Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты бойынша: Жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мамандық бойынша: Құқықтану.
С-R-5 санаты бойынша: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Лауазымның функционалдық бағыттары - заңгерлік қызмет.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:
Санаты
|
Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы
|
min
|
max
|
С-R-4
|
73 288
|
99 106
|
С-R-5
|
64 960
|
88 279
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды. 160011, Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, № 87.
Анықтама үшін телефондары: (8 7252) 99-75-43 ішкі (0201, 0202), (8 7252) 99-75-42 электронды пошта: 725-0202@sud.kz.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
1. Кеңсенің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы С-R-4 санаты – 5 бірлік: Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты-1 бірлік; Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты- 1 бірлік; Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты-1 бірлік; Қазығұрт аудандық соты-1 бірлік; Сарыағаш ауданының №2 аудандық соты-1 бірлік (негізгі қызметшінің 04.04.2017 жылға дейін жүкті және босануына байланысты демалысы кезеңіне).
Функционалдық міндеттері: Сот талқылау алдында қажетті жұмыстарды орындау, сот отырысының хаттамасын толық және дұрыс жүргізу, үкімдердің, шешімдердің орындалуын бақылау жасайды.
2. Кеңсенің бас маманы С-R-4, 2 бірлік: Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты -1 бірлік (негізгі қызметшінің 01.09.2017 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне); Төлеби аудандық соты-1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Түскен арыз, шағымдарды тіркеу, есепке алу және мерзімін сақталуын қадағалау, сот істерін және арыздарды бөлу, сот қызметкерлеріне заңдардың өзгерістерімен толықтыруларын жеткізу.
3. Кеңсенің аға сот приставы С-R-4, 3 бірлік: Мақтаарал аудандық соты-1 бірлік; Мақтаарал ауданының №3 аудандық соты-1 бірлік; Бәйдібек аудандық соты-1бірлік.
Функционалдық міндеттері: Сот процесіне қатысқан судьяларды және де басқа азаматтарды қорғау, ғимараттағы тәртіпті қадағалау, сот приставтарының жұмысына есеп жасау, істердін қаралу кезінде залдағы тәртіпті бақылайды.
4. Кеңсенің сот приставы С-R-5, 1 бірлік: Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты-1 бірлік;
Функционалдық міндеттері: Сот процесіне қатысқан судьяларды және де басқа азаматтарды қорғау, ғимараттағы тәртіпті қадағалау, сот приставтарының жұмысына есеп жасау, істердің қаралу кезінде залдағы тәртіпті бақылайды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі жұмыс күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей тапсырады. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен кейінгі жұмыс күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінде өткізіледі. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері және де «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің өкілдерін қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжататрдың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртібі:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |