Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



жүктеу 467 Kb.
бет3/12
Дата29.04.2022
өлшемі467 Kb.
#38367
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Оқу-бағдарламасы Физика 10-11 сынып

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі
18. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10» – сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.

19. Білім алушылар білуі тиіс:


Бөлімшелер

10 сынып

11 сынып

1.1 Кинематика


10.1.1.1 - қазіргі заманғы физиканың рөлі туралы пікірін айту және өз пікірін дәлелдеу;




10.1.1.2 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;




10.1.1.3 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;




10.1.1.4 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, эксперименттік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;




10.1.1.5 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару;




10.1.1.6 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану;




10.1.1.7- инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату;




10.1.1.8 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану;




10.1.1.9 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау;




10.1.1.10 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау;




10.1.1.11 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу;




1.2 Динамика


10.1.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру;




10.1.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру;




10.1.2.3 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру;




10.1.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану;




10.1.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану;




10.1.2.6 - айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;




10.1.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу ;




10.1.2.8 - дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау;




1.3 Статика


10.1.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау;




10.1.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату;




10.1.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау;




1.4. Сақталу заңдары


10.1.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану;




1.5. Сұйықтар мен газдардың механикасы


10.1.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау;




10.1.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;




10.1.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану;




10.1.5.4 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну;




2.1 Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері


10.2.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау;




10.2.1.2 - идеал газ моделін сипаттау;




10.2.1.3- молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;




2.2 Газ заңдары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану;




10.2.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу(Бойль-Мариотт заңы);




10.2.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы);




10.2.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу(Шарль заңы);




10.2.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану;




2.3 Термодинамика негіздері

10.2.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану;




10.2.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;




10.2.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау;




10.2.3.4 - жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті формуласын есептерді шығаруда қолдану;




2.4 Сұйық және қатты денелер

10.2.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау;




10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау;




10.2.4.3 - әр түрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату;




10.2.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау;




3.1 Электростатика


10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану;




10.3.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;




10.3.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану;




10.3.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу;




10.3.1.5 - электростатикалық өрісте күшті және энергетикалық сипаттамаларды байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану;




10.3.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістерде күшті және энергетикалық сипаттамаларды салыстыру




10.3.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электростатикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау;




10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;




10.3.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда;




10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу;




3.2 Тұрақты ток

10.3.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану;




10.3.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу;




10.3.2.3 - элерктр қозғаушы күші мен кернеу көзінің әр түрлі жұмыс режиминдегі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) байланысын зерттеу;




10.3.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану;




10.3.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;




10.3.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану;




10.3.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің пайдалы әсер коэффициентінің формулаларын есептер шығаруда қолдану;




3.3 Әр түрлі ортадағы электр тогы

10.3.3.1 - металдардағы электр тогын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау;




10.3.3.2 жоғары температурада асқын өткізгішті материалдарды алудың келешегін талқылау;




10.3.3.3 - жартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгіш құралдарын қолдану принципін түсіндіру;




10.3.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгіш диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу;




10.3.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану;




10.3.3.6 - электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау;




10.3.3.7 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау;




10.3.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру;




жүктеу 467 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау