Бағдарламалау технологиялары және тілдер


Циклді басқарудың Break және Сontinue операторлары



жүктеу 1,75 Mb.
бет19/84
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#36866
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84
интеграция

Циклді басқарудың Break және Сontinue операторлары

Паскаль тілінде циклді басқару үшін 2 оператор қолданылады. Олар циклді қолдану мүмкіндігін кеңейтіп, программа құрылымын жақсартады.



Break- циклді тоқтатуды жүзеге асырады; басқару циклден кейін тұрған операторға беріледі.

Continue -циклдің кезекті қадамының орындалуын мерзімінен бұрын аяқтауды жүзеге асырады; басқару циклдің келесі мәніне беріледі.

Break операторын қолдануға мысалдар:

Мысал30. n бүтін сан берілген. Олардың көбейтіндісін есептеңдер. Егер сан 0-ге тең болса, циклден шығу үшін Break операторын қолданыңдар.

var i, n, x, P: integer;

begin

read (n); санның нешеу екенін енгізу



for i :=1 to n do

begin


readln (x); әрбір санды енгізу

if (x=0) then break;

P:=P*x;

end;


writeln ('P=',P)

end.


Мысал 31. n бүтін сан берілген. Олардың ішінен 5-ке бөлінетін ең алғашқы санның индексін табыңдар.

var i, n, x: integer;

begin

readln (n);



for i :=1 to n do

begin


readln (x);

if x mod 5=0 then break;

end;

writeln ('5-ке бөлінетін алғашқы санның индексі= ',i)



end.

Continue операторын қолдануға мысалдар:

Мысал32. n бүтін сан енгізіп, олардың ішінен оң сандардың ғана қосындысын және санын есептеңдер.

var i, n, x, k,S: integer;

begin

readln (n);



for i :=1 to n do

begin


readln (x);

if x<0 then continue;

S:=S+x; k:=k+1;

end;


writeln (S, k);

end.


Мысал33. n нақты сандардың ішінен жұптарының ғана арифметикалық ортасын табу.

var i, n, x,S:word;

k: integer;

begin


readln (n);

for i :=1 to n do

begin

readln (x);



if x mod 2<>0 then continue;

S:=S+x; k:=k+1;

end;

writeln ('Арифметикалық орта=',S/k);



end.

Goto операторы

Программа құру кезінде кейде басқаруды келесі оператордан басқа операторға беруге тура келеді. Ол үшін басқару берілетін оператор арнайы таңба бойынша белгіленіп қойылуы тиіс. Қолданылған таңба программаның label таңбалар бөлімінде сипатталуы қажет. Басқаруды операторға беру үшін Goto өту операторы қолданылады.

Оның жалпы түрі: Goto таңба;

Мысал:


label a1, b1,c1;

begin


goto a1;

a1: оператор;



b1, c1: оператор;

goto b1;

end.


Мысал34. ax2 +bx+c=0 квадрат теңдеуінің шешімдерін табыңдар.

var a, b, c, D: integer;

x1, x2, x: real; label 10;

begin


readln (a, b, c);

D:=b*b-4*a*c;

If D>0 then begin x1:= (-b+sqrt (D))/(2*a); x2:=(-b- sqrt (D))/(2*a);

writeln ('x1=', x1,'x2=', х2); Goto10; end;

If D<0 then writeln ('шешімі жоқ') else begin

x=-b/(2*a); writeln ('x1=x2=', x); end;

10: end.

Бұл программада D>0 шартының ақиқат жағдайында Goto10, яғни 10- жолға өту операторын қоймаған жағдайда экранға х1, х2 мәндерімен қатар, басқару else қызметші сөзінен кейін тұрған операторға беріліп, D=0 болғандағы х-тің мәні де шыққан болар еді. Ал мұндай жағдай программаның қате орындалуына әкеліп соғады.




жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   84




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау