Сынып:8
Пән: физика
Күн:
Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен тарауды еске түсіріп, қайталау, іскерлікке жаттықтыру, іскерлікті зертханалық жұмыспен байланыстыру. №1 зертханалық жұмысты жасау және осы жұмыстан алған нәтижелерді талдау.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, ізденіске, білімдерін зертханалық жұмыс жасау арқылы әрі қарай дамыту..
Тәрбиелік: Физика пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру. Қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиеғлеу.
Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс №1
Сабақтың барысы:
Жұмыстың мақсаты: жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка), термометр, стақан, ыстық суы бар шәйнек (бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t1 температурасын өлшеңдер;
стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t2 температурасын өлшеңдер;
ыыыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер;
ыстық судың t температураға дейін суығанда берген жылу мөлшерін формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін формуласымен есептеңдер.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар:
Ыстық судың массасы, m, кг
|
Ыстық судың бастапқы температурасы, t, 0C
|
Қоспаның температурасы t, 0C
|
Ыстық судың берген жылу мөлшері, Q1, Дж
|
Суық судың массасы, m1, кг
|
Суық судың бастапқы температурасы, t2, 0С
|
Суық судың алған жылу мөлшері, Q2, Дж
|
|
|
|
|
|
|
|
ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар;
тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: , мұндағы Q1 – ыстық судың берген жылу мөлшері, Q2 – суық судың алған жылу мөлшері;
қорытынды жасаңдар.
Қорытынды: Оқушылар сабақты қорытындылайды.
Оқушылар, біз бүгінгі қойған мақсатымызға жеттік пе?
Үйге тапсырма: І тарау бойынша бақылау жұмысына дайындалу.
Жетекші: Илеубаев А.М. Бағасы: Қолы .
Достарыңызбен бөлісу: |