Тапсырмалар:
Төмендегі есептердің Паскаль тілінде сызықтық программасын құрыңдар:
1. Қараша айында дүкенде А млн теңгеге тауар сатылды, бұл қазан айындағыға қарағанда 15 % артық. Қазан айында қанша ақшаға тауар сатылды?
2. Төбелері берілген үшбұрыштың периметрі мен ауданын табыңдар.
3. Екі сан берілген. Бұл сандардың кубтарының арифметикалық орташасын және модульдерінің геометриялық орташасын табыңдар.
4. Қызметкердің жалақы мөлшері берілген. Жалақыдан зейнетақы қорына кететін (10%) және кіріс (5%) салықтарының мөлшерін анықтаңдар.
5. Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысын табыңдар.
6. Жазықтықта координаталары берілген 2 нүктенің ара қашықтығын табыңдар.
7. Ақпарат көлемін байтпен өрнектейтін А шамасы берілген. А-ны ақпараттың одан үлкен өлшем бірліктеріне айналдырыңдар.
8. Шеңбер ұзындығы берілген. Осы шеңбермен шектелген дөңгелек ауданын табыңдар.
9. Сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2 сақинаның ауданын табыңдар.
10. Алғашқы мүшесі, айырымы, n мүше саны берілген арифметикалық прогрессияның n мүшелерінің қосындысын табыңдар.
Төмендегі есептердің шартты операторды қолданып программасын құрыңдар:
1. N натурал саны берілген. Егер ол сан тақ және оны екі еселегенде алынған сан 32767- ден кем болса, онда ол санды 2- ге көбейтіңдер. Керісінше жағдайда берілген санды 5- ке бөліңдер.
2. Берілген үш таңбалы санның цифрларының қосындысын тауып, оның жұп не тақтығын анықтаңдар.
3. Берілген нүкте центрі (1,1) нүктесіндегі, радиусы R шеңберге тиісті бола ма?
4. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген . Берілген үшбұрыш
а) тең бүйірлі
б) тең қабырғалы бола ма?
5. Бір-біріне тең емес x,y нақты сандар берілген. Олардың кішісін берілген сандардың жарты қосындысымен, ал үлкенін ол сандардың екі еселенген көбейтіндімен алмастыр.
6. К саны а, в, с сандарының қайсысының бөлгіші болады?
7. Кездейсоқ берілген 3 санның неше әрекеттен кейін «бақытты жетілік» құрайтынын анықтаңдар.
8. Үш таңбалы санның төңкермелі ме екендігін анықтаңдар.
9. Берілген күн датасы мен ай нөмірі бойынша сол күннің жылдың басынан санағандағы реттік нөмірін анықтаңдар. ( Мысалы 25 февраль – 56-шы күн)
10. Берілген күннің реттік нөмірі бойынша сол күннің датасы мен ай атын шығаратын программа құрыңдар.( Мысалы 33-күн – 2 -февраль)
Төмендегі есептердің таңдау операторын қолданып программасын құрыңдар:
1. Ай нөмірі бойынша сол айдағы мейрам күндерін экранға шығаратын программа құрыңдар.
(Мысалы: n=1 1-қаңтар Жаңа жыл мейрамы, n=3 8-наурыз Аналар мейрамы, 22-наурыз Наурыз мейрамы)
2. Қаладағы мектеп нөміріне байланысты ол орналасқан аудан атауын экранға шығаратын программа құрыңдар.
3. Берілген факультет нөмірі бойынша факультет атауын шығаратын программа құрыңдар.
4. Ертегідегі “Оңға жүрсең- атыңнан айрыласың, солға жүрсең- ажал табасың, тіке жүрсең- дос табасың” әрекеттерінен таңдау жасау программасын құрыңдар. (таңдау шарты: оңға- “о”, солға- “с”, тіке- “т”)
5. Ай нөміріне сәйкес сол айдағы күн санын шығарыңдар.
6. Апта күні нөміріне байланысты, сол күнде болатын сабақ санын шығарыңдар.
7. 1-ден 4-ке дейін енгізілген натурал санға байланысты “Сәлем n-курс” хабарламасын экранға шығарыңдар (мысал: n=1 болса, “Сәлем 1-курс”.)
8. Енгізілген жыл мезгілі нөміріне байланысты бұл мезгілге сәйкес ай аттарын шығарыңдар.
9. 0-ден 9-ға дейінгі енгізілген санға сәйкес оның ағылшынша атауын шығаратын программа құрыңдар.
10. Санның соңғы цифрына байланысты оның квадратының соңғы цифрын шығарыңдар.
11. Енгізілген адам жасына байланысты оны 4 топқа: мектепке дейінгі, оқушы, қызметкер, зейнеткер бөлетін программа жазыңдар.
12. Берілген күн мен ай нөмірі бойынша сол күннің жыл басынан санағандағы реттік нөмірін табыңдар.
№1.СОБӨЖ
Тақырыбы: Паскаль тілінің операторлары. шартты және таңдау операторлары.
Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
Шартты оператор деген не?
Шартты операторлардың формалары жəне олардың жазылу үлгілері қандай?
Құрама шарт деген не, олар қалай жазылады ?
Құрама оператор деген не жəне олардың жазылуы қандай?
Егер шарт орындалмаса жəне программада else сөзі болмаса басқару қайда жіберіледі?
Әдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.
Әдебиеттер: 8 [11-31,103-115], 6 [54- 75]
№2,3.СОБӨЖ

№1.СӨЖ

Әдебиеттер: 1[ 95- 108]
№2,3 СӨЖ

Үшінші апта
№3 дәрістің тақырыбы: Цикл операторы
Достарыңызбен бөлісу: |