5 КАБЕЛЬДІ САЛУ
5.1 Жобаланатын магистралдың ерекшеліктері
Жобаланатын учаскеде құмды және сарытопырақты жерлер көп кездеседі. Арнажолда ІІІ категориялы топырақ басым түседі.
Жер астына кабельді салу әдістері арнажолда салу шарттарына байланысты кезектесіп өзгеріп отыруы керек. Кабель қолмен де, сондай-ақ механизацияланған қондырғылар көмегімен де сәйкесті тереңдіктерде салынуы мүмкін:
таулы – тасты топырақты бөліктерде 0,6 м;
үймелі, құмды және ұсақ тасты (тау етегі) топырақтарда 1,2 м;
құмдауыт және сарытопырақты топырақтарда 1,25м;
егіндік және суландырылатын жерлерде 1,5 м-ге дейін;
аса тығыз топырақта, сондай-ақ кеуіп қалған өзен арналары мен су жайылым кететін жыралар қиылысу жерлерінде 1,2м.
Көтерілуін ескере отырып, жер асты сулары деңгейінен жоғары бірнеше топырақ түрінде немесе құрғатылған топырақты жерлерде бекітуі жоқ еңкіштігі бар траншеялар мен қазан шұңқырларды қазу 5.1 – кестеге сәйкес тереңдікте және еңкіштігі тіктігінде рұқсат етіледі.
Кабельді салуды, оптикалық тестер немесе рефлектометр көмегімен оптикалы – талшықты кабельдегі өшуді өлшеу нәтижелері бойынша орындалатын тұрақты оптикалық бақылаумен орындау ұсынылады. Оптикалық кабельдің (ОК) құрылыстық ұзындығын тұрақты оптикалық бақылауда қамтамасыз ету үшін, кабельдің барабан бетінде бекітілген жоғарғы (А) және төменгі (Б) шеттерін босатып, оларды тарқатып оптикалық талшықтардағы шлефті пісіріп – балқытуға дайындайды.
5.1 – кесте. Бекітусіз қазғандағы табиғи ылғалдылығы бар топырақтағы траншеялар мен қазақ шұңқырлардың ең үлкен рұқсат етілген еңкіштігі тіктігі
Топырақ
|
Қазу тереңдігіндегі еңкіштік бұрышы, градусы және тіктігі
|
Үймелі
|
45
|
1:1,00
|
45
|
1:1,25
|
Құмды және гравийлы
|
45
|
1:1,00
|
45
|
1:1,00
|
Құмдауыт
|
56
|
1:0,67
|
50
|
1:0,85
|
Сарықұмды
|
63
|
1:0,5
|
53
|
1:0,75
|
Топырақ
|
76
|
1:0,25
|
53
|
1:0,5
|
Құрғақ топырақты
|
63
|
1:0,5
|
53
|
1:0,5
|
Осы дипломдық жобада оптикалық кабельді қорғаушы полиэтилен турбожолды пайдаланып салу әдісі қолданылған, өйткені арнажол бойында бір-біріне жақын орналасқан көптеген кедергілер бар, қиындықтар бар, сондай-ақ қатты қоспалары бар топырақ кездеседі.
ОК-ді салу кешенді механизацияланған арнайы машиналар және жалпы құрылыстық арнаулы бар механизмдермен (тракторлар, бульдозерлер, эксковаторлар және т.б.) іске асырылады, сондай-ақ кабельді жүргізіп салуға арналған механизмдермен (кабельді салушылар, күштік шығырлар, топырақты тегістегіштер және т.б.). Жерлі мекен жағдайы техниканы пайдалануға мүмкіндік бермеген кезде кабельді жүргізіп салу кабельдің барлық құрылыстық ұзындығын қолмен көтеру арқылы жүргізіледі де, кабель траншея бойына жатқызылып, сосын оны ішіне түсіндіріледі.
Біз пайдаланатын кабельдің құрылыстық ұзындығы 6 км, бұл дегеніміз әрбір 6000 м сайын оптикалық кабельді қосылыс, тармақталу немесе тарап бөліну жерлерінде қорғау үшін муфталарды пайдаланып бір-біріне қосып біріктіреміз (монтаж жасаймыз). UCАО-4-9 типті пластмассалық муфталарды қолданамыз. Осы әмбебап муфтаның негізгі бөліктері: ұзақ уақытты тұрақтылығы бар полипропиленді сополимерден жасалған корпус; ұзақ уақытты иілгіштігі бар селикор негізіндегі тотықтануға шыдамды герметизациялайтын элементтен тұратын – тығыздау жүйесі; және кабельдің қабаттарын механикалық біріктіруге арналған, іште орналасқан металл рамка мен кабель ұзындықтарын біріктірудің тарақтары бар кассеталарды орнатуға арналған пластмасса рамкалар.
Іске пайдалану (эксплуатация) процесінде кабель арнажолын анықтау (табу) үшін, құрылыс кезінде кабельдің жатқызылу тереңдігінің жартысында сигналдық таспа (лента) салынады. Сигналдық таспа полиэтиленттік таспаға престелген үш мыс сымнан тұрады, ол ұзындығы 250 м рулондармен дайындалып беріледі.
Істеп тұрған инженерлік коммуникациялар аймағындағы құрылыстық жұмыстар эксплуатация жасайтын ұйымдардың талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс, бұл жағдайда алдын-ала шурфтау міндетті болады. Әсіресе газ турбалары қиылысуына ерекше көңіл бөлу керек - жұмысты коммуникацияларды ақырғы рет үйлестіргеннен кейін және өтпелер профильдері толық анықталғанда жүргізу қажет.
Асфальтталған шосселік жолдар арқылы өтпелер эксплуатациялаушы ұйымдардың келісіміне сәйкес тесу әдісімен орындалады. Сондай-ақ теміржол және шосселік жолдармен, өнімді өткізгіш турбалармен және де басқа коммуникациялармен қиылысу жерлерінде ОК полиэтилен немесе пластмасса турбалар ішіне енгізіледі, олар жабық (горизонталь тесумен, қысыммен өткізумен, бұрғылаумен) немесе ашық әдіспен өткізіліп салынады.
Үйлер тұрған учаскелерде (қала жағдайында) асбестоцементтік турбалардан тұратын телефондық канализация іші арқылы жүргізіп салу қажет.
Таяз, баяу ағынды немесе құрғақ өзендер арналарын қиып өтуді металл турбадағы бір жақпен орындау керек.
НРП, ОРП – (бастпқы регенерациялық пункт (орын), соңғы регенерациялық орын) – ды регенерациялық істеп тұрған РУТ-да (петронслациялық қондырғыларда) орындауға болады, бұл техникалық пайдалануда (эксплуатацияда) ыңғайлы.
Ақырғы пункттер (ОП) Шардара мен Нәлібайда орналастырылады, ал қызмет атқаратын регенерациялық пункт (ОРП) Комсомольск пен Байырқұмда орналастырады. Осы пункттерде НРП, ОРП-ны орналастыру жергілікті желілер магистралына қол жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл тармақталған ұлттық перспективті телекоммуникациялық желіні құруға мүмкіндік береді.
Толықсулы өзенді қиып өту жүктеулері болатын («гравий+цемент»-ті қатар) ішінде брондалған кабелі бар полиэтилен турбалар арқылы орындалады, және оның өзен түбінде сәйкесті тереңдікте болады (2,5 м-ден кем емес), екі тармақтан тұрады, жоғары тармақ көпір үстімен жүргізіледі.
5.2 Дайын траншеяға турбаны салу
Тереңдік бойынша сатылық болмауы траншеяға негізгі талап, осы үшін траншея түбін жоспарлап жасау қажет. Турбаны өткізгендегі басты талаптардың бірі горизонталь және вертикаль бойынша мүмкіндігінше тура тіке сызықтылық, осы шарт кабельдің аз үйкелісін және тартылудың үлкен ұзындығын қамтамасыз етеді.
Турбаны тарқату, ережеге сәйкес, кабельдік арбашыққа немесе фолкраттарда орналастырылған барабанның жүзеге асырылуы тиіс. Барабаннан тарқатқанда турбаның құрылыстық ұзындығын әуелі тарншея қырына жатқызып қояды да, сосын біртіндеп траншея түбіне түсіреді.
Траншеяға турбаны салғанда оның еркін жатуын, түбіне тығыз салынуын, ал арнажол бұрылыстарында иілу радиустары турбаның иілу талаптарына сәйкес болуын қадағалау керек.
Тасты топырақ категориясы жерлерінде траншея жер беті үстінен 15 см тереңдеу қазылады. Траншея түбі 15 см тереңдікке келесі жоспарлаумен құммен жабылады. Сосын қорғаушы полиэтилен турба салынады, одан кейін 10-15 см-ге құммен жабылады. Бұлай жасау тасты топырақ өткір ұштарымен турбаның бүлінуінен сақтайды.
5.3 Турбаны механизациялау жүргізіп салу
Турбаны жүргізіп салу КУ-120 типті ауыр кабель салушыны қолданумен іске асырылады. Арнажолға кабель салушы колоннаның жұмысы басталуына дейін арнажол қажетті жағдайда бульдозермен тегістелуі тиіс (төмпешіктерді сүрт тегістеу, шұңқырларды толтыру, жыралар мен су қоймаларын кесіп өткенде жәйлап түсетін ылдиар жасау. Жыралау арнайы жыра қазғыштармен, пышақты кабель салушымен немесе басқа қолайлы механизмдермен жүзеге асырылады. Тығыз топырақта жобаланатын тереңдікке дейін көп ретті жыралау қажет. Жұмыс басталар алдында өте ыждағатты түрде тексеру керек: кабель салушы түйіндері дұрыстығын, кабель салып жүргізудің жобаланған тереңдігіне турбаның иілу радиусына пышақ түрі сәйкестігін, кассетадағы тіліктердің және өткір пісірме жіктігі жоқтығын.
Тракторларды бір-біріне жалғау, ережеге сәйкес диаметрі 36-40 мм болат арқанмен іске асырылады. Тракторлар арасындағы қашықтық 5 м-ден кем болмауы керек.
5.4 Темір жол, автомобильдік жол және су өткелі арқылы өтелерді ұйымдастыру
Теміржолдан өтпені ұйымдастырғанда гидравликалық пресс көмегімен «тест өту» әдісі пайдаланылады. Осы үшін екі қазан – шұңқұр жасайды: жұмыстық «А» және қабылдаушы «Б». Жұмыстық котлованға гидравликалық пресс орнатылады да, ол топырақты таптап болып, темір жол астынан тесік ашады. Осы тесік арқылы диаметрі 100 мм екі асбесті – цементті турбаларды (негізгі және резервтік) сосын негізгі турбаға қорғаныс полиэтилен турбасын кигізеді. Автомобильдік жолдар арқылы өтпе ашық әдіспен іске асырылуы мүмкін, яғни тікелей жолдың өзінде жұмыс жүргізіледі де, жолдың қазылып бұзылған жері кейін қайта қалпына келтіріледі, егер де бұл үшін өкіметтің арнайы шешімі болса.
Өзен арқылы өтпе ұйымдастырғанда да қорғаушы полиэтилен турбаны пайдаланамыз. өзен – сулы кедергілер арқылы кабельді салып жүргізу магистралдық және аймақтық кабельдік байланыс жолдары жолдық құрылғыларын салу бойынша нұсқаулықты ескере отырып іске асырылады.
Кабельге қарағанда турбаны салудың ерекшелігі балласты жасау қажеттілігі туады, өйткені кабельсалушы пышақ ізімен турба жыра түбіне жатуы тиіс. Осы үшін жұмыс басталар алдында барабанға ілінген жүгі бар ұзындығы кедергі су беті айдынынан үлкен турба оралады.
Ұзындық өзен жағасы күйін (жағалауды қыру, батпақтану әне т.с.с.) ескере отырып анықталады. Ілінетін жүк ретінде қолда бар материалдар пайдаланылады: трос, керек емес кабель және т.б. турбаның бір погондық метріне 1-2 кг балласт болуы тиіс. Көбінесе жүк ретінде диаметрі 10 мм тросты пайдаланады.
Полиэтилен турбаны қозғалмайтын жер қыртысынан 2 м тереңдікте жүргізіп салады. өтпені іске асыру бойынша жұмыстар өзендегі су деңгейі минималды болатын жыл мезгілінде іске асырылады. Бұл жағдайда өзеннің екінші жағына өзен бойымен бульдозерлер көмегімен топырақты үймелеу жолымен суды ағызып жіберуді ұйымдастырады. өзен бір жағындағы жұмыстар біткеннен кейін, су ағынын өзеннің екінші жағына бұрады.
Өзендердің ені үлкен болады. Арнажол енді өзендерді кесіп өткенде (біздегі жобаланатын магистральдағыдай) кабельді тікелей өзен түбіне тастайды.
Сулы кедергілер арқылы өтпелер ұйымдастырғанда кабельдің міндетті түрде резерві болуы тиіс. Жобаланатын магистралда өтпені ұйымдастыратын жерде, өзен арқылы автотранспорттық жүруін қамтамасыз ететін көпір бар. Резервті тармақты осы көпір арқылы өткізген жөн. Бұл жағдайда да қорғаушы полиэтилен турбаны қолданамыз, ол көпірге арнайы жақтау темірлер көмегімен бекітіледі.
5.5 Горизонтальды - бағытталған бұрғылауы бар машинаны пайдаланумен кедергі арқылы өтпені ұйымдастыру
Полиэтилен турбаны жүргізіп салудағы жұмыстарды орындағанда ең қиындығы көп болатыны өзендерден, автомобиль және теміржолды басып өту болып табылады. Ерекше бұл өзеннен өткелдерді ұйымдастырғанда көрінеді. Өйткені турбаны салу ашық әдіспен жүргізілетіндіктен, осы жағдай өзенді кесіп өткенде гидрологиялық және биологиялық процестерді бүлдіреді.
Өзен түбін тереңдетумен, траншеяны қазып, сосын оны жабумен болатын дәстүрлі әдістен айырмасы, горизонталды – бағытталған бұрғылау әдісі траншеясыз әдіс болып табылады. Ол іс жүзінде жұмыс жүргізілетін бөліктің табиғи күшіне әсер етпейді.
Горизонталды бағытталған бұрғылау машинасы көбінесе бұрғылау қондырғысы, бұрғылау штангалар жиынтығы және электрондық басқару пульты бар операторлық орны бар өзі жүретін машина түрінде көрсетіледі. VERMER бұрғылау жүйесі көмегімен диаметрі 500 мм-ге дейін, ұзындығы 400 м-ге дейін турбаларды жер астына әртүрлілей салуға болады (топырақ сапасына байланысты).
Су астында жолдарда турбожолды траншеясыз өткізу құрылысы бірнеше негізгі таптардан тұрады:
- өзен түбі асты еңкішті бағытталған бұрғылау, мысалы суы бар кедергіні әуелі жағаның біреуінен бастап, қарама-қарсы жағада алдын-ала белгіленген бір нүктеден шығумен. Бастапқыда кішкене диаметрлі бағыттаушы скважина бұрғыланады, бұрғылау траекториясы бұрғылау колоннасы ішіне орналасқан датчик (сезгіш) радиосигналы бойынша бақыланады.
Бұрғылау барысында скважинаның қабырғаларын айналып тұратын бастиек көмегімен тығыздау жүріп жатады. Ауналым алғы ұштан алдыңғы жақта биологиялық жағынан қауіпсіз сұйық (бетонит)басылып шығады, ол топырақты уақтап, сонымен бірге уақытта бұрғыланған скважина қабырғаларын бекітеді. Сұйық қысымы бұрғылау машинасынан реттеледі.
Скважинаны кеңейту. Бастапқы бұрғылау біткеннен кейін, бұрғылау ұштары әртүрлі өлшемді кең көлемді болтарға ауыстырылады. Сөйтіп арнаны біртіндеп қажетті өлшемге дейін кеңейту жүзеге асырылады. Кеңейту саны жергілікті ландшафтта, өзен профиліне, еніне топырақ күйлеріне байланысты.
Скважинаға полиэтилен турбаны өткізу. Бұрғыны тартып оларда скважина диаметрі бұрынғыдан да көлемді бұрғылық қондырғылармен кеңейтіледі және де бір уақытта полиэтилен турба скважина ішін тартылады.
Горизонталды - бағытталған бұрғылау әдісінің келесі артықшылықтары бар: өзендер түбі астынан, темір жол төсеніші немесе автомобиль жолы астынан еңкішті – бағытталған бұрғылау әдісімен турбаны салып өткізу дәстүрлі әдістермен салыстырғанда үш есе арзан.
Гидрологиялық процестер бұзылмайды, жұмыс өзен жағалауы кесігінен 100 м-ден аса қашықтықта жүргізіледі.
өзен жағасын бекіту жұмыстарын жүргізу керек емес.
Горизонталды - бағытталған бұрғылау әдісі экологиялық жағынан қауіпсіз. Соның ішінде бұрғылауда және скважина қабырғаларын бекітуде арнайы дайындалған улы емес бентониттік топырақтар негізіндегі бұрғылау ерітінділері қолданылады.
5.6 Турбаларды бір-бірімен жалғау
Турбалар бір-бірімен арнайы пластмассалық муфталармен жалғанады, олар температура өзгергенде турбалардың ұзындығы өсуін немесе кішіреюін өтемдейді. Турбаларды жалғау үшін сондай-ақ пластмассалық бұрандалық және электрпісірушілік муфталар пайдаланылады.
Пластмассалық бұрандалық муфта бір шетінде оңжақты сыртқы бұрандасы, ал екінші шетінде сол жақты бұрандасы бар турба болып табылады. Муфтаның турба шеттерінен бұралатын екі бұрамасы (гайкалары) және екі ішкі бекітпе шайбалары бар. Бір диаметрлі турбалар үшін жалғаушы муфталар деп әртүрлі диаметрлі турбаларды жалғау үшін өтпелі муфталар деп ажыратылады. Бұрандалы муфтаны жинағанда (монтаждағанда) турбалардың жалғанатын шеттерінің біреуіне гайка және ішкі бекітуші шайба кигізіледі, сосын турба орталық бөлгіш қабатқа жетіп тоқтағанша енгізіледі. Гайка орталық бөлікке бұралады, сосын гайкамен бекіткіш шайба. Екінші турба да муфтаға тірелгенше енгізіледі де, екінші гайка тартылып бұралады.
Электр пісірілген муфта ішкі бетіне жоғары алды жұқа өткізгіш қабат жапсырылып салынған полиэтилен турба болып табылады. өткізгіш шеттері муфта үстінде арнайы шықпаларға (клеммаларға) шығарылған. Клеммалар қасында балқыту санасын бақылауға арналған тесіктер орналасқан. Пісіріп балқыту кернеуі – 39,5 к-қа, ал максималды ток күші – 99 А-ге тең. Муфтаны турбалармен балқытып - пісіру муфтада немесе оның паспортында көрсетілген уақыт аралығында орындалады. Балқытып – пісіру уақыты автоматты түрде немесе қолмен регулятормен қойылады. Нормалды балқытып пісіруде муфтаның бақылау тесіктерінде балқыған полиэтилен пайда болады. Балқытып - пісіру біткеннен кейін муфта үстіндегі шықпалар кесіп тасталады.
Өтемдейтін муфта бедерлі профилі бар полиэтиленнен ішкі беті бар поливинилхлориді турбадан тұрады. Турба ішінде 40 см бір жақ шетінен қашықтықта, ал екінші жағынан 19,5 см қашықтықта бөлгіш жақтау бар. Турбаның екі жағынан орналасқан турбаны тығыз қамтып орап алатын ұстаушы ұштық және турбаның ұшына еркін жылжуыға мүмкіндік беретін жайпақ ұштық, турбаның гермеьтикалығын қамтамасыз етеді.
Өтемдейтін муфтаны, оның жайпақ ұстаушысына үлкен температуралық әсерге түсетін турба шеті (көпір үсті бйынша жүргізілген турба шеті) енгізіліп жинақтайды (монтаждайды). Муфта ұстаушы ұштық жағынан турбина арнайы маймен (орнатуды жеңілдету үшін жағылған) кигізіледі де, жақтауға тірелгенге дейін итеріледі. Сосын муфтаның жайпақ ұстаушысына екінші турба енгізіледі.
5.7 Турбаларды калибрлеу (өлшемдеу)
Барлық салынған турбалар қызметтік – техникалық ғимаратқа екі іргелес енгізлер арасындағы учаскелерде герметикалыққа тексеріледі, бірақ бұл бөлік (учаске) талшықты оптикалық кабельдің ТОК) екі іргелес косумы муфталары арасынан қысқа болмауға тиіс.
Тікелей жүргізіп салу алдында турбалар герметикалыққа және өткізігіштікке ауа ағынымен жылжитын губкалық цилиндр (поролоннан) көмегімен тексеріледі.
Құм, топырақ және кішкентай тастар турбаға қысымдалған ауамен үрленіп енгізілетін цилиндр көмегімен анықталады. Ауа өте алатын өтпелі арна бар болса, тұрып қалған құмнан, кірден турбаны тазалауды қысымдалған ауамен және губкалық цилиндрді үрлеу арқылы орындайды.
Герметикалыққа тексергенде, учаскеде монтаждалған (жиналған) турбалардың екі жағы арнайы пластмасса шығындармен бітеледі де, турба ішіне астам ауа енгізіледі. Герметикалы турбада қысым көп уақытқа дейін төмендемейді.
Турбаның бүтіндігі бұзылған немесе өткізгіштігі жоқ орнын радиотаратқышы бар цилиндр жылдамдығы бойынша анықтауға болады: өткізгіштік болмаса цилиндр тоқтайды, ал герметикалық емес болса – цилиндрдің тоқтауы немесе жылдамдығының шұғыл төмендеуі болады.
Соңғы жағдайы герметикалық емес орын сезгіші бар цилиндрді турба арқылы кішкене қысымда қайта үрлеумен анықталады. Турбаларды өткізгіштікке және герметикалық еместікке тестілеу нәтижелері протоколмен рәсімделеді.
Егер ОК-ді салу учаскесінде турбаны толық монтаждау уақытша мүмкіг болмаса, онда салынған турбалар ауаның астам 0,5÷1,0кгс/см2 қысымда ұсталып тұрады да, екі жетіде бір рет оларда қысым тексеріледі.
5.8 Камераларды орнату және монтаждау
Камераларды талшықты оптикалық кабельдер (ТОК) жалғаушы муфталарын қою үшін орнатылады, сондай-ақ осы кабельдердің запастарын қоюға. әрбір камераны орнату орны арнажолды салуды орындайтын ұйым уәкілдерінің тапсырыс беруші уәкілдерімен бірге әрбір нақты барабандағы кабель ұзындығын, арнажол шарттарын ескере отырып анықталады.
Камералар көпірге бір жағынан немесе оның екі жағынан турбалардың өту жеріне тіптен жақын орналастырылады. Камераны орналасқанын талдау салынатын кабель ұзындығына байланысты болады. Жалғайтын муфтасы бар камера ішіне әрбір шетінің муфтаны монтаждау үшін сақинасы ұзындығы 8 м-ден кем емес ТОК запасын салу қажеттігін ескеру керек. Құрғақ топырақ деңгейі су қату тереңдігінен төмен болғанда камера қазан шұңқыр ішінде тегістелген және тығыздалған құмдық негіз үйіне қойылып, құрғақ топырақпен жабылады. Сарғылт және ылғалды топырақта, жерастылық сулардың жер бетіне шығуында, камераларды орап тастайды. Жер асты суларының топырақ бетінен төмен болғанында, бірақ камераның қатуы тереңдігінен жоғарыда болғанда камералар қазан шұңқыр ішінде жер асты сулары деңгейінен 20 см биікте орналастырылады. Батпақты жерлерде арнайы негіздер құрылып немесе үймелер жасалады.
Камера орнатылған жерде турбаларды камераның патрубкаларымен қосуға болатындай қылып кеседі. Турбажол ішіне кабельдерді салғаннан кейін, камера патрубкаларымен турбалар бұрандалы пластмассалық өтпелі муфталармен қосылады.
Турбалар ұштарын және камера патрубликаларын қосылысқа дайындау бойынша барлық жұмыстар ТОК-ді салып жүргізгенге дейін орындалады. ОК ұштарын камераға енгізгеннен кейін (біріктіретін муфтаны жинағанда) немесе кабель сақиналарын жатқызғанда (камераны көпір астына орнатқанда) және турбаларды біріктіргенде камера потрубына өтпелі тығын қойылады. Камера ішінен (егер ОК камерамен жалғағаннан кейін салынса) немесе камера сыртынан (егер ОК турбада ол камерамен жалғағанға дейін салынса).
5.9 Турбаны кабельді үрлеу технологиясы
Ең бірінші рет кабельді үрлеп енгізу әдісі мен құрылғысы Швейцарияда патенттелген. Құрылғы компрессор болып табылып, үш модификациядан тұрады: Minijet – диаметрі 6 мм-ге дейінгі кабельдерді үрлеп енгізу, Cablejet - диаметрі 16 мм-ден 18 мм-ге дейінгі кабельдерді үрлеп енгізу, Superjet – диаметрі 15-тен 35 мм-ге дейінгі кабельдер үшін. Cadlejiet кабельді беру жетегі іште орналасқан пневмоқозғалтқыштан жұмыс істейді, осындай принциппен Minijet – те жұмыс істейді, бірақ оның пневмоқозғалтқышы кіші қуатты. Superjet – жетегі екі гидромотордан жұмыс істейді, олар бензинді немесе электрлік жетекті агрегаттан қоректенеді. Сондықтан Superjet құрылғысы кабельді берудің жоғары қуаттылығы болатындықтан ауыр және қатты кабельдерге арналған.
Барлық құрылғылардың өлшеуіш аспаптары бар, олар салынған кабель ұзындығын және турбадағы салу жылдамдығын көрсетеді. Кабельді жүргізіп салу жоғары жылдамдықпен турба арқылы үрленіп жіберетін және кабельді ілмелі күйде ұстап тұратын ауа ағынымен іске асырылады, сөйтіп кабельдің сыртқы қабаты мен турбаның ішкі беті арасында үйкеліс күші оның бүкіл ұзындығы бойында жоққа тән. Осылайша кабель турба ішінде еркін жүре алады да, барлық бұрылыстар арқылы да жеңіл өтеді, тіпті ол жиі және тік болса да. Компрессор ауаны 10 м3/мин берумен 8-12 бар жұмыстық қысымды қамтамасыз етуі тиіс. Ауа температурасы +500С –дан аспауы керек. ОК турбаға үрлеп енгізу құрылғысы жалғаушы муфталар жанында орналастырылады.
Кабельді үрлеп енгізу бір уақытта екі немесе үш комплектіні пайдаланумен іске асырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда бір комплект турба басында, ал екіншісі - 700-3000 м қашықтықта қойылады. Жабдықтың бір комплектіні пайдаланғанда ТОК-і бар барабан жерге жатқызылған турбаның бас жағында орналастырылады. Жиналған турбожолдың барлық учаскесіне салынуға қажетті ұзындығы бар кабель (мысалы, камералар арасында), салудың бірінші учаскесі турбасына үрленіп енгізіледі де, оның аяқ жағында қабылданып, қолмен сегіздіктер түрінде жатқызылады. Бірінші учаскеде ОК-ді жүргізіп салғаннан кейін кабельді үрлеу механизмі мен компрессорды бірінші қазан шұңқырдан екіншісіне апарады.
Жабдықтың екі комплектісі болғанда, кабельдік транспортерден бірінші учаскі турбасына берілетін ОК ұшы, екінші қазан шұңқырдан шаққаннан кейін камераға дейінгі екінші учаске турбасына үрленіп енгізіледі. Бұл жағдайда бірінші және екінші қазан шұңқырлардағы жабдық комплектісі синхронды жұмыс істейді.
Арнажолда ылдилар мен қырлар болғанда ТОК-ді салуды мүмкіндігінше ылди бойынша төмен қарай бастайды. Арнажол басындағы өрлер салуға жататын ОК кесіндісінің ұзындығын қысқартады ( ОК тартылуы) соңындағы өрлеуге қарағанда.
Бір немесе бірнеше ОТ ұштықтары бар (әрқайсысында 7 ОТ-ға дейін) диаметрі 2 мм иілмелі ОК-ті қысымдалған ауа ағынымен тарту әдісі де жасалған. Бір циклде 500 м-ден артық ОК тартылып алынады. Әрқайсысы диаметрі 28 мм турба пайдаланылады. Пайдаланудағы пластмасса турбалар оларды, траншеясыз әдіспен де, ашық траншеяға да салумен де жүргізуге мүмкіндік береді. Диаметрі 25-63 мм турбалар барабандарда 600-4000 м ұзындықтарымен дайындаушымен ұсыналыд. Турбалардың ішкі бетінде үйкеліс коэффициентін төмендететін жабылғы бар.
6 БИЗНЕС ЖОСПАР
6.1 Бизнес жоспар мақсаты
«Қандыағаш – Байганин» учаскесінде SDH тарату жүйесін пайдаланумен ТОБЖ-ны ұйымдастыру.
Осы бизнес – жоспарда Қазақстан Республикасы ұлттық біріншілік желісін жетілдіру мақсатымен ТОБЖ-ды жобалауды негіздеу болып табылады.
Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы магистралдық байланыс желілері боцынша ақпаратты тарату сапасының нашарлауы бақыланады. Мұның басты себебі магистралдық байланыс желілерінде пайдаланылатын жабдықтың физикалық және моралдық тозуы. Осы проблеманы шешу үшін ақпаратты таратудың және технологияларын пайдалануға көшу және әлемдік стандарттарға сәйкесті қазіргі заманғы аппаратураны қолдану қажет. Жер жүзінің көптеген елдерінде таратудың цифрлық әдістері негізіндегі желіні құруды қарастыратын байланыс желілерін цифрландыру бағыты алынған.
«Қандыағаш – Байганин» учаскесінде ТОТЖ-ы құрылысын салу жоғары жылдамдығы бар ақпаратты таратудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Сондықтан осы дипломдық жобаның мақсаты аналогтық тарату жүйесі К-60 п-ның орнына «Siemens AG» фирмасының STM-4 ағыны бар SDH (СЦИ) синхронды цифрлық иерархия аппаратурасын қолдану мен Қандыағаш – Байганин учаскесінде сенімді талшықты оптикалық байланыс жолы құрылысын салу болып табылады.
6.2 Компания және сала
«Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті 1994 ж 17 маусымдағы № 666 «Республика барлық территориясында байланыс қызметтерінің кең диапозонын беретін «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» қаулысымен сәйкес құрылған.
«Қазақтелеком» АҚ-ы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылуы бар телекоммуникация бірігей желісінің ұлттық операторы болып табылады.
Оның атқару қызметі (миссиясы) мынадан тұрады:
Қазақстан Республикасы бүкіл территориясында физикалық және құқықтық тұлғаларға жалпы қол жеткізулік байланыс қызметтерін көрсету;
Қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологиялар негізінде барлық экономика, қоғам және Қазақстан мемлекет билігі органдары субъектілерінің ақпараттық алмасуға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру.
«Қазақтелеком» АҚ келесі негізгі қызметтерді көрсетеді:
жергілікті, қалааралық, халықаралық телефондық байланыс;
телеграф, телекс, деректерді беру;
жерсеріктік байланыс;
сымды хабар тарату;
байланыс арналарын жалға беру.
Алдыңғы жылдарда «Қазақтелеком» АҚ іс-әрекеті бірегей техникалық және ұйымдастырушылық идеология негізінде жұмыс істейтін және дамитын, жоғары сапалы ішкі және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникация қызметтері барлық түрлерін қамтуда қуатты базаны қамтамасыз ететін қазіргі заманғы телекоммуникация желілерін құруға бағытталған.
«Қазақтелеком» АҚ инвестициялық саясаты байланыс құралдарын жетекші әлемдік шығарушылардың ең жаңа технологиясы негізінде қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфраструктураны қалыптастыруға және Қазақстан Республикасы территориясы арқылы ақпараттық ағындар транзитын ұлғайтуға бағытталған. Ең басымды бағыттардың бірі магистралдық және жергілікті телекоммуникация желілерін модернизациялау және дамыту, ол аналогтық магистралдық желілерді толығымен SDH сақиналары технологиясын пайдаланумен жер үстілік талшықты – оптикалық жоғары жылдамдықты цифрлық магистралдық желілерге ауыстырудан және жаңа ішкі аймақтық бағыттарды ұйымдастырудан тұрады. Бұл магистралдық желінің эксплуатциясын арзандатуға, қосылыстардың жоғарғы сапасына әкеледі, және де байланстың жоғары сапалы цифрлық арналарын және транспорттық ортаны беру негізінде республикады телекоммуникация нарығы дамуын қамтамасыз етеді және еліміздің ұзақ мерзімді конкуренттік артықшылықтары үшін техникалық базаны құруға, әрі технологиялық алға шығуға мүмкіндік жасайды.
6.3 Қызмет - өнім
ТОТЖ құрылысы біткеннен кейін халыққа және ұйымдарға әмбебап қызметтердің келесі тізімі ұсынылады:
а) ауылдық елді мекендерде берілетін телефондық байланыс (жергілікті қалааралық) қызметі:
- 500-ден 1000 дейін тұрғындарға – қоғамдық телефон /таксофон көмегімен;
- 1000-нан 3000 дейін тұрғындарға - аралас (ұжымдық/жекелеген) қол жеткізуді ұйымдастырумен;
- 3000-нан астам тұрғындарға – жеке абоненттік қол жеткізкді ұйымдастырумен;
б) телеграфтық байланыс қызметі, телеграммаларды жеткізуді қосқанда;
в) деректерді тарату бойынша және ұжымдық пайдалану пункттерін іске қосумен интернет желісіне қол жеткізуді ұсыну бойынша қызмет көрсету.
Жобаланатын ТОТЖ өнімі - STM-1 жоғары жылдамдықты цифрлық ағыны.
STM-1 цифрлық ағын – цифрлық пішіндегі ақпараттың кез келген түрін тасымалдауға арналған стандартты цифрлық ағын.
STM тарату жылдамдығы 64 кБит/с цифрлыққ арна негізінде құрылады, олар мультиплексірлеу құралдары бойынша әртүрлі тарату жылдамдықтары бар: 2, 8, 34, 140, 155 Мбит/с, ағындарға біріктіріледі SDH жүйесі артықшылығы мынада, жоғарыда көрсетілген жылдамдықтары бар қандай да болмасын ағын кез келген аралық пунктте шығарылуы мүмкін.
Ұсынылатын жабдықтың мүмкіндіктері, жоғары сапалы телефондық және факсимильдік жергілікті, қалааралық пен халықаралық байланыс, коммуникацияланатын арналар арқылы мәліметтерді беру, Internet жүйесіне қол жеткізу сияқты қызметтер ұсыну жолымен басқарушы және қаржылық технологияларды информатизациялау және компьютерлеу процесін ұйымдастыру үшін техникалық бағаны қамтамасыз етеді.
6.4 Маркетинг
Республиканың телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығы жыл сайын тіптен өте динамикалы және конкурентті болып келеді. Байланыс операторлары санының айтарлықтай өсуі байқалады, жаңа технологиялар ендіріліп жатыр, атқарылатын қызмет түрлері спектрі ұлғайып жатыр. Нарықтың жартысын қалааралық, халықаралық байланыс қызметтері алып тұр. Және де нарықтың 25%-ын халықаралық байланыс қызмет көрсетуі қалыптастырады. Жергілікті телефондық байланыс қызмет көрсетуі барлық нарықтық 14%-ын қалыптастырады. Мәліметтерді тарату және интернет қызмет көрсетуі көлемі екі есе аз.
Формальды түрде жалпы пайдалануы бар телекоммуникация желісі үшін қалааралық және халықаралық байланыс нарығы ғана «Қазақтелеком» АҚ-ы монополиясы болып табылады, бірақ онда операторлар жұмыс-іс атқарады, олар ІР-телефония операторлары ретінде қалааралық және халықаралық трафикті өткізеді.
Телекоммуникация саласында операторлардың екі тобы қалыптасқан: «дәстүрлік» және «жаңа» операторлар, оларға қарағанда әртүрлі мемлекеттік реттеудің әдістері бар.
Саланың табыстары жалпы көлемінде дәстүрлі операторлардың үлесі тұрақты түрде төмендеп жатыр, мысалы «Қазақтелеком» АҚ-ы үлесі 1998 жылғы 90%-дан 2002 жылғы 60%-ға дейін және 2007 жылға болжам бойынша 50%-ға дейін төмендейді. Іс жүзінде тек қана дәстүрлі операторлар халыққа қызмет көрсетеді, ал ауылдық жерде осы сегментте олар негізінен монополистер.
Жергілікті байланыс нарығында «Қазақтелеком» АҚ үлесі 2002 жылы қалааралық 81%-бен, халықаралық 91%-бен, ТМД елдерімен халықаралықта - 92%-пен, алыс шетелдермен – 81%-бен бағаланады. Осымен бір уақытта конкуренция өсімі және телекоммуникация нарығындағы операторлар белсенділігі жоғарлауы бар. белсенділік өсуі нарық барлық сегменттерінде байқалады, бірақ ең жоғары дәрежеде - қалааралық және халықаралық байланыс нарқында (бөлінген операторлар) және арналарды жолға алуда, мәліметтерді таратуда және интернет желісінде.
Нрықта ірі магистралдық оператор KazTransComпайда болды, оның кейбір аудандарда «Қазақтелеком» АҚ-мен пара-пар кететін жерүстілік желілері бар.
Арна және Ratel жетекші операторлардың бірлесуі (альянсы), жаңа саудалық марка DUCAT атымен, Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысы нарығына белсенді түрде енді, 2003 жылы Астана қаласы нарығына шықты.
«Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникация нарығындағы қызмет көрсету түрлері бойынша негізгі конкуренттері 4.1 –кестеде берілген.
6.1 кесте - «Қазақтелеком» АҚ негізгі конкуренттері
Виды услуг
|
Операторы
|
Жергілікті телефондық байланыс
|
KazTransCom, Транстелеком,
Казаэронавигация, Арна,
Каскортелеком, Мунайтелеком, СВИМ
|
Қалааралық, халықаралық байланыс, арналарды жалға алу және жер серіктік байланыстың бөлінген желілері қызметі
|
ASTEL, Нурсат, Ratel, KazTransCom, TNS-plus, Казинформтелеком, Кателко
|
Мәліметтер тарату және арналарды жалға алу
|
Нурсат, ASTEL, KazTransCom, TNS-plus, Кателко, Казинформтелеком, Golden Telecom, DUCAT
|
Достарыңызбен бөлісу: |