44
§20. еділ патша
сабақтың мақсаты: оқушыларға ғұн жорықтары жайлы әңгімелеу,
Еділ-Аттиланы – ғұн қолбасшысы, саясаткер, ел билеушісі ретінде
таныстыру. Оқушылардың елжандылық сезімін тәрбиелеуге көмектесу.
Оқушылардың тарихи қайраткерді сипаттау біліктерін дамыту жұмысын
жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық,
бейнефильм, иллюстра циялық материалдар.
оқып-үйренген материалды қайталау §19 әңгімедегі сұрақтар мен
тапсырмалар негізінде өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Еділ-Аттила.
2. Батыс ғұн ұлысы.
3. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
4. Еділдің жорықтары.
Жаңа материалды оқып-үйрену электронды оқулық, бейнефильмнен не
иллюстрациялық материалдан үзінді пайдаланудан басталады.
Мұғалім осы үзінділерді пайдаланған соң, төмендегідей сауалдар
бойынша әңгімелесу өткізіледі: Еділ-Аттила деген кім? Ол қандай адам
болған? Аттила туралы қандай фильм, спектакль көрдіңдер? Қандай кітап
оқыдыңдар? Оның жорықтарының мақсаты қандай? Оны неліктен ғұндардың
атағын әлемге паш еткен атақты ғұн билеушісі, көреген саясаткер, қолбасшы,
ержүрек жауынгер деп атайды?
Мұғалім осы сұрақтар арқылы оқушылардың Еділ, оның қолбасшылық
қабілеттері, жорықтары туралы не білетінін айқындайды.
Мұғалім Еділге – тарихи тұлға ретінде жан-жақты сипаттама береді.
Мұғалім Батыс ғұн ұлысы, халықтардың ұлы қоныс аударуы жайлы
баяндайды. Әңгіме оқушылардың картамен жасайтын жұмысымен
ұштастырылады.
Қосымша материал:
«Еділ-Аттила (400–453) – адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы
тұлға, атақты ғұн ұлысының билеушісі.
1667 жылы француз драматургі Пьер Корнельдің «Аттила», одан
кейін неміс драматургі Вернер Цахарастың «Ғұн патшасы Аттила» деп
аталатын туындылары сахнаға шығарылған. Онда Аттила құл иеленуші
Рим империясының іргесін құлатқан батыр бейнесінде сипатталады.
Батыс елдерінде Еділ бейнесінде алтын, күміс ақшалар шығарылған. Оқу
орындарына, көшелерге есімі берілген.
Балаәмірден кейін Батыс ғұн ұлысын басқарған билеушілер жаңа
мемлекеттің іргесін нығайтып, Константинопольге (қазіргі Стамбул)
45
дейін шекарасын ұлғайтты. Ал Руғила отыз жыл патшалық құрған кезде
бүкіл Еуропаны дүрілдетіп, ғұндар Византия (Шығыс Рим империясы)
мемлекетіне шейінгі елдерді бағындырды. Олар Батыс ғұн империясына көп
мөлшерде алым-салық төлеп тұрған. Руғила 433 жылы қайтыс болған соң,
оның орнына інісінің ұлы Бледа келеді.
Бледа билік жүргізіп тұрған кезеңде Ғұн империясы ыдырай бастап,
бірлігі, тұтастығы бұзылып, ұсақ бірлестіктерге ыдырап-бөлініп кету қаупі
төнген болатын. Міне, осыған орай Еділ еріксіз 434 жылы өзінің немере
туысы Бледаны тақтан түсіріп, билікті өз қолына алып, елді 19 жыл жеке
басқарады.
Еділ билікке келісімен Ғұн мемлекеті бірлігі мықты, мызғымастай
берік те күшті мемлекетке айналады. Еділдің әділ патша деген аты бүкіл
Еуропаға таралды. 447 жылы Еділ Византияға шабуыл жасап, Балқан түбегін
талқандап, астанаға қауіп төндірді. 448 жылы Дания ғұндардың қол астына
көшті. 435–436 жылдары Еділ Бургунд королі Гундахарды талқандады.
Көптеген батыс халықтары өз еріктерімен оның жағына шыға бастады.
Сонымен қатар вестгот пен остгот секілді герман тайпаларын ығыстырып,
ғұндар Еділ мен Рейн арасындағы өңірді иеленді.
Біраз уақыт өткен соң соғыс өрті қайта өршіп, Еділ Херсонос түбінде Рим
империясын жеңіліске ұшыратты. Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейінгі
аралық ғұндардың қол астына көшті. Бүкіл Еуропаны дүр сілкіндірген
ғұндардың қаһарлы жорықтарында Еділдің қолбасшылық қабілеттері
ерекше байқалды.
448 жылы Рим империясы Еділге елші жіберіп, ғұндармен бітімге келу
арқылы алым-салық төлемеу, білдірмей Еділге у беріп өлтіруді ойластырды.
Рим елшілігінің астыртын ұйымдастырған Еділге қастандығы іске аспай
қалады.
Біздің заманымыздың бірінші ғасырында құл иеленуші империялар
көптеген соғыстар жүргізудің нәтижесінде өте ұлғайды. Мұндай ірі
мемлекеттерді басқару қиынға түсті. Осы мемлекеттердің өз ішіндегі
билеушілер мен қарапайым халықтар арасындағы күрес, жеке аймақтар
көтерілісі, мыңдаған құлдардың қашып кетуі, қолбасшылар арасындағы
билік үшін талас жүріп жатты. Құл иеленуші құрылыс жойылу алдында
тұрды. Рим империясының қол астындағы халықтар қолына қару алып
өздерінің азаттығы мен бостандығын қорғады. Дәл осы уақытта 451 жылы
Еділдің Батысқа жорығы басталды. Ол Рейн өзенінен өтіп, қазіргі Миланды
және бірнеше қалаларды басып алды. Әлемде теңдесі болмаған Каталун
шайқасында екі жақтан 165 мыңға жуық ғұндар мен рим әскері қаза болды.
Бұның нәтижесінде құл иеленуші Рим империясы құлады. Әбден ашынған
Галлия, Бельгия, Лютецин, Париждегі құлдар өз бас азаттығын алу үшін
46
көтерілді. Сөйтіп, құл иленушілік құрылыс жойылды. Еділ мүмкіндігі бола
тұрса да, Рим қаласын қиратуға жол бермейді.
Рим империясының үстемдігінен азат етілген елдер Еуропада жеке
мемлекеттерін құрды. Әлем тарихында ортағасырлық дәуірдің басталуына
ықпал жасады. Осындай жеңістен соң Еділ Рим императоры ІІІ Валентиннің
қарындасы Гонорийге үйленді. Содан кейін Бургундия королінің қызы
Илдионаға үйленіп, соның қолынан 453 жылы қаза табады. Елі үшін туған
әйгілі қолбасшының орнына оның ұлы Еллақ таққа отырады.
Еділ Еуропа елдерін түгел бағындырған әйгілі ғұн билеушісі
ретінде әлемге танылды. Еуропа елдері оның дарынды қолбасшылығын,
ержүректілігін, ақылдылығын мойындап, бас иген. Еділ ғұндардың атағын
әлемге паш еткен атақты ғұн билеушісі.
Оқушылар дауыстап «Білімпаздар үшін» материалынан Аттила туралы
әңгімені сұрақ-жауап түрінде оқып, мәнін сынып оқушыларына түсіндіреді.
Оқушыларға бұның алдында өткен сабақтарда пайдаланған жаднама
бойынша Еділ-Аттилаға сипаттама беру тапсырылады. Жаднама плакатқа
(ватманға) жазылып тақтаға ілінеді, не кадаскоп арқылы көрсетіледі. Енді
осы жаднамаға назар аударайық.
Жаднама:
тарихи қайраткерге сипаттама:
Осы адамның іс-әрекетіне қатысты тарихи жағдайды суреттеңдер.
Оның қандай ортадан шыққанын, оның қандай адамдармен қарым-
қатынаста болғанын естеріңе түсіріңдер.
Оның бет-пішінін, келбетін, мінез-құлқын (оқулық, қосымша материал,
иллюстрациялар негізінде) суретте. Оның мінезінде саған не ұнайды, не
ұнамайды? Неліктен?
Ол өзінің ойлаған мақсатына жету үшін алдына қандай міндеттер
қойды?
Оның (жазушы, ақын т.б.) еңбектерін ата. Не оның қандай ерлік істер
жасағанын қысқаша айт.
Оның қызметіне қандай баға бересің? Өз ойыңды дәлелдеп, қорытынды
жаса.
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулыққа сүйеніп, «Еділ –
ұлы жауынгер» атты әңгіме құрайды.
Мұғалім оқушыларға тапсырманың мақсатын түсіндіреді (не істеуге
тырысу қажет және оған қандай жолмен қол жеткізуге болады).
Құрметті оқушылар! Сендер жұппен жұмыс істеп, тапсырманы дұрыс
орындауларың керек. Ол үшін оқулық мәтінін мұқият оқып шығыңдар.
Талдауға 10 минут уақыт беріледі. Әр топтың пікірін сынып болып
талдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |