8.3 Неокенсиандық және кейнсиандық дамудың екі үрдерісі
Дж. М. Кейнстің “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясы” атты басты еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары мен саясый - экономикалық әдебиеттердін пайда болуына себеп болу мен қатар, сондай – ақ әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық ағындарды туғызды. Дж. М. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан соң бірнеше жылдан кейін, ең алғыр байқағыш экономистер, тек-қана бірнеше синтездік көзқарастарды пайдаланып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін табуға болатындығын түсіне бастады. Соғыстан кейінгі жылдары кейнсиандық бағытта біршама өзгерістер болды, яғни жаңа бағыт – неокейнсиандық жүйе қалыптасты.
Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің “Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып, шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.
Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің позицияларын неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті аналитикалық талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.
“Неоклассикалық синтезді құрушылар”, “Жалпы теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.
Бірінші себеп, соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік экономика (өсудің жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа қарсы күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға” қарағанда басқа проблемаларды тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.
“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі М. Блауг, Кейнстің “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем - Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге (моделге) жеңіл кірсе (встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.
Кейнстің дана маңызды тұжырымдамасын зерттеу процессінде оның кей бір бағыттарын аз мәнді деп умытылды, ал басқалары одан әріқарай дамыды. Әр түрлі коментаторлар өздерінің түсінігі бойынша оның ілімінің мәнін өздерінше, оны “неоклассикалық синтез” деп “неокенсиандық”, “ортодоксалды кейнсиандық”, яғний “хиксиандық” кейнсиандық немесе “заңсыз тұған” кейнсиандық деп атады.
Сонымен, неоклассикалық синтездің негізі:
Самуэльсонның атымен байланысты, оның еңбегі “Экономикста” берілген қысқартылған немесе кесілген Кейнс үлгісі, ұлттық табысты анықтаудың принциптерін дәл және айқын түрде береді, сондықтан оны ортодоксалды кейнсиандықтар Кейнс тұжырымдамасының өзегі, негізідеп санайды.;
Дж. Хикс ұсынып, кейінірек Э. Хансен жетілдірген ақша параметрлері үлгісі (модельге) Хикс – Хансенның “кірістер – шығыстар” схемасын (кестесін) туғызды. Бұл кесте Кейнс теориясын жалпы тепе – теңдік тұжырымдамасын жеке оқиға түрінде - білдіреді, сондықтан да “неоклассикалық синтездің” квитесенцнсі болып саналады;
Толық жұмыспен қамтылушылыққа өздігінен қол жеткізудің мүмкін еместік себептерін көрсетіп, одан әрі қарай, неоклассикалық мектеп өзінің теориялық манызың сақтай отырып, В. Леонтьев айтқандай “кейнсиандық ұпайларға” қажетісінеді, ал капиталистік экономка – реттеудің кейнсиандық доктринасын іздейді.
Жалпы, “неоклассикалық синтез” үш блоктан тұрады:
Кейнстің қысқартылған (ықшамдалған) немесе кесілген үлгісінен;
Хикс – Хансенің “кірістер - шығыстар” схемасынан (кестелігінен);
Толық жұмыспен қамтылмаудың себептерін түсіндіруден;
Кейнстің бірінші қысқртылған (ықшамдалған) үлгісіндегі жиынтық сұраныс немесе жоспарланаған шығындар (Е), тұтынуға (С), және инвестицияларға (І) бөлінеді, ал жиынтық ұсыныс ұлттық табыстың (Ү) деңгейімен анықталады. Шартты тепе – теңдік мына теңдеумен сипатталады:
Ү=E=C+I
Екінші блокта “кірістер – шығыстар” сызбасын (кестелерінің) авторлары инвестициялау тек, капиталдың шекті тиімділігі проценттік (пайыздың) мөлшерінен асып кеткенде ғана: І < І (R) мағынасы бар деп есептеді. Процентің (пайыздың) мөлшері неғұрлым төмен болса, соғұрлым басқадан тең жағдайларда қосымша капитал салымдарын жасау пайдалы, яғни керісінше.
Жалпы алғанда Хикс – Хансен сызбасын (кестесін) жасаумен неоклассикалық мектеп ертеден айналысып, жалпы экономикалық тепе – теңдік тұжырымдамасының көптеген үрлігін көрсетті, сондықтан да Кейнсиандық теория оған жекелеген жағдай құқығында кіреді.
Үшінші блок – белгілі бір деңгейден төмен түспетіндігіне қарамастан, еңбек ақының икемсіздігі толық жұмыспен қамтылмаушылық себептерін түсіндіреді. Бұл еңбек нарығындағы өздігінен реттеу механизмінің - әрекетіне тосқауыл қояды. Бағаның өсуімен ақшаға деген сұраныста өседі, демек, ликвидттен (өтімділіктен) айырылғаны үшін - төлем проценті көбейеді, соның салдарынаң инвестициялар қысқарады, ұлттық табыс пен жұмыспен қамтылушылық деңгейі төмендейді. Мұндай құбылыстардан “өтімділік қақпаны” туындайды.
“Өтімділік қақпан” – бұл, процент нормасының ең төменгі деңгейде болған кездегі, экономиканың жағдайы. Оның одан арғы жерде төмен түсуі, ұлттық табыстың инвестициялық өсуі және жұмыспен қамтылушылық мүмкін еместігін көрсетеді.
Мұндай құбылыстар, өтімділіктен айырылу төлемнің аздығы, сондықтан, ақша көлемінің бүкіл өсімін неғұрлым ақшаға тиімді деген алыпсатарлық сұраныстарға жұмсалғаның пайдалағын түсіндіреді.
Кейнс теорияның бұл үш айрықша жағдайларының маңызы - олардың “ неоклассикалық синтезге” кіру жағдайлары. Шын мәнісінде экономика тепе – теңдікке икем, дегенмен үш ықтимал жағдайда өзін - өзі реттеу механизмі іске қосылмайды, толық жұмыспен қамтымаушылықпен және ресурстарды пайдасыз шығындаумен сипатталады.
Көптеген теориялық талқылауларың нәтижесінде, ғылыми еңбектердің әсерімен Кейнс теориясының неоклассикалық жүйеге сыйымдық проблемасы шын мәнісінде шешілді. Неоклассиктер микроэкономика теориясының басымдық жағдайларын сақтап қалды, ал кейнсиандықтар макроэкономиканың тәжиребелі рецептерінін, артықшылығын сақтады. Бірақ муқият қарағанда “синтезді” жақтаушылар, капиталистік экономиканың тұрақтылығы жайлы неоклассикалық синтезді кейнсиандық тұрақсыздық пен күресуді ұштастыра алмағанын, көруге болады. Ортодоксалды экономистер өз - өздерімен үнемі қайшылықа кіріп отырды: өз теорияларын микроэкономикалық бөлігін қорғай отырып кейнсиандық доктринаны жоққа шығарады және керісінше, мемлееттің экономикаға араласуы туралы айтқанда, неоклассикалық теорияның принциптерін тағы да жоққа шығарып отырды.
Осылай, “неоклассикалық синтез”- бағаның икемді еместігін Cамуэльсонның айтуынша “ірі корпорациялардың бағаға әкімшілік ететін олигополиялардың пайда болуымен” түсіндіреді. Бағаның икемсіздігі туралы тезис кейнсиандық бағдарламаның қажеттілігінің басты дәлелі.
8.4 Кейнсиандықтың эволюциясы және поскейнсиандықтың пайда болуы
70-ші жылдардағы құрылымдық және циклдық дағдарыстар, әсіресе 1974-75 жылдардағы дағдарыс және созылмалы сипаттағы инфляция экономикалық саясатты дағдарысқа алып келді. Тура осы кезеңде стандартты антициклдық кейнсиандық схемалар әрекет етуін тоқтатты. Егер, бұрын инфляция экономиканың көтерілу сатысымен сәйкес келіп және сұранысты шектей отырып, оны ұстап тұруға тырысса, ендігі жерде үкімет алдында тіпті көтерілу сатысы кезеңінің өзінде экономикалық қиындықтарды қалай шешуге болады деген мәселелер аса өткір түрде тұрды.
Кейнсиандықтың және бүкіл “неоклассикалық синтездің” дағдырысы – мемлекеттік реттеудің ресми доктринасы ретінде, тек қана дәстүрлі қарсыластары – неоклассиктер тұрғысынан ғана емес, Кейнс теориясына берілгендедердің өздері - посткейнсианстар мен монетаристер тарпынандада сынға ұшырады.
Монетаризм теориясының негізін салушы М. Фридмен, Кейнс теорисы экономиканы басқаруға мүлде тиімсіз деп санады. Шынында ол тек 70-ші жылдары ғана жарамсыздығын көрсетті. Мүмкін, басқарудың белгілі бір баспалдағы, әрбір экономикалық жүйеге тән болып, сосын орталықтанған реттеу өзінің мүмкіндіктерін жоғалтып, жалпы сәйкессіздікті көбейтеді. Батыста осындай баспалдақ 60-70-ші жылдардың шегінде өтті. Ол кезде ГТП нәтижесінде өнімдердің номенклатурасы күрт өсті, олар тез ауысып отырды, шағын және орта бизнестің ролі артты. Осылардың барлығы экономиканы орталықтан (мемлекеттік) реттеуді қиындата түсті, нарықтық реттеу арқылы басқарудың объективті өзгерістерін талап етті. Міне, реттеудің тиімді кейнсиандық шаралары өзінінің маңызын неге жоғалтты дегенге сұраққа берілер жауап. 80-90 жылдардағы КСРО және шығыс Европа елдеріндегі орталықтанған жоспарлаудың марксистік тұжырымда-маларының құлауы осыған ұқсас дағдарыспен түсіндіруге болады.
Екі кейнсиандық ағындардын қосылуы нәтижесінде посткейнсиандық қалыптасты. Бір жағынан бұл кембридж университетіндегі Кейнстің шәкірттері мен серіктерінің (ДЖ. Робинсон, Н. Калдор, П. Сраффа және т.б.) солшыл кейнсиандықтар, ал екінші жағынан 60-ші жылдары Р. Клауер,П.Девидсон, және тағы басқа экономистердің бастауы бойынша АҚШ – та кейнсиандыққа сыни тұрғыдан қайта баға беру басталды. Олар ортодоксалды кейнсиандық теорияның “толық емес жұмыспен қамтылушылығының тепе – теңдігін” “неоклассикалық синтездің” бөлігі ретінде сынады.
Бұл жаңа ағым, Кейнс теориясы мен неоклассикалық теорияның бір – бірімен мүлде сыйымсыз екіндігін бекітті. Шын мәнісінде, Кейнс болжамдарын әзірлеушілер – Э. Хансен, Р. Харрод, Д. Хинс, П. Самуэльсон оның теориясының мағынасын біршама бұрмалады. Бұл кейнсиандықты “қайта құрудың” екінші ағымын, жиі “монетарлық кейнсиандық” деп атады, себебі олар үшін, ақша процесімен байланысты тұрақсыздық пен белгісіздік шешуші фактор болды.
Посткейнсиандықтың осы екі ағыны 70- ші жылдары “неоклассикалық синтездің” ортодоксалды формаларына қарсы баламалы жүйе жасауға таласты.
Сөйтіп, неортоксалды кейнсиандықтардың екі ағымы да, неоклассикалық жүйені түбегейлі жоққа шығарып, Кейнстің экономикалық теорияда бастаған “революциясын” аяғына дейін жеткізіп макро – және микроэкономиканың жаңа синтезін жасауды алдарына мақсат етті.
Дегенмен, мынаны атап өту керек, өмірден оның неғұрлым көрнекті өкілдері (Р. Робинсон, Н. Калдора, П. Сраффи және т.б.) өтумен, бұл ұмтылыстар, жалпылама түрде танылған теория жүйесін жасауға қол жеткізе алмады. 80- ші жылдарға тән идеология мен саясаттағы консервативтік қозғалыс жағдайында нарықтық экономикада түбегейлі “қайта құру” идеяларының әлсіреумен байланысты посткейнсиандық өзінің бұрынғы белгілерін жоғалтты, дегенмен әлі де өмір сүруін тоқтатқан жоқ.
80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында “жаңа” кейнсиандық атауымен постейнсиа-ндықтың жаңа дамуы байқалды. Оның міндеті – Кейнстің теориясын одан әрі қарай дамыту, осы теорияны қазіргі нарықтық жағдайларда инфляция процессі мен экономиканы интернационалдыруды макроэкономикалық саясат талаптарына бейімдеумен болды. Бұл, мемлекеттің белсенді араласу көмегі мен монетаризмінің неоклассикалық синтезінің жаңаруы болып табылады.
Кембридж мектебінің мүшелері, Дж. Кейнстің шәкірттері мен серіктері – Дж.Робинсон, Н. Колдор, П. Сраффа және басқалар ХХ ғасырдың 40-50-ші жылдарының өзінде, Кейнс теориясын сындық тұрғыдан қайта бағалау жөнінде сөз көтерді, олар оның теориялық зерттеулеріңің дамуына басқа ағымдардың синтез базасы мен байланыстыруға дамытуға талпыныс жасады. Оларды, “классиктерді” – бәрінен бұрын Д. Рикардо мен К. Маркстің идеялары мен методологиясын жақтаушылары ретінде жиі “солшыл кейнсиандықтар” деп атады. Олар тиімді сұраныстың өсуі үшін, монополияны шектейтін және әлеуметтік реформалары жүргізу факторлары ретінде, еңбек ақының өсу проблемаларын зертеді.
Кембридж мектебінің өзіндік ерекшілігі – бұл неоклассикалық мектебінің өндіріс негіздерінен, ресуртарды пайдаланумен, өнімдерді бөлуден және бағаны белгілеуден бас тарту.
Кембридж мектебінің көсемдерінің бірі Дж. Робинсон “Капиталды жинақтау” (1956) деп аталатын өзінің еңбегінде экономиканың ұзақ өсуіне (пайда мен еңбек ақы арасындағы бөліс, капитал көлемі және техникалық прогрестің сипаты, монополияландыру мен бәсекелестік дәрежесі, халықтың өсуі және т.б.) әсер етуші негізгі факторларды, сондай-ақ тұрақты өсудің ауытқуыұна әсер етуші себептерді синтездады. Робинсонның екі секторлы экономикасының бастапқы үлгісіне, К. Маркстің қарапайым және ұдайы кеңістік даму схемалары белгілі әсерін тигізді. Капиталды жинақтау теориясы марксистік теорияға ұқсас, ол проблемаларды зерттеп, шаруашылықты жүргізудің капиталистік заңдарының теориялық тұрғысын көрсетеді.
Барлық қоғамдық өндірісті Робинсон екі секторға бөлді:
инвестициялық тауарлар секторы (І);
тұтыну заттар секторы (ІІ);
Әрбір сектірдің түпкі өнімі еңбек ақыдан (W) және квазирентадан қалыптасады яғни пайдалардан (Ү) және амортизациялардан (Q) тұрады.
І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2
Жинақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:
экономикаға мемлекеттің араласуының жоқтығы;
тек қана екі таптың болуы – жұмысшы және кәсіпкерлердің;
тұтастай капиталды жинақтауға жұмсалатын пайдалардан түсетін тұтынудың жоқтығы.
Оның жүйесіндегі еңбек ақы – тәуелсіз өзгермелі, бұл еңбекке ақы төлеуде, физикалық өзгермелі минимум. Ол жоғарыда келтірілген теңдіктерден бірінші тұжырым жасады: жұмыспен қамту қоры мен І бөлімшедегі жұмыспен қамтылушылық ІІ бөлімшедегі квазирентаның шамасымен анықталады. Инвестициялауды өсіру үшін, І сектордағы өндіріс пен жұмыспен қамтылушылықты көбейту қажет. Яғни нақты еңбек ақыны төмендету, яғни соған сәйкес ІІ бөлімшедегі (сектордегі) (Q2) квазирентарды өсіру, соның шарты болып саналады. Бұл жинақтау, жұмыспен қамту және тұтыну арасындағы қатынастарды дамытудың басты жағдайы.
Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.
Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.
Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Д. Робинсон теориясын дамытушы Н. Калдор (1908-1986) компенсациялар өлшемдерінің идеясын айтып, экономикалық әл – ауқат теориясына үлес қосып, табыстарды бөлудің неоклассикалық теориясын, техникалық прогресті сынады. Неоклассикалық теориялар ережесін, Дж. Кейнс, Д. Рикардо, К. Маркс және П. Сраффа теориялары негізінде құрылған үлгілерімен өзгертті. Оның басты еңбектері: “Шығындарға салықтар” (1955), “Экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу туралы очерктер” (1960), “Капиталды жинақтау және экономикалық өсу” (1961), “5 томдық экономикалық шығармалар жинағы” (1978).т. б.
Салық мәселелері бойынша канцлердің Қазнашы кеңесшісі ретінде, ол салықтарды қайта бөлу мақсатында, капиталдың нарықтық құнынан асырылған өсімге салық салу және өндірістік секторға қарай еңбекті қайта бөлуде, жұмыскерлерді жалдағаны үшін кәсіпкерлерге салықты салуды ұсынды.
Кембридж мектебі өзінің экономикалық саяси дамуында. Қалдар алдында көп қарыздар. Оның тиімді сұраныс пен сырттан және іштен экономиканы тұрақтандыру, экономикалық өсуді ынталандыру, мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі туралы еңбектерінің аса үлкен маңызы болды, және ғылымның маңызың, оның рөлін жеке көтерді
Бақылау сұрақтары:
Қазіргі Қазақстан экономикасының жағдайында Дж. Кейнстің ұсыныстарын пайдалану мүмкін бе?
Макроэкономика теориясын дамытудағы Кейнстің негізгі сіңірген еңбегі қандай?
Сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеу теориясының негізі.
Дж. Кейнс ілімін дамытудағы Харродтың сіңірген еңбегі қандай?
Жетілдірілген және жетілдірілмеген бәсекеле-стіктердің ерекшеліктері неде?
8 тақырыпқа арналған тест тапсырмалары:
Атағын шығарған “Қамтылу, процент және сұраныстың жалпы теориясы” атты еңбегінде Дж. Кейнс, қандай негізгі мәселелрді қарастырды?
1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқырау (дағдарыс)
зардаптарына үн қатты;
Тиімді сұраныс пен оның өсу проблемаларын неғұрлым
толық зерттеді;
Тиімді сұранысына, тұтыну табысы мен инвестицияға анықтама берді;
Макроэкономикалық тепе- теңдік;
Мемлекеттің несие-ақша саясатын анықтада.
Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сөзсіз сіңірген еңбегіне не жатады?
Бағаны талдаудан нақты өнімді талдауға ауысу;
Өндіріс пен табыстар деңгейінің ауытқуына қарағанда, жинақтар мен инвестициялардың деңгейіне аз әсер ететін процент нормасына жаңа көз қарас;
Қазіргі капиталистік экономиканың өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы;
“Тұтынуға бейімділік” және “өтімділікке артықшылық беру” түсінігін енгізу;
Инвестициялық мультипликатор идеясы;
Кембридж мектебінің өзіндік ерекшелігі неде?
Неоклассикалық теориядан, шекті өнімділік пен шекті пайдалылықты алшақтуда;
Капиталды жинақтаудың жаңа теориясын әзірлеуде;
Экономикалық өсуді және өнімдерді бөлуді талдауда;
Рикардиандықты қайта жаңартуға негізделген құн теориясынын жаңа келістімін дамыту әдістерінде;
Жетілмеген бәсекелістік шаруашылықта;
Жүйесінің бұзылуы мен жалдамалы еңбекті қанауды көрсетуде.
Ортодоксалды кейнсиандық теорияны жасағандар:
Р. Харрод, Е. Домар;
Н. Калдор, Дж. Робинсон;
П. Сраффа, П. Самуэльсон;
А. Филлипс, Дж . Хикс;
П. Дэвидсон, Х. Минекки.
“Неоклассикалық синтез” қандай блоктардаң тұрады?
Кейнстің қысқартылғн немесе кесілген үлгілерінен;
Хикс – Хансеннің “кірістер – шығыстар” схемаларынан;
Толық жұмыспен қамтылушылықтың себептерін түсіндіруден;
«Синтезден» - еңбек құн теориясы мен шекті пайдалық теорияның келісімінен;
Барлық жауаптар шынайы емес.
Робинсон бойынша жетілдірілмеген бәсекелестіктің сипаттамасы:
Монополиялардың қассиетері;
Сұраныстың аз қолдануы;
Еркін бәсекелестік үшін жағдайдын жоқтығы;
Жалдамалы еңбекті қанау.
9. НЕОЛИБЕРАЛДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ
Мақсаты: Қазіргі монетаризмдегі неолибералды теорияны зерттеу
Жоспар:
9.1 Монетаризм теориясы. М.Фридмен қазіргі монетаризмді қалаушы ретінде.
9.2 Германиядағы неолиберализм (В.Ойкен).
9.3 Ұсынымның экономикалық теориясы(А.Лаффер, М.Фелдстейн)
9.1 Монетаризм теориясы. М.Фридмен қазіргі монетаризмді
қалаушы ретінде
1.ХХ ғасырдың 7-ші жылдарыдң басында неоконсерватизмнің жаңа ағымы – монетаризм пайда болды. Монетаризмнің негізін салушы Чикаго мектебінің экономистері, ал лидері – Милтон Фридмен (1912) болды. Ол Бруклинде (Нью-Йорк) туды, Чмкаго және Колумбия университеттерін бітірген, философия және құқықтану ғылымдарының профессоры 1971 жылдан 1974 жылдар аралығында Фридмен президент Р.Никсонның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі болып жұмыс жасады. Ал 1984 жылдан бастап Чикаго университетінің экономика ғылымдарының професссоры.
Фридмен қазіргі замандағы беделді экономистердің бірі. Оның монетаристік концепциясы алғаш рет президент Р.Никсонның тұсында 1960-1970 жылдары АҚШ-тың республикалық үкіметінің мақұлдауынан өтті. Монетаристік идеяның жарқын көрінісі ретінде америка экономикасын тұрақтандыру концепциясы мен АҚШ-тағы инфляцияны бәсеңдету және долларды нығайтуға мүмкіндік берген «рейганомиканы» жатқызуға болады.
Фридмен 250-ге тарта еңбектің, соның ішінде 27 кітаптың авторы. Оның еңбектерінің ішінде «Ақшаның сандық теориясы» (1956, «Капитализм және еркіндік» (1962), «Өз тағдырының қожайындары» (1980) деп аталатын еңбектері бар. Ал оған Нобель сыйлығын әперген еңбегі «1867-1960 жылдар аралығындағы АҚШ-тың ақша жүйесінің тарихы» деп аталады.
Фридмен ірі теориктігімен қатар экономикалық өзгерістердің бірнеше практикалық бағдарламаларын жасады. Бұл бағдарламалар Чилиде, Израильде және басқа да елдерде азды-көпті жүзеге асырылды.
Монетаризмнің өмір сүру кезеңдеріне байланысты бірнеше түрлері кездеседі:
классикалық (фридмендік) монетаризм (50-ші жылдардың ортасынан – 60-шы жылдардың ортасына дейін);
«ғаламдық монетаризм» «90-шы жылдардың аяғы – 70-ші жылдардың бірінші жартысы), инфляция мәселесімен айналысады;
«атаулы табыс» концепциясы (70-ші жылдар), несие-ақшы саласы мен «нақты» сектордағы жүретін процестердің өзара іс-әрекетін зерттейді;
«Брунер – Мельцер» моделі, ақшалы экономика моделінің жалпы вариантын әрі байлық әсері мен орнын басу әсерінің бірігуін білдіреді;
«экономиканы тұрақтандыру» моделі және FRS-MIT –PENN моделі, мұнда экономикалық зерттеулер жүргізіледі;
Бюджеттік монетаризм.
Жалпылама алғанда монетаризм – бұл экономикалық талдауда ақшаның рөліне ерекше мән берілетін теория. Ақша-экономикалық талдаудың негзгі элементі, экономикалық болжалдың іргетасы және мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы ретінде қарастырылады.
Монетаристер, немесе монетаризм теориясының өкілдері-сөзсіз еркін рыноктық шаруашылықты жақтаушылар. Олар мемлекеттің кейнстік үлгідегі экономикаға араласуы қысқа мерзімдік қана нәтиже береді, ал ұзақ мерзімде олар нәтижесіз, керісінше зиян келтіріп рынок реттеушілерін тежеуге әкеледі деп дәлелдеуге тырысады.
Монетаристердің негізгі талдау объектсі ақша және айналымдағы ақша саны. Фридмен мен оның жолын жалғастырушылар ақшаның сандық теориясын жақтайды. Фридменнің пікірінше бұл теория – ақша сұранысы теориясы.
Ақша теориясын монетаристер ақшаның сандық теориясына негіздейді, яғни айналымдағы ақша санының өзгерісі баға өзгерісіне әкеледі. Бұл тұрғыда Фридмен ақша сұранысы жайында өзінің теориясын ұсынады: ақшаға сұраныс салыстырмалы жағдайда тұрақты, ақшаға деген сұраныс функциясы баға деңгейінен, облигация мен акция табысынан, процент мөлшерлемесіне байланысты, ақша айналымы жылдамдығынан тәуелді. Егер баға өсімі күтілсе (инфляция) ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Проценттік мөлшерлеменің көтерілуі де ақшаға сұранысты азайтады.
9.2 Германиядағы неолиберализм (В.Ойкен)
Неолиберализм экономика ғылымының бір бағыты ретінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Германияда, еркін кәсіпкерлік туралы философиялық көзқарастың дағдарысы кезінде қалыптасты. Оның лидері – Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950). Осыған байланысты необерализм теориясының жақтаушылары Фрайбург мектебін құрды. Ойкеннің өзі Фрайбург мектебінің дамытқан концепциясын ордолиберализм (латын тілінде ordo – қатар, тәртіп мағынасын білдіреді) деп атады.
Жалпы неолиберализм бағытының әр түрлілігі кездеседі: Австрия мен Швейцариядағы неолиберализм (неомаржинализм), Франциядағы неолибералды дирижизм және Германиядағы неолиберализм (ордолиберализм). Осылардың ішіндегі соңғысының маңыздылығы басым. Себебі Германиядағы неолиберализм бағытының теориялық және практикалық жағдайда қалыптасуының шарттары мен мүмкіндігі болды:
Гремания басқа батыс елдеріне қарағанда капиталистік даму жолына кештеу түсті;
феодалдық сарқыншақтардың ұзақ уақытқа сақталуы;
Германияны қоршаған батыс елдеріндегі әлеуметтік шиеленістердің өршуі;
экономистердің теориясын ең басты пайдаланушы әрі оған сұранысты қалыптастырушысы болып мемлекеттің табылуы;
экономистердің көзқарастарына Г.Гегель (1770-1831) философиясының әсері ол үкіметті халық рухының ең жоғарғы бейнесі деп есептеді).
Осы жағдайларға байланысты классикалық мектептің еркін бәсекелестікке негізделген көзқарастары Германия экономикасына жарамсыздық танытты. Гремания буржуазиясының өзінің сыртқы бәсекелестіктеріне қарсы тұруы үшін үкіметтің қолдауы қажет болды.
Ойкеннің пікірінше экономикалық құрлыстың екі түрі бар: орталықтан басқарылатын шаруашылық және рыноктық шаруашылық.Орталықтан басқарылатын шаруашылықтың өзі екі түрге бөлінеді. Оның бірі ұсақ бір –бірімен байланыссыз шаруашылық, яғни натуралды шаруашылық түрінде көрінеді.Мұндағы барлық экономикалық іс-әрекеттер олардың иесінің – патриархалды отбасының қожасы, құл иеленуші, помещик, т.б. еркіне бағынады. Екіншісі - халық шаруашылығы, яғни барлық экономикалық шаруашылық орталықтанған әкімшілік аппараттың үкімі арқылы жүргізіледі.
Ойкеннің пікірінше рынок көп түрлі. Рыноктық шаруашылықта ұсынысты ұйымдастырудың 5 түрлі формасы, сәйкесінше сұраныстың да 5 түрлі ұйымдастыру формасының болуы мүмкін: бәсекелестік, ішінара олигопия, олигопия, ішінара монополия, монополия. Бұлардың әртүрлі комбинациясы рыноктың таза 25 түрін құрайды. Экономиканы олигополия мен монополия арқылы реттеу – экономиканы толық бәсекелестік пен орталықтанған әкімшілік басқарудың аралық формасы болып табылады.
Әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияны негізгі әзірлеушілердің бірі, экономика профессоры, экономика министрі, одан соң федералдық канцлер Людвиг Эрхард (1897-1977) болды.
Аденауэр-Эрхард үкіметі өздерінің мемлекеттік доктринасы ретінде неолиберализмді ұстаныд. Жалпы Эрхард әлеуметтік рыноктық шаруашылықты капитализмнің де социализмнің де баламасына жатқызды.
9.3 Ұсынымның экономикалық теориясы(А.Лаффер, М.Фелдстейн)
Ұсынымның экономикалық теориясы өзінің мағыналылығы жағынан екінші неоконсерватизм мектебіне жатады. Ол ХХ ғасырдың 70 жылдары кейнстік ілімнің дағдарысы кезінде қалыптасты.
Ұсынымның экономикалық теориясы монетаризм теориясымен салыстырғанда іргелі теория, ол барлық кеінен қамтиды.Бұл теория негізінен консерватизм өкілдеріне жатады жән ол американдық экономикалық романтизм, прагматизм, саяси демогогия қоспаларынан шыққан.
Ұсынымның экономикалық теориясы АҚШ әкімшілігінің экономикалық саясатын анықтауда маңызды роль атқарды.
Алғашқы рет бұл теория туралы идеяны 1977- 1978 жылдары бюджет саясаты мәселесінің туындауына ьайланысты саясатшылар Дж.Кемр,ДжРусселоторг, У.Роттар айтқан болатыг. Бірақ ұсынымның экономикалық теориясының негізгі идеологтары журналистер: Дж.Ванниски, Дж.Гилдер, И.Кристол болса, теориктері – А.Лаффер, Р.Мандель болды. Ал эмпирикалық зерттеулерін профессорлар М.Фелдстейн, М.Боскиндер жүргізді. Сондықтан бұл теорияның бірыңғай жетекшілері болмағанымен, көрнекті өкілдерінің қатарына Артур Лаффер мен Мартин Фелдстейн жатады.
Бұл теория экономикалық неоконсерватизм мектебіне жатаындықтан, оның төрт түрлі ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Біріншісі –оның методологиясы, ол екі мектептің, неоавстриялық және монетаризм мектебінің синтезі. Неоавстриялық мектепті құрған АҚШ-та қызмет атқарушы австриялықтар. Оларға Людвиг фон Мизес (1881-1973) және оның оқушысы Фридрих Август фон Хайек (1889-1924).
Неоавстриялықтар – таза рынокты жақтаушылар және консерваторлар. Ұсынымның экономикалық теориясының өкілдері өздерінің ілімінде Ф.Хайектің ұсынған төрт түрлі тезисіне сүйенеді. Ф.Хайектің бірінші тезисі рыноктың монополиялық тәртібі. Ф.Хайектің пікірінше, экономикалық күрделілігі соншалықты, оның объективті заңдарын адамның ақыл-ойы түсіне бермейді. Сондықтан экономиканы реттеудің ең жақсы құралы смиттің «көрінбейтін қол механизмі» болып табылады. Мемлекеттің рынокқа араласуы экономикада бүлінушілікті тудырады.
Хайектің екінші тезисі рыноктың таза болуын білдіреді. Оның ойынша мемлекет рынокты бүлдіреді, сондықтан да ол экономиканың мемлекеттік реттелуі туралы кез-келген шешімге қарсы. Ф.Хайек – Маркс ілімінің жанды қарсыласы. Ол мемлекеттің экономикаға араласуын «зиянды өз-өзіне сенушілік» деп атады.
Хайектің үшінші тезисі – бюджеттің қайта бөліну саясатын сынға алады. Бюджеттің қайта бөлінуі экономика мен қоғамға зиянын тигізеді, өйткені теңсіздік міндетті түрде болады. Бұл рыноктың нәтижесі ғана емес, оның қажетті алғы шарты да.
Хайектің төртінші тезисі – кәсіподақтарды сынға алады. Кәсіподақтар, Хайектің пікірінші, еңбек нарығындағы монополистер. Олар да рынокты ластайды, сондықтан олармен де күресу қажет деген пікір айтады.
Ұсынымның экономикалық теориясы бойынша мемлекет екі мәселемен айналысуы қажет: 1) экономикалық өсуді қамтамасыз ету; 2) инфляцияны шектеу.
Ұсынымның экономикалық теориясының екінші ерекшелігі - жұмыссыздық теориясында жатыр. Ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары әлеуметтік кепілдік жүйесіне толығымен қарыс.
М.Фелдстейн - әлеуметтік шығындардың, салықтың, ақша жинағының, инвестицияның, жұмысбастылықтың динамикалық қатарын жасады. Осыларға талдау жасай отырып, ол әлеуметтік шығындардың есебінен жұмыссыздықтың азаятыны туралы тұжырымға келді.
Ұсынымның экономикалық теориясының үшінші ерекшелігі – инфляция мәселелері. Бұл мәселе бойынша олар ақша массасын шектеу қажеттілігі туралы М.Фридменмен пікірлес. Бірақ бұл мәселені шешуде олардың арасында шамалы айырмашылық бар.
Ұсынымның экономикалық теориясының төртінші ерекшелігі – экономикалық өсу теориясы. Олар экономикалық өсу теориясының өзіндік дербес концепциясын ұсынады. Бұл концепциядағы негізгі фактор – жинақ ақша.
80 жылдардың басында салық жүйесін реформалау (қайта құру) туралы ой-пікірді негіздеуші Артур Лаффер болды. А.Лаффер ұсынымның экономикалық теориясының белгілі өкілдерінің бірі. Оның атын әлемге әйгілеген «Лаффер қисығы» болды.
Неоконсервативтік теорияның басқаша тармағы ұтымды күту теориясы деп аталады. Бұл теория да өткен ғасырымыздың 70-жылдары қолданыла бастады. Қолайлы күту теориясының өзіне тән алғы шарттары бар; теориялық тұрғыда ол тереңдігімен, практикалық тұжырымдамаларының ерекшеліктерімен айырықшаланады. Сондықтан да бұл теорияны «жаңа класссикалық теория» деп те атайды. «Жаңа классиктер» микро және микроэкономиканың қарама-қарсы бағытта қарастырылуына қарсы; олардың талдану аспектісінің ерекшеліктері болғанымен, объектілері бір – адамдардың экономикалық іс-әрекеті. «Жаңа классиктер» субъектілердің мінез-құлқын микро және макро моделінде болмасын, олардан тәуелсіз экономикалық ұтымдылық тезисі тұрғысынан қарастырады. Субъектілердің экономикалық мінез-құлқы ұтымдылығының қажетті алғы шарты – қолайлы күтуі болып табылады.
«Жаңа классиктердің» алдыңғы қатарында 1961 жылы «Қолайлы күту және баға қозғалысы теориясы» мақаласын жариялаған американдық экономист – математик Джон Мут (1930 жылы туған) тұрды.
Жаңа классиктердің негізгі идеяларының бірі экономикалық объектілердің қолда бар мәліметтерді толық пайдалана отырып, алдағы экономикалық процестерге болжау жасауы, осыған байланысты сәйкесіеше шешімдер қабылдауы. Мысалы, экономикалық объектілердің болашақтағы баға деңгейін болжай отырып, а,ымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бірақ кейбір жағдайда экономикалық объектілердің қолда бар мәліметтердің негізінде жасаған шешімдері теріс те болып шығуы мүмкін немесе әр түрлі бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Сондықтан «аңа классиктер» экономикалық объектілердің тиімді күтуі экономикалық жағдайлардың тұрақтылығында ғана өз-өзін ақтайтынын мойындайды. Егер экономикалық тұрақтылық жағдайы болмаса, мысалы қарқынды инфляция кезінде, экономикалық объектілердің өткен жылдардың тәжірибесіне бағдар жасауы оңтайлы нәтиже бере қоймайды.
Мут идеялары 70-ші жылдары сұранысты ынталандыруға байланысты кейнсиандық саясатының құлдырауынан кейін қолдау тапты. АҚШ-тағы қолайлы күту мектебінің қалыптасуына басшылық жасаған Роберт Лукас (1937 жылы туған) болды. Роберт Лукас пен қатар, бірақ одан тәуелсіз американдық экономистер Томас Сарджент (1943 жылы туған) және Нейл Уоллес (1939 жылы туған) кейнсиандық саясаттың сәтсіздігін үкіметтің қысымы арқылы түсіндіреді.
Мемлекеттің экономикаға араласу қажеттілігін мойындай отырып, «қолайлы күту» теориясының жақтастары кейнсиандық және монетарлық экономикалық саясатты тиімсіз деп санайды. Сондықтан жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін ең алдымен саяси ойлау әдісін өзгерту қажет. «Қолайлы күту» теориясында теп-теңдік өздігінен пайда болмайды деп көрсетіледі. Сондықтан, экономикалық теорияның аса маңызды міндеттерінің бірі экономикаға мемлекеттің араласуының әдістері мен шектерін, түрлерін таңдай білуінде жатыр.
«Қолайлы күту» гипотезасымен қатар «жаңа классиктер» рынокты тиімді тазарту гипотезасын ұсынады. Бұл гипотезаға сәйкес рыноктағы барлық бағаның икемді болуы шарт. Мұндайда рынок тез арада, кез келген сәтте «тазарады». Ал рыноктың тазарысы теп-теңділік бағаның орнығып, артық сұраныстың жоғалуына әкеледі. Экономикалық тепе-теңдік жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде де қалыптаса алады. Мемлекеттің сұранысты бюджет есебінен қаржыландыру немесе ұсынысқа ақша-несие шараларымен ықпал жасау арқылы жұмыссыздықты табиғи деңгейінен төмендетуге жасаған әрекеті, кез келген жағдайда тиімсіз. Мемлекеттің экономикаға мұндай интервенциясы рынок агенттерінің оңтайлы іс-әрекеттерінен байқалады. Рынок субъектілері өздерінің қолда бар қажетті мәліметтері арқылы үкіметтің акцияларына тез арада жауап қайтара алмады.
Қолайлы күту мектебі өзінің танымалдығы жағынан 80-ші жылдардың алғашқы жартысында Чикаго мектебінен кейінгі орынды иеленді. Олардың кейнсиандық саясатқа қарсы бірқатар мәселелерінің ортаұтығына байланысты кейбір экономистер «жаңа класссиктерді» Чикаго мектебінің тармағына жатқызады. Шындығында екеуінің арасындағы айырмашылық алшақтығына сәйкес, Чикаго мектебін неоконсерватизм бағытына жатқызғаннан гзрі монетаризм ілімі шеңберінде қарастырған дұрыс.
Бақылау сұрақтары:
1. Неолибералды теорияда экономиканы қалыптастырудың басты мәселелері.
2. Неолиберализмнің негізі өкілдері.
3. Монетаризм неолибералды бағыттағы ерекше теория ретінде.
4. Экономиканы дамытудағы неолибералды теорияның мәні.
9 тақырыпқа арналған тест тапсырмалары:
1.Классикалық саяси экономиядан айырықша, өз жүйесін шығару байқауы болып Сисмондидің қай жұмысы табылады?
a) “Капитал”
b) Экономикалық қайшылықтың жүйесі немесе қайыршылықтың пәлсәпасы
c) “ Халық мекендеу заңы туралы тәжірибе ”
Достарыңызбен бөлісу: |