47
16 тапсырма
Көбінесе аудармашылар клиенттерге тез арада аударма жасап беруге, және
бағасының да төмен болатыны жөнінде уәде ететін машиналық аударма
жүйесіне қарсы. Аудармашылар әдетте машиналардың сапасының төмендігі
мен сенімсіздігі туралы айтады, дегенмен, стиль маңызды орын алмайтын
кейбір техникалық мекемелерде мәтіндерге шектелген тілді қолдана отырып,
сенімділігімен қатар өте үлкен жылдамдықпен, сонымен және төмен бағаға
аударма жасап бере алады. Осындай кезде аудармашылар өздерінің бәсекеге
қабілеттілігін қалай сақтап қала алады? Тез арада аударып қана қоймай бағаны
да төмендету керек пе? Машиналық аударма редакторлары мамандығына
қайта оқу керек пе? Немесе көркем әдебиетті аударуды меңгеруі қажет пе?
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Негізгі
әдебиеттердің мазмұнымен танысып өтіңіздер, сонымен бірге интернет
көздерінен де материал іздестіріңіздер.
17 тапсырма
1. Тіпті егер визуализациялауды, сахналық қойылымдарды және осыған
ұқсастарды қолданатын мнемоникалық әдістер ыңғайға қарағанда тиімді есте
сақтауды қамтамасыз ететін болса, олар жоғары дәрежеде интеллект пен
анализге бағдарланған университет аудиториясында қаншалықты ақылға
қонымды? Қонымдылық ұғымы алдыңғы оқу барысында алынған
«процедуралық есте сақтаумен» қаншалықты дәрежеде анықталады?
Педагогикалық жаңалықтарды енгізу мен эксперименттеудегі студенттер мен
оқытушылардың дайындығына процедуралық есте сақтаудың әсерін
талқылаңыз.
2. Процедуралық есте сақтаудың қандай дағдылары сізге аударуға
көмектеседі? Олар қалай жұмыс жасайды? Қайсылары әзірше онша жақсы
жұмыс жасамайды? Оларды қалай жүзеге асыру керек?
3. Аудармашы үшін осы тарауда берілген меңгеру стилі туралы мәліметтер
қаншалықты пайдалы? Саналық қалаулар тиімдірек жұмыс атқару мүмкін бе?
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Г.Е.Мирамның «Мамандық – аудармашысын» оқып, қазіргі заманғы
аудармашының жұмыс орны қандай болу керектігін ұғыныңыз. Интернет
мәліметтерінің материалдарын пайдаланыңыз.
18 тапсырма
1. Аудармашы өз жұмысында алғы шарттарды қаншалықты қолдану керек?
2. Оның творчестволық тұлғасын нарық заңдылығы қыспаққа алмай ма?
3. Егер иә болса, бұған байланысты нені қолдануға болады? Аудармашы
қандай деңгейде өзін сол нарықпен реттелмейтін салада шектеуі қажет?
4. Аудармашының ақыл-ес іс-әрекеті қаншалықты саналы болу керек?
Аудармашыға қадағалап талду мен қайта қарауға көп уақыт бөлу үшін
жұмысты баяулатуы керек пе? Бастапқы аударма тез аударылуы және өте-мөте
саналы, ал келесісі ақырын және саналы талдау арқылы орындалуы қажет пе?
Ерекше сылтау табылғанша азды-көпті саналы редакциялауға болмай ма?
48
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Өз
тобыңыздың студенттерін өзіңіз қолданатын интернет-қорлардың сайтымен
таныстырыңыз.
Интернеттен тақырып бойынша қосымша материал
дайындаңыз.
19 тапсырма
1. Саяси әдептілікке ауысу – бұл байсалды әлеуметтік реформа ма?
2. Кез-келген ойды сөзбен жеткізуге болады, кез келген сөзді ұғынуға және
бір мәдениет тілінде берілген кез келген ойды, басқа мәдениеттің тілінде
ұғынықты түрде жеткізуге болады деген тұжырым сізге қаншалықты маңызды?
Сізге осыған сену қаншалықты маңызды? Мұндай нанымсыз аудармашы болып
жұмыс жасай алар ма едіңіз? Егер иә болса, бұл жағдайда аудару қаншалықты
мүмкін? Егер жоқ болса, сізге радикалды мәдени релятивизм туралы әңгімелер
қалай әсер етеді?
3. «Дамыған елдің аудармашысы ешқашан өз сезінуіне сүйенбеу керек, егер
ол үшінші әлемнің бір елінде жазылған мәтінді аударса», ал ер адам - әйел
адамның мәтінін аударса және т.б. Бұл тұжырымға қалай қарайсыз? Сіз қай
жағдайда келісесіз, қайсысында – жоқ? Мәтінді өзінің сезінулік қабылдауына
сай сенімді қабылдамау оңай ма әлде қиынба? Бұл қаншалықты мәтіннің өзіне
байланысты?
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Өз
тобыңыздың
студенттерін
Қазақстандағы
және
өз
аймағыңыздағы
аудармашылық білім беру мекемелері туралы интернет-қорлардан алынған
ақпаратпен таныстырыңыз.
20 тапсырма
1. Аудармашылар қауымдастығының өміріне қандай деңгейде қатысасыз?
Олардың мүшелері сізге қандай кәсіби көмек көрсетеді? Қандай мүмкіндіктер
толықтай пайдаланылмай қалады? Олардан қандай кәсіптік тиімділік алуға
болады?
2. Өзіңіз қатысатын барлық әлеуметтік топтарды көрсетуге тырысыңыз. Бір
қауымдастық қайда аяқталып, басқасы басталатыны қалай анықталатынын
талдаңыз. Бір қауымдастықтан екіншіге (студенттер, ұжымдастар, жанұя
мүшелері, көршілер, өз машинаңызды жөндететін автомеханиктер және т.б.)
ауысқан жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз, сөйлеу әдетіңіз және т.б. қалай
ауысатынын бақылаңыз. Қандай қауымдастық сіздің өміріңізде неғұрлым
маңызы аз орын алады? Неге?
3. Өзіңізді кәсіби аудармашы түрінде көрсету кейбір студенттерде
ыңғайсыздық туғызады, ал басқаларында – жағымды сезімді туғызады. Ал сіз
нені сезінесіз? Өз әсерлеріңізді талқылау арқылы бұл тапсырмамен күресу сізге
көмектесе ала ма?
4. Сізге белгілі қандай аударма теориялары аудармашыға көмектеседі?
Теориядан аудармашы үшін қосымша пайданы қалай алуға болады?
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Өз
топтарының студенттерімен бірге өздеріңнің қоғамның қай социалдық
Достарыңызбен бөлісу: |