғары сапада өткізу және тиімді оқу үшін қажет жабдықтар мен ресурстардың тізімі ұсынылып отыр:
теориялық, зертханалық және тәжірибелік сабақтарға арналған кабинеттер, сондай-ақ далалық телімдерге қолжетімділік (мүмкіндігінше);
өздік және топтық жұмысты жүргізу үшін қажетті жиһаз;
жабдықты және химиялық заттарды сақтауға арналған тиісті орын;
таныстырылымды өткізуге, плакаттарды ілуге және интерактивтік тақтаны, қабырғалық тақтаны (бор/маркер), оқушылардың жұмысын көрсетуге арналған тақтаны ілуге арналған қабырғаның беткі қабаты;
ғаламторға қолжетімдігі бар компьютерлер және заманауи, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыздандыру, соның ішінде компьютерлік вирустардан қорғау жөніндегі бағдарламалар;
қауіпсіздік бойынша, заттарды сақтау бойынша, әртүрлі заттармен және жабдықтармен жұмыс жасау бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған нұсқаулықтар;
алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәріқобдиша, өртке қарсы жабдық, желілік электр қуаты бар қалдық тоқтарды сөндіру құрылғысы, газ берілісін апаттық тоқтату қақпақшасы, оқушыларға арналған жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) (көзілдірік, арнайы киім, қолғап, алжапқыш);
тиісті тақырыпқа арналған анықтамалықтар, энциклопедиялар, бейнероликтер, плакаттар, модельдер;
биологиялық зерттеулер мен эксперименттерді жүргізуге арналған реагенттер жиынтығы;
зертханалық құрал-жабдық жиынтығы (соның ішінде шыны ыдыс, препарация жүргізуге арналған құрал-саймандар, микроскоптар, өлшеу құралдары, сынамаларды іріктеуге және қыздыруға арналған құралдар);
дайын микропрепарат жиынтықтары;
бактериялық дақылдарды қауіпсіз сақтауға, жұмыс істеуге, пайдалануға және кәдеге жаратуға арналған жабдықтар мен ресурстар;
биологиялық үлгілер (ылғалды препараттар, жиынтықтар, кеппешөптер, патогендік емес биологиялық дақылдар);
шығын материалдарының жиынтығы (қағаз, сіріңке, модельдеуге арналған материалдар).
Зертханалық құрал-жабдық және ыдыс:
автоклав;
алюминий фольга;
ақ керамика тақтайшалар (сынамаларды кесуге арналған тақтайшалар);
қағаз сүлгілер;
мақта;
суға төзімді маркерлер;
бумен қыздырғыш (термореттегіші бар) және ыстық су беруге арналған құрал;
зертханалық воронка (иірім түтікше);
газды бұратын түтікше;
Бунзен жандырмасы;
Пробиркаларды ұстағыштар;
Диализдік/вискингтік түтікшелер;
Түтікшелерге арналған қысқыштар;
Конус түріндегі шыны колбалар;
Үстел үстіне қоятын шам;
Сызғыш;
Ұлғайтқыш шыны;
Өлшегіш стақандар (түрлі өлшемдегі);
Микрометр;
Микроскоп;
Қайшы;
Бактериологиялық тұзақ;
Пинцет;
Белгілері жазылған пипетка;
Ұшы жіңішке пипетка;
Жабуға арналған шынылар;
Затты қоюға арналған шынылар;
Препарация жасауға арналған ине;
Шыны пробиркалар;
Ыстыққа төзімді пробиркалар;
Пробиркаларға жабатын шыны тығындар;
Резеңкеден жасалған байланыстырғыш түтікшелер (түрлі өлшемдегі);
Тор (сүзгіш);
Секундомер;
Зертханалық елеуіш;
Қандауыр;
Спиртпен жанатын шам;
Қорғаныс құралдары (желеңдер, бессаусақ қолғаптар, қорғаныштық көзілдіріктер);
Шыны таяқшалар;
Келі мен келсаптың зертханалық шағын үлгісі;
Термометрлер;
Хроматографиялық қағаз;
Петри шыныаяғы;
Шприцтер (1 см3-ден 20 мл-ге дейін);
Зертханалық химиялық штатив;
Пробиркаларды бекітуге арналған штатив;
Ұяшықтары бар пластина (ұяшықтары бар планшет).
Химиялық реактивтер мен материалдар:
Агар-агар (бактериологиялық/техникалық);
Альбумин (немесе жұмыртқа ақуызы);
Натрий альгинаты;
Ауксин;
Вазелин;
Генцианды күлгін бояғыш;
Натрий гидрокарбонаты;
Глюкоза;
Дистилденген су;
Фенолфталеинді индикатор;
Йодты калий ерітіндісі;
Кварцты құм;
Крахмал;
Сүт қышқылды бактериялар өсіндісі;
Лакмус қағаз;
Күміс нитраты;
Сутегі асқын тотығы;
Ерітілген тұз қышқылы;
Бенедикт ерітіндісі;
Биурет ерітіндісі/натрий гидроксиді және мыс сульфатының ерітіндісі;
Люголь ерітіндісі;
Натрий хлоридінің ерітіндісі;
Сахароза;
Мыс сульфаты;
Құрғақ ашытқы;
Глюкоза мөлшерін анықтауға арналған тест-жолақтар;
Әмбебап индикатор;
Фуксин/сафранин;
Кальций хлориді;
Ферменттер: амилаза, лактаза;
Этил спирті.
Микропрепараттар:
Пияз тамырындағы митоз;
Асқабақ, жүгері, камелия, қазоты жапырағының көлденең қимасы (жапырақ мезофилі);
Өсімдік жасушасы;
Жануар жасушасы;
Жүйке ұлпасы;
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы;
Көлденең жолақты жүрек бұлшыкетінің ұлпасы;
Саңырауқұлақ жасушасы;
Бактерия жасушасы;
Адам қанының жұғындысы;
Сүтқоректінің сперматозоиді;
Сүтқоректінің аналық жасушасы;
Хромосомалық жиынтық;
Тамырдың ішкі құрылымы;
Тамырлы өсімдік сабағының ішкі құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |