Көпшілік тыңдарман тәрбиеленушілерге арналған дәрісбаяндар: әдемі әрі сәнді жағдайда 15-20 минут аралығында ұсынылатын қызықты да тосын мысал, деректерге бай жарқын ақпарат тәрбиеленушілердің баяндалып жатқан құбылыс не оқиғаға болған көзқарас, қатынасын жаңа қырынан қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сократтық сұхбат» - кезегімен қосымша сұрақтар қоя отырып, оларға жауап тауып, қойылған проблеманың көптеген балама шешімдерін кеңінен қарастырумен біртіндеп шындыққа жету жолы.
Ашық микрофон формасы қоғамдық өмір проблемаларын талқалау үшін қолданылады.
Фәлсафалық бас қосу – тәрбеленуші өмірінің мән – мағынасын тереңдей түсінуге арналған ғұламалық сұхбат – кеңес.
Белгілі тақырып бойынша пікір – сайыс – екі топ кезегімен ой толғаныстарын ортаға салып, өз жобаларын қорғайды.
Интеллектуалдар саудасы – ақыл – ес әрекеттерін жарыстырудың ойын формасы. Ұсынылған «тауарды» - кітап, сурет, күйтабақ, қолөнер туындысы және т.б. «сатып алу» үшін, қатысушы қалаған затына байланысты өз білімдерін жария етуі тиіс.
Мамыра жай әңгіме – сезім төрінде жатқан құпия көңіл сырларын бөлісу, тәлімдік мазмұнды өмір құндылықтары жөнінде сұхбат.
Даналар күні – арнайы күні, ұлы ғұламалар мерейтойына орай өткізілетін танымдық, құндылықты бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара.
Кесірлі дөңгелек стол – алдын ала жинақталған пікір таласты материалдар негізінде заманның көкейкесті проблемалары жөніндегі тәрбиеленушілердің пікірін біліп, олар бойынша талдау салуға арналған сөз – жарыс.
Тәрбие формалары мен құрал – жабдықтарын таңдау. Тәрбие құралдары мен формаларын таңдастыру тәрбиеші алдында тұрған күрделі мәселе. Тәрбиелік іс - әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне тәуелді.
Тәрбие жабдықтары мен формаларын таңдап, іріктеудегі басты мақсат – олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметтерінің толық іске асуы, оқушылардың рухани белсенділігіне дем беріп, ой – толғаныс әрекеттерін ұштауы, қоршаған болмыс заттарымен өзбетінше дербес қарым – қатынас жасауға жәрдем беруі.
Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері де балалар сияқты қайталанбас сыр – сипатқа ие. Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін көрсетпе – нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің дайын сценарийлерін ойсз пайдалана, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар жалықтыратындай бір текті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір идеалды не заттай элементтерін заман ыңғайы мен тәрбиеленушілер ерекшеліктеріне сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды. Мүмкін болғанша, іс – шара формаларының тәрбиеші мен балалар ұжымының өзара ықпалдастық қатынастары барысында туындағаны пайдалылау. Себебі, қалаулы істің орындалуы да қызықты.
Тәрбие формаларын іріктей отырып, дәл мезеттегі нақты тәрбие міндеттері мен тәрбиеленушілердің араласуымен орындалатын іс - әрекет түрлерін; тәрбиелік процестің ұйымдасу принциптерін, балалардың дайындығын, олардың қызығулары мен қажеттерін; материалдық қор мен сырттай шарт – жағдайларды, педагогтар және ата – аналар мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Тәрбиенің қай формасы болмасын, ол өзіне сай нақты іс - әрекет әдіс, тәсіл, жол – жобаларын пайдалануды қажет етеді және бұлардың бәрі сол әрекетке қатысушылармен бірлікте іске асқаны жөн.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуалды мәселе екені айқын.
Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру.
Бүгінде педагогика ғылымы теориясында тәрбие әдістеріне берілген анықтамада ортақ пікір қалыптаспаған. Оған дәлел педагогикалық еңбектерде тәрбие әдістеріне берілген әртүрлі сипаттағы, мазмұндағы түсініктемелер.
А.С.Макаренко тәрбие әдістерін психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы ретінде қарастырса, В.А.Сластенин, Ю.К.Бабанскийдің педагогикалық еңбектерінде оны тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекеттерінің өзара байланыс тәсілдері деп сипаттайды.
Т.А.Ильинаның «Педагогика» атты оқулығында тәрбие әдістеріне анықтама тәрбиешінің оқушылардың бойында социалистік көзқарасты және мінез – құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында, олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы ретінде тұжырымдалған.
Ал, Т.Е.Конниковтың анықтамасы бойынша тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету деп қорытындылдайды. Тәрбие әдістеріне берілген мұндай әртүрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онды:
жеке басқа ықпал ету құралы;
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз.
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Мысалы, жаттығу әдісі: бұйыру, нұсқау, көрсету, үйрету, жаттықтыру, тапсырма, ақыл – кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құраса, мадақтау немесе жазалау, алғыс немесе сөгіс жариялау, сыйлық беру, қабырға газетіне шығару, талап қою, теріс қылықтарды тежеу, жолдама беру, т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.
Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды. Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы – 2005ж.
Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.
Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж.
Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.
Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991ж.
Керімов Л.К. Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу. – Алматы, 1991ж.
Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 2-тарау.
Кочетов А.Г. Оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеуі. – М.: Просвещение, 1967ж.
Үрзімұлы Ф. Балаға тәрбие керек. \ «Қазақстан мұғалімі», 24 желтоқсан, 1993ж.
Серімов С. Тәрбие бастауы. \ «Қазақстан мұғалімі», ақпан, 1996ж.
Жұмабаев Ә. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері. – Алматы, 1974ж.
Аймауытов Ж. Тәрбие. «Қазақстан мектебі», №5, 1989ж.
Ералиева М. Дәстүрлі мектебімізді ізгілендіру жолдары. \ «Қазақстан мектебі », №10, 1999, 38-42 беттер.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп», 2002ж.
Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж. 3-4 тарау.
Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
Сухомлинский В.А. Мектептің жас директорымен сырласу. – Алматы, 1987ж.
Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. \Құрастырған Ж.Н.Нұржанова. – Алматы, 1991ж. – 29 бет.
Қабатай Б. Дидактикалық материалдар. Алматы, 1999ж.
Педагогическая энциклопедия. – М.: Просвещение, 1964ж.
Россиская педагогическая энциклопедия. – М.: Просвещение, 2001ж.
Достарыңызбен бөлісу: |