Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева



жүктеу 5,25 Kb.
Pdf просмотр
бет19/39
Дата25.05.2018
өлшемі5,25 Kb.
#17607
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39

 
41 
отырған  күрделі  ойлардың,  идеялардың,  проблемалардың  әдебиет  дүниесінен 
өз бойына лайық орнын табуы болып танылады. 
 
 
Сұрақнама: 
1) Аударма шеберлерінің туындыларындағы ұлттық болмыстың көріністері 
қандай? 
2) Шәкәрім аудармаларындағы қазақ топырағына тән қасиеттердің көрінісін 
сипаттаңыздар. 
3) «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасының қазақ әдебиетінде  алатын орны қандай? 
 
           Практикалық сабақтарда қарастырылатын тақырыптар 
 
1 Аудармашы мамандығы 
1. Аударма және оның зерттеу нысандары. 
2. Аударманың басқа ғылымдармен байланысы. 
3. Аударманың түрлері. 
4. Аударманың теориялық мәселелері. 
5. Аударманың қазіргі ізденістері. 
6. Жеке аудармашылардың аудармаларын зерттеудің кейбір ерекшеліктері. 
 
2 Аударма түрлері. Ауызша, іліспелі және синхронды аудару 
1. Ауызша аударманың түрлері. 
2. Синхронды және іліспелі аудармалардың айырмашылығы. 
3. Іліспелі және синхронды аудармаларды сипаттаңдар. 
4. Синхронды аударманың психофизиологиялық ерекшеліктері. 
 
3 Жазбаша аудару 
1. Ауызша аударманың жазбаша аудармадан айырмашылығы. 
2. Аударма  баламасын  дұрыс  тауып  алу  үшін  қандай  факторларды 
қолданамыз. 
3. Жазбаша  аудармасының  принциптерін  қолданып  отырып  оқытушы 
ұсынған қайырманы аудару. Аудармаға анализ жасау. 
 
4  Ауызша  және  жазбаша  аудару  арасындағы  айырмашылықтар. 
Парақтан аудару 
1. Ауызша және жазбаша аудармалардың айырмашылығын суреттеу. 
2. Қағаз  бетінен  қолма-қол  аударуды  қандай  факторлар  қиынға  түсіреді 
және қайсысы жеңілдетеді. 
3. Оқытушының  ұсынған  қолма-қол  аудармасын  аудара  отырып,  оған 
қорытынды жасау. 
 
5 Аударманың кәсіби этикасы 
1. Аудармашы  мен  заказ  беруші  адамның  арасындағы  этикалық  қарым-
қатынас. 
2. Аудармашының кәсіби этикасы туралы білім. 


 
42 
3. Аудармашының кәсіби этика біліміне қандай үлес қоса аласыз? 
 
6 Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес 
1. Ұжымдылық жиындар туралы мәлімет. 
2. Келісім  шарт  және  тағы  басқа  маңызды  қағаздарға  қол  қою  шаралардың 
өтуі. 
3. Келешек аудармашыларға қандай кеңес бере аласыздар? 
 
7 Көркем аударманың теориясы мен тарихы 
1. Қазақ аудармасының бастауы. 
2. Аудару іс-әрекетінің өмір сүруі және зерттелу тарихы. 
3. Аударма өнерінің келесі ұрпаққа қалдыратын  рухани пайдасы. 
4. ХХ ғасырдың 20 жылдары жазылған аударма мәселесі. 
5. 1930 жылдардағы аударматанудағы М.Әуезовтің үлесі. 
 
8 Абай – аудармашы 
1. Абай және аударма өнеріндегі рухани үрдіс. 
2. Ақын 
шығармашылығындағы  А.С.Пушкиннің  «Евгений  Онегин» 
романының алатын орны. 
3. Абайға әсер еткен Ресейдің әлеуметтік-саяси идеялары. 
 
9 «Евгений Онегин» романының Абай нұсқасы 
1. Абайдың  «Евгений Онегин» сарынымен шығарған өлеңдері. 
2. Романның  ішіндегі  үлкен  ой,  сирек  сезімдерді  Абайша  жеткізу  және 
көріктеу. 
3. Қазақ  халқының  ірі  ойшылы,  ұлы  ақыны,  қоғам  қайраткері  Абай 
ақындығының қалыптасуына Пушкин шығармашылығының тигізген әсері. 
 
10 «Евгений Онегин» романының І.Жансүгіров нұсқасы 
1.  І.Жансүгіров  –  Пушкин  есімін  қазақ  кеңес  поэзиясына  алғаш 
енгізушілердің бірі. 
2.  Тағдырлас  екі  ақынның  өмірі  мен  шығармашылығындағы  ұқсастықтар, 
үндестік мотивтер. 
3.  «Евгений Онегин» романын Ілиястың сөзбе-сөз, дәл аударуы. 
4.  Абай нұсқасы мен І.Жансүгіров нұсқаларын салыстыру. 
5.  А.С.Пушкин мен І.Жансүгіровтің  өлең құрылыстарының ұқсастығы.  
 
11 А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесінің М.Бекімов нұсқасы 
1. Көркем аударма бастаулары. 
2. Қазақ  әдебиетінің  аударма    саласында  алғаш  жасалған  М.Бекімовтің 
«Капитан қызы» повесінің алатын орны. 
 
12 Ә.Тәжібаевтың аударматанудағы өзіндік рөлі 
1. Ә.Тәжібаевтың  түпнұсқадан  алшақтамай,  бастапқы  нұсқаны  тура  сол 
қалпында беруі. 


 
43 
2. Ә.Тәжібаевтың  мақал-мәтелдерді,  тұрақты  сөз  тіркестерін  бір  әдіспен, 
яғни ана тілімізден тура баламасын таба отырып, образды сақтап, қазақ тілінің 
грамматикалық құрылымына еш нұқсан келтірмей өрнектеуі. 
3. Бұл  нұсқаның  аударманың  қандай  болса  да  талаптарына  жауап  бере 
алатын,  төл  әдебиетіміздің  аударма  саласында  өзіндік  орны  бар  туынды 
екендігі. 
 
13 А.С.Пушкиннің «Боран» әңгімесінің аудармасы 
1. Шәкәрім  қажының  Пушкиннен  өлеңмен  жасаған  екінші  аудармасы  –  
«Боран» әңгімесі. 
2. Қазақ аудармашысының жастардың бір  – біріне деген іңкәрлік сезімін өз 
замандастарына мейілінше жатық жеткізуі. 
3. Аударма  жасалынған  шығарманың  аудармашы  қаламынан  туындаған 
«Қалқаман – Мамыр»«Еңлік – Кебек»«Нартайлақ – Айсұлу» дастандарымен 
астасып жатуы. 
 
14 А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесінің қазақша нұсқасы 
1. Аударма өнері және көркемдік эстетикалық шеберлік проблемалары. 
2. Аудармадағы ұлттық болмыс және шеберлік сипаттары. 
3. Шәкәрімнің аударма барысындағы кейбір еркіндіктерге баруы. 
4. Пушкин прозасының қазақ тілінде өлеңмен берілуі. 
 
15 Шәкәрім және орыс әдебиеті 
1. Шәкәрім және Пушкин.  
2. Шәкәрім және Толстой. 
3. Аударма өнеріндегі қазақ ақынының қол жеткізген табыстарының бүгінгі 
әдебиетте көрініс табуы. 
 
16 Шәкәрім және Л.Н.Толстой 
1. Шәкәрім мен орыс білімпазы Л.Н.Толстой. 
2. Шәкәрімнің өмірге деген философиялық көзқарастары. 
3. «Алты топтамаға» енген аудармаларының мәні мен маңызы. 
 
17 Шәкәрім және шығыс әдебиеті 
1. Көркем аударма және әдеби байланыстың кейбір мәселелері. 
2. Иран – түркі халықтарының қазақ әдебиетімен қарым-қатынасы. 
3. Абайдың  «Ескендірнама»  дастанының  маңызы  және  кейінгі  әдебиет 
қайраткерлерінің еңбектеріне тигізген әсері. 
 
18 «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасының қазақ әдебиетінде алатын орны 
1. Физули  Бағдадидің  «Ләйлі  –  Мәжнүн»  поэмасының  қазақ  тіліне 
тәржімалануы. 
2. «Ләйлі  –  Мәжнүн»  поэмасының  Шәкәрім  шығармашылығында  алатын 
орны. 
3. Поэманың ауыз әдебиеті үлгілерімен байланысы. 


жүктеу 5,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау