Қазіргі кезде шетел тілін ана тіліне сүйене отырып, ана тілмен үйренетін тілдің ерекшеліктерін салыстыра оқыту кең қолдау табуда


Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы



жүктеу 246,36 Kb.
бет2/26
Дата13.05.2022
өлшемі246,36 Kb.
#38512
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Дипломная 1

1. Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы

1.1 Ағылшын тіліндегі шақ категорияларының жасалу ерекшеліктері
Етістіктің лексика – семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексика – семантикалық, лексика – грамматикалық және грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қата, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар.

Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе - жүйе категориялар  - етістктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ, етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс еңгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттық категориялары да бар. Бұлар етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері делініп есептелінеді – деп Ысқақов Ахмеди етістікті сипаттаған болса [38,222] ғалым С. Арпабековтың «фонетика, лексика, морфология, синтаксис» деген оқулығында, «етістік - заттың қимылын, іс - әрекетін күй жайын білдіретін сөз табы» - деп қысқа ереже берсе. [7,45]

Ал Қазақ тілі энциклопедиясында Е.М. Арын етістік сөзінің мағынасын тереңінен ашып әрі кең ауқымда зерттеген. Егер осы зерттеуге сүйеніп қарайтын болсақ, онда «етістік -  қазақ тіліндегі негізгі сөз таптарының бірі.  Оның өзіндік ерекшеліктері мол: семантикалық сипаты сан алуан, грамматикалық қасиеті әр жақты, түрлену жүйесі мен грамматикалық категориялары әр қилы, синтаксистік қызметі мен тіркесу, басқа сөзбен байланысу қабілеті өте кең, құрамы мен құрылысы қат – қабат. Семантикалық жағынан етістік табиғат пен жаратылыс шеңберінде, қоғамдық өмірде адамның абстракты ойы мен санасында пайда бола алатын алуан түрлі қимыл, іс – әрекет, қозғалыс, амал, қалып, жай – күй, ойлау, сөйлеу, көру, есту, бағыт - бағдар беру бейнелеу т.б. процестерге қатысты ұғымдарды білдіреді»  -  деп түсінуге болады. [8, 121]

     Ал ағылшын тіліндегі етістік мағынасын қазақ тіліндегі етістікпен салыстырып көрейік: сөз таптарының бірі – етістік ( the Verb ) заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп  Г. Рысбаеваның Ағылшын тілі грамматикасында осылай деп көрсетілген болса, [ 35, 73]  онда З. Баданбекқызының Ағылшын тілі оқулығына сүйенетін болсақ, Ағылшын тілінің етістігін қазақ тілімен салыстыра отырып, былай деп көрсеткен: «Етістік заттың, құбылыстың – әрекетән білдіретін сөз табы. Етістік ағылшын тілі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі, қолданыс аясы кең, аса бай грамматикалық категория. Етістік қазақ тілінде жақтарға, шақтарға байланысты не істейді? Не істеп жатыр? Не қылды? т.б.  сияқты сұрақтарға жауап берсе, ағылшын тілінде де шақтарға, жақтарға байланысты What does (He, she, it(smb.) do? What do I, we, you, they do? What did I, we, you, they, he, she do? тағы басқа сұрақтарға жауап береді, деп З.Баданбекқызы ашып көрсеткен болатын .Атап айтар болсақ әрине қазақ тілі болсын не ағылшын тілі болсын тілдің негізгі грамматикалық ұғымдары зерттелінген [11,76].

Т.М.Жималенкованың еңбегіне сүйенетін болсақ , онда «етістік – ол іс – қимылды, әрекетті білдіретін сөз таптарының бірі» - деп қысқа әрі нақты етіп көрсетсе [15,89], біз нақты әрі түсінікті етіп айтқанын Ю.С. Масловтың еңбектерінен байқай аламыз. Масловтың айтуы бойынша «етістік сөз таптары ретінде, грамматикалық мағынаны тереңнен аша отырып уақыт немесе мезгіл белгісінің динамикалық түрде, ағып қозғалыста болуын білдіреді» [5,35] - дегендей, яғни осы айтылған ғалымдарға сүйене отырып, етістік туралы өзімізге мынадай түсінік қалыптасты яғни « етістік -  іс – қимыл, мезгіл, уақыт қозғалысын білдіретін грамматика саласындағы сөз таптарының бірі»  Сол себептен етістік формаларының сыр - сипаттарын бір - біріне байланыстырмай, алды - алдына талдау, қашан да болсын , ағат болмақшы деп түйіндейміз.

  Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жалпы қолданылуы деп айтылу себебі, ағылшын тілі етістігі әр шақта өзіне тән ерекшеліктер арқылы ғана қолданылады. Енді біз ағылшын тіліндегі етістік шақтарын жеке – жеке қарастырайық:

    The Present Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Етістіктің жалпы осы шағының болымды түрі to демеулігінсіз үш жақта да жіктелетін негізгі етістіктерден жасалады:

 I Speak - Мен сөйлеймін

You speak – Сіз сөйлейсіз

He speaks – Ол сөйлейді

She speaks – Ол сөйлейді

We speak – Біз сөйлейміз

You speak – Сіздер сөйлейсіздер

They speak – Олар сөйлейді

The Рresent simple шағында етістікке үшінші жақта, жекеше түрде  - s, - es жалғаулары жалғанады: My daughter studies at the University – Менің қызым Университетте оқиды.  My friend reds cables in the morning – Менің досым жеделхаттарды таңертең оқиды.

- s, - es жалғауларының жазылу тәртібі



  • ІІІ жақта жекеше түрдегі етістікке жалғанатын - s, - es жалғауларының жалғануы және жазылуы инфинитивтің (тұйық етістіктің) соңғы әрпіне байланысты болады:

  • егер инфинитив у – әрпіне аяқталып, оның алдында дауысты тұрса және сөз ұяң немесе қатаң дауыссызға немесе оқылмайтын –е әрпіне аяқталса, онда – s  - жалғауы жалғанады. to play -  plays, to spend – spends, to meet - meets etc.

  • Егер дауысты – о немесе дауыссыз – sh, - ss,-x, - ch, - tch әріптерімен,әріп тіркестеріне аяқталса, онда  - es жалғанады: to go – goes, to wash – washes, to pass – passes etc.

Ағылшын тілінде жалпы осы шақта seldom – сирек, often – жиі,   always – әрқашан, ылғи,  sometimes – кейде,  never – ешқашан,  usually – әдетте, generally  - жалпы алғанда, ережеге сай деген сияқты үстеулер қолданылады. Saulet usually comes to school early, She sometimes writes poems. Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі do көмекші етістігінен , ал үшінші жақтың жекеше түрінде does  көмекші етістігінен кейін келетін not болымсыз демеулігімен және to демеулігінсіз негізгі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады:

Do

          not  + V (infinitive)



Does              

He does not study at the University – Ол университете оқымайды.

You do not know him – Сіз  оны білмейсіз.

Қысқарған түрі: do not – don’t, does not – doesn’t

Бұл шақтағы сөйлемнің жалпы сұраулы түрі do, ал ΙΙΙ – жақ жекеше түрде does көмекші етістігінің бастауыштың алдында келуі және одан кейін келетін  to демеулігінсіз негізгі етістіктен жасалады: Do you go to the theatre?  - Сіз театрға барасыз ба? Does he recommend you to see a performance at the theatre? – Ол сізге театрдан қойылымды көруге ұсыныс жасай ма?  Do they live here?  - Олар осында тұра ма?

Past Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Бұл шақтағы етістіктердің (regular – дұрыс, irregular – бұрыс) болымды түрінің жасалуының екі жолы бар.

Regular verbs – Дұрыс етістіктер

Дұрыс етістіктің өткен шақ формасында етістікке – ed, - d жұрнағы жалғанады, ол Past Participle, өткен шақ есімшеге де сәйкес келеді. He stayed at home – Ол өткен түнде үйде қалды. My parents arrived in Britain yesterday. Менің ата – анам Британияға кеше келді.

Етістіктерге – ed, - d жұрнақтары жалғанғанда төмендегі оқу ережесін есте сақтаған жөн:

а) егер сөз  - d - дан  басқа ұяң дауыссызға және дауыстыға аяқталса , онда – ed, - d [d] болып оқылады:

lived  [‘livd]

stayed [steid]

opened [‘oupәnd]

ә) егер сөз – t, - d дауыссыздарыеа аяқталса, онда ed [d] болып оқылады:

lasted [‘la:stid]

wanted [ ‘wontid]

б) егер сөз қатаң дауысызға аяқталса, онда [t] болып оқылады:

worked [‘wә:kt]

helped [‘ helpt]

Етістіктерге –ed, -d жұрнақтары жалғанғанда сөздердің төмендегі жазылу ережесін білу қажет:

а) егер етістік соңы оқылмайтын – е әрпіне аяқталса, оған тек  -d жұрнағы жалғанады:

to live – lived

to love – loved

to like – liked

ә) егер етістік у- әрпіне аяқталып, оның алдында дауысты келсе, у- өзгермейді:

to play – played

to stay – stayed

to enjoy – enjoyed

б) егер етістік  у- әрпіне аяқталып, оның алдында дауыссыз тұрса, у - і  - ға өзгереді:

to study – studied

to defy – defied

to fry - fried          

Irregular verbs – Бұрыс етістіктер 

Кейбір етістіктердің өткен шақ (Past Simple) формасын сөздегі дауыстылардың алмасуы, сөздің түбегейлі өзгеруі арқылы жасалады да, бұлар бұрыс етістіктер деп аталады: 

to see – saw

to go - went 

to write - wrote  

to bring - brought

to eat - ate

 Ағылшын тілінде жалпы өткен шақта етістіктер жаққа, түрге жіктелінгенімен, өзгермейді. Ал қазақ тілінде етістіктер өткен шақта түрленеді, жекеше, көпше түрлерге бөлінеді.




I

saw, went

saw, went

saw, went

saw, went

saw, went

saw, went



Мен көрдім, кеттім

You

Сіз көрдіңіз, кеттіңіз

He,she,it

Ол көрді, кетті

We

Біз көрдік, кеттік

You

Сіздер көрдіңіздер, кеттіңіздер

They

Олар көрді, кетті
 

Сөйлемнің болымсыз түрі көмекші Did және болымсыз not демеулігі жекеше, көпше түрде де, барлық жақтар үшін негізгі етістіктің алдында келуі арқылы жасалады:

Did not + V (infinitive)


I

  did not work

(didn’t work)

does not work


Мен жұмыс істемедім

You

Сіз жұмыс істемедіңіз

He,She, It

Ол жұмыс  істемеді

We

 

did not work



Біз жұмыс істемедік

You

Сіздер жұмыс  істемедіңіздер

They

Олар жұмыс  істемеді

Сөйлемнің жалпы сұраулы түрі, жекеше, көпше түрде де, барлық жақтар үшін бастауыштың алдынан келетін did көмекші етістігімен, ал бастауыштан кейін келетін негізгі етістк to демеулігінсіз қолданылады:

Did

Did


Did

Did


Did

Did


I

work?

work?


work?

work?


work?

work?


Мен жұмыс істедім  бе?

You

Сіз жұмыс істедіңіз  бе?

He,She, It

Олар жұмыс  істеді ме?

We

Біз жұмыс істедік  пе?

You

Сіздер жұмыс  істедіңіздер ме?

They

Олар жұмыс  істеді ме?

The Future Simple шағының болымды, болымсыз және сұраулы  түрінде қолданылуы. Ағылшын тіліндегі   The Future Simple, жалпы келер шақ Ι жақтағы жекеше және көпше түрдегі shall көмекші етістігінен, ал басқа жақтар үшін will көмекші етістігі мен негізгі тұйық етістіктің to демеулігінсіз жасалады:

We shall be busy tomorrow – Ертең менің қолым тимейді

The waiter will bring the menu – Даяшы ас мәзірін әкеледі

He will have milk before going to bed – Ол ұйықтар алдында сүт ішеді Қысқарған түрі:  shall/ will =’ll.

Бұл шақтың болымсыз түрі shall, will көмекші етістіктерінен кейін келетін not болымсыз демеулігінен жасалады.

We shall not stay at home on holiday – Біз демалыста үйде болмаймыз

My son will not study at school – Менің ұлым мектепте оқымайды

I shall not go home tomorrow – Мен ертең үйге бармаймын

Қысқарған түрі: shall not = shan’t, will not = won’t.

Етістіктің бұл шағының жалпы сұраулы сөйлемі shall, will көмекші етістіктері бастауыштың алдынан келуі арқылы жасалады:

Shall we stay at home on holiday – Демалыста біз үйде боламыз ба?

Will he go to France – Ол Францияға бара ма?

Тhe Present Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы  түрінде қолданылуы. Бұл шақтың болымды түрі көмекші to be етістігінің жалпы осы шақ  (Present Simple) түрлері мен негізгі етістіктің осы шақ есімше  (Present Participle) түрінен жасалады:

to be + Present Participle (V + ing) = am, is, are + Present Participle

I am writing – Мен жазып отырмын

You are speaking – Сіздер сөйлесіп отырсыздар

He is standing near the window – Ол терезенің жанында тұр

Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі to be етістігінің жалпы осы шақтағы түрлері мен  not демеулігінің тіркесуі арқылы және негізгі етістіктің осы шақ есімше түрінен жасалады:

to be not + present participle

am/is/are + present participle

I am not watching TV – Мен теледидар қарап отырған жоқпын 

She is not going home – Ол үйіне бара жатқан жоқ

They are not reading – Ол оқып отырған жоқ

Қысқарған түрі: am not – I’m not

are not – aren’t

is not – isn’t

Бұл шақтағы жалпы сөйлемнің сұраулы түрінде to be көмекші етістігі бастауыштың алдында келеді:

to be + subject + V – ing?

am/are/is + subject + Present Participle?

Are you watching TV? – Сіздер теледидар қарап отырсыздар ма?

Are they reading? – Олар оқып отыр ма?

Is he going home? – Ол үйге бара жатыр ма?

The Past Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы  Етістіктің бұл шағы to be көмекші етістігінің The Past Simple жалпы өткен шақтағы үш жақтағы жіктік формалары мен негізгі етістіктің осы шақ есімшесінен  (Present Participle) жасалады:

Past tense of to be + Present Participle

Past Progressive was/were + Present Participle

Aidana was singing – Айдана өлең айтып жатты. Gulsim and Madina were swimming – Гүлсім мен Мәдина шомылып жатқан. Aset was working in the garden – Әсет бақта жұмыс істеп жатты. Бұл шақ to be етістігінің өткен шақ формасымен not болымсыз демеулігінің тіркесуі арқылы жасалады:

I was not reading – Мен оқып отырған жоқ едім. Aizhan was not playing in the yard – Айжан аулада ойнап жүрген жоқ болатын. I was not reading a newspaper – Мен газет оқып отырған жоқ едім.ьҚысқарған түрі:  was not – wasn’t, were not – weren’t.

Бұл шақтағы жалпы сұраулы сөйлем өткен шақ формасы  to be етістігінің бастауыштың алдынан келуі арқылы жасалады:

Was I working? – Мен жұмыс істеп жатыр ма едім?

Were they receiving a letter?  - Олар хат алып жатқан ба еді?

Was he working?  - Ол жұмыс істеп жатыр ма еді?

The Future Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Созылыңқы келер шақ, келер шақ формасындағы to be көмекші етістігі мен негізгі етістіктің осы шақ есімше (participle)  формасынан жасалады:

shall/ will be + Present Participle V + ing

shall/ will + be + Present participle

We shall be reading at 6 o’clock – Біз сағат 6- да оқып жатармыз.  You’ll be listening to the news over the radio – Сіз радиодан жаңалық тыңдап отырасыз

He will be working – Ол жұмыс істеп жатады.

Созылыңқы келер шақтың болымсыз формасы shall/ will көмекші етістіктерінен кейін келетін not болымсыз демеулігі арқылы жасалады:

shall/ will not be  + P1

I shall not be working  - Мен жұмыс істеп жатпаймын немесе Мен жұмыс істеп отырмаймын

We shall not be working – Біз жұмыс істеп отырмаймыз

You will not be working – сіздер жұмыс істеп отырмайсыздар

He /she/ it will not be working – Ол жұмыс істеп отырмайды

They will not be working – Олар жұмыс істеп отырмайды (жатпайды)

Қысқарған түрі:

shall not be – shan’t be

will not be – won’t be

Бұл шақтың сұраулы түрі shall/ will көмекші етістігінің бастауыштың алдына тіркесе келуі арқылы жасалады:

shall/ will be + Present Participle

will you be working at 6? – Сіздер сағат 6- да жұмыс істеп жатасыздар ма? 

Shall I be working? – Мен жұмыс істеп отрамын ба?

Shall we be working? – Біз жұмыс істеп отырамыз ба?

Will you be working? – Сіздер жұмыс істеп отырасыздар ма?

Will he/she / it be working? – Ол жұмыс істеп отыра ма?

Will they be working? – Олар жұмыс істеп отыра ма?

Present Perfect шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Етістіктің бұл шағының болымды түрі көмекші to have етістігінің тиісті жақтағы түрі мен негізгі етістіктен, Рarticiple II – ден жасалады: 

to have + Participle II

He has already visited the plant – Ол зауытқа барып қайтты

I have visited – Мен барып қайттым

We have visited – Біз барып қайттық

You have visited – Сіздер барып қайттыңыздар

He/ she/ it has visited  - Ол барып қайтты

They have visited – Олар барып қайтты

Бұл шақтың болымсыз түрі  to have көмекші етістігінен кейін келетін болымсыз not демеулігі арқылы жасалады:

They have not discussed the terms of shipment yet – Олар әлі жүк тиеу шартын

талқылап біткен жоқ.   He has not spoken it yet – Ол бұл туралы әлі айтқан жоқ

We have not visited the plant yet – Біз әлі зауытқа барып қайтқан жоқпыз

 (Біз әлі зауытқа барған жоқпыз) Қысқарған түрі: have not – haven’t, has not – hasn’t 

Етістіктің бұл шағының жалпы сұраулы түрі to have көмекші етістігінің бастауыштың алдында, ал Past Participle бастауыштан кейін келуі арқылы жасалады:

Has he already spoken about it? – Ол бұл туралы айтып бітті ме? 

Has he already visited the plant? – Ол зауытқа барып шықты ма?



Have

Have


Have

Have


I

visited?

visited?


visited?

visited?


visited?

visited?


Мен барып шықтым ба?

we

Біз барып шықтық па?

you

Сіз (дер) барып  шықтыңыздар ма?

they

Олар барып  шықты ма?

Has

Has


Has

he

 

Ол барып  шықты ма?



she

it

Past Perfect шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Бұл шақ «to have» көмекші етістігінің үш жақта өткен шақ формасы (had) мен негізгі етістіктің Past Participle түрінен жасалады:

had + Past Participle. They had signed the contract before I came to the office – Мен кеңсеге келгенге дейін, олар келісім шартқа қол қойған екен. 

I had signed – Мен қол қойған едім

We had signed – Біз қол қойған едік

You had signed – Сіз (дер) қол қойған едіңіз (дер)

He/she/it had signed – Ол қол қойған еді

They had signed- Олар қол қойған еді

Бұл шақтың болымсыз түрі, өткен шақтағы to have көмекші етістігінен кейін not демеулігінің келуі арқылы жасалады: They had not signed the contract before I came to the office – Мен кеңсеге келгенше, олар келісім шартқа әлі қол қоймаған екен.



I

had not signed

had not signed

had not signed

had not signed

had not signed


Мен қол қоймаған едім

We

Біз қол қоймаған едік

You

Сіз (дер) қол қоймаған едіңіз (дер)

He/she/it

Ол қол қоймаған еді

they

Олар қол  қоймаған еді

Қысқарған түрі: had not – hadn’t

Бұл шақтың жалпы сұраулы түрінде « had » көмекші етістігі бастауыштың алдында, ал Participle II одан кейін келеді:

Had they signed the contract before I came to the office? -  Мен кеңсеге келгенше, олар келісім шартқа қол қойып па екен?


Had

Had


Had

Had


Had

I

signed?

signed?


signed?

signed?


signed?

Мен қол қойып па едім?

We

Біз қол қойып па едік?

You

Сіз (дер) қол қойып па едіңіз (дер)

He/she/ it

Ол қол қойып па еді?

They

Олар қол  қойып па ед?

The Future Perfect шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Бұл шақта to have көмекші етістігі The Future Simple шағында тұрып, ал негізгі етістік Past Participle ( өткен шақ есімшеде) тұруы арқылы жасалады:

Shall/ will have + Past Participle

Shall/ will have + Participle II

We shall have produced the new model of machines by the end of the year – Осы жылдың соңына қарай біз машиналардың жаңа үлгісін шығарамыз.

We shall have signed the contract -  Біз келісім шартқа қол қоямыз

I shall have signed – Мен қол қоямын

We shall have signed – Біз қол қоямыз

You will have signed – Сіз (дер) қол қоясыз (дар)

He/she/it will have signed – Ол қол қояды

They will have signed – Олар қол қояды

Қысқарған түрі: Shall/will have – ‘ll have 

Бұл шақтың болымсыз түрі Shall/will көмекші етістігінен кейін келетін not

 демеулігі арқылы жасалады:

Shall/ will not  + have + Past Participle

Shall/ will not have + P.II

We shall not have produced the new model of the mashines – Біз машинаның жаңа үлгісін шығармайтын болдық. (шығармаймыз) He will not have signed the contract – Ол келісімге қол қоймайды

I shall not have signed – Мен қол қоймаймын

We shall not have signed - Біз қол қоймаймыз

You will not have signed – Сіз (дер) қол қоймайсыз (дар)

He/ she/it will not have signed – Ол қол қоймайды 

They will not have signed – Олар қол қоймайды

Қысқарған түрі:  Shall not – shan’t

                              Will not – won’t 

Бұл шақтың жалпы сұраулы түрі Shall/ will көмекші етістігі бастауыштың алдында тұруы арқылы жасалады: Shall/ will subject + have P.II? Will have produced the new model of machines? – Сіздер машиналардың жаңа үлгісін шығарасыздар ма? Shall we have signed the contract? – Біз келісім шартқа қол қоямыз ба? Will you have studied the map of London before you come to England? – Сіз Англияға келгенше, Лондон картасымен таныстыңызба? Will you have left the Academy when I came there? – Сіз мен келгенде, Академиядан кетіп қаласыз ба? [ 35,130]

The Present Perfect Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы. Бұл шақтың болымды түрі to be көмекші етістігінің  have been перфектілі осы шақ формасы мен Present Participle осы шақ есімшеден жасалады:

Have (has) been  + Present Participle

He has been looking through the mail for two hours – Ол екі сағаттан бері

почтаны қарап отыр. Mr. Dunn has been waiting for the manager since 10

o’clock – Дан мырза басқарушыны сағат 10 – нан бері күтіп отыр. 

I have been waiting for – Мен күтіп отырмын

We have been waiting for – Біз күтіп отырмыз

You have been waiting for -  Сіз (дер) күтіп отырсыз(дар)

He/ she/it has been waiting for  - Ол күтіп отыр

They have been waiting for  - Олар күтіп отыр

Қысқарған түрі:  have been – ‘ve been

                                 has been – ‘s been  

Бұл шақтың болымсыз түрі not демеулігінің көмекші to have етістігінен кейін келуі арқылы жасалады: 

have (has) not been  + P.I. I have not been writing the report sinse 4 hours – Мен баяндаманы 4 сағат бойы жазып отырған жоқпын. You have not been looking through the mail for 2 hours – Сіз екі сағаттан бері  (екі сағат бойы) почианы қарап отырған жоқсыз. Mr. Dunn has not been waiting for the manager since 10 o’clock – Дан мырза сағат 10- нан бері басқарушы күтіп отырған жоқ. 

I have not been waiting for – Мен күтіп отырған жоқпын 

We have not been waiting for  - Біз күтіп отырған жоқпыз

You have not been waiting for  - Сіз (дер) күтіп отырған жоқсыз (дар)

He/she/it has not been waiting for  - Ол күтіп отырған жоқ

They have not been waiting for  - Олар күтіп отырған жоқ

Қысқарған түрі:   have  not been  -  haven’t been

                                  has not been – hasn’t been

Етістіктің бұл шағының жалпы сұраулы сөйлемі, have (has) көмекші етістігінің бастауыштың алдында келуі арқылы жасалады:

Have (has) subject been + P.I.?

Have the children been playing the chess since 3 o’ clock? -  Балалар шахматты  сағат үштен бері ойнап отыр ма? Has Mr. Dunn been waiting for the manager since 10 o’clock? Дан мырза басқарушыны сағат 10 – нан бері күтіп отыр ма? 

The Past Perfect Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы

түрінде қолданылуы  Бұл шақтың болымды түрі Past Perfect, аяқталған өткен шақ формасындағы   “to be” көмекші етістігі  “had been”  (перфектсіз өткен шақ) мен негізгі етістік,  Participle I, осы шақ есімшенің тіркесуі арқылы жасалады:

had been + Participle I

I had been working till 8 o’clock in the evening yesterday – Мен кеше кешкі сағат 8- ге дейін жұмыс істедім.  We had been waiting for the Buyers nearly 2 weeks – Біз сатып алушыларды екі аптаға жуық күткенбіз



I

had been waiting for had been waiting for

had been waiting for

had been waiting for

had been waiting for



Мен күткенмін

We

Біз күткенбіз

You

Сіз (дер) күткенсіз(дер)

He/she/it

Ол күткен

They

Олар күткен

Қысқартылған  түрі:

had been – ‘d been

      Етістіктің бұл шағының болымсыз түрі көмекші had етістігінен кейін,been етістігінің алдында келетін not болымсыз демеулігі арқылы жасалады:

had not been + Participle I

We had not been waiting for Buyers nearly two weeks – Біз сатып алушылырды екі аптаға жуық күтпедік.    


I

had not been waiting for

Мен күтпедім

We

had not been waiting for

Біз күтпедік

You

had not been waiting for

Сіз(дер) күтпедіңіз (дер)

He/she/it

had not been waiting for

Ол күтпеді

They

had not been waiting for

Олар күтпеді

Қысқартылған түрі:

had not been  - hadn’t been

Бұл шақтың жалпы сұраулы түрі had көмекші етістігінің бастауыштың

алдында, ал одан кейін been және негізгі етістіктің тіркесуі арқылы

 жасалады:

Had you been waiting for the Buyers nearly two weeks? – Сіздер сатып алушыларды екі аптаға жуық күттіңіздер ме?



Had

Had


Had

Had


Had

I

been waiting for?

Мен күттім бе?

We

been waiting for?

Біз күттік пе?

You

been waiting for?

Сіз (дер) күттіңіз (дер) ме?

He/she/ it

been waiting for?

Ол күтті  ме?

They

been waiting for?

Олар күтті  ме?

The Future Perfect Progressive шағының болымды, болымсыз және сұраулы түрінде қолданылуы Бұл шақтың болымды түрі to be етістігінің The future Perfect, аяқталған келер шақта shall/will have been, ал негізгі етістік Рarticiple I, осы шақ есімше формасында тұруы арқылы жасалады:

Shall/will have been + Participle I

By Tonight I will have been working for 4 hours  - Мен бүгін кешке қарай 4 сағат бойы жұмыс істемекшімін.  I shall have been working  - Мен жұмыс істемекпін.


I

shall

have been working

Мен жұмыс істемекпін

We

shall

have been working

Біз жұмыс істемекпіз

You

will

have been working

Сіз(дер) жұмыс істемексіз(дер)

He/she/it

will

have been working

Ол жұмыс  істемек

They

will

have been working

Олар жұмыс  істемек

Қысқартылған түрі: Shall/will have been – ‘ll have been

       Бұл шақтың болымсыз түрі shall/will көмекші етістіктерінен кейін келетін  not демеулігі арқылы жасалады: I shall not have been working for 4 hours – Мен 4 сағат бойы жұмыс істеп отырмаймын. 

I shall not have been working – Мен жұмыс ісиеп отырмаймын


I

shall

not have been working

Мен жұмыс істеп  отырмаймын

We

shall

not have been working

Біз жұмыс істеп  отырмаймыз

You

will

not have been working

Сіздер жұмыс  істеп отырмайсыздар

He/she/it

will

not have been working

Ол жұмыс  істеп отырмайды

They

will

not have been working

Олар жұмыс  істеп отырмайды

Қысқартылған түрі: shall/will have been – shan’t, won’t have been

      Бұл шақтың жалпы сұраулы түрінде көмекші shall/will етістіктері бастауыштың алдына келеді:

shall / will have been P.I.?

Shall I have been working for 9 hours? – Мен 9 сағат бойы жұмыс істеймін бе?

Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының қолданылуындағы көмекші етістіктерді пайдалану аса маңызды роль атқарады. Сондықтан ағылшын тілінде етістік шақтарын сөйлем құрағанда көмекші етістіктерге көп көңіл бөлінген.

Ағылшын тілін оқып үйренуде елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы – етістік. Етістік іс – қимылды, әрекетті білдіре отырып, осы іс- әрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сәтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді.

      Қазақ тіліндегі тәрізді ағылшын тілінде де етістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта 3 – ші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жақ категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек to be  етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек.

      Ал шақ категориясы өте күрделі. Active Voice - те 16 шақтық формасы бар. Ағылшын тілінде етістіктің шақтары басты 4 шаққа: Present, Past, Future, Future – in the Past негізделеді. Бұл топтар мағынасы мен жасалуына қарай әрқайсысы 4 түрге бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:

Кесте - 1 

Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының құрылу үлгісі





Шақтар 

Indefinite

(-)


Continuous

(be + V4)



Perfect

(have + V3)



Perfect Continuous

(have been+V4)



1

Present (v1)

 

 

 

 

2

Past (v2)

 

 

 

 

3

Future(will+ v1)

 

 

 

 

4

Future in the Past

(would+v1)



 

 

 

 

Кестеден көріп тұрғанымыздай, Present - V1(етістіктің 1- ші формасы), Past – V2(етістіктің екінші формасы),  Future- will + V1(will көмекші етістігі және етістіктің 1- ші формасы), Future in the Past- would+ V1(would көмекші етістігі және етістіктің 1- ші формасы) арқылы жасалады.

     Ал енді топтарға келсек, Indefinite–те өзгеріс жоқ, Continuous- be +V4, Perfect - have + V3, арқылы жасалады. Мұны оқушыға жете түсіндіріп берсе, оқушы Perfect Continuous - ты осыған сүйене отырып, өзі жасап шығара алады. Ол үшін мына әдісті қолданамыз.

    Perfect                                                Continuous

have + V3                                             be + V4


көмекші етістік алдында тұрған етістіктің формасына ауысады, яғни Perfect Continuous- have +  be 3 +V4 немесе have + been + V4 арқылы жасалады. Мұнда соңғы етістік сөйлемнің мағынасын ашатын негізгі етістік екенін оқушыға түсіндіріп кетеміз. Мысалға to invite етістігін алайық.

V1 -           V2 -          V3 -          V4 -

Invite -     invited -       invited -    inviting

Осы етістікті Past  Indefinite - те жазуға тапсырма берсек:

Past  -V2, Indefinite  - те өзгеріс жоқ, олай болса Past  Indefinite - те етістік

invited болып түрленеді. Немесе Future Perfect Continuous - те жазсақ:

Future                         Perfect               Continuous

will + V1                  have + V3               be + V4

олай болса, to invite Future Perfect Continuous - те  - will + have + been + inviting болады.

Кесте - 2

Ағылшын тіліндегі етістік шақтарының жасалу ерекшеліктері


to invite



 

Indefinite

Continuous

Perfect

Perfect Continuous

1

Present

 

was/were + inviting

 

 

2

Past

 

 

 

 

3

Future

 

 

 

will+have+been+ inviting

4

Future-in the Past

 

 

 

 

Past         Continuous

V2          be + V4 бұдан was/were + inviting шығады.

     Жоғарыда көрсетілген  1, 2 – кестелерде көрсетілген ағылшын тіліндегі етістіктің шақ категорияларының жасалуының ерекшеліктері байқалады. Осы шақ категориялары қазақ тілі шақ категорияларымен салыстыра отырып қарастырылды.


жүктеу 246,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау