Бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



жүктеу 467 Kb.
бет2/12
Дата29.04.2022
өлшемі467 Kb.
#38367
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Оқу-бағдарламасы Физика 10-11 сынып


2-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


4.«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты құрайды.

5. Оқу пәнінің мазмұны 10 бөлімді қамтиды:


  1. Механика;

  2. Жылу физикасы;

  3. Электр және магнетизм;

  4. Электромагниттік тербелістер;

  5. Электромагниттік толқындар;

  6. Оптика;

  7. Салыстырмалы теорияның элементтері;

  8. Кванттық физика;

  9. Нанотехнология және наноматериалдар;

  10. Космология.

6. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Кинематика;

  2. Динамика;

  3. Статика;

  4. Сақталу заңдары;

  5. Сұйықтар мен газдардың механикасы.

7. «Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Молекулалы-кинетикалық теория негіздері;

  2. Газ заңдары;

  3. Термодинамика негіздері;

  4. Сұйық және қатты денелер.

8. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Электростатика;

  2. Тұрақты ток;

  3. Әртүрлі ортадағы электр тогы;

  4. Магнит өрісі;

  5. Электромагниттік индукция.

9. «Электромагниттік тербелістер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Механикалық тербелістер;

2) Электромагниттік тербелістер;

3) Айнымалы ток.

10. «Электромагниттік толқындар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Толқындық қозғалыс;

2) Электромагниттік толқындар.

11. «Оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) Толқындық оптика;

2) Геометриялық оптика.

12. «Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімі «Салыстырмалы теорияның элементтері» бөлімшесінен тұрады.

13. «Кванттық физика» бөлімі келесі бөлімшесінен тұрады:

1) Атомдық және кванттық физика

2) Атом ядросының физикасы.

14. «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімі «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімшесінен тұрады.

15. «Космология» бөлімі «Космология » бөлімшесінен тұрады.

16. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) «Кинематика». Қазіргі замандағы физиканың рөлі. Физикалық өлшеулер; физикалық шамалардың қателіктері; өлшеулер нәтижесін өңдеу;

№1 Зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

2) Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары; инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар; Галилейдің салыстырмалылық принципі; қисық сызықты қозғалыс кинематикасы; көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы;

№ 2 Зертханалық жұмыс: ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

3) «Динамика». Күштер; күштерді қосу; Ньютон заңдары; бүкіл әлемдік тартылыс заңы; абсолют қатты дененің инерция моменті; импульс моменті; импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы; айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі;

№ 3 Зертханалық жұмыс: көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

4) «Статика». Массалар центрі; тепе-теңдік түрлері.

№ 4 Зертханалық жұмыс: бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

5) «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

6) «Сұйықтар мен газдардың механикасы». Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары; Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш; Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы;

№5 Зертханалық жұмыс: тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу;

Практикалық жұмыстар: эксперименттік есептер шығару; нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу.

7) «Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi». Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi; термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер; тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе; температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі; идеал газ; газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

8) «Газ заңдары». Идеал газ күйінің теңдеуі; изопроцестер; изопроцесстер графиктері; Дальтон заңы;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару; молекулалық физиканың заңын компьютерлік модельдеу.

9) «Термодинамика негiздерi». Идеал газдың ішкі энергиясы; термодинамикалық жұмыс; жылу мөлшері; жылусыйымдылық; термодинамиканың бiрiншi заңы; термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану; адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі; қайтымды және қайтымсыз процестер; энтропия; термодинамиканың екiншi заңы; айналмалы үдерістер және оның пайдалы әсер коэффициенті; Карно циклі;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

10) «Сұйық және қатты денелер». Қаныққан және қанықпаған бу; ауаның ылғалдылығы; фазалық диаграммалар; үштік нүкте; заттың кризистiк күйi; сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi; жұғу, қылтүтіктік құбылыстар; кристалл және аморф денелер; қатты денелердің механикалық қасиеттері;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

11) «Электростатика». Электр заряды; зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы; зарядтың сақталу заңы; Кулон заңы; электр өрісі; біртекті және біртекті емес электр өрісі; электр өрісінің кернеулігі; электр өрісінің суперпозиция принципі; электр өрісінің кернеулік векторының ағыны; Гаусс теоремасы; зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы; потенциал; электр өрісінің потенциалдар айырымы; эквипотенциал беттер; біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс; электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер; электрсыйымдылығы; конденсаторлар; конденсаторларды жалғау; электр өрісінің энергиясы;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

12) «Тұрақты ток». Электр тогы; тізбек бөлігіне арналған Ом заңы; өткізгіштерді аралас жалғау; ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісі; толық тізбек үшін Ом заңы; Кирхгоф заңдары; электр тогының жұмысы мен қуаты; Джоуль –Ленц заңы; ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті;

№6 Зертханалық жұмыс: өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену;

№7 Зертханалық жұмыс: ток көзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

13) «Әр түрлі ортадағы электр тогы». Металдардағы электр тогы; асқын өткiзгiштiк; жартылай өткiзгiштердегi электр тогы; жартылайөткізгішті құралдар; электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы; электролиз заңы; газдардағы электр тогы; вакуумдегi электр тогы; электронды-сәулелік түтікше;

№ 8 Зертханалық жұмыс: шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы;

№ 9 Зертханалық жұмыс: Бір валентті ионның электр зарядын өлшеу;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

14) «Магнит өрісі». Магнит өрісі; тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі, Ампер тәжірибелері; магнит индукция векторы; дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы; бұрғы ережесі; Ампер күші, сол қолы ережесі; Лоренц күші; магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы; заттың магниттік қасиеттері; кюри температуры;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

15) «Электромагниттiк индукция». Ампер күшінің жұмысы; магнит ағыны; электромагниттiк индукция құбылысы; электромагниттiк индукция заңы; Ленц ережесі; өздік индукция; индуктивтілік; магнит өрісінің энергиясы; электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы.

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

17. Оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны:

1) «Механикалық тербелістер». Гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері.

2) Электромагниттік тербелістер». Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер; механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық.

Практикалық жұмыстар: эксперименталдық және мазмұндық есептерді шығару; электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу; тербелмелі контурдың әр түрлі параметрлері үшін электрлік тербелістер кезіндегі кернеудің және ток күшінің, электр және магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу.

3) «Айнымалы ток». Айнымалы ток генераторы; еріксіз электромагниттік тербелістер; айнымалы ток; айнымалы ток тізбегінде активті және реактивті кедергі; активті және реактивті кедергілерден тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы; айнымалы ток тізбегіндегі қуат; электр тізбегіндегі кернеу резонансы; Қазақстандағы және дүние жүзіндегі электр энергиясын өндіру және қолдану;

№ 1 Зертханалық жұмыс: трансформатор орамасындағы орам санын анықтау;

Практикалық жұмыстар: сапалық және мәтінді есептер шығару.

4) «Толқындық қозғалыс». Серпімді механикалық толқындар; бойлық және тұрғын толқындардың теңдеуі; механикалық толқындардың таралуы; механикалық толқындардың интерференциясы; Гюйгенс принципі; механикалық толқындардың дифракциясы;

№ 2 Зертханалық жұмыс: ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау.

5) «Электромагниттік толқындар». Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылу; радиобайланыс; детекторлы радиоқабылдағыш; аналогты-сандық түрлендірулер; байланыс арналары; байланыс құралдары;

Практикалық жұмыстар: эксперименттік есептерді шығару; электромагниттiк толқындарды компьютерлік модельдеу және олардың қасиеттерін зерделеу.

6) «Толқындық оптика». Жарықтың электромагниттік табиғаты; жарықтың жылдамдығы; жарықтың дисперсиясы; жарықтың интерференциясы; жарықтың дифракциясы; дифракциялық торлар; жарықтың поляризациясы;

№ 3 Зертханалық жұмыс: дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау;

№ 4 Зертханалық жұмыс: жарықтың интерференциясын, дифракциясын және поляризациясын бақылау;

Практикалық жұмыстар: эксперименталдық және мазмұндық есептерді шығару; компьютерлік модельдеу (жарықтың интерференциясы мен дифракциясы).

7) «Геометриялық оптика». Гюйгенс принципі; жарықтың шағылу заңы; жазық және сфералық айналар; жарықтың сыну заңы; толық ішкі шағылу; линзалар жүйесінде кескін салу; жұқа линза формуласы; оптикалық құралдар;

№ 5 Зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткішін анықтау;

Практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі; жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі; көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру.

8) «Салыстырмалы теорияның элементтері». Салыстырмалы теорияның постулаттары; Лоренц түрлендірулері; энергия; релятивистік динамикадағы импульс және масса; материалдық дене үшін энергия мен массаның байланыс заңы;

9) «Атомдық және кванттық физика». Сәулеленудің түрлері; спектрлер; спектрлік құралдар; спектрлік анализ; инфракызыл және ультракүлгін сәулелену; рентген сәулелері; жылулық сәулелену; Стефан –Больцман және Винн заңдары; ультракүлгін апаты; Планк формуласы; фотондар; фотоэффект; электромагниттік сәулелену шкаласы фотоэффектіні қолдану; жарық қысымы; жарықтың химиялық әсері; рентгендік сәулелену; жарықтың корпускулярлық-толқындық табиғатының біртұтастығы; альфа бөлшектің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесі; Бор постулаттары; Франк және Герц тәжірибелері; сызықты емес оптика туралы түсінік; лазерлер; бөлшектің толқындық қасиеттері; Бор теориясының қиыншылығы; де Бройль толқындары;

№ 6 Зертханалық жұмыс: сәулеленудің тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау;

Практикалық жұмыстар: эксперименттік және мазмұндық есептерді шығару; Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік моделдеу.

10) «Атом ядросның физикасы». Табиғи радиоактивтілік; радиоактивті ыдырау заңы; атомдық ядро; ядроның нуклондық моделі; изотоптар; ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы; ядролық реакциялар; жасанды радиоактивтілік; ауыр ядролардық бөлінуі; тізбекті ядролық реакция; сындық масса; радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері; радиациядан қорғану; ядролық реактор; ядролық энергетика; термоядролық реакциялар;

№ 7 Зертханалық жұмыс: дайын сурет бойынша зарядталған бөлшектердің тректерін оқып үйрену;

11) «Нанотехнология және наноматериалдар». Нанотехнологияның негізгі жетістіктері, өзекті мәселелер және даму кезеңдері; наноматериалдар.

12) «Космология». Жұлдыздар әлемі; жұлдызға дейінгі қашықтық; айнымалы жұлдыздар; Күн-Жер байланыстары; жұлдыздардың планеталық жүйелері; Жер топтарындағы планеталар және гигант-планеталар; Күн жүйесіндегі кіші денелер; біздің Галактика; басқа Галактикалардың ашылуы; квазарлар; Үлкен жарылыс теориясы; қызыл ығысу және Галактикаға дейінгі қашықтықты анықтау; Әлемнің ұлғаюы; Әлемнің эволюциясының негізгі кезеңдері; әлемнің моделдері; өмір және Әлем туралы ойлар; адамзаттың космостық болашағы және космосты игеру.



жүктеу 467 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау