Қазақстандық салалық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
Атқару комитетінің 2015 жылғы
26 тамыздағы № 4 қаулысының 1-т. бекітілді
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіптік одағы» ҚБ мүшелік ұйымдарындағы еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Еңбек заңнамасын қадағалау жөніндегі білім беру ұйымдарына тексеру жүргізу, ұжымдық шарттар мен келісімдер жағдайларының орындалуы жөніндегі осы Нұсқаулық (бұдан рі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы, басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге сәйкес дайындалды.
2. Нұсқаулық білім беру ұйымдарының еңбек заңнамасын қадағалауына, кәсіподақ органдары қызметкерлерінің ұжымдық шарттар мен келісімдер жағдайларын орындауына тексеру жүргізу тәртібін, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде білуге тиісті мәселелердің үлгілі тізімін анықтайды.
3. Еңбек заңнамасының қадағалануын тексеру:
- білім беру ұйымдарындағы еңбек заңнамасының бұзылуын анықтау;
- білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты ескерту;
- кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымдары қызметкерлерінің бұзылған құқықтарын қалпына кетіру жөнінде шаралар қабылдап, еңбек заңнамасын бұзған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізіледі.
2. Тексерулерді жоспарлау және жүргізу тәртібі
4. Кәсіподақ органдарының еңбек заңнамасын қадағалауды тексеру жөніндегі жұмысы жоспар бойынша жүргізіледі. Бұл жоспардың іс-шаралары кәсіподақ органы мүшелерінің арасында бөлініп, жоспарлау тоқсан бойынша жүзеге асырылады және кәсіподақ органының мәжілісінде бекітіледі. Тексерулер жөніндегі іс-шаралар жоспары мемлекеттік еңбек инспекциясының, білім саласындағы басқару органдарының, сондай-ақ басқа мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының жұмыс жоспарларымен үйлестірілуі мүмкін.
5. Әрбір тоқсанның соңында кәсіподақ органының жұмыстары қорытындыланып, алынған нәтижелерге талдау жасалады және болашаққа міндеттер қойылады. Еңбек заңнамасын қадағалау жөніндегі тексерулер нәтижелері алқалы кәсіподақ органдарының мәжілістерінде талқыланады, сондай-ақ кеңестерде немесе мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен бірлескен мәжілістер мен алқаларда талқылануы мүмкін.
6. Еңбек заңнамасын қадағалау жөнінде жүргізілетін тексерулерді есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында бақылау жөнінде іс-шараларды есепке алу журналы жүргізіледі (1-қосымша). Бақылау жөнінде іс-шараларды есепке алу журналында тексеруді жүргізген тұлға туралы мәліметтен тұратын бақылау жөніндегі жүргізілген іс-шара туралы, іс-шараның жүргізілген күні, уақыты туралы, бақылау жөніндегі іс-шаралардың құқықтық негіздемесі, мақсаттары, міндеттері мен мәні туралы, анықталған кемшіліктер туралы, оларды жою жөнінде ұйым басшысымен жасалған және берілген ұсыныстар туралы жазба жасалады.
7. Еңбек заңнамасының қадағалануын тексерулер әлеуметтік әріптестік туралы келісімдер мен ұжымдық шарттар негізінде жүргізіледі және сайланбалы кәсіподақ органдарының немесе кәсіподақ органы басшысының қаулысымен болмаса жазбаша тапсырмасымен ресімделеді (2-қосымша).
8. Тексеруді жүргізу туралы қаулыда немесе тапсырмада:
- тексеруді жүргізу туралы қаулының, тапсырманың нөмірі мен күні;
- тексеруді жүргізуге тапсырма берген органның атауы;
- тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
- тексеру жүргізілетін заңды тұлғаның атауы;
- тексеру мерзімі, мақсаты, міндеті мен мәні;
- бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізудің құқықтық негіздері, соның ішінде тексерілуге тиісті құқықтық актілер, міндетті талаптар көрсетіледі .
9. Тексеруді жүргізу туралы тапсырма немесе қаулы, болмаса оның куәландырылған көшірмесі заңды тұлғаның басшысына немесе басқа лауазымды тұлғаға көрсетіледі.
Білім беру ұйымына тексеруге бару уақыты туралы мақсатқа сәйкес алдын ала сол ұйымның басшысына ескертіп, сонымен қатар білім беру ұйымының қандай қызмет мамандары, тексеру жүргізу үшін қандай деректердің қажеттігі туралы хабарлап, тексеру кезінде жұмыстан босатылмаған кәсіподақ комитеті төрағасын босату жөнінде келісу қажет.
10. Жұмыс берушіге жазбаша ескерту жіберген жағдайда онда: тексеру жүргізудің негіздемесі, тексеруді жүргізу күні, тексеру жүргізетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары және басқа да қажетті ақпарат көрсетіледі.
11. Білім беру ұйымына барған кезде тексеруші ұйым басшысына, кәсіподақ комитетінің төрағасына өзін және қажет жағдайда оларды тексерушінің құқықтарымен таныстыруы қажет, тексерудің негізгі мақсатын, міндеті мен мәнін түсіндіріп, тексеруге қажетті құжаттарды дайындау жөнінде білім беру ұйымының тиісті қызметтеріне тапсырма беруін сұрайды.
Тексеруді жүзеге асыру барысында тек құжаттармен жұмыс жасап қоймай, қызметкерлермен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдап, қажет жағдайда жіберілген кемшіліктердің сол және басқа фактілері бойынша лауазымды тұлғалардан түсініктеме талап еткен жөн.
12. Егер білім беру ұйымының басшылығы тексеру жүргізуге кедергі келтірген жағдайда, тексеруші мұндай әрекеттің ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, әлеуметтік әріптестік туралы келісімді бұзушылық екенін түсіндіреді.
Тексеру жүргізуге кедергі келтіру фактісі туралы кәсіподақтың мүшелік ұйымының басшысын да хабардар еткен жөн.
13. Барлық тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы тексерулер кешенді және тақырыптық болады. Кешенді тексерулер еңбек заңнамасын қадағалау мәселелерінің барлық жиынтығы бойынша бақылау іс-шараларының және еңбек құқығы нормаларынан тұратын өзге актілердің кең көлемін қамтиды.
Тақырыптық тексерулер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бөлімдерінің бірі бойынша (мысалы, еңбек шарты, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы және т.б.), сондай-ақ егер тексеру қызметкерден (қызметкерлерден) арыз немесе шағым түскен жағдайда жүзеге асырылатын болса жүргізіледі.
Жоспардан тыс тексерулер мақсаттық және бақылау болып бөлінеді. Мақсаттық тексерулер қызметкерлердің шағымдарымен және жазатайым оқиғаларды тексеру жөніндегі іс-шаралармен байланысты. Мақсатты тексеруді жүргізу кезінде тексеруші шағымда көрсетілген жағдайларды зерттеумен шектеледі. Дегенмен, егер тексеру барысында қандай да болмасын заң бұзушылық анықталса, онда кешенді тексеру жүргізілуі мүмкін.
Бақылау тексерулері негізгі тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы барлық ұсыныстардың орындалғанына көз жеткізу үшін белгіленеді.
14. Еңбек заңнамасының қадағалануын тексеруді тексеруші өзі де, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен бірге де жүргізе алады. Егер еңбек заңнамасын бұзушылық туралы ақпарат кәсіподақ органына басқа бақылаушы органнан, білім беру ұйымдары басшыларының ресми хабарламасынан, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерінен түссе, тексерушілер бірлескен тексеру жүргізе алады.
15. Арыздар мен шағымдарды тексеру кезінде, егер арызданушы шағым көзі туралы деректерді хабарлауға қарсылық білдірсе, тексеруші шағым көзін құпия сақтауға міндетті.
16. Тексеруді жүргізу мерзімі тексеруге тиісті материалдардың мақсаты мен көлеміне байланысты. Тексеру кезінде, ереже бойынша, тексеру күні алдындағы бір жыл ішінде еңбек заңнамасын қадағалау жөніндегі істің жағдайына талдау жасалады.
17. Тексеру барысында оның мақсатына байланысты әлеуметтік әріптестік, еңбек шарттары, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбек ақы төлеу, жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі және басқа мәселелер қаралып зерттеледі.
3.Тексеру нәтижелерін ресімдеу. Жұмыс берушіге талап қою тәртібі
18. Тексеруші тексеру нәтижелері бойынша заңнама бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою жөнінде ұсыныстарымен еңбек заңнамасын бұзу туралы актіні ресімдейді (3-қосымша).
19. Еңбек заңнамасын бұзу туралы акт жіберілген кемшіліктерді тіркеу, кемшілікке жол берген лауазымды тұлғаны жариялау және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылдау мақсатында жасалады.
Акт екі данада жасалады: біріншісі білім беру ұйымының басшысына, екіншісі – кәсіподақ ұйымының сайланбалы органына беріледі.
Актіге қызметкерлердің еңбек құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың анықталған жағдайларын растайтын мақсатқа сәйкес анықтамалар, бұйрықтардың көшірмелері, басқа құжаттар тіркеледі.
20. Егер заңнама бұзушылықтың анықталған жағдайлары жоюды талап етсе, онда кемшіліктерді жою туралы жазбаша ұсыныстар енгізіледі. Тексеруші қызметкерлердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған ұсыныстарды жұмыс берушінің, оның өкілдерінің уақытында орындауын бақылайды.
21. Тексеру нәтижелерімен (анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстары бар еңбек заңнамасын бұзу туралы акт) барынша қысқаша мерзімде ұйым басшысын, кәсіподақ комитетінің төрағасын таныстырған жөн. Сонымен қатар, тексеру нәтижелері бойынша және еңбек заңнамасының ережелерін түсіндіру жөнінде ұйымның әкімшілік-басқару персоналымен, кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесу өткізген жөн.
22. Егер тексеру барысында мемлекеттік, құқық қорғау органдарының жауап беруін талап ететін фактілер анықталса, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою жөнінде кәсіподақ өкілдері ұсыныстарының жүйелі орындалмауы жағдайында, кәсіподақ органы тексерушінің ұсынысы бойынша кінәліні жауапкершілікке тарту жөнінде талап енгізеді.
Жеке мәселелерді тексеру ерекшеліктері
Әлеуметтік әріптестік
Кәсіподақ комитетімен қатар, білім беру ұйымы басшысында немесе оның өзге уәкілетті тұлғасында жүзеге асырылатын аталған мәселені тексеру кезінде ұжымдық шарт пен оның қосымшаларын оқып қарай отырып, төмендегідей жағдайларға назар аударған жөн:
- ұжымдық шартты жасаған тараптар, тараптар өкілдерінің өкілеттіктері (ҚР ЕК 283-бап);
- ұжымдық келіссөздерді жүргізу процедураларын құжаттау тәртібі;
- ұжымдық шарттың мазмұны және оның қолданылу мерзімі (ҚР ЕК 284, 285-баптар);
- ҚР Еңбек кодексінің ережелерімен ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымының байланысы;
- еңбек жөніндегі тиісті органда ұжымдық шарттың тіркелуі және оның мерзімдері;
белгіленген еңбек заңнамасымен және өзге актілермен салыстырғанда қызметкерлердің құқықтарын шектейтін немесе кепілдік деңгейлерін төмендететін, заңнамаға қайшы келетін ұжымдық шарттар жағдайларының болуы. Егер мұндай жағдайлар болса, оларды тексеру актісінде көрсетіп, бұл туралы білім беру ұйымының басшысына және кәсіподақ комитетінің төрағасына, сондай-ақ тиісті жоғарғы кәсіподақ ұйымына хабарлау қажет. Тиісті лауазымдық тұлғаларға және кәсіподақ комитетіне қажет жағдайда қызметкерлердің жағдайларын нашарлататын ұжымдық шарттың талаптары жарамсыз және қолдануға келмейтінін түсіндірген жөн (ҚР ЕК 284-бап 3-т.). Егер мұндай жағдайлар қолданылған болса, заң бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою жөніндегі ұсыныстарға оларды жою туралы ұсыныс енгізген жөн;
- ұжымдық шарттың қалай орындалып жатқанын тексеру үшін оның кейбір ережелері (мысалы, жұмыстың тоқтау уақытының еңбек ақысын төлеуді қарастыратын, зиянды жағдайларда, түнгі уақыттардағы жұмыстары үшін қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақылар беру және т.б.);
- жұмыс берушінің локальдық құқықтық актілерді қабылдауы кезінде, ҚР Еңбек кодексімен, келісімдермен, ұжымдық шартпен көзделген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзумен байланысты мәселелерді қарау кезінде тиісті кәсіподақ органының келісімі мен пікірін ескеріп, жұмыс берушінің белгіленген тәртіпті қадағалауы;
- жұмыс берушінің кәсіподақ комитетінің қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, кәсіподақ жарналарын аудару бойынша міндеттерін және басқа міндеттерді, соның ішінде ұжымдық шартпен, келісімдермен көзделген міндеттерді орындауы;
- ұжымдық шартты орындау жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарының болуы немесе болмауы;
- жұмыс берушінің ұйымға қабылданған қызметкерлердің ұжымдық шартпен, жұмыс берушінің құқықтық актілерімен танысу жөніндегі міндеттерін орындауы, сондай-ақ қызметкерлер танысу үшін олардың қолжетімді болуы.
Еңбек шарты
Еңбек шартын жасау, өзгерту, бұзу кезінде еңбек заңнамасын қадағалау мәселелерін тексеру жеке құрам туралы бұйрықтармен және қызметкердің жеке ісінде сақталатын өзге құжаттармен, еңбек кітапшаларын жүргізу тәртібімен, еңбек шарттарымен, толық материалдық жауапкершілік туралы және т.б. шарттармен таныстыру жолымен білім беру ұйымының кадрлық қызметінде немесе кадрлық мәселелер жөніндегі құжаттарды жүргізуге жауапты тұлғада жүзеге асырылады.
Жасалған еңбек шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін тексеруге:
- жасалған еңбек шарттарының мазмұнымен және оларда еңбек шартына енгізу үшін міндетті мәліметтер мен ережелердің болуымен, сондай-ақ шартқа ҚР ЕК-нің өзгертулері мен толықтыруларын (28, 32-баптар) енгізу тәртібімен таныстыру;
- еңбек шарттарының түрлерімен таныстыру: белгісіз мерзімге, белгілі мерзімге, қосалқы жұмыс атқаратын тұлғалармен, маусымдық жұмыстағы қызметкерлермен және т.б.
- жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты шығару тәртібін белгілеу;
- жедел еңбек шарттарын жасаудың негізділігін тексеру;
- еңбек кітапшаларының қозғалысы мен оларды беруді есепке алу тәртібімен, оларды сақтау шарттарымен, қосымша беттерді беру және ресімдеу тәртібімен танысу, еңбек кітапшаларындағы жазбалардың бұйрықтардың тұжырымдарына сәйкестігін тексеру;
- қосалқы жұмыс атқаратын тұлғалармен еңбек қатынастарын ресімдеу тәжірибесімен танысу, олардың жұмыс уақытының ұзақтығын, еңбек демалыстарын беру тәртібін және басқаларын тексеру;
- қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабымен (кітап, журнал) танысу;
- жұмысқа нақты жіберу кезінде еңбек шарты жазбаша нысанда жасалмаған немесе ресімделмеген ішкі немесе сыртқы жағдайлардағы қосалқы жұмыс қызметкерлерін анықтау;
- бұрын жұмысқа еңбек қатынастарын жазбаша ресімдеусіз қабылданған қызметкерлермен жазбаша түрде еңбек шарттарын ресімдеу тәжірибесімен танысу жатады.
Сонымен қатар, қызметкерлерді жұмыстан босатуға қатысты мәселелер бойынша тексеру барысында:
- ұйымда тексерілетін мерзімде штатты немесе қызметкерлер санын қысқарту жүргізілді ме немесе жоспарланып отыр ма;
- кәсіподақ комитетінің штатты немесе қызметкерлер санын қысқартумен байланысты іс-шаралар туралы ескерту тәртібін қадағалау;
- қызметкерлерді штатты немесе санын қысқарту жөнінде ескерту мерзімдерін қадағалау;
- штаттың немесе санын қысқартуға байланысты білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару тәртібін қадағалау;
- штатты немесе санын қысқарту бойынша жүргізілетін жұмыстың ҚР Еңбек кодексінің талаптарына, ұжымдық шартқа, әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдерге сәйкестігі;
- ұйымдардың бұқаралық жұмыстан шығару қаупі кезінде ҚР Еңбек кодексімен, ұжымдық шартпен, әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдермен көзделген шараларды қолдануы;
- босатылатын кәсіподақ қызметкерлеріне ҚР Еңбек кодексімен көзделген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін;
- өзге негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын тоқтату тәжірибесі және осы кезде еңбек заңнамасының, соның ішінде жұмыстан шығару кезіндегі жәрдемақының төленуі жөніндегі талаптарының қадағалануын ескерген жөн .
Еңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және өтілі туралы негізгі құжат болып табылады.
Еңбек кітапшаларын жүргізудің дұрыстығын тексеру кезінде:
- еңбек кітапшаларын есепке алу және беру тәртібімен, оларды сақтау шарттарымен, қосымша беттерді беру және ресімдеу тәртібімен таныстыру;
- еңбек кітапшаларындағы жазбалардың бұйрықтардың тұжырымдарына сәйкестігін тексеруге;
- еңбек кітапшасына қызметкер туралы, оның атқаратын жұмысы, қызметкердің басқа жұмысқа ауыстырылуы және жұмыстан шығару туралы мәліметке қатысты өзгерістердің, сондай-ақ еңбек шартын тоқтату негіздері, жұмыстағы жетістіктеріне марапаттаулары туралы мәліметтер, ұйым атауының немесе лауазым атауының өзгеруі туралы уақытында енгізілуіне;
- еңбек кітапшаларындағы лауазымдар, мамандықтар немесе кәсіптер атауларының біліктілік анықтамалығында немесе біліктілік мінездемелерінде көрсетілген атаулар мен талаптарға сәйкестігін тексеруге;
- атқарылған жұмыс, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына енгізілген әрбір жазбамен қызметкерді қол қойып таныстыруға;
- жұмыстан шығару туралы жазбаны ҚР Еңбек кодексінің тиісті бабына, баптың бөліміне сілтей отырып енгізуге;
- еңбек кітапшасына жазбаларды енгізу негіздемесі туралы жазбалардың енгізілу дұрыстығына назар аударған жөн.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты, оқу жүктемесін бөлу
Білім беру ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерінің демалыс күндерін беруді қосатын жұмыс уақытының және демалыс уақытының режимі ұйым қызметі режимінің есебімен анықталады (білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың нақты белгіленген уақыт, маусым, оқу жаттығуларының ауысымы ішінде және ұйым жұмысының өзге ерекшеліктері кезінде болуы) және ҚР ЕК-не сәйкес дайындалатын ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен, жұмыс кетесімен, ұжымдық шартпен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және заң аясындағы актілерімен белгіленеді.
Тексеру кезінде ішкі еңбек тәртібінің Ережелерінде жұмыс уақытының режимімен байланысты бөлімнің, жұмыс кестелерінің, оқу кестелерінің болуын, олардың кәсіподақ комитетімен келісілуін, мұғалімдердің жұмыс уақытын ұтымсыз пайдалану жағдайларының (кестедегі негізсіз үзілістермен, яғни «терезелермен» жұмыс уақытын бөлу) болуын ескерген жөн.
Жаңа оқу жылына арналған оқу жүктемесін бөлу тәртібіне басты мән беру қажет:
- оқу жүктемесін бөлу оқу жылының аяғына дейін және қызметкерлердің еңбек демалысына кетпей тұрып аяқтала ма, бұл мұғалімдердің сол жүктемені қандай көлемде және қандай кластармен орындайтынын білулері үшін;
- кластардағы пәндерді берудің сабақтастық принципі қадағалана ма;
- мектеп бітіретін кластар мұғалімдерінің оқу жүктемесінің тұрақтылығы қалай қамтамасыз етілген;
- оқу жүктемесінің өзгеру мүмкіндігі туралы қызметкерлерді ескертудің белгіленген мерзімдері қадағалана ма;
- мұғалімдердің оқу жүктемелерін негізсіз қысқарту жағдайлары кездесе ме;
- мұғалімдердің белгіленген норма шегінде оқу жүктемелерінің болмау себептері мен жағдайларын, сондай-ақ мұндай мұғалімдер болған кезде негізгі жұмысынан басқа оқу жүктемесін орындайтын тұлғаларға, сонымен қатар ұйымның педагог, басқарушы және басқа қызметкерлеріне оқу жүктемесінің берілу жағдайларын анықтау;
- толық оқу жүктемесімен қамтамасыз етілмеген мұғалімдерге, сондай-ақ оқу жылы ішінде оларға байланысты емес себептер бойынша оқу жүктемелері азайған мұғалімдерге, оқытушыларға қатысты кепілдіктер қадағалана ма;
- оқу жүктемесін бөлу кезінде кәсіподақ органының пікірі ескеріле ме.
Ішкі еңбек тәртібінің, ұжымдық шарттың Ережелері, бұйрықтар (өкімдер) негізінде:
- барлық түрдегі құқықтық актілерге, заңнамалық актілерге сәйкес жұмыс уақыты нормасының қадағалануын;
- қызметкерлердің жеке санаттарына жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығының белгіленуін;
- үстеме жұмыстарды қолдану тәртібін, мереке және демалыс күндері, түнгі уақытта жұмысқа тарту тәртібін;
- жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген қызметкерлердің болуын және оларға қатысты үздіксіз демалыстың қадағалануын, сондай-ақ есепке алу мерзіміндегі жұмыс уақытының белгіленген ұзақтылығының болуын;
- жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібі мен тәжірибесі, соның ішінде:
а) олардың ұзақтылығының қолданыстағы заңнамаға, ұжымдық шарттарға, келісімдерге сәйкестігін;
б) қызметкерлерді еңбек демалысынан шақыртып алу тәртібінің қадағалануын;
в) зиянды, ауыр және қауіпті жағдайлардағы жұмыс үшін еңбек демалыстарын беру тәртібін;
г) жалақы сақталмайтын демалыс беру тәртібін талдау қажет.
Тексеруді ұйымда қолданылатын жұмыс және демалыс режимімен таныстырудан бастау қажет. Жұмыс және демалыс режимі (бескүндік, алтыкүндік немесе ауысым кестесі бойынша үздіксіз жұмыс аптасы, күн сайынғы жұмыстың ұзақтығы, жұмыстағы үзіліс уақыты) локальдық құқықтық актілермен, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен, ұжымдық шартпен, бұйрықтармен, жұмыс беруші мен кәсіподақ комитеті арасындағы келісімдермен, жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек шартымен белгіленеді.
Тексеру кезінде бұл құжаттарға талдау жасап, оларды жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы қолданыстағы заңнама нормаларымен салыстыру қажет.
Ұйымдағы қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын реттейтін нормалар ұжымдық шартпен де, еңбек шартымен де, жұмыс берушінің актісімен де ұзартыла алмайды.
Заңмен «қалыпсыз жұмыс күні» деген ұғым белгіленбеген. Уақыт нормасын заңмен белгіленген нормадан кез-келген көбейту үстеме болып танылады.
Лауазымдарды қоса атқару немесе қызмет ету аймағының
кеңеюі кезінде жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленген шектен жоғары бола алмайды. Мысалы, егер қызметкер лауазымдарды қоса атқарып және жалпы алғанда 1,5 ставкаға жұмыс жасаса, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына белгіленген 40 сағаттан аспауы тиіс.
Оқытушылық қызметті жүзеге асыратын педагог қызметкерлердің (мұғалімдер, тәрбиешілер, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері және т.б.) жұмыс уақытының ұзақтығы ҚР «Білім туралы» Заңымен белгіленген нормативтік оқу жүктемесімен анықталады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі:
1) бастауыш білім ұйымдары үшін;
негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім ұйымдары үшін;
білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін;
мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары үшін 18 сағаттан асырмай ;
2) мектепке дейінгі ұйымдар және білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалдындағы топтары үшін;
білім берудің балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдары үшін 24 сағаттан асырмай;
3) интернат ұйымдарының, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім ұйымдарының жатақхана тәрбиешілері үшін 30 сағаттан асырмай белгіленеді.
Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленіп, оқу кеңесі шешімінің негізінде жоғары оқу орнының басшысымен бекітіледі.
Мемлекеттік тапсырысты анықтау кезінде мемлекеттік жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы саны :
1) студенттер мен оқытушылардың (бір оқытушыға келетін студенттердің орташа саны) сәйкес:
күндізгі оқу нысаны үшін – 8:1 (жоғары медициналық оқу орындары үшін -6:1);
кешкі оқу нысаны үшін – 16:1;
сырттай оқу нысаны үшін - 32:1 ;
2) магистранттар мен оқытушылар үшін -4:1;
3) докторанттар мен оқытушылар үшін -3:1 орташа теңдігімен есептеледі.
Ауыр және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығы белгіленеді.
Өндірістер, цехтар, кәсіптер мен лауазымдар тізімі, сондай-ақ зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (ерекше ауыр), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыс жағдайлары үшін қосымша еңбек демалысына және қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін жұмыстар тізімі Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2007 жылғы 31-шілдедегі № 182-п бұйрығымен бекітілді.
Тізімге сәйкес қысқартылған жұмыс күніне және қосымша еңбек ақыға құқықты анықтайтын негізгі белгі нақты өндірістегі еңбек жағдайлары болып табылады.
Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс (ҚР ЕК 95-бап).
Қызметкерлерге демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында - бір күн беріледі.
Жалпы демалыс күні жексенбі болып табылады. Бес күндік жұмыс аптасында екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен белгіленеді. Екі демалыс күні де, ереже бойынша, қатар беріледі.
Қызметкерді демалыс күндері жұмысқа тарту, ҚР ЕК 98-бабымен көзделген жағдайларды қоспағанда, оның келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтындарға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі (ҚР ЕК 101-бап).
Педагог қызметкерлер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы ҚР «Білім туралы» Заңымен белгіленген және:
орта жалпы, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім мекемелерінің педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін 56 күнтізбелік күн; мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың әдістемелік қызметкерлері, педагог қызметкерлері үшін 42 күнтізбелік күн құрайды.
Азаматтық қызметшілерге жататын білім беру ұйымдарының педагог емес қызметкерлері үшін жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығы 30 күнтізбелік күн құрайды.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес барлық еңбек демалысы түрлерінің ұзақтығы күнтізбелік күнмен есептеледі, мереке күндері еңбек демалысына саналмайды.
Қызметкерді жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алған жағдайда еңбек демалысының қолданылмаған бөлігі тараптар арасындағы келісім бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде қолданылуы мүмкін немесе қолданылмаған жағдайда қызметкерге еңбек демалысына шыққан кезде төленген ақшалай сома өтемақы ретінде есептеледі.
Қызметкерді еңбек демалысынан шақыртып алу тек оның жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
Еңбек ақы төлеу
Еңбек ақы төлеу мәселелері:
Қызметкерлердің еңбек ақыларын төлеу дұрыстығын тексеру үшін сұрақтар тақырыбы
|
Тексеру нысаны
|
Тәртіпті реттейтін негіздемелер, ұсыныстар
|
Атқаратын лауазымы, орындайтын жұмысы бойынша қызметкердің еңбек ақы төлеу жағдайы мен мөлшерінің сәйкестігі
|
Еңбек шарттары, еңбек кітапшалары, жеке құрам бойынша құжаттар, штат-тық кесте, тарификациялық тізім, жалақыны төлеу ведо-мостілері
|
Жалақы мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілер
|
Мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу дұрыстығы, өтілді көбейту кезінде еңбек ақы төлеуді уақытында өзгерту
|
Еңбек шарттары, жұмыс берушінің актілері, өтілді анықтау жөніндегі комиссия мәжілісінің хаттамалары, тарификациялық тізім
|
ҚР БжҒМ 14.06.2010ж. № 302 бұйрығы
|
Біліктілік (білім) деңгейін анықтау дұрыстығы
|
Еңбек шарттары, білім беру туралы құжаттар, тарифика-циялық тізім
|
НҚА-мен белгіленген еңбек ақы төлеу кезіндегі білім деңгейін есепке алу тәртібі
|
Лауазымдық айлықтарға үстеме ақылар мен қосымша ақылар, көтерме ақыларды жүзеге асыру дұрыстығы
|
Еңбек шарттары, келісімдер, ұжымдық шарттар, білім беру туралы құжаттар, тарификациялық тізім
|
НҚА(еңбек ақы төлеу мәселесі бойынша норма-тивтік құқықтық актілер)
|
Каникул уақытындағы еңбек ақы төлеу дұрыстығы
|
Жалақыны беру ведо-мостілері, тарификациялық тізім
|
НҚА
|
Жалақыны төлеуге қатысты мәселелерге сайланбалы кәсіподақ органының қатысуы
|
Кәсіподақ органының құжаттамасы, ұжымдық шарт
|
НҚА
|
Жалақы төлеу орны, мерзімдері, жиілігі, жалақы туралы жазбаша ақпарат беру
|
Бухгалтерлік құжаттар, ұжымдық шарт
|
НҚА
|
Қызметкерлердің жалақысынан заңсыз ұстау жағдайларының болуы
|
Жұмыс берушінің актілері, жалақы ведомостілері
|
НҚА
|
Ұйымдарда жалақы төлеу жөніндегі заңнаманы қадағалау бойынша тексерулерді жүзеге асыру кезінде ұжымдық шартпен және еңбек шартымен белгіленген жалақы төлеу мерзімдерінің қадағалануын тексеру қажет. Қандай жағдайда болмасын, жалақы ҚР ЕК 134-бабымен белгіленгендей келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді.
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарда жалақының мөлшері қатаң түрде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1400 Қаулысының, ҚР білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 29-қаңтардағы №40 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу Ережесінің талаптарына сәйкес белгіленеді.
Жеке меншік нысандағы ұйымдардың жалақы мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі мөлшерден түсірмей жұмыс беруші өзі белгілейді.
Үстеме жұмыстар ақысы кемінде бір жарым есе мөлшерде төленеді. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстың өтемақысы қызметкердің қалауы бойынша қосымша демалыс күнімен ауыстырылуы мүмкін. Түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді (ҚР ЕК 127,128,129-баптар).
Еңбек шартын бұзу кезінде қызметкерге тиесілі барлық сома жұмыстан шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.
Еңбек демалысының ақысы жыл сайынғы еңбек демалысы басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей төленеді.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау
Заңнанамен белгіленген аттестаттау тәртібін қадағалауды тексеру кезінде назар аударған жөн:
- ұйымда бекітілген жұмыс тәртібі мен жеке құрамында міндетті түрде кәсіподақ органының өкілі қосылған аттестаттау комиссиясының болуына;
- аттестаттаудан өтуге арыз беру мерзімінің қадағалануына;
- аттестаттаудан өтуге ниет білдірушілер үшін қосымша талаптар (басшының тарапынан ұсыныстың болуы, біліктілікті арттыру курстарынан міндетті өту жөнінде талаптар және т.б.) бола ма;
- арызды ұйым басшысымен келісу туралы талап орынсыз ұсынылғанда аттестаттау жөніндегі арызды қабылдаудан бас тартқан жағдайлар бола ма;
- бекітілген аттестаттау кестесі, кестенің бұзылу жағдайлары, оның себептері бар ма;
- жоғары білімі жоқ немесе аз уақыт жұмыс өтілдері бар педагог қызметкерлердің арыздарын қабылдаудан және аттестаттаудан өткізуден бас тартқан жағдайлар болды ма;
- аттестаттауды өткізу ұзақтығына, оның мерзімдері қадағалана ма.
Аттестаттау комиссиясы мәжілісінің хаттамалары және басқа материалдар негізінде аттестаттау комиссиясымен қабылданған қызметкерлердің аттестаттаудан өтуге арыздарын қарау тәртібіне, құқығы мен заңдылығына талдау жасап, соның ішінде:
- аттестаттаудан өтудің белгіленген прициптері заңнамамен қадағаланатыны;
- аттестаттау құжаттарын ресімдеу тәртібі тексеріледі.
Еңбек тәртіптемесі
Аталған мәселені тексеруді еңбек заңнамасымен түсіндірілген ережелер қағидаларына толық қосылуға басты назар аудара отырып, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен танысудан бастаған жөн.
Тәртіптік шара қолдануды пайдаланудың заңдылығын, қолданылатын шаралардың Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің ережелеріне сәйкестігін, қолдану және оларға шағым жасау тәртібін тексеру қажет.
Еңбек тәртібін бұзғаны, яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерін орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, жұмыс беруші ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, ҚР ЕК 54-бабының 1-т. 6)-13)-т. сәйкес еңбек шартын бұзу (ҚР ЕК 56-бап) сияқты тәртіптік жазалар түрін қолдануға құқылы.
ҚР Еңбек кодексімен көзделмеген тәртіптік ықпал жасау шараларын қолдануға жол берілмейді.
Тәртіптік жазаны қолданардан бұрын қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етіледі.
Тәртіптік жаза теріс қылықтың анықталған күнінен бастап 1 айдан кешіктірілмей салынады және теріс қылық жасаған күннен бастап 6 айдан кешіктіріліп салынбайды.
Тәртіптік жазаны қолдану туралы бұйрық қызметкердің қолын қойғызып таныстырылады.
Тәртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген тәртіпте шағым жасай алады (ҚР ЕК 73-бап).
Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда тәртіптік жазаның күші жойылған болып саналады.
Еңбек дауларын қарау тәртібі
Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша келістіруші комиссиясымен немесе сот тәртібінде қарастырылуы мүмкін.
Келістіруші комиссиясы тараптардың бірлескен шешімі бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің бірдей санынан тең бастамада құрылады.
Келістіруші комиссиясы арызды түскен күннен бастап үшкүндік мерзімде қарайды. Қарау нәтижесі бойынша келістіруші комиссиясының шешімі қабылданып, арызданушының қолына беріледі. Арызданушының талабын қанағаттандырған келістіруші комиссиясының шешімі еңбек шартының қарама-қарсы тарабымен орындалады.
Қызметкерлер еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа жүгінген кезде, мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын (істі қарауға байланысты мемлекеттік баж салығы мен шығындарынан) төлеуден босатылады.
1-қосымша
_____________________________________________
______________________________________________
(кәсіподақ ұйымының атауы)
кәсіподақтық қызмет көрсету ұйымдарындағы еңбек заңнамасының
орындалуына қоғамдық бақылау бойынша іс-шараларды есепке алу
журналы
№
|
Тексеру түрі, тексерілетін ұйым атауы
|
Тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның лауазымы, тегі, аты
|
Тексеруді бастау және аяқтау күні
|
Тексеру негіздеме-сі
|
Тексеру нысаны
|
Анықталған кемшіліктер
|
Тексеру актісін алу туралы қолы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-қосымша
Тексеру тапсырмаларының үлгісі
№ ____ «____» ___________ 201__ ж.
ТАПСЫРМА
№______ «_____» _____________201__ жыл
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 340-бабы және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 11.16-т. негізінде
________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
________________________________________________________
__________________________________________________________________
(ұйым атауы)
201__ жылдың «____» _____________ 201__ жылдың «____» _____________ дейін
келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерін орындау, еңбек заңнамасын қадағалау жөнінде жоспарлы, кешенді, тақырыптық, жоспардан тыс, мақсатты, бақылау (қажеттісінің астын сызу) тексеруін жүргізу тапсырылады.
Ұйым басшылығы тексеру жүргізуге кедергі келтірген жағдайда, Кәсіподақ прокуратура және сот органдарына жүгінуге мәжбүр болатынын түсіндіреміз, өйткені мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 340, 341-баптарын, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 20-бабын бұзушылық болып табылып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қудаланады.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы (қолы, аты-жөні, тегі)
3-қосымша
Тексеру нәтижелері бойынша актінің үлгісі
_____________________ __________________
(актіні құру орны ) (құрылған күні)
Кімге ___________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________
(ұйымның атауы, ұйымның мекенжайы)
КЕМШІЛІКТЕРДІ АНЫҚТАУ ТУРАЛЫ № ___ АКТ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 340-бабы және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 11.16-т. негізінде, мен _____________________________________________(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
201__ жылғы «___» __________ № ___тапсырмасы бойынша __________________________________________________________________________________________________________________________(ұйымның атауы) _______________________________________________
еңбек заңнамасының қадағалануына тексеру жүргіздім.
Тексеру жүргізу барысында төмендегідей еңбек заңнамасын, келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерін бұзушылықтар анықталды:
№
|
Анықталған кемшіліктер мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар
|
Орындау мерзімдері
|
Ескертпе
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осы актіні және ұсыныстарды орындау туралы онда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін мына мекенжай бойынша жазбаша хабарлансын: ______________________________
______________________________ _________ _______________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Актінің көшірмесін алдым:
________________________ __________ ________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |