«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген



жүктеу 315,15 Kb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата14.05.2018
өлшемі315,15 Kb.
#13114
1   2   3   4   5   6   7   8   9

13 

 

10)  барлық  қолданылатын  құрал  мен  айлабұйым  ұшқыннан  тұтанудан 



қауіпсіз болуы тиіс; 

11)  сыйымдылықта  әрбір  жұмыс  істеушіде  белгі  беру-құтқару  арқаны 

бекітілген құтқару белбеуінің болуы және жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін 

қамтамасыз ететін басқа да шаралардың қабылдануы. 

Жұмыс  аяқталған  соң  қақпақты  жапай  тұрып  ыдыстың  немесе 

сұйыққойманың  ішінде  жұмысшылардың,  құралдардың,  айлабұйымдардың 

және  бөтен  заттардың  жоқтығына  көз  жеткізу  қажет.  Жұмыс  аяқталған  соң 

қақпақтарды ашық қалдыруға жол берілмейді. 



 

6.5. Қысыммен жұмыс істейтін құбырлар мен ыдыстар  

 

59. Қысыммен жұмыс істейтін бу және ыстық су құбырларын және су 



қайнататын  қазандықтарды,  ыдыстарды  қауіпсіз  пайдалану  Қысыммен 

жұмыс  істейтін  жабдықтарды  пайдалану  кезінде  өнеркәсіптік  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету қағидаларымен [8] реттеледі. 

60. Белсенді, тез тұтанатын, жанатын, жарылыс қауіпті немесе зиянды 

заттар  құбырлары  саңлаусыз  болуы  тиіс.  Ықтимал  жылыстау  орындарында 

(шүмектер,  қақпақшалар,  ернемекті  жалғасулар)  қорғаныш  қаптамалар, 

қажет  болған  ретте  жылыстау  өнімдерін  олардан  қауіпсіз  жерге  қотаратын 

арнайы қондырғылар орнатылады.  

61.  Ауық-ауық  қарап  тұруды  талап  ететін  жабдық,  темір  арқау  және 

аспаптар оларды күтім жасауға ыңғайлы орындарға орнатылады. 

62. Кезекті куәландыру немесе ақау анықтау мерзімі біткен соң сенімді 

де  қауіпсіз  жұмыс  істеуді  бұзу  қатері  бар  нысандарды  оларды  қорғайтын 

және  деңгейін  реттейтін  бөлшектер  болмаған  және  бұзық  болған  ретте 

пайдалануға тиым салынады, бұл туралы оның төлқұжатына жазылады.  

63. Жабдықтардың және құбырлардың оларға тез тұтанатын, жанатын, 

жарылыс  қауіпті  немесе  зиянды  заттар  тиюі  ықтимал  үстіңгі  барлық  ыстық 

жері  осы  заттардың  сіңуін  болдырмайтын  жылу  оқшаулағышпен  қорғалуы 

үшін металл көмкермемен жабылады.  

64.  Жабдықтардың,  құбырлардың,  бактардың  және  басқа  да 

бөлшектердің  оларға  жанасу  күйдіруі  мүмкін  барлық  ыстық  жерінің  жылу 

оқшаулағышы  болуы  тиіс.  Оқшаулағыштың  үстіңгі  бетінің  температурасы 

айнала ауа температурасы 25ºС болған кезде 45ºС-тан жоғары болмауы тиіс. 

65.  Еден  (жұмыс  алаңы)  деңгейінен  1,5  метрден  жоғары  биіктікте 

орналасқан  жабдықтар  бөлшектеріне  қызметті  қоршалған  және  сатылы 

орнықты алаңшаларда жасау керек. 

 

6.6. Газ қауіпті жұмыстар 



 

66. Отын ретінде артық қысымы 1,2 МПа (12 кгс/см2) аспайтын табиғи 

газбен  және  артық  қысымы  1,6  МПа  (16  кгс/см2)  аспайтын  сығымдалған 

мұнай  газымен  жабдықталатын  жүйелерді  жобалауға,  салуға  және 




14 

 

пайдалануға  нормалар  Газбен  жабдықтау  жүйелері  объектілерінің 



қауіпсіздігі жөніндегі талаптармен [9] белгіленеді.   

67.  Жұмыс  аймағының  ауасында  шекті  қалыптан  артық  шоғырланған 

зиянды  заттар  мөлшері  болуы  немесе  жарылыс  қауіпті  қоспалар  болуы 

мүмкін үй-жайлар (имараттар, учаскелер және т.б) газ қауіпті болады.  

68.  Газ  жиналып  қалған  ортадағы  немесе  газ  таралып  кетуі  ықтимал 

жұмыстар газ қауіпті болады. Оларды құрамы кемі екі жұмысшыдан тұратын 

бригада  орындайды.  Газ  қауіпті  жұмыстарды  жүргізуге  жүктелім-пұрсат 

беріледі. 

69.  Газ  қауіпті  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  мынадай  талаптар 

сақталады: 

1)  жарықтың  көшпелі  көзі  ретінде  тек  жарылыстан  қорғалған  шамдар 

қолданылады. Газ қауіпті жерлерде шамдарды жағуға және өшіруге, сондай-

ақ ашық отты пайдалануға жол берілмейді; 

2)  құрал  ұшқын  шығуын  болдырмайтын  түсті  металдан  тұруы  тиіс. 

Қара металдан жасалған құралды қолдануға да жол беріледі, бұл ретте оның 

жұмыс істейтін бөлігіне солидол немесе басқа жағармай жағылады;   

3)  қызметшілердің  аяқ  киімі  болат  тағасыз  және  шегесіз  болуы  тиіс, 

басқа  жағдайда  кебіс  кию  қажет.  Синтетикалық  материалдан  киім-кешек 

киюге жол берілмейді; 

4)  ұшқын  шығаратын  электр  бұрғыны  және  басқа  да  электрленген 

құрлдарды, сондай-ақ айлабұйымдарды пайдалануға жол берілмейді.   

 

6.7. Биікте жұмыс істеу 



 

70.  Биіктегі  жұмыстарға  оларды  орындау  кезінде  жұмыскер  жерден   

1,3 метр және одан жоғары биікте, жабында немесе жұмыс төсенішінде және 

биіктік бойынша құламадан кемі 2 метр қашықта тұрған жұмыстар жатады.  

71.  Биіктегі  жұмыстарды  орындауға  арналған  ағаштар,  мінбелер  және 

басқа  да  айлабұйымдар  арнайы  құрал  болуы  және  үлгі  жобалар  бойынша 

дайындалуы тиіс.   

72.  Арнай  құрал  ағаштардың,  мінберлердің  және  қақпақтардың 

жасаушы зауыт (кәсіпорын) берген төлқұжаты болуы тиіс. 

73.  Арнайы  құрал  емес  ағаштарға  айрықша  жағдайларда  жол  беріледі 

және  олардың  мығымдығына,  сондай-ақ  олардың  барлық  бөлшегінің 

беріктігіне есептеу болған ретте жеке жобамен жасалады.  

74.  Ағаш  төсеніштерге,  мінберлерге  және  жүк  көтеретін  алаңшаларға 

жүктеме  жобамен  (төлқұжатпен)  жол  берілгеннен,  белгіленгеннен  аспауы 

тиіс.  Ағаштарға  және  мінберлерге  жол  берілетін  жүктеме  және  оны 

орналастыру сызбасы көрсетілген плакттар ілінеді.   

75.  Биіктігі  4  метрге  дейін  ағаштар  мен  мінберлер  оларды  жұмыстар 

жетекшісі «Ағаштарды және мінберлерді қабылдау және қарау журналында» 

жазып, қабылдаған соң пайдалануға жол беріледі.   



жүктеу 315,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау