ҚазтұтынуодағЫ Қарағанды



жүктеу 0,79 Mb.
бет2/2
Дата25.05.2018
өлшемі0,79 Mb.
#17231
1   2



ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР



Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Несие саны

Сем.

1 курс

БП




Таңдау бойынша курс 1










KKTT1201

Кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихы

2

1




Mad1201

Мәдениеттану

2

1

БП




Таңдау бойынша курс 2










OShKA1202

Оптималды шешімдер қабылдау әдістері

3

2




BShO1202

Басқару шешімдерін өңдеу

3

2


Таңдау бойынша курс 1

Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Философия, Мәдениеттану Постреквизиттер: Әлеуметтану, Саясаттану.

Мақсаты: «Кооперативтік қозғалыс тарихы мен теориясы» жалпы білім беру пәніне жатады. Ол қоғамның белгілі қатынастарын зерттейді және студенттерге жан – жақты білім беруге бағатталған. Пән адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси – құқық, мәдени жан – жақты байланыстарын, іс- қтмылдар процесімен топтастыруға құралын тигізеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кооперативтік қозғалысының пайда болуы. Кооперацияның әлеуметтік – экономикалық табиғаты мен мәні. Кооперативтік идеялогия. Капитализм жағдайындағы кооперативтік қозғалыс. Әкімшілік - әміршілдік экономикалық жағдайдағы кооперативтік қозғалыс. Нарықтық қатынастардаға өту кезеңіндегі кооперациялық қозғалыс. ҚР – ғы кооперативтік қозғалыс. Қазіргі заманғы халықаралық коопера-тивтік қозғалыс

Күтілетін нәтижелер:

- Білім және түсінік. Кооперативтік қозғалыс тарихын оқу саласында білім мен түсінігін көрсету. Осы пәнді оқыту орта білімнің негізінде іске асырылады. Даярлау бағдарламасы қазіргі заманға сәйкес оқулықтардың, кооператив заңдарының көмегімен іске асырылады.

- Практикада білімдері мен түсіну қабілеттілігін пайдалану. Өзінің білімі мен түсінігін кәсіптік көзқарасын өз қызметінде қолдана алу. Теория мен практиканың байланысын көрсету. Практикада теориялық білімдерін пайдалану. Теориялық білімдерді кәсіби қызметке айналдыру.

- Әлеуметтік, ғылыми немесе әдептік мәселелер бойынша пікірлерін білдіру үшін, қажетті деректерді жинау және түсіндіру. Дәлелдемелер мен дәлеледерді құрау. Ақпараттық іздеу қызметін іске асыру. Талдамалы қызметін іске асыру сыни талдау дағдыларын меңгеру.

- Коммуникациялық іскерлік. Әртүрлі аудиторияларда ақпараттық, идеяны, мәселелерді көрсетіп айту. Аудиторияның ерекшелігін есептей отыра, ақпаратты әр нысандарда көрсету.

- Жоғары дәрежелі өзіндігі бар оқуды жалғастыру үшін қажет болатын іскерлікті, дағдыларды дамытып, қалыптастыруға қабілетті. Жеке тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіруде қажеттілікті дамыту және өзіндік жұмыстың дағдыларын жетілдіру.



Мәдениеттану

Пререквизиттер: «Әлем мәдениеті»,

Постреквизиттер: «Дін», «Философия»

Мақсаты: студенттерге мәдениеттану бiлiмiнiң негiзiн беру, тарихи дамудың ұзақ жолы барысындағы адамзаттың қол жеткен ұлы жетiстiктерiн таныстыру, әр мәдени дәуiрдiң әр түрлi және күрделi құбылыстарын бағалау және өз бетiмен талдау қабiлетiн қалыптастыруға көмектесу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Мәдениеттану ғылым ретінде.Мәдениет ұғымы және оның мәні.Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет тілі.Мәдениеттің формасы.Мәдениет және өркениет.Мәдениет- тарихи типологиясы. Мәдениеттанулық теориялар.Архаикалық мәдениет.Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер.Антикалық дүниесінің мәдениеті.Ислам мәдениетінің әлемі ортағасырда.Ортағасырлық қазақ мәдениеті.Христиан мәдениетінің даму кезеңдері мен негізгі деректері.Православльдік мәдениеттің түрі орыс мәдениетінде.XVIII ғасырдыңаяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті.Қазіргі заман мәдениеті: басты проблемалары мен даму үрдістері.Қазақстан мәдениетінің қазіргі әлем мәдениетінде алатын орны. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мәдени саясаты.

Күтілетін нәтижелер:

- Мәдениеттану бiлiмiнiң ғылыми саласы есебiнде бұрынғы, осы және болашақтағы әлеуметтiк мәдени процестердiң көптеген мәселелерiн, сонымен қатар жалпы халықтық, этникалық, аймақтық, кәсiптiк, демографиялық, қазiргi және өткен мәдениеттiң жеке сипаттамасын зерттейдi.

- Курста мәдениеттанудың әлемдiк ең әсерлi оқытуға талдау берiледi, бiрыңғай жалпы халықтық негiзгi мәдениеттiң мағынасы атап көрсетiледi.

- Әлеуметтiк-мәдени дамудың қайшылықтары, ауқымды мәселелерi мен қазiргi өркениеттiң құлдырауы талданады.

- Мәдени құрылыс, шығармашылық мәдени байланыстар мәселелерiне ерекше көңiл аударылады. Сонымен бiрге «Мәдениеттану курсы шеңберiнде “Қазақ халқының этнопедагогикасына” арнайы курс берiлдi.

- Батыс пен Шығыс мәдениетінің қайнар көздері анықталып, дамудың мәдени-тарихи кезеңдерімен таныстырады. Қазіргі қоғамдағы мәдениеттің рөлі айқындалады.

- Жаһандану заманында мәдениет-өркениет түсініктерінің арасы ашылады.

Таңдау бойынша курс 2

Оңтайлы шешім қабылдау әдістері

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: бизнес-жобалау

Мақсаты: студенттердің жүйелік ойлау қабілетін детальды анализды математикалық тәсілді салыстырмалы анализды қолдана отырып дамыту. Оңтайландырудың математикалық құрылымының модельдері мен әдістерумен таныстыру, олар экономикалық мәселерді анализдеу және шешім қабылдауда қолданылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Математикалық модельдер және экономикадығы оңтайландыру. Сызықтық бағдарламалаудың міндеті. Сызықтық бағдарламалаудың тапсырмаларын шешудің сызбалық әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың тапсырмаларын шешудің симплексті әдісі. Өнерлік базис әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың көліктік тапсырмасы. Өндірісті ұтымдылау тапсырмалары. Көп критериялы ұтымдыландырудың тасырмалары.

Күтілетін нәтижелер:

- оңтайландыру мәселелерінің негізгі принциптері мен математикалқ анализдеу әдісін білу.

- экономико-математическалық модельдерді қолдана отырып практикада тиімді іс әрекет ете білу;

- қабылданған шешімді түсіндіре білу;

- түсінікті формада тиімді шешім және дәлелді тұжырым жасау.

- жаңа ақпараттық технологияларды құру мен еңгізуде проблемалар мен даму теориясынаң тиәмдилігі ең басты бағыт екенін білу.



Басқарушылық шешімдер зерттемесі

Пререквизиттер: «Ұтымды шешімдерді қабылдау әдістері».

Постреквизиттер: «Персоналды басқару».

Мақсаты: «Басқарушылық шешімдер зерттемесі» әр түрлі жағдайларда басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру мен дайындау облысында практикалық машықтарға ие болу мен студенттердің теориялық білім алуы болып келеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы. Тәуекел мен анықсыздық жағдайында басқарушылық ьшешімдерді жүзеге асыру мен оның тәсілдері Сыртқы ортаны талдау және оның басқарушылық шешімдердің дайындығы мен жүзеге асырылуына әсер етуі Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процессі Шешімді құру жүйесі ретінде басқаруды ұйымдастыру Басқару шешімдерінің типологиясы мен оларға қойылататын талаптар

Күтілетін нәтижелер:

А. Өндірісті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.

В. Өндірісті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

С. Өндірісті ұйымдастыру кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

D. Өндірісті ұйымдастыруның зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

Е. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.


Пән циклы

Пән коды

Пән атауы

Несие саны

Сем.

2 курс

БП




Таңдау бойынша курс 1










Din2204

Дінтану

2

3




AD2204

Адамзат дамуы

2

3

БП




Таңдау бойынша курс 2










BBB2205

Баға және баға белгілеу

3

3




MZA2205

Менеджменттегі зерттеулер әдістері

3

3

БП




Таңдау бойынша курс 3










ZhKK2208

Жалпы көлік курсы

2

3




KKKE2208

Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету

2

3

БП




Таңдау бойынша курс 4










Sak2207

Сақтандыру

3

3




SS2207

Салық және салық салу

3

3







Таңдау бойынша курс 5










OShKA2206

Оптималды шешімдер қабылдау әдістері

3

4




BShO2206

Басқару шешімдерін қабылдау

3

4







Таңдау бойынша курс 6










BE2203

Бизнес этикасы

2

4




KKE2203

Қызметтік қатынастар этикасы

2

4







Таңдау бойынша курс 7










IM 2209

Интернет-маркетинг

3

4




AL2209

Ақпараттық логистика

3

4

ПП




Таңдау бойынша курс 8










ML 2302

Маркетингтегі логистика

2

4




ZhTB2302

Жеткізу тізбектерін басқару

2

4


Таңдау бойынша курс 1

Дінтану

Пререквизиттер: «Философия», «Культурология».

Постреквизиттер: «Маркетинг», «Менеджмент»
Мақсаты: Қазігі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлументтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? және конфессиялармен әлеументтік жұмыс деген не? Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеументтік жұмыс.

Күтілетін нәтижелер:

- Басқа да әлеуметтік - гуманитарлық пәндер мен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.

- Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарлауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабылеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.

- Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі заманғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.

- Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.



Адамзат дамуы

Пререквизиттері«Экономикалық теория», «Әлеуметтану», «Микро және макроэкономика», «Адам және табиғатты қолдану экономикасы».

Постреквизиттер: «Маркетинг», «Менеджмент»

Мақсаты: АД тұжырымдамасының дамуы кейінгі 15 жылды қамтиды. Халық тек экономикалық дамудың қайнар көзі немесе құралы ғана емес, сонымен қатар «Адамзат капиталы» және экономикалық дамудың мақсаты болып табылады деген түсінік қалыптасты.

Курстың қысқаша сипаттамасы: АД тұжырымдамасының негізгі жағдайы және пайда болуы. АД өлшемі мен көрсеткіштері. Адам дамуының индексі (АДИ). Экономикалық өсу, АД және жұмыс бастылық. АД және өмір деңгейі. Кедейшілік және АД. Әлеуметтік қорғау және АД. Денсаулық және өмір жалғасы. АД –ның демографиялық аспектісі. Демография Мемлекеттін белгілеуші факторы. Білім және АД. АД – ның гендерлік аспектілері. Экологиялық қаупы бар аймақтар. Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері. АД -ның қызығушылығындағы нәтижелі басқару.АД–на басты процестің әсері.

Күтілетін нәтижелер:

- АД теориясының тарихы;

- Адамның қызығушылығындағы басқару ұйымының әсері;

- АД өлшемінің жүйесі және оның компоненттері;

- Демографиялық, гендерлік және тұрақты дамудың экологиялық аспектісі.

Таңдау бойынша курс 2

Баға және баға белгілеу

Пререквизиттер: Микроэкономика, Маркетинг

Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдерінң тауартануы, Стандарттау, маркетингтік коммуникациялар

Мақсаты: студенттерді экономиканы дамытудағы баға және баға механизмінің теориялық және практикалық негіздерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Баға нарық категориясы. Бағаны кәсіпорыннның экономикалық мәселелерін шешу құрал ретінде қарастыру. Тауар нарығының іргесін құраушы ұғымдар (мұқтаждық, қажеттілік, тілек, тауар, айырбас, келісім). Баға белгілеудің нарық құрылымына тәуелділігі. Баға белгілеу әдістемесі. Баға қызметтері. Бағалар жүйесі және оның белгілері. Баға түрлері және жіктелуі. Бағаларды экономикалық және әкімшілік әдістер арқылы реттеу. Баға саясатының мазмұны және фирманың баға белгілеу стратегиялары. Шығындарды басқару және нарық сегментін таңдау. Баға белгілеудің шығындық әдісінің мәні: артықшылықтары мен кемішіліктері. Пассивті және белсенді баға белгілеу. Тауар құндылығы мен оның бағасының ара-қатынасы. Баға белгілеу тактикасы. Көліктік өнімнің өзіндік құны. Көліктік тариф. Коммуналдық мекеме қызметтерінің тарифі. Реттелетін және еркін бағалар.

Күтілетін нәтижелер: - баға механизмі туралы түсініктеме алу;

- теориялық білімдерін практика жүзінде фирманың баға саясаты мен стратегиясын қалыптасытыруда қолдана білу;

- нарықтың әр түрлі типтерінде баға белгілеудің дәйектері мен дәлелдеулерін келтіру;

- баға мен баға құрушы факторлардың кәсіпкерлік қызмет нәтижесіне ықпалынан хабардар болу;



- бағаларды әр түрлі әдістермен белгілеуг дағдысын арттыру.

Менеджменттегі зерттеу әдістері

Пререквизиттер: менеджмент негізі

Постреквизиттер: өндіріс менеджменті, Стратегиялық менеджмент, Инновациалық менеджмент, фирманы басқару, бизнесті бағалау

Мақсаты: кәсіпорындарды басқару жүйесіндегі пәнаралық зерттеу әдістерін меңгеру; бақылау жүйесін анализдеу , тиімді жолдарын табу барысында теориялық, практикалық білімдерін тереңдету, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, зерттеу жұмысына деген талғамын дамыту, басқаруға ғылыми жаңашырлық әдіс еңгізуге негіздеу, студенттердің практикалық зерттеу жүргізуде қабілеттерін дамыту, проблемалық жағдайларды анализдеу, басқару ісінің тиімділігін арттыру туралы ұсыныстарды жасау

Курстың қысқаша сипаттамасы: мекеме ісін басқару жүйесінде зерттеудің ролі. Басқару жүйесін құру. Басқару жүйесін зерттеу амал тәсілдері. Басқару жүйесіндегі шешім қабылдау анализдеу және синтездеуде жүйелік әдіс негізі. Зерттеудің логикалық-интуитивті әдісі. Басқару жүйесін зерттеу процессін жоспарлау. Басқару жүйесін зерттеуді ұйымдастыру. Басқару жүйесін зерттеудің ғылыми және практикалық тиімділігі.

Күтілетін нәтижелер: басқару жүйесіне қатысты түсініктерді көрсете білу, ғылыми зерттеу жұмыстарының мақсаттары мен қызметтерін жүйелеу; бітірушілер өз білімдерін практикалық зерттеуде қолдана алады, проблемалық ситуацияны анализдеуде, басқару ісінің тиімділігін арттырудағы ұсыныстарды қолдана алады. Кәсіптік іс әрекет барысында объектерді анализдеу және модельдеу барысында ақпарат жинау, түсіндіру, жүйелік әдістің негізін ашу, басқару жүйесін зерттеудің міндеттерін белгілеу; зерттеу бағдарламасын жасау, басқару жүйесін басқаруда ақпаратты жинау және анализдеу әдісін қолдану.

Таңдау бойынша курс 3

Жалпы көлік курсы

Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері»

Постреквизиттер: «Көлік жүйесін басқару», «Бірыңғай көлік жүйесі», «Көліктік логистика»

Мақсаты: Кез келген мемлекеттің экономикасының тұрақтылығы мен дамуы өз көліктік жұйесінің дамуынан басталады. Негізгі мақсаты- дамыған мемлекеттер деңгейіне жету және әлемдік көлік жүйесімен интеграция болып табылады. Дамудың бұл түрі әрбір адамның қызығушылығын максимальді қанағаттандыру болып табылады яғни, барлық өндірістік құрылымдар мен мемлекет аймақтарын қажетті көлемде және сапалы көлік қызметімен қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Көліктің пайда болуы мен дамуының қысқаша тарихы. Мемлекеттің қоғамдық- экономикалық дамуындағы көліктің маңызы. Саланың сипаттамасы. Көлікті басқару жүйесі. Көлік құралдары. Теміржол көлігі. Автомобиль көлігі. Әуе көлігі. Құбыр көлігі.Теңіз және өзен көлігі. Өндірістік көлік. Көліктің жаңа түрлері. Қазақстандағы көліктің инновациялық дамуы.Тасымалдауды ұйымдастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- Көлік және көләк жүйесіндегі негізгі түсініктерді білу ;Б) Көліктік жүйенің дамуы мен жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді;

- Көлік түрлерінің негізгі сипаттамаларын білу; Г) Көлік түрлерін таңдау критериилерін білу;

- Көлік жүесінің құрылу қағидаларын білу.



Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету
Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері»

Постреквизиттер: «Көлік жүйелерін басқару», «Бірыңғай көлік жүйесі», «Көліктік логистика»

Мақсаты: Көліктік қамтамасыз ету кәсіпкерлік саланың құрылымдық құраушысы болып табылады. Тасымалдау технологиялары мен схемаларын таңдау кәсіпкерлік қызметте көптеген салаларға маңызды әсерін тигізеді: бәсекеқабілеттілік, тауардың бағасы мен сапасына, оның қолжетімділігі мен тартымдылығына, коммерциялық ұйымдардың пайдасына. Сондықтан «Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету» пәні студентке өзінің болашақ жұмысын тиімді және сапалы ұйымдастыруға көмек беретін білім жүйесін қалыптастыруда қажет.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз ету міндеттері. Коммерциялық кәсіпорынның тарату саясатындағы көліктің орны. Тауармен жабдықтау шарты тасымалдау схемасын таңдау негізі ретінде. Көлікпен қамтамасыз етудің заңдық аспектілері. Коммерциялық келісім шарттарда қарастырылатын тауармен жабдықтау мерзімі. Көліктік сақтандыру. Жүк түсінігі. Жүктердің жіктелуі және негізгі сипаттамалары. Жүкағыны сипаттамасы. Теміржол көлігінің материалдық- техникалық базасы. Автомобиль тасымалдарын жіктеу. Автомобиль көлігінің техникалық құралдарының сипаттамасы. Көліктің бірнеше түрін қолдану арқылы жүктерді тасымалдау.
Күтілетін нәтижелер:

- кәсіпорынды көлікпен қамтамасыз етудегі негізгі түсініктерді білу;

- негізгі тасымалдау схемаларын білу;

- көлікпен қамтамасыз етудің заңдық аспектілерін білу;

- жүктердің жіктелуін және көлік түрін таңдаудағы олардың негізгі сипаттамаларын білу;

- аралас тасымалдауларды құру қағидаларын білу.



Таңдау бойынша курс 4

Сақтандыру

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Қаржы».

Постреквизиттер:

Мақсаты: студенттермен сақтандыру аумағында терең теориялық білім алу, негізгі тәжірбиелік әдістерді, сақтандыру ісінің жүргізу тәсілдерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: сақтандыру саласындағы жоғары денгеәйлі мамандарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін ділімді беру. Студент сақтандырудың теориялық негіздерін білу қажет, қоғамдық процесстердегі сақтандырудың ролі және орны, оның қызмет ету ерекшеліктерінде терен түсініп, ұлттық сақтандыру нарығында қалыптасқан жағдайды терен менгеріп, оның даму ерекшеліктерін қарастыру қажет, сонымен қатар сақтандыру жұмысында тәжірибемен, теорияны үйлестіре білу керек.

Күтілетін нәтижелер: Студент келесілерді білу керек:

А. «Сақтандырудың экономикалық мәнін білу, сақтандыру теориясының негізгі концептуалды жағдайлары туралы білімді меңгеру .

Б. Сақтандыру компаниясының аналитикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және қаржылық жағдайының сандық бағалауын тәжірбиеде пайдалануға теориялық білімді пайдалану.

С. Сақтандыру нарығының қатысушыларының қаржылық жағдайы туралы аналитикалы-синтетикалық қызметің анығырақ қарастыру.

Д. Сақтандыру компанияларының іс әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты олардың рейтингісін жасау үшін әртүрлі хабарламалар түрінде ақпарат ұсыну.

Е. Сақтандыру компанияларында қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өзіндік жұмыстын қабілетін жоғарлату кезінде алынған білімдер жүйесін және ақпаратты талдау әдістерін қолдану.


Салықтар және салық салу

Пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика».

Постреквизиттер: Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы, Правила перевозки грузов и международные транспортные операции, кедендік безендіру.

Мақсаты: Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт – бағдарын ашып қарастырып оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Салықтың мәні мен табиғаты. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: қалыптасу сатылары, қазіргі жағдайының сипаттамасы. Салық механизмі. Көлік құралдарына салық. Жер салығы. Қосылған құн салығы. Акциздер. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Жинақтар, салымдар мен төлемдер.

Күтілетін нәтижелер:

А. Студент салықтардың экономикалық мәні, міндеттері мен қызметтері, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылуы мен дамуы, салық саясатының құрылуы, оның мақсаттары мен міндеттері, жүзеге асыру құралдары, жекелеген салық топтары мен алымдардың қызмет етуі, оларды есептеу және төлеу механизмі, арнаулы салық режимін қолдану тәжірибесі, салықтық әкімшілдікті қолдану тәжірибесі, салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны туралы түсінік болуы керек.

В. Салық және салық салу туралы мәліметті, олардың түрлерін, іске асырылу принциптерін және заңнамлық аспектілері жағынан есептеп төлеуін, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

С. Салықтардың әрбір түріне жекелей тоқталып олардың объектілерін, субъектілерін, төлеушілерін есептеу жолдарын қарастырып меңгеруі қажет.

D. Студент салық төлеушілерге, кәсіпорынның қаржылық қызметкерлеріне, жеке және заңды тұлғаларға, салықтар жайлы мәлімет бере алуы керек.

E. Студент Қазақстанда резидент және бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың салықтары, оларды есептеу төлеу тәртіптері мен мерзімдерін әрбір салық бойынша есеп берулерін, салық комитеттерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеріп, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.



Таңдау бойынша курс 5

Оңтайлы шешім қабылдау әдістері

Пререквизиттер: экономикадағы математика, Информатика, Макроэкономика, Микроэкономика, Экономиккалық теория, Менеджмент

Постреквизиттер: Өнеркәсіп экономикасы, фирманы басқару, бизнес-жобалау

Мақсаты: студенттердің жүйелік ойлау қабілетін детальды анализды математикалық тәсілді салыстырмалы анализды қолдана отырып дамыту. Оңтайландырудың математикалық құрылымының модельдері мен әдістерумен таныстыру, олар экономикалық мәселерді анализдеу және шешім қабылдауда қолданылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Математикалық модельдер және экономикадығы оңтайландыру. Сызықтық бағдарламалаудың міндеті. Сызықтық бағдарламалаудың тапсырмаларын шешудің сызбалық әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың тапсырмаларын шешудің симплексті әдісі. Өнерлік базис әдісі. Сызықтық бағдарламалаудың көліктік тапсырмасы. Өндірісті ұтымдылау тапсырмалары. Көп критериялы ұтымдыландырудың тасырмалары.

Күтілетін нәтижелер:

- оңтайландыру мәселелерінің негізгі принциптері мен математикалқ анализдеу әдісін білу.

- экономико-математическалық модельдерді қолдана отырып практикада тиімді іс әрекет ете білу;

- қабылданған шешімді түсіндіре білу;

- түсінікті формада тиімді шешім және дәлелді тұжырым жасау.

- жаңа ақпараттық технологияларды құру мен еңгізуде проблемалар мен даму теориясынаң тиәмдилігі ең басты бағыт екенін білу.



Басқарушылық шешімдер зерттемесі

Пререквизиттер: «Менеджмент», «Ұтымды шешімдерді қабылдау әдістері».

Постреквизиттер: «Өндірістік менеджмент», «Персоналды басқару», «Стратегиялық менеджмент».

Мақсаты: «Басқарушылық шешімдер зерттемесі» әр түрлі жағдайларда басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру мен дайындау облысында практикалық машықтарға ие болу мен студенттердің теориялық білім алуы болып келеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы. Тәуекел мен анықсыздық жағдайында басқарушылық ьшешімдерді жүзеге асыру мен оның тәсілдері Сыртқы ортаны талдау және оның басқарушылық шешімдердің дайындығы мен жүзеге асырылуына әсер етуі Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процессі Шешімді құру жүйесі ретінде басқаруды ұйымдастыру Басқару шешімдерінің типологиясы мен оларға қойылататын талаптар

Күтілетін нәтижелер:

А. Өндірісті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.

В. Өндірісті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

С. Өндірісті ұйымдастыру кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

D. Өндірісті ұйымдастыруның зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

Е. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.

Таңдау бойынша курс 6



Бизнес этикасы

Пререквизиттер: Менеджмент, менеджмент теориясы мен практикасы

Постреквизиттер: басқару шешімдерін әзірлеу

Мақсаты: Өмір сүруде өздерінің қаблеттері мен дарындарына жету үшін студенттердің терең біліміне жету. Адамдармен сөйлесуге үйрету, конфликті жағдайларды дұрыс шеше біру, болмауына әрекет ету, кездейсоқ жағдайларды тез шешім қабылдай білу, тұлғалардың рекциясына байланысты іс әрекет жасай білуді үйрету.

Курстың қысқаша сипаттамасы: этиканың түп негізі мен шығу тегі. Қызметтік қарым қатынаста психологиялық әсер. Нарықтық экономикадыға этика. Басқару этикасы. Сөйлеу этикасы. Қашықтықтағы қарым қатынас этикасы.іскердің сөйлеу этикасы. Қызметтік келіссөздер.дипломаттық этикет. Зайырлы этикет.жазба жанрының негізі. Қызмет қарым қатынасының тиімділігін бағалау. Әр түрлі мәдениеттермен қарым қатынас этикасы.

Күтілетін нәтижелер:

- өзін өзі тану, дамыту әдісін игеру



- бизнес аумағында кәсіби мәселелерді шешуде теориялық білімдерін практикада қолдануға үйрету.

  • Іскерлер мен кәсіпкерлер қызметтік өмңрңнде этикалық нормада шешім қабылдау

  • Ақпаратты әр түрлі формада жеткізу, топпен жұмыс жасау, пікірлесу, өз позциясында тұру, шешім қабылдау;

  • Іскерлік қарым қатынас психологиясы жүйесіне енетін этикет ережелері мен корпоративті имидж қабілеттеріне ие болу



Қызметтік қатынастар этикасы

Пререквизиттер: Менеджмент, бизнес этикасы, Психология.

Постреквизиттер: Басқару шешімдерін әзірлеу

Мақсаты: студенттерге мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының принциптері мен негізгі этикалық нормаларды көрсету, қарым қатынас негізі мен заңдылықтары туралы ілім беру. Мемлекеттік қызметтің тиімділігін жоғарылататын басты фактор болып саналатын кәсіби этиканы, адамгершілік және моралдық нормаларды оқу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: қызметтік қарым қатынастың табиғиты мен мәні. Басқару этикасының түсінігі, қызмет этикетиниің негізгі принциптері мен қызметі. Ұйымдастыру этикасы. Басқарушы ісінің этикасы. Қызметтік қарым қатынас және оны басқару. Вербалды қарым қатынас. Вербалсыз қарым қатынас. Қашықтықтағы қарым қатынас. Қарым қатынастағы айла. Қызметтік қарым қатынас ережесі. Іскер адам этикеті. Қызметтік қарым қатынас этикеті. Мемлекеттік қызметтегі іс жүргізу этикеті. Мемлекеттік қызмет этикасының құрылуы. Мемлекеттік қызметке өту негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

  • Тұлғааралық қарым қатынас білімінің негіздерін, принциптерін, қызметтік этикет функциясы туралы білімін меңгеру.

  • Конфликті жағдайда тиімді әрі тез шешім қабылдау;

  • Тұлға реакциясы мен әрекеттерге байланысты өз іс әрекетән жобалау;

  • Ақпаратты әр түрлі формада жеткізу, топпен жұмыс жасау, пікірлесу, өз позциясында тұру, шешім қабылдау;

  • Өздік жұмыс жасау қабілетін, өзін өзі дамытуды, кәсіби білімін жоғарылатып тұру керектігін түсіну.



Таңдау бойынша курс 7

Интернет-маркетинг

Пререквизиттер: «Ақпараттық технологиялар», «Маркетинг»

Постреквизиттер: «Маркетинг зерттеулер»

Мақсаты: өнер-бiлiмдердi қалыптастыру және дағдыларды жүзеге асырудың төңiрегiндегi, тыңдаушыларында маркетинг және алға басудың әдiстерiн ғаламторда желi ғаламтор, жарнамалық игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ғаламтордағы маркетинг - бұл маркетинг стратегиясының ажырамас бөлiгi. Маркетингтiң құрал сайт. Құрылыстың қағидаттары және мүмкiндiк E-mail маркетинг. Ғаламторға жарнаманың орналастыруын бағалы үлгiлер. Жарнамалау науқанының тиiмдiлiгiн бағалау. Ғаламторға маркетинг зерттеулерiнiң жүргiзуi. Желi ғаламтор жарнама. Маркетингте әлеуметтiгi медиа. Ғаламторға алға басудың әдiстерi.

Күтілетін нәтижелер:

- Нәтижелі жарнама әрекеттері;

- өнiмнiң тұтынушысының портретін құрастыру және жарнама берушiнiң мақсаттық дәрiсханасының құрамын анықтау.

- сайт өндеу икемінің болуы

- ресурстарды мүмкiндiк ғаламтор пайдалануға икемi болу

- ғаламторда маркетинг зерттеулерiн ұйымдастыру.

Ақпараттық логистика

Пререквизиттер: Информатика

Постреквизиттер: Логистика негіздері

Мақсаты: студенттерді бизнес-қызметтің заманауи бағыты ретіндегі ақпараттық логистиканың теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру; әр түрлі деңгейдегі бизнес-жүйелердегі ақпарат ағындарының қозғалысын басқару облысындағы білімдерді қалыптастыру; тауарларды жеткізу тізбектерінде өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолда ақпараттық қарым-қатынас принциптерін меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақпараттық логистиканың негізгі түсініктері. Ақпарат пен ақпараттық қамтамасыздандырудың логистикалық технологияларды жүзеге асырудағы ролі. Ақпараттық жүйелер және олардың жіктелуі. Логистикалық ақпараттық жүйелер. Ақпараттық ағындар. Кәсіпорындағы электронды құжат алмасу. Эдифакт жүйесі. Ақпараттық логистикадағы келіссөздердің маңызы. «1С:Предприятие» бағдарламасы. Кәсіпорын клиенттерінің деректер базасы. Сатып алу логистикасындағы ақпараттық ағындар. Қойма логистикасын автоматтандыру. Көліктік логистикадағы ақпараттық технологиялар. Құқықтық және кедендік ақпараттық жүйелер. Логистикадағы геоақпараттық жүйелер. Логистикадағы интернет-технологиялар және жеткізу тізбектерін басқару.

Күтілетін нәтижелер:

A. ақпараттық логистиканың объектісін, пәні мен негізгі түсініктерін білу;

B. ақпараттық ағындар қозғалысын басқару мәселелерінің логистикалық қойылымын білу;

C. кәсіпорындағы тауарларды жеткізудің тізбектерін ақпараттық жабдықтауды дамыту бағыттарын білу;

D. кәсіпорынның логистикалық қызметін дамыту үшін компьютерлік технологияларды қолдану;

E. кәсіпорынның ішкі бизнес-процесстерін ақпараттық қамтамасыздандыру дағдыларын меңгеру.

Таңдау бойынша курс 8

Маркетингтегі логистика

Пререквизиттер: Логистика, Маркетинг

Постреквизиттер: Көлік логистикасы, Өткізу логистикасы

Мақсаты: Тарату аясында пайда болатын ағындық үдерістердің теориясы мен тәжрибесін зерттеу болып табылады. Тарату стратегиясын таңдауға тауардың өмірлік циклінің әсер етуі, тасымалдаушы көлік кәсіпорындарының таңдау критерилерін анықтау, тауарды тарату жүйесінде бағалардың қойылуы, маркетингтік логистикадағы интеграция және стратегиялық жоспарлау мәселелері қарастырылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Маркетингтік логистиканың ғылыми негізі және әдіснамасы. Жаңа нарықтың айырықша ерекшеліктері Маркетингтік логистиканың негізгі көрсеткіштері мен стратегиялары. Өткізуді логистикалық үлгілеу. Сауда логистикасының әдіснамалық негізі. Өнімнің қоймалық өңделуі және қоймалау жүйесі. Тарату логистикасы тұжырымдамаларындағы өнімнің рөлі. Маркетингтік логистикадағы көліктік құраушы. Маркетингтік логистикадағы ақпараттық жүйелер. Логистика жүйесіндегі баға саясаты.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу процесінде студент білуі керек:

- маркетингтік логистиканың негізі білімдерін игеру;

-.теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану;

- маркетингтік логистикадағы құралдарды оқып білу;

- логистика стратегияларын әзірлеу дағдылары мен білімдерін қалыптастыруда ақпарттарды білу;

- студентте нарық жағдайларын кешенді оқу негізінде маркетингтік логистика аясындағы тәжірибелік дағдылар мен білімдерін, экономикалық ойлаудың толық жүйесін қалыптастыру.



Жеткізу тізбектерін басқару

Мақсаты: жеткізу тізбегіндегі қорларды басқару қағидалары мен әдістері туралы білімдерін, тиімді қор деңгейін анықтау және қорларды құру процесін басқара білу мен дағдыларын жетілдіру

Постреквизиттер: Логистика, Маркетинг

Пререквизиттер: Қөліктік логистика, Өткізу логистикасы

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қорлар - жеткізу тізбегіндегі экономикалық категория және басқару объектісі ретінде. Қазақстандағы және шет елдегі қорларды басқару тәжрибесі мен теорияларын дамыту. Жеткізу тізбегіндегі қорлардың қозғалысы мен негізгі көрсеткіштері. Жеткізу тізбегіндегі қорлармен байланысты шығындар. Қорларды толтырудағы тапсырыс көлемін оңтайландыру, қорларды басқару модельдері мен тұжырымдамалары. Белгісіздік жағдайында қорларды басқару. Тұтынушылық сұраныстың өзгермелі және маңыздылық деңгейі бойынша қорларды басқару. RP класс аты жүйелеріндегі қорларды басқару модельдері, JIT жүйелеріндегі қорларды басқару.

Күтілетін нәтижелер:

- қорларды басқару теорияларын, қорларды құру процестерінің мазмұны мен заманауй мүмкіндіктерін білу ;

- қорларды басқару теорияларын және қорларды басқарудың түрлі стратегияларын қолдану тәжірибелерін практикада қолдана білу;

- логистиялық жүйеде жұмыс жасауда сенімділікті сақтаумен қорларды төмендету есебінен кәсіпорынның стратегиялық мақсаттындағы жалпы шығындарды төмендетуге қол жеткізу мен жалпы логистикалық шығындарды төмендету мүмкіндігі дағдыларына ие болу.





Пән циклы

Пән коды

Пәндер атауы

Несие саны

Сем.

3 курс

БД




Таңдау бойынша курс 1










BP3220

Бизнес жоспарлау

3

5




SP3220

Стратегиялық жоспарлау

3

5

ПД




Таңдау бойынша курс 2










OM 3221

Мерчендайзинг негіздері

3

6




PK 3221

Коммуникация психологиясы

3

6

БД




Таңдау бойынша курс 3










ОВ 3222

Бизнесті бағалау

3

6




Kon 3222

Бәсеке

3

6

ПД




Таңдау бойынша курс 4










UTS 3308

Көлік жүйесін басқару

3

6




SL 3308

Сервистік логистика

3

6

ПД




Таңдау бойынша курс 5










PPGMTO 3309

Жүктерді тасымалдау ережелері мен халықаралық көлік операциялары

3

6




TO 3309

Кедендік рәсімдеу

3

6

ДМ




Таңдау бойынша курс 6













Кәсіби мансапты жоспарлау

2

6



Таңдау бойынша курс 1.

Бизнес жоспарлау

Пререквизиттер: «Маркетинг»

Постреквизиттер: «Бизнесті ұйымдастыру»

Мақсаты: «Бизнес жоспарлау» пәнін оқытудың басты мақсаты болып студенттер арасында бизнес-жобаларды табысты жүзеге асыру үшін бизнес-жоспарлардың жобаларын құрау мен жүзеге асыру әдістерін қалыптастыру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бизнесті жоспарлау, оның мәні және процесінің ерекшеліктері. Бизнес-жоспарлардың әр түрлерінің жіктелуі және ерекшеліктері. Бизнес-жоспарды дайындау әдістемесі: бизнес-жоспардың мақсаттары мен міндеттері, құрылымы. Бизнес-жоспарды ақпараттық қамтамасыз ету: бизнес-жобаның сипаттамасы. Бизнес-жобаның нарықтық бағытталуы. Бизнес-жоспарды жүзеге асырудың бәсекелік ортасы. Бизнес жоспарлауды маркетингтік қамту. Бизнес-жоспар құрылымындағы инвестицияларды талдау. Бизнес жоспарлаудағы тәуекелділік және оны бағалау жолдары

Күтілетін нәтижелер:

A. Бизнес-жоспарлаудың мәнімен, кәсіпорын мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлі, шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде танысу;

B. Кәсіпорынның жоспарлауға қажетті ресурстық базасы мен әртүрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

C. Экономиканың өндірістік сферасы мен қызмет көрсету сферасы ерекшеліктерін ескере отырып бизнес-жоспарды жасаудың әдістерін қарастыру;

D. Бизнес-жоспарлау әдістерінің көмегімен өндірістік ресурстарды рационалды жіктеу жолымен кәсіпорындағы өндірістік процестерді жетілдіру жолдарын зерттеу;

E. Кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеу.



Стратегиялық жоспарлау

Пререквизиттер: Экономикалық теория, Менеджмент

Постреквизиттер: «Бизнесті ұйымдастыру»

Мақсаты: стратегиялық жоспарлау объектінің шаруашылық қызметінің әр түрлі деңгейлерінде басқару құралы ретінде білімдерді кеңейту және тереңдетіп оқыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Стратегиялық жоспарлау» мазмұны оның ерекшеліктерімен және зерттеу мақсатымен анықталады. Осыған байланысты оқу процессінде экономикалық эссе, кейс-әдіс, іскерлік ойындар, тестілерге жататын арнайы тәжірибе, білім қалыптастыруға бағытталған оқу әдісін пайдалану қажет.

Күтілетін нәтижелер:

А. Стратегиялық жоспарлау әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу.

В. Стратегиялық жоспарлауды қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

С. Стратегиялық жоспарлау кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

D. Стратегиялық зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

Е. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы стратегиялық даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу, ұлттық экономиканың кез келген деңгейінде тиімді стратегиялық шешімдерді таңдау және стратегиялық талдау жүргізе білуі қажет.



Таңдау бойынша курс 2

Мерчендайзинг негіздері

Пререквизиттер: Экономикалық теория, маркетинг, көтерме-бөлшек сауда, тауарлар мен қызметтер жарнамасы, тұтынушылар тәртібі.

Постреквизиттер: маркетингтік коммуникациялар, халықаралық маркетинг.

Мақсаты: Компанияда мерчендайзердің ұйымдастыру қызметін зерттеу, мерчендайзинг құралдарын зерттеу, ауызша емес маркетингтік байланыс ретінде, мерчендайзинг тиімділігін бағалау.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Маркетинг жүйесіндегі мерчендайзер. Мерчендайзингтің тұжырымдамасы. Мерчендайзинг және тұтынушы психологиясы. Тұтынушылардың жүрiс-тұрыс ерекшелiктері. Сауда залын орналастыру және өткізудің шағын аланың құру. Дүкенде тауарларды орналастыру және тесептеу. Бөлшек сауда кәсiпорындарының әр түрлi түрлерiнде сауда қызмет көрсетуiнiң әдiстерi.

Күтілетін нәтижелер: Сауда залы мен дүкенді оңтайлы орналастыру өнер-біліміне ие болу, жеке алғанда;

  • Сауда жабдығы ерекшелігінің ролі мен тағайындалуын және оның сауда залында орналасу қағидасын түсіну;

  • Тауар сату орнының сыртқы қалпын қалыптастыру тәжірибесінде теориялық білімді қолдану;

  • Өткізілетін тауарға баға белгілеуде тиімді тәсілге өзiндiк жұмыстың дағдыларын жоғарылату;

  • Нақты сауда белгiсiлердiң тауарларының ынталандыру әдiстерiн әзiрлеуге ие болу.



Коммуникация психологиясы

Пререквизиттер: «Педагогика», «Психология»

Постреквизиттер: Тұтынушылар тәртібі

Мақсаты: психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Мінез. Кабілет. Зейін. Түйсік. Қабылдау. Ес. Ойлау. Сөйлеу. Қиял. Сезім. Ерік. Қарым-қатынас және коммуникация. Коммуникация теориясының пәні. Коммуникацияны үрдіс және құрылым ретінде түсіну. Мамандандырылған коммуникация. Жазбаша тіл. Коммуникацияның вербальді емес құралдары.

Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясын игеру тиіс.

Таңдау бойынша курс 3.

Бизнесті бағалау

Пререквизиттер: Баға және баға белгілеу, менеджмент, маркетинг.

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты – Студенттерге бизнесті ашумен таныстыру, оқушыларға талдаудың әдiстемелiгiнiң негiзiн беру, белгiнi зерттеуге және күрделi системдердi бағалаудың әдiстерiн анықтауға үйрету. Бизнесті бағалаудың негізін және теориясын ұқтырту.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік фирманың құрылымымен құрылуы(регистрация)

Метедалогиялық бағалау, кәсіпорынға баға беру, кәсіпорыннның қаржылық құрамын бағалау және бизнесті бағалау.



Күтілетін нәтижелер:

– Университетте үйреткенді теориялық тұрғыда қолдадана алу, әрбір заттң қолданысын дұрыс жұмсау, және бағалуа әдістерінің сипатын экономикалық, бизнестік бағалаудың әдістерін мысалға ала отыра өзінің кәсіпорнында дұрыс қолданыс жасай алу.

– Командада жұмыс істей алу қабілетін білу, бағалау әдістерін дұрыс әрі нақты қолдану.

– Өз бетімен бағалау әдістерін әрі қарай зерттей алу және соны дұрыс қолданып болашақта өзі бағалағаны нақты әрі дәлелді боларлықтай қылдыру.



Бәсеке

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: Экономикалық талдаудың негізгі әдістерін меңгеру және оларды практикалық өндіріс ұсынымында қолдану

Курстың қысқаша сипаттамасы: Нарықтық экономикадағы бәсекенің ролі, Бәсекеқабілеттілік және оған жетудегі жолдары. Бәсекеқабілеттілік анықтамасының әдіснамалық түсініктері, Ірі кәсіпорындардағы бәсекеқабілеттілік ерекшеліктері, Кішігірім мамандандырудың бәсекелік артықшылықтары, Радикалды жаңартпашылық аясындағы бәсекелік стратегия, Шағын бизнес жоғары бәсекеқабілеттілік бастау ретінде, Қазақстан экономикасының бәсекеқабілеттілік жоғарлауының негізгі бағыттары

Күтілетін нәтижелер:

A. бәсекелестік туралы білімдер кешенін құруы керек;

B. бәсекелестік жағдайларды жүзеге асыруды таңдау мен даярлаудағы нақты дағдыларға ие болу;

C. жобаларды сәтті әрі минималды мүмкін боларлық шығындармен іске асыру (әсіресе жаңа өнімдерді дайындау облысында, бұл компания үшін өз бәсекелестігін едәуір көтеруге мүмкіндік береді)

D. жобаларды тиімді басқара білу.

E. өз бетінше жұмыс істей білу және кәсіби мамандану деңгейін үнемі жаңартып отыру.



Таңдау бойынша курс 4

Көлік жүйесін басқару

Пререквизиттер: Көліктің жалпы курсы, Логистика, Бірыңғай транспорттық жүйе

Постреквизиттер: Жабдықтау логистикасы, Үлестіру логистикасы, Қоймалау логистикасы

Мақсаты: Қазақстанның қазіргі жағдайдағы транспорттық жүйесін оқу, жүк тасуды ұйымдастыру және шарттары, сыртқы экономикалық іс әрекетте транспорттық жүйені басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстанның транспортық жүйесі. Негізгі транспорт түрлерінің сипаттамасы. Жүк тасымалдау классификациясы мен тасымал жүктер түрлері. Мәні мен орны. Жүк тасымалының мәні мен орны. Көліктің әртүрлі түрлерімен тасымалдауды ұйымдастырудың жіктелуі мен принциптері. Жүкті ішкі және сыртқы тасымалдаудың нормативті құжаттары. Жүкті тасымалдаудың негізгі технологиялары. Тасымалдауды маршруттау. Көліктік тарифтер. Жүкті тасымалдаудың базистік шарттарының көліктік ерекшеліктері. Сыртқы саудалық тасымалдауды құқықтық реттеу. Кедендік реттеу және халықаралық тасымалдау тарифтері. Халықаралық көліктік дәліздер бойынша транзиттік жүктерді тасымалдау.

Күтілетін нәтижелер: студент келесілерді білуі тиіс:

- тәжірибеде көлік ағындарын ұйымдастыру мен басқару облысында теориялық білімдерді қолдану;

- халықаралық сауда-саттық келісім-шарттар бойынша көліктік шығындарды анықтау;

- жүкті тасымалдау келісім-шарттарын рәсімдеу;

- жүктерді сыртқы саудалық тасымалдауда қызмет көрсетуді жүзеге асыруда талқылау жасау.
Сервистік логистика

Пререквизиттер: Көліктің жалпы курсы, Логистика, Саланы логистикалық басқару, Өндірістік логистика.

Постреквизиттер: Коммерциялық логистика, ғаламдық логистикалық жүйелер

Мақсаты: логистикалық жүйеде сервистік ағындарды басқару.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Сервистік логистиканың анықтамасы. Қызметтердің түсінігі мен сипаттамасы. Фирманың логистикалық сервисінің жүйесінің қалыптасу сатылары. Логистикалық сервис деңгейі. Қызметтер сапасы мен оның көресткіштері. Логистиканың жоғары сапасын қамтамасыз етудің негізгі мәселелері. Логистика концепциясы базасы негізінде тауар өткізу жүйелерінің жүзеге асуы.

Күтілетін нәтижелер: Студент келесілерді білуі тиіс:


  • Қызметтер тізімін анықтауды.

  • Сервистік жұмыстар сапасын қамтамасыз ету.

  • Сервистік қызметті жобалау, қалыптастыру, қолдану.



Таңдау бойынша курс 5

Жүктерді тасымалдау ережелері мен халықаралық көлік операциялары



Пререквизиттер: Кедендік құқық

Постреквизиттер: тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды ұйымдастыру

Мақсаты: Кеден органдарының болашақ қызметкерлері ретінде студенттердің жүктерді тасымалдау ережелері мен халықаралық көлік операциялары жөніндегі білімін қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Жүктерді халықаралық тасымалдау әлемдік сауданы дамытудағы негізгі фактор ретінде. Халықаралық көлік операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негіздері. Халықаралық тасымалдау шарты. Тасымалдауларға көліктік-экспедициялық қызмет көрсету. Халықаралық тасымалдауда жүктерді сақтандыру. Көліктегі жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру. Жүктердің көліктік сипаттамалары, оларды тасымалдауға дайындау. Тауарларды жеткізудің базистік шарттары (ИНКОТЕРМС). Халықаралық теңізбен тасымалдау. Жүктерді теміржолмен тасымалдау. Көліктік инфраструктураны дамытудағы Қазақстанның стратегиясы. Транзиттік саясат және ҚР ішкі қажеттігін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер Пәнді игеру нәтижесінде студент міндетті:

- болашақ мамандардың ел ішінде болсын, шет елдерге болсын апарылатын жүктерді тасымалдау ережелері жөнінде түбегейлі білім алуға мүмкіндік туғызатын зерделенетін пәннің методологиясы мен әдістемелерін меңгеруге;

- тасымалданатын жүктердің сипаттамасы туралы негізгі ұғымдарды қолдана білуге, студенттердің сыртқы сауда операцияларын көліктік қамтамасыз ету туралы білімін қалыптастыруға және оларды практикада қолдануға және кәсіби мәселелерді шешуде олардың маңызы мен ролін түсінуге;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдысының болуын, өзінің әрман қарай жетілу қажеттігін, кәсіби білімдерін үнемі жаңарту керектігін түсіне білуге.



Кедендік ресімдеу

Пререквизиттер: Кеден құқығы, Кеден ісін ұйымдастыру, ІЭҚ тауар номенклатурасы.

Постреквизиттер: Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауды ұйымдастыру, Жабдықтау логистикасы, Тарату логистикасы, Қоймалау логистикасы

Мақсаты: Кедендік ресімдеу – Қазақстан Республикасында кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауға байланысты, Қазақстан Республикасының кеден органдары және тұлғалар арасында жасалатын әрекеттер мен процедуралар (рәсімдер) жиынтығы.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарлардың кедендік ресімделуі: технологиясы мен процедурасы. Тауарлардың шығу елін анықтау. Кедендік делдалдар, олардың кедендік ресімдеудегі рөлі мен орны. Кедендік тасымалдаушының қызметі. Тауарларды уақытша сақтау. Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары. ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауымен байланысты алдын – ала операциялар. Кедендік режимдердің түрлері мен белгіленуі: тауарларды еркін айналымға шығару.

Күтілетін нәтижелер:

- «кедендік ресімдеу» түсінігін студенттердің жетік меңгеруі;

- тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды іске асыру кезеңдерін білуі;

- тауарлар мен көлік құралдарын деклаарциялау түрлері мен ретін оқып білу;



- кедендік ресімдеу барысындағы кедендік деулаарциясы мен басқа да құжаттарды толтыруды үйрену;

Таңдау бойынша курс 6

Кәсіби мансапты жоспарлау

Пререквизиттер: «Менеджмент», «Персоналды басқару», «Социология», «Педагогика, психология және өзін-өзі тану негіздері»

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: тиімді және сәтті мамандарды дайындау есебінен жұмысты ұйымдастыру тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету

Курстың қысқаша сипаттамасы: «Кәсіби мансапты жоспарлау» пәніне кіріспе. Қазіргі әлемдегі іскерік мансап. Мансапты жоспарлау сатылары. Өзін және өзінің мүмкіндіктерін тану. Мақсаттарды бекіту. Мансапты қалыптастырудағы жеке қалыптастырудағы жеке қасиеттер. Жұмыстарды іздеу: сатылары, әдістері, тәсілдері. Өзін-өзі таныстыру өнері. Мансап басталуда.

Күтілетін нәтижелер: студент өз бетінше жұмыс іздеу ілімдері, интервью өту.



Пән циклы

Пән коды

Пәндер атауы

Несие саны

Сем.

4 курс

БД




Таңдау бойынша курс 1










MK 4223

Маркетингтегі коммуникация

3

7




MM 4223

Халықаралық маркетинг

3

7

ПД




Таңдау бойынша курс 2










EKTU 4224

Тауарлар мен қызметтер экспертизасы

3

7




Sta 4224

Статистика

3

7

БД




Таңдау бойынша курс 3










OTKTTS 4310

Тауарлар мен көліктік құралдарды кедендік бақылауды ұйымдастыру

3

7




EA 4310

Экономикалық талдау

3

7

ПД




Таңдау бойынша курс 4










LS 4311

Жабдықтау логистикасы

3

7




LR 4311

Тарату логистикасы

3

7

ПД




Таңдау бойынша курс 5










LS 4312

Қоймалау логистикасы

3

7




PKL 4312

Логистикадағы жоспарлау және контроллинг

3

7


Таңдау бойынша курс 1

Маркетингтегі коммуникация

Пререквизиттер: Маркетинг.

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: ғылыми-теориялық коммуникация негіздерін оқу, сондай-ақ тауар мен қызметті жылжытудың практикалық дағдыларын меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Пайда болудың әңгiмесi және жарнаманың дамуы. Жарнамалық құрал-жабдықтарды жiктеу. Қызмет көрсету жарнама. Жарнамалық зерттеулер және жарнаманың мақсаттарын анықтама. Жарнаманың таралуының құрал-жабдықтарын таңдау. Ұйым және қызмет саласында жарнамалау науқанының жоспарлауы. Көрме және қызмет саласында жәрмеңке. Жарнамалық үндеу негiздері. Қызмет саласында Паблик рилейшнз ұйымы. Жарнамалық бюджеттi әзiрлеу. Жарнамалық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау. Жарнамалық қызметтiң тиiмдiлiгiн бағалау. Негiзгi заң және қызмет саласында жарнамалық қызмет реттейтiн заңнамалық актiлері. Халықаралық жарнама.

Күтілетін нәтижелер:

- Өзiндiк жұмыс дағдыларын жоғарылату және қажеттiлiктiң дамуы жеке және өмiр бойы үйретудi мақсатындалардың кәсiби әбден жетiлдiру;

- Бағалы, сауда, коммуникациялық саясаттың талдауының дағдыларымен ие болу

- фирманың маркетингтік қызметi процесiнде маркетингтік коммуникациялардың теориялық бiлiмдерін қолдану.



Халықаралық маркетинг

Пререквизиттер: Маркетинг

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты Халықаралық маркетингтің теориялық принциптерін, элементтерін және тәсілдерін жүзеге асыруын студенттердің оқуы және әйгілі шетелдік және отандық фирмалардың қызметі мысалында оларды қолданылуының тәжірибелік ілімдерін игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық маркетингтің мәні. Халықаралық маркетинг субъектілері. Халықаралық маркетинг ортасы. Халықаралық маркетингті зерттеу. Халықаралық маркетингтегі нарықты сегменттеу. Халықаралық тауар саясаты. Халықаралық маркетингте тауарларды орау және таңбалау. Фирманың бәсекеге қабілеттілігі және шетел нарығындағы оның өнімдері. Халықаралық баға саясаты. Халықаралық маркетингтегі тауар қозғалысы. Өткізу нарықтарындағы делдалдардың жұмыс жағдайы. Фирманың халықаралық коммуникациялық саясаты. Халықаралық жәрмеңкелер,салондар, көрмелер ұйымдастыру. Сыртқы нарыққа шығу стратегиясы. Импорттық маркетинг. Сыртқы экономикалық қызмет. Сыртқы сауда операцияларының жіктелуі. Сыртқы нарықтарда маркетингті ұйымдастыру және бақылау.

Күтілетін нәтижелер:

- халықаралық маркетингтік орта негіздерінің бiлiмдеріне ие болу;

- халықаралық маркетингте маркетинг-микс кешенін зерттеу бойынша iс жүзiнде теориялық бiлiмдерді қолдану;

- сыртқы нарықта маркетинг әрекеттерді талдау білу;

- практикалық маркетингте маркетинг-микс кешенін зерттеу бойынша iс жүзiнде теориялық бiлiмдерді қолдану.
Таңдау бойынша курс 2

Тауарлар мен қызметтер экспертизасы

Пререквизиттер: мектептің физика курсы

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: негiзгi ұғымдарды және сараптаманың төңiрегiңдегi әдiстердi зерттеу, объект және тауарлық қызметтiң субъектiлерi.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарларын сапасын сараптамасын ұғым және жiктеу оны. Сараптаманың ортақ ережесi. Объект және тауарлық сараптаманың субъектiлерi. Тауарлық сараптаманың әдiстерi. Сертификациялық және тауарлық сараптама. Экономикалық және коммерциялық сараптама. Технологиялық және экологиялық сараптама. Услуг сараптама. Тауарларды сапа зерномучных сараптамасы. Кондитер бұйымдарының сапасын сараптама. Жемiстердi сапаның сараптамасы және көкөнiстер. Ағарғанның сараптамасы. Еттiң сапасын сараптама және құстың биттерiн. Азық-түлiк тауарларының бiрдейлендiруi. ВЭДтың тауарларын тауар - кеден сараптамасы. Азық-түлiк тауарларының бұрмалауы.

Күтілетін нәтижелер:

- талдасын және нормативтiк құжаттармен жұмыс iстесiн және заңнамалық актiлермен; бағалауды жүзеге асырсын және тауарларды сапаның сараптамасын; бiрдейлендiру өткiзсiн және товароводвиженияның барлық кезеңдерiне жалған тауарлар жасауды кездестiру.

- дәлелдеменi салсын және талдаудың негiзiнде дәләлдеу және объектiлердi есептеумен ақпараттың синтезi және теориялық основтардың әдiстерiн сараптамада.

- эксперименталдi мәлiметтерлердi өңдеудi тұтыну тауарылар, статистикалық әдiстердi сараптаманың ерекшелiктерiн зерттеудiң есептеуiмен хабарламалардың әр түрлi пiшiндерiнде ақпаратқа тауарларды сапаның талдауында таныстыру.

- ақауларды ескерту бойымен өзiндiк жұмыс, iс-шаралар әзiрлеудiң дағдылары және ысыраптар.

Статистика

Пререквизиттер Микро/макроэкономика

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: Экономикалық білімнің ажырамас бөлігі болып әртүрлі статистикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін статистикилық сауаттылық, статистикалық зерттеу әдістерін қолдана білу табылады. Сондықтан да экономикалық білімді жақсарту дегеніміз білімнің әртүрлі салаларындағы мамандардың статистикалық сауаттылығын міндетті түрде жоғарлатуды көздейді. Осыған орай, «Статистика» курсын оқып үйрену жоғары мәнге ие. Статистика студенттерді жиынтық (масса) мәліметтердің қалай жинақтала тынын таныстырады, өйткені бағалардың, өмір сүру деңгейінің және т.б. Өзгерулерін жекелеген құбылыстар (бір тауардың бағасы немесе бір отбасының табысы және т.б.) негізінде қорытындылауға болмайды, сондай – ақ мәліметтердің қалай қорытындыланатынын және талданатынын үйретеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдітері. Статистика агенттігнің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. Ішінара бақылау. Өсіңкілік(динамика) қатарлары. Индекстер. Қоғамдық құбылыстарың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы. Шығын және аралық тұтыну статистикасы. Өндіріс нәтижесінің статистикасы. Ұлттық есеп жүйесі. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.

Білім алу әдісі: жағдайлық тапсырмалар, қателерді анықтау әдісі, жобалар әдісі, кейс әдісі және жабық тестілер.



Күтілетін нәтижелер:

- білікрілік мінездемесі мен берілген силлабустың талаптарына сәйкес студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек;

- әдебиеттерді іздеу мен талдау;

- теориялық және практикалық тәжірибелер зертеу;

- алынған ақпараттарды өз бетінше талдау.
Таңдау бойынша курс 3

Тауарлар мен көліктік құралдарды кедендік бақылауды ұйымдастыру

Пререквизиттері: Кеден ісін ұйымдастыру, Кеден құқығы

Постреквизиттер: жоқ

Мақсаты: Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу туралы студенттердің арнайы білімдерін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, кедендік бақылау саласындағы нормативтік базаны оқып білу.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудың мәні мен мазмұны. Кедендік бақылауды сыныптау және оның негізгі формалары. Кедендік бақылауды жүргізудің негізгі принциптері. Тәуекелді басқару жүйесі. Кедендік тексерулер және оларды жүргізу тәртібі. Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылау. Кедендік рәсімдеу операциясын жүзеге асыруға байланысты тауарларға кедендік бақылау. Халықаралық почта жөнелтімдеріне кедендік бақылау. Шетел тұлғаларының жеке категорияларының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарларын кедендік бақылау ерекшеліктері. Интеллектуалдық меншік объектілерін қорғау бойынша кеден органдарының қабылдайтын шаралары. Құбырлармен және электр желілерімен тасымалданатын тауарларға кедендік бақылау. Жолаушылардың, тауарлардың және багаждың халықаралық тасымалдануын жүзеге асыратын көлік құралдарын кедендік бақылау. Жеке қолдану үшін тасымалданатын тауарларды кедендік бақылау ерекшеліктері. Валюталық және экспорттық бақылау саласындағы кеден органдарының функциялары. Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік бақылау саласындағы ынтымақтастығы.
Күтілетін нәтижелер:

Пәнді игеру нәтижесінде студент міндетті:

- болашақ мамандардың тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу туралы ғылыми мағлұматтар алуға мүмкіндік туғызатын, зерделенетін пәннің методологиясы мен әдістемелерін, оның негізгі нысандары мен әдістерін меңгеруге;

- кедендік бақылау туралы негізгі ұғымдарды қолдана білуге, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын практикада пайдалану және олардың кәсіби мәселелерді шешудегі арналымы мен ролін түсінуге;

- ақпаратты іздеу, жинау, талдау, жүйеге келтіру және түсіндірмелер беру арқылы тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып кедендік бақылау туралы дәлелдеме құруға;

- пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған ақпаратты әртүрлі хабарламалар түрінде беруге, топта бірлесіп жұмыс істеуге, пікірлесуге және өзінің позициялық ұстанымын сақтауға, тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу саласында шешімдер қабылдауға;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдысының болуын, өзін-өзі әрман қарай жетілдіру қажеттігін, кәсіби білімдерін үнемі жаңарту керектігін түсіне білуге.

Экономикалық талдау

Пререквизиттері: «Статистика», «Экономикалық талдаудың теориясы».

Постреквизиттері: «Каржылық есеп», «Қаржылық менеджмент»

Мақсаты: Экономикалық талдау студенттердің ғылыми ойлау ой өрісін кеңейтіп және дамытуға, сондай-ақ алған білімді тәжірибелік қызметте қолдануға мүмкіндік береді, оны оқып-үйрену кәсіпорындардың, есептің басқарушылық және қаржылық бөлінуімен, бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы жөніндегі департаменттің әртүрлі толықтырулары, қаулыларымен бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарына көшуін ескере отырып жүргізіледі.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық талдаудың мазмұны, объектісі, пәні және міндеттері. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Факторлық талдау. Қаржы коэффициенттері әдістері. Басқарушылық талдаудың әдістері. Компанияның маретингтік әрекетін талдау. Өнім өндіру және жүзеге асыру көлемін талдау. Өндірістік ресурстарын пайдалануын талдау. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Қаржылық талдау негіздері. Компанияның қаржы жағдайын жалпы баға беру. Баланс өтімділігі талдау. Қаржы тұрақтылығын талдау. Ақша ағысын талдау. Ұйымның пайдалылығын талдау.



Күтілетін нәтижелер:

А. «Экономикалық талдау» пәнінің әдісін және әдістемесін, негізгі экономикалық көрсеткіштерді менгеру, аталған жүені түсіну және білімін көрсете білу.

В. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық әрекетін талдау жасай білу, талдаудың жеке нәтижелерін жалпылау және тиісті қорытынды жасау тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін.

С. Қаржы шаруашылық әрекеті бойынша ақпараттарды жинау, жіктеу, талдау жасау арқылы экономикалық проблемаларды шеше білу.

Д. Ұйымдардың қаржы тұрақтылығына, төлемқабілеттілігіне, өтімділігіне баға беру.

Е. Ұйымдардың қаржы шаруашылығын студенттер өз бетімен талдау жасауды үйрену


Таңдау бойынша курс 4

Жабдықтау логистикасы

Пререквизиттер: «Логистика», «Маркетингтік логистика»

Постреквизиттер: «Коммерциялық логистика», «Қоймалау логистикасы»

Мақсаты: Логистикалық жабдықтаудың мазмұны мен ерекшелігін оқып үйрену

Курстың қысқаша сипаттамасы: Логистика: мәні мен мазмұны. Шаруашылық байланыс құрылымындағы жабдықтау логистикасы. Жабдықтаудағы логистикалық менеджмент. «Жабдықтау-өндіріс» функционалдық цикліндегі материалдық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау мен болжау. Жабдықтаудың функционалдық цикілі толық логистикалық циклдің құрама бөлігі ретінде. Материалдық ресурстармен жабдықтаушыларды таңдау логистикалық функция ретінде. Жабдықтау логистикасында қорларды басқару. Жабдықтау логистикасындағы трансакциялық операциялар. Жабдықтау логистикасындағы тәуекелдер. Жабдықтау логистикасындағы инновациялар мен басқару стратегиялары. Жабдықтарды сатып алу мен қызмет көрсету ерекшеліктері. Мемлекеттік сатып алулар. Жабдықтау логистикасының тиімділігін талдау.

Күтілетін нәтижелер: студенттер пәнді оқу барысында игеру қажет:

- Шаруашылық байланыстар құрылымында жабдықтау логистикасының негіздерін игеру;

- жабдықтаудың функционалдық цикілі толық логистикалық циклдің құрама бөлігі кешенін білу;

- «жабдықтау-өндіріс» функционалдық цикліндегі материалдық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау мен болжауды білу;

- Жабдықтау логистикасындағы инновациялар мен басқару стратегияларын игеру;

- Жабдықтау логистикасының тиімділігін талдауға үйрену.



Тарату логистикасы

Пререквизиттер:логистика, маркетинг

Постреквизиттер: қоймалау логистикасы, коммерциялық логистика

Мақсаты: студенттерде тарату желілерін қатаң бәсеке жағдайында оңтайландыруға, клиенттердің тасырыстарын басқарумен және клиент үшін құндылықты жасайтын иілімді логистикалық сервисті қамтамасыз етумен байланысты тарату логистикасының негізгі аспектілері бойынша білімдерін дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дайын өнімді таратудың негізгі түрлері. Логистикалық делдалдардың типтері. Таратуды басқару жүйесі. Орналастыру стратегиясының әдістері. Қоймалық қызметтің негізгі түсініктері. Қоймаларды жіктеу. Қоймалық шаруашылықты ұйымдастыру формалары. Қоймалық ғимараттарды жоспарлау. Қоймадағы өнімдердің қорларын есептеу мен бақылау әдістері. Қоймалау қызметінің негізгі көрсеткіштері. Қоймадағы технологиялық үдерісті ұйыидастыру. Қоймаға өнімнің түсуі және оны қабылдау. Өнімді сақтауға орналастыру. Өнімді іріктеу, жинау және жіберу. Қайта қайтарылатын өнімді өңдеу. Тара және буып-түю.



Күтілетін нәтижелер:

- тарату арналарының ұйымдық құрылымын жасау білімін;

- тұтыну сұранысын анықту және оның қанағаттандырылуын анықтай білу;

- сауданы ұйымдастыру мен тауар жылжытудың ұтымды формаларын таңдау ілімдерін игеру;

- қорларды басқару ілімдерін игеру;

- дайын өнімнің қорларын сұрыптау мен орналастыру, жинау туралы түсінік қалыптастыру

Таңдау бойынша курс 5

Қоймалау логистикасы

Пререквизиттер: «Жүйелік талдау», «Логистика», «Көліктің жалпы курсы», «Маркетингтік логистика», «Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы»

Постреквизиттер: қоймалау логистикасы, коммерциялық логистика

Мақсаты: студенттерге қоймалаудың оңтайлы жүйесін моделдеуге қажет білімді беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Қойма – логистикалық жүйенің элементі. Логистиканың функционалдық салаларын интеграциялау. Қоймалау логистикасының мәселелері және оларды шешудегі функцияаралық үйлестірудің рөлі. Қоймалау логистикасының мәселелерін шешудегі жүйелік келістің методологиясы. Қойма жүйесін қалыптастыру. Қойма шаруашылығын жасау. Қойманы және жүк өңдеу қойма аймақтарын жобалау. Қоймалау жүйесін жасау.Қоймадағы логистикалық процесс. Қойма шаруашылығын басқарудың ұйымдық құрылымы. Жүк өңдеу процесі және қоймада оны ұйымдастыру. Қойманың тиімді қызмет етуі.

Күтілетін нәтижелер:

- қоймалардың логистикалық жүйедегі орны мен маңызын білу және түсіну;

- қоймалау логистикасының мәселелерін шешу үшін жүйелік келісінің тұжырымдамасы мен қағидаларын колдануды білу;

- қойма аудандарының негізгі параметрлерін анықтаудың практикалық дағдыларын игеру;

- қоймалық жүк өңдеуді ұйымдастырудың практикалық дағдыларын игеру;

- қойма жүйесін оңтайландыру критерийлерін білу және олардың тиімділігін ашатын көрсеткіштерді талду дағдысын игеру.



Логистикадағы жоспарлау және контроллинг

Пререквизитері: «Жүйелік талдау», «Логистика», «Тасымалдаудың жалпы курсы», «Нарықтық логистика», «Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы»

Постреквизиттері: коммерциялық логистика

Мақсаты: білім алу және жоспарлау қабілетін және логистикалық жобаларды өңдеу, логистикалық көрсеткіштердің жоспарлы және нақты мағыналарындағы ауытқу және айырмашылықтарын анықтау үшін логистикалық үдерісте басқарушылық шешім қалыптастыру

Курстың қысқаша мазмұны:

Логистикадағы стратегия және жоспарлау. Стратегиялық логистикалық жоспарлау. Логистиканы жоспарлау. Логистикалық стратегияның типтері. Логистикалық стратегияны дайындау. Логистикалық стратегияны жүзеге асыру. Логистикалық жоспарлаудың жіктелуі. Логистикалық бақылау. Логистикадағы бақылау. Логистикалық жүйе мен технологиядағы жұмысты жоспарлау.



Күтілетін нәтижелер:

- әрекет ету мүмкіндіктерін іздеу үдерісін білу, осы әрекеттердің салдарын болжау, логистикалық жоба даярлау;

- қызмет көрсету деңгейін жоғарлату, капитал жұмсалымы мен шығындарды қысқарту үшін логистикалық стратегия даярлай білу;

- логистикалық есептерді құру және шешу қабілетін игеру;

- логистикалық бақылау туралы білу.

«Маркетинг және логистика»



кафедрасының э.ғ.к., доцент Даулетова А.М.
№ _6_ хаттама «17»__01__2014 ж.



жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау