34
дүниеге келген «Қалила мен Димна», «Тотынама» парсылардың төл
туындысындай болуы жайдан жай емес. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ
әдебиетінің өн бойынан әлем әдебиетімен байланысты да байқаймыз.
Сондықтан төл әдебиетімізді тереңдеп, түстеп танимыз десек, әлем әдебиетінен
бөліп-жарып қарау мүмкін емес. Ал әдеби байланыстар жайында сөз етсек,
қазақ әдебиетіне шығыс әдебиетінің тигізген әсеріне тоқталмай кету және
мүмкін емес.
Иран-түркі халықтарының мәдени-әдеби қарым-қатынасы өте көне
дәуірлерден басталады. Сондықтан да екі халықтың мифологиялық түсінік,
ырым-кәделерінде, фольклорында ортақтық мол. «Авестада» бейнеленген
мифологиялық пері, дию, аждаһа қазақ халық ертегілерінің кейіпкеріндей
қабылданатыны осыдан. Ал «Шаһнама» дастанында «қазақ» сөзінің ауызға
алынуы халқымыздың тарихын зерттеушілер үшін мәнді дерек болса керек.
Фердоусидің «Шаһнамасы», Низамидің, Сағдидің дастандары қазақ
жұртына етене таныс. Әдебиетіміздің үлкен тұлғалары – Абай мен Шәкәрім
«Ескендір», «Ләйлі – Мәжнүн» дастандарында ақындық сайысқа түсіп,
нәзирагөйлік дәстүрді өз өлеңдерінде барынша ұштаған.
Алайда қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен астасқан қырлары толық
ғылыми тұрғыдан зерттеліп біткен жоқ.
Ал енді Кеңес үкіметі тұсында шығыстың классикалық жәуһар
туындыларын ана тілімізге тәржімалап, көпшілікке танытуда көп іс
тындырылғаны белгілі. Фердоусидің, Сағди Шеразидің, Низамидің, Жәмидің
көлемді дастандары қазақша сөйлетіліп, Рудаки, Омар Хайям, Руми, Хафиз т.б.
шығыс шайырларының лирикалық туындылары республика оқырмандарының
рухани қазынасына айналды. Шығыс шайырларын қазақша тәржімалау
жұмыстарымен Т.Ізтілеуов, Қ.Бекхожин, Қ.Шаңғытбаев, Ж.Нәжімеденов,
М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев, Ғ.Қайырбеков, Ә.Жәмішев т.б. тәрізді белгілі
қаламгерлер айналысты. Бұлардың көпшілігі шығыс шайырларының орыс
тіліндегі аудармаларын қазақ тілінде сөйлетті.
Бір халықтың әдебиетін жұртқа танытатын дәнекер, рухани көпір – аударма
екені белгілі. Аудармашылық – бейнеті мол, үлкен шеберлікті талап ететін
қасиетті өнер. Аударма өнерінің өз қиындығы бар. Мәселен, шығыс халқының
поэзиясы – көркемдігі жағынан аса биікке көтерілген, тұспалды, жұмбаққа,
поэтикалық нақыш өрнектерге айырықша бай мұра болып танылады. Осы
туралы шығыс әдебиетін зерттеуші И.Брагинский: «…в поэзии Востока
воцарились пафос намека, игра иносказаниями и аллегориями, двусмыленность
полутонов и светотени, сбивающие с толку комментаторов и порождающие
множество споров вокруг каждого бейта и стихотворения. Это сложнее ребуса,
который в конечном счете имеет одно – единственное решение. Это хитрее
шифра, который в конечном счете может быть однозначно расшифрован. Это
«лисан ал-ғайб» – сокровенный язык, который каждая эпоха, а внутри нее
разные читательские группы, истолкывают по своему», – деп жазады.
Сол себепті шығыс шайырларының софылық діни түсініктен нәр алатын
тылсым сырлы поэтикалық тілін арнаулы дайындықсыз ұғыну оңайға
соқпайды, ал осындай туындыларды екінші тілге тәржімалау біраз қиындық
35
туғызады. Оның үстіне шығыс ақындарының ойды жеткізу тәсілі еуропалық
әріптестеріне мүлде ұқсамайды.
Данышпан жазушы М.Әуезов Абай жайында жазған зерттеулерінде
ақынның көп өнеге алған мектебі ретінде Шығысты атайды. Ақынның әсіресе,
өлең өнеріне бет қойған кезінде Низами, Физули, Сағди, Хафиз, Фердоуси,
Шәмси тәрізді шығыс шайырларына көп еліктегенін баса көрсетеді. Ұлы
Абайдың ақындық әлемін шығыс дүниесінен бөле-жара қарау мүмкін емес. Осы
бір күрмеуі қиын тақырыпты арнайы зерттеу нысанасына айналдырған
М.Мырзахметұлы Абайдың софылық түсініктерімен іліктес ой-сарындарын,
«Қабус-намеге» қатысын, иран топырағында пайда болған қырларын терең
баяндайды. Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің сан қырлы байланысын ұзақ
уақыттан бері табан аудармай зерттеп жүрген ғалым – Өтеген Күмісбаев. Өз
зерттеулерінде Ө.Күмісбаев Фердоусидің әйгілі «Шаһнама» дастанының қазақ
топырағында танылып, тәржімалану тарихы, Низами, Науаи, Сағди
дастандарының ықпалындағы нәзирагөйлік дәстүрін сөз етеді. Бұл зерттеушінің
«Хафиз, Абай және Шәкәрім» деген мақаласы да көңіл аударарлықтай. Аталған
мақалада Хафиз ғазалдарының ата жұртымызда насихатталуы, тәржімалануы
туралы айтылады. Автор Шәкәрім аудармасы жайында әңгімелей келіп:
«Әлбетте Шәкәрім тұсында аударма теориясы қазақ үшін қалыптаспаған еді,
тосын нәрсе еді, жолма-жол, тікелей аударманың тумаған кезі еді. Неміс
классигі Гете Шығыстың бұлбұлы Хафизбен қалай жарысып еді, Шәкәрім сол
үлгіні қалады. Ақын негізгі мазмұнын сақтап, Хафиз ғазалының рухын,
тынысын бере білді», – деп түйеді.
Сұрақнама:
1) Абайдың шығыс әдебиетін аударудағы рөлі қандай?
2) Шәкәрімнің шығыс әдебиетін аударудағы қызметіне тоқаталыңыздар.
2.9 Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару
тарихы
Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен астасқан қырлары толық ғылыми
тұрғыдан зерттеліп біткен жоқ. Ал енді Кеңес үкіметі тұсында шығыстың
классикалық жәуһар туындыларын ана тілімізге тәржімалап, көпшілікке
танытуда көп іс тындырылғаны белгілі. Фердоусидің, Сағди Шеразидің,
Низамидің, Жәмидің көлемді дастандары қазақша сөйлетіліп, Рудаки, Омар
Хайям, Руми, Хафиз т.б. шығыс шайырларының лирикалық туындылары
республика оқырмандарының рухани қазынасына айналды.
Бұрынғы Кеңес Одағында Хафиз жырлары орыс тілінде бірнеше мәрте
жеке жинақ болып шықты. 1935 жылы «Хафиз. Газели» деген атпен Мәскеудің
«Академия» баспасында, 1955 жылы «Хафиз. 50 Газелей» (Классики
таджикской литературы) атты кітап Тәжікстанның «Таджикиздат» баспасында,
1956 және 1970 жылдары «Хафиз. Лирика» (Перевод с фарси) Мәскеудің
«Художественная литература» баспасында, «Лирика» Мәскеуден 1963 жылы,
«12 миниатюр» И.С.Брагинскийдің авторлығымен Мәскеуден 1970 жылы,
Достарыңызбен бөлісу: |