1.1.1 К-60п аппаратурасы туралы қысқаша мәлімет
60-арналы аппаратурасы электронды шамдарға негізделген. Магистралды желілерде қызмет көрсетілмейтін пункттерде К-24-60 типті шамды күшейткіштермен күшейтіледі, ал ішкі зоналық желілерде транзисторлық күшейткіштерге негізделіп шығарылған К-60-2м аппаратурасымен күшейтіледі. К-60п аппаратурасы жартылай өткізгіштер аспаптарға негізделіп шығарылған, ол 12/225 кГц спектрінде жұмыс істеп, тоналды жиіліктегі (ТЖ) 60-арнаны (әр арнада тарату жолағы 300-3400 Гц) қамтамасыз етеді.
ТЖ арналар жүйелері мәліметтерді таратудың тоналды телеграфтау жүйелері көмегімен екінші ретті тығыздау үшін қолдана алады. Ал 2 немесе 3 ТЖ арнаны біріктіру арқасында телебейне сигналдарын тарату үшін қолдалынуы мүмкін. Байланыс арақашықтығы 12500 км түзеді. Бұл қашытықта әр 2500 км сайын ТЖ бойынша 4 күре жолды ұйымдастыруға болады.
К-60 станциясы мынадай бес бағаналардан тұрады: 60-арнаға жеке дара жабдық бағанасы (СИП-60 және СТВ-ДС-60); Топтық түрлендіру бағанасы (СГП), СУГО және сызықты күшейткіштер мен тексеруші жиіліктер (СЛУК-ОП) бағанасы.
СТВ-ДС-60 бағанасының көмегімен 2 ТЖ өткізгіш арналарын ұйымдастыруға болады. Бұл бағана тек екі өткізгіш арналарына қолмен қызмет көрсетуге ғана қажет. Арналарды жартылай автоматты және автоматты қызмет көрсету үшін СТВ-ДС-60 бағанасын қолданудың қажеті жоқ.
СИП-60 бағанасы тарату пунктінде 12 телеграф арналарды стандартты 60-108 кГц біріншілік топтар спектріне түрлендіру үшін және 5 бірінішілік топтарды алу үшін, сонымен қатар қабылдағышта кері түрлендіру үшін арналған. Бұл түрлендірулер жеке дара тасушы жиіліктердің көмегімен жүзеге асады. Тасушы жиіліктер СУГО- генераторлы жабдық бағанасынан беріледі. СИП-60 бағанасында біріншілік топтың 84,14 кГц топтық тексеруші жиілігі енгізіледі.
СИП-60 аппаратурасында арналық фильтрлер қолданылады.
СГП бағанасы таратушы аппаратурасында 5 бірінішілік топты (60-108 кГц) негізгі екіншілік топқа (312-552 кГц) түрлендіру үшін және содан кейін сызықты 12-252 кГц спектрге түрлендіру үшін арналған, ал қабылдағышта кері үрдіс жүргізіледі. СГП бағанасында екіншілік топтың 411,86 кГц топтық тексеруші жиілігі енгізіледі.
СГП аппаратурасы 2-вариантты сызықты спектрді алуға мүмкіндік береді. Олар негізгі және инверсті вариант болып табылады. Негізгі және инверсті варианттар К-60п жүйелердің кабелдің біртөрттігінде болатын өзара ауыспалы сөйлесулерден қорғанысты қамтамасыз етеді.
Генераторлы жабдық ретінде унификацияланған генераторлы жабдық СУГО қолданылады. СУГО барлық кабельді байланысты (симметриялы, коаксиалды, радиорелейлі байланыс жолдарында) тығыздаушы аппаратурасында қолданылады.
СЛУК-ОУП станциялары үшжиілікті АРУ (Басқарудың автоматикалық реттегіші) және екіжиілікті АРУ болып шығарылады. Магистраль бойымен АРУ-мен жабдықталған күшейткіштер былай орналастырылады: жердегі АРУ-мен әр НУП-та, екіжиілікті АРУ-мен әр ОУП (қызмет көрсетілетін пунт) 250-300 км сайын және де үшжиілікті АРУ-мен әр ОУП-та 500-600 км сайын.
Күре жолдың амплитудалы-жиіліктік сипаттамаларын теңестірілуі сызықты теңестіргіштермен жүзеге асырылады. Олар НУП-тардың кірісінде орналастырылады. К-60п күшейткіштері үшін әр 60-80 км сайын, ал ОУП-тар үшін күре жолдың АЖС-н косинусты түзеткіштер қолданылады. Олар әр 250-300 км сайын ОУП-ң кірісіне орналастырылады.
НУП-дың күшейткіштерін қоректтендіру «сым-жер» сұлбасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Екі ОУП аралығында, яғни бір алыстан қоректендіру секциясында «сым-жер» сұлбасы бойынша К-60п жүйесінің 12 НУП-қа дейін бола алады. Кейбір жағдайда бір алыстан қоректендіру секцияда НУП-тардың саны 14-ке дейін болуы мүмкін. Бірақ мынадай шарт орындалуы қажет, әр күшйту учаскесінде электрленген темір жолдардан келетін айнымалы токтың ЭҚК-і 70 В –тен аспауы тиіс. НУП-та бір жүйенің күшейткіштері тізбектеліп қосылады. НУП күшейткіштерінің қысқыштарында қоректену кернеулігі 36 В құрауы қажет. Егер де алыстан қоректендіру «сым-сым» сұлбасы бойынша орындалатын болса, шеткі станцияларда: кіріс-кабелді құрылғысы, алыстан қоректендіру бағанасы (СПДМ), қызмет көрсетуші байланысының унификацияланған коммутациялы-шақырушы аппаратурасы (УКВСС), телемеханика құрылғысы, телебақылау құрылғысы, біріншілік топтың коммутациялау бағанасы (СКП-1 50 біріншілік топ үшін) және екіншілік топтың коммутациялау бағанасы (СКВК-30 екіншілік топ үшін) орналасады.
ОУП қызмет көрсетілетін күшейту пункттерде екіжиілікті немесе үшжиілікті АРУ-сы бар қызмет көрсетілетін күшейту станция бағанасынан (СЛУК-ОУП) тұрады. Осы пункттерде сондай-ақ қосымша құрылғылар орналастырылады, олар: кіріс-кабелді құрылғысы, алыстан қоректендіру бағанасы, қызмет көрсетуші байланысының унификацияланған коммутациялы-шақырушы аппаратурасы (УКВСС), телемеханика құрылғысы, телебақылау құрылғысы.
НУП-тар 2 немесе 4 жүйеге арналған аралық қызмет көрсетілмейтін күшейткіш бағаналарынан, кіріс-каблді құрылғысынан және қолға алып жүретін телефонды аппараттан тұрады. Қызметкерлерге арналған байланысының күшейткіштері СПУН-К-60п-ге кіреді. Телемеханика және телебақылау құрылғылары да СПУН-К-60п станциясының құрамына кіреді.
СЛУК (Сызықты күшейту және түзету бағанасы) тексеруші жиіліктерді беру РВЧС-160 кабелі арқылы іске асады, кабель ұзындығы 50 м-ден аспауы қажет.
СГП мен СЛУК-ОП таратушы күре жолының кірісіне және СГП қабылдауыш күре жолының кірісіне тегіс сатылы деңгейді реттеуіш алдын алған, (1,7 дб аралығында). СИП-60 пен СГП аралығындағы СГП мен транзиттік құрылғылар арасындағы байланыстырушы кабелдердің өшулілігі 0,3-0,4 дб-ден артық емес және ол таратушы мен қабылдаушының күшейткіштерімен күшейтіліп компенсацияланады.
1.1.2 ТОБЖ-ны жүргізу үшін арнажолды таңдау
Бәрінен бұрын, жол арнажолын таңдау, араларында байланыс қамтамасыз етілуге тиіс байланыс орындарының орналасуымен анықталады. Әдетте арнажолдардың бірнеше варианттары қарастырылады және техника – экономикалық салыстыру негізінде ең ыңғайлысы (оптималдысы) таңдап алынады.
Арнажолды таңдай алғанда қамтамасыз ету керек:
арнажолдың ең қысқа ұзындығы;
құрылыстың бағасын (нарқын) күрделендіретін және өсіретін кедергілердің (өзендер, карьерлер, жүргін жолдар және басқа кедергілер) ең аз саны;
құрылысты салғанда механизацияны максималды қолдану;
эксплуатациялық қызмет көрсетудегі ең жақсы қолайлықты (жайлылықты) жасау;
күшті токтар қондырғылары мен атмосфералық электренуден қорғануды жүзеге асыруда ең аз шығындар;
Осы талаптарға талаптарға байланысты автомобильдік жолдар боймен кабельді жүргізуге қолайлы деп табылды. Осы арқылы кабель жүргізілетін жерлерге тән қызмет көрсетілетін регенерациялық орындарға (НРП) техникалық персоналдық келіп-кету жолдары қамтамасыз етіледі де, байланыс желісі істен шыққанда жолдағы бұзылысты оперативті жөндеу мүмкіндігі бар.
Арнажол жүргізілетін жол үстінде елді мекендердің болуы қызмет көрсетілмейтін мүмкіндігін және бұрыннан істеп тұрған телекоммуникация бөлімдерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде құрылыс жұмыстары көлемін магистрал құрылысына шығындардың азаюына әкеледі. 1.1 – суретте Байганин және Қандыағаш елді мекені арасында автожол мен жобаланатын арнажол сұлбасы көрсетілген.
1.1 – сурет. Байганин – Шұбарқұдық – қандыағаш арнажолы
Оптикалық кабельдің жерасты салыну тереңдігі электрлік кабельдердікі сияқты 1,2 м-ге тең. Суы бар кедергілер арқылы кабельдік өтпелерді су асты арқылы өткізіп салу, көмір үстімен немесе тіректерге іліп қою арқылы жасауға болады. Ең сіңімдісі су асты арқылы өткізіп салу.
Құрылысты және смета қаржылық есептеулерді ұйымдастыру жоспарын жасау үшін құрылысқа керекті жүктердің келіп түсу жолдарын дәлелдейді, бұрыннан тұрған қоймаларды мүмкіндіктерін жүкті түсіру аймақтарын, жаңа аудандар мен қоймаларды орналастыру, қоймаларға затты жеткізу әдістері мен оған дейінгі қашықтықтарды, жергілікті материалдар бағаларын қарастырады.
Мекенді ел картасына қарасақ (1.1 – сурет) арнажолдың көңілге қонымды тек бір варианты көрініс тұр. Ол Байганин мекені, Шұбарқұдық мекені, Қандыағаш мекендерін жалғап тұрған автожол боймен кабельді жүргізу варианты. Магистралдың жалпы ұзындығы 138 шақырым, әрбір жол бөлігінде қашықтықтар: Байганин - Шұбарқұдық – 68 км; Шұбарқұдық – Қандыағаш - 70 км; Байганин – Жарқамыс – 85 км; Байганин - Тасқопа – 35 км; Шұбарқұдық – Болгарко – 36 км. Магистраль арнажолы автомобильдік жол өсінен 30-60 м қашықтықта салынады.
Ақтөбе облысының жер беті рельефі жазықты болып табылады, бұл кабельді негізінен механизацияланған әдіспен салуға мүмкіндік береді. Толығынан арнажолдың салу ұйымдастыру мәселесі, теміржол өтпелерін ескеру және де кабельді механикалық әдіспен жүргізіп салу әрі қарайғы бөлімдерде қаралған.
1.2 Критикалық талдау
Алдында айтып өткендей, берілген байланыс бөлігінде қосымша байланыс арналарына қатты қажеттілік туындады, яғни байланыс жолының өткізгіштік қабілетін арттыру. Сонымен қатар, айта кететін нәрсе осы байланыс бөлігінде байланыс сапасы ойдағыдай болмай тұр.
Сондықтан, осы жобада келесі мәселелерді қарастырған жөн:
Талшықты оптикалық байланыс жолын (ТОБЖ) жүргізу үшін арна жолды (трассаны) таңдау; табылатын ТОБМ-да байланыс арналарына сұранысты анықтау; тарату аппаратурасын таңдау; оптикалық талшық пен оптикалық кабель маркасын таңдау; оптикалық талшықтың дисперсиялық қасиеттерін есептеу және нақты дисперсия мен жолдағы сигнал өтуін анықтау, осы деректер бойынша регенерациялық бөлік ұзындығын анықтау.
1.3 Байланыс саласының ғылыми және техникалың дамуы
Байланыс саласының дамуы халық шаруашылығында тиімді басқару үшін, мемлекеттік аппаратың нақты жұмыс істеу үшін, халықтың барлық мәдени-тұрмыстық мұқтаждықтарын өтеу үшін үлкен және мемлекеттік қорғанулығын жоғарлату үшін үлкен маңызды орын алады.
Бірінші байланыс жолдары электрлі телеграфпен бірге ойлап шығарылған, яғни 150 жыл бұрын ойлап табылған. Бірінші байланыс жолдары – кабелді болған. Бірақ жер асты кабелдерінің конструкциясының жетілмегендігінен олардың орнын әуе байланыс жолдары басып алды. Ең тұңғыш, үлкен қашықтыққа созылған әуе байланыс жолы 1854 жылы Петербург пен Варшава қалаларын байланыстырды, XIX ғасырдың 70 жылдардың басында Петербург қаласынан Владивосток қаласына дейін ұзындығы 10000 км телеграфтық әуе байланыс жолы салынды, 1939 жылы эксплуатацияға дүниедегі ұзындығы бойынша ең маңызды Мәскеу-Хабаровск жоғарыжиілікті, ұзындығы 8300 км телефонды магистраль салынды.
Бірінші кабелді байланыс жолдарының ойлап шығарылуы орыс ғалымның атымен П.Л. Шиллингпен байланысқан, 1812 жылы Петербургте Шиллинг теңіз миналарын оқшауланған өткізгішті сымды қолданып, жарған.
1851 жылы Мәскеу мен Петербург қалалар арасында темір жол салына басталды, сонымен бірге осы қалаларды байланыстыратын гуттаперчадан жасалған оқшаулағышпен оралған телеграфты кабель салынған. Бірінші су асты кабелдері 1852 жылы «Северная Двина» және 1879 жылы Баку мен Красноводск қалаларын қосып Каспий теңіздің астымен салынған. 1866 жылы Франция мен АҚШ мемлекеттерін байланыстыратын трансатлантиялық магистраль жұмыс істей бастады.
Осыдан 100 жылдан көбірек 1882-1884 жылдарда Ресейдегі тұңғыш қалалық телефонды желілер салына басталды. Олар Мәскеуде, Петроград қаласында, Рига қаласында, Одесса қаласында салынған. 90 жылдарда мәскеу мен Петроград қалаларында әуеге 54 өзекшеге дейін баратын тұңғыш кабелдері ілінген. Ал 1901 жылы жер асты қалалық телефонды желілерінің салынуы басталды. XIX ғасырдың басына жататын бірінші байланыс кабелдердің конструкциясы телефондық сигналдарды кішкентай аралыққа тарата алатын болды. Олар өзекшелері әуе-қағазды әдіспен оқшауланып, жұптық иілген қалалық телефонды кабелдер болған. 1900-1902 жылдарда сигналдарды тарату қашықтығын ұзарту үшін бірнеше сәтті қадамдар жасалған. Бірінші әдісті Пупиннің ойлағаны бойынша жасады. Пупин бойынша кабельдің индуктивтілігін арттыру үшін тізбекке индуктивтілік катушкалары қосылды; екіншісінде Краруп бойынша тоқ өткізгіш өзекшелерді ферромагнитпен орау қарастырылды. Сол кезеңде осындай әдістердің көмегімен телеграф және телефон байланыс сигналдардың қашықтыққа беру ұзындығы бірнеше рет өсті. Электронды шамдардың ойлап шығарылуы, ал 1912-1913 жылдарында өндірілгеніне себепті байланысхникасының дамуында ең маңызды кезең басталды. 1917 жылы В.И. Коваленков ғылымы электронды шамдарының негізінде күшейткішті ойлап шығарды да, оны байланыс жолында тексеріп көрді. 1923 жылы Харьков-Мәскеу-Петроград телефонды байланыс жолында электрошамды күшейткіштер көмегімен жұмыс істей бастады.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында көпарналы тарату жүйелердің дамуы басталды. Кейінірек тарату жиіліктердің спектрін арттыру үшін және байланыс жолдарының қабілеттілігін арттыру үшін жаңа типті кабельдер ойлап шығарылған, олар коаксиалды кабелдер деп аталды. Бірақ оларды жаппай өндіріп шығаруды тек 1935 жзылы ғана бастады, оның себебі, сол жылы жаңа жоғарысапалы диэлектриктердің ойлап шығарылуы болды. Олар: эскапон типті диэлектрик, жоғарысапалы керамика, полистироль, стирофлекс және т.б. Осы кабельдер (коаксиалды) электромагнитті энергияны токтың жиілігі бірнеше миллион герцке дейін тарата алады және өз бойымен үлкен қашықтықтарға теледидар бағдарламаларын тарата алады. 1936 жылы жоғарыжиілікті телефондау үшін 240 арнаға арналған коаксиалды кабель байланыс жолы салынған. 1856 жылы салынған бірінші трансатлантиялық су асты кабелмен тек телеграфты байланысты ғана жүзеге асыраған болатын, тек 1400 жыл өткеннен соң 1956 жылы Еуропа мен АҚШ-ты байланыстыратын теңіз астымен өтетін коаксиалды кабель салынғаннан кейін, осы екі материк арасында көпарналы телефондық байланыс пайда болды.
1965-1967 жылдарда кеңжолақты ақпараттарды таратуда бірінші толқын өткізгішті (волновод) байланыс жолдары және жоғарыөткізгішті криогенді кабелді байланыс жолдары ойлап табылған. Олардың өшуліктері өте кішкентай болды.
1970 жылдан бастап жарық өткізгіштері мен оптикалық кабелдер активті түрде ойлап шығарыла басталды. Олар көзге көрінетін және инфрақызыл сәуле шығарушы толқын диапазондарын пайдаланды.
Бұл ғылымның бағыты және техникасы енді ғана дамуда болды, бірақ 80 жылдарына таман осы даму үрдісінің нәтижесінде оптикалы-талшықтық байланыс жүйелері шығарылып, реалды жағдайларда тексерілді.
Оптикалы-талшықты кабелдерді өндіру өте актуалды болып табылады. Оның себебі, мыс пен қорғасын ресурстары әлемдік өндіру балансында шектеулі болып табылады. Ортақ мыс ресурстарының 50 %, ал қорғасынның 25 % кабелді өндіріске жұмсалады. Ал оптикалы кабелдер мыстан жасалған электрлік кабелдерден ерекшелігі дефицит материалдар мен металдарды керек етпейді, қымбат емес шыны мен пластмассадан жасалынады.
Оптикалық кабелдердің электрлік кабелдерге қарағанда мыстың экономиясынан басқа мынадай артықшылықтары бар:
ақпараттың үлкен ағындарын тарату және кеңжолақтылық;
өшуліктің аздылығы және үлкен жиілік диапазондарында жиілікке тәуелсіздігі;
сыртқы электромагниттік өрістерден қорғанулығы;
кішігабариттылығы және жеңілдігі (оптикалы кабелдердің массалары электрлік кабелдерден 10..12 есе кіші)
қауіпсіздік техникасының сенімділігі (қысқа тұйықталудың жоқтығы, жанбайтындығы)
Ақпараттың әр түрін қашықтыққа беру үшін адамзат бұрыңғы заманнан жарықтың көмегімен пайдаланып тарататын. Ақпаратты қашықтыққа беру ұзындығын үлкейту үшін қабылдап-қайта таратушы посттарының тізбектерін пайдаланған. Осылайша ХIX ғасырдың басында Петербург пен Варшава арасында 1200 км семафорлық байланыс тізбегі қолданылған. Әр 40 км сайын биік бағаналарда құрылғылар орналасқан, олар таратылған жарық жарық сигналдарын ретрансляциялаған. Осындай тізбекпен кішігірім ақпаратты тасымалдау үшін бірнеше сағат күту керек болған. Содан басқа ақпаратты тарату ауа райына тәуелді болды (тура көрініс болмағанда тізбек жұмысын жалғастыра алмады) және бөгеулік пен рұқсатсыз пайдаланудан қорғанулығы болған жоқ.
А.С Попов радиобайланысты ойлап шығарғаннан кейін оптикалық семафорлы байланыс жолдарын салуды тоқтатты. Қазіргі заманда байланысты орнату үшін қайтадан жарықты қолданып жатқанына біз куәгер болып отырмыз. Бірақ қазіргі жарық тарату технологиясы жаңа негізінде қазіргі замандағы ғылыми жетістіктерін пайдаланып орындалып отыр, олар: кванттық физика, оптоэлектроника, радиотехника.
Техника-экономикалық анализ көрсеткендей, оптикалық-талшықты кабелдерді болашақта жаппай өндірсе, олар электрлік кабелдерге бәсеке құрайды. Оптикалы-талшықты кабель әсіресе байланыс шоғырларының үлкен жерлерінде өте пайдалы.
Оптикалық жүйелердегі және оптикалық кабелдердің маңызды даму факторы оптикалық кванттық генератордың – лазердің пайда болуы болды. Кеңес Одағының ғалымдары, академиктері Басов пен Прохоров көмегімен, оптоэлектроника мен квантты техника облысында негізгі зерттеулер жүргізілді.
Байланыс мақсаты үшін диапазондарды игеруде бірінші жұмыстар ХХ ғасырдың 60 жылдарында басталды. Күре жол есебінде жерге жақын атмосфера қабаттары және периодты түзетуші жарық өткізгіштер, және сәулелі линзалар мен айналардың көмегімен бағыттау қолданылды. Ашық атмосфералы байланыс жолдары метеорологиялық жағдайларға тәуелді болды және байланысқа қажетті қорғанушылығын қамтамасыз ете алмады. Дискретті түзетулері бар линзалы жарық өткізгіштер өте қымбатқа түсті және линзаларды егжей-тегжей юстирлеуді қажет етті, сәулені автоматты түрде басқаруды керек етті. Олар байланыс желілерінде практикалық орнын таба алмады.
Жоғарғы сенімділікті оптикалық талшықты кабелді жүйелердің шығарылуы ХХ ғасырдың 70 жылдардағы аз шығынды оптикалық талшықтың өңдеуіне байланысты болды. Осындай талшықтар-арнайы жабдықты және оптикалық кабелдерді күре жолдардың тарату жүйелердің элементтерін (генератор,фотоқабылдағыш,разьемных и неразьемных соединителем және т.б) шығаруға себеп берді.
Осындай жүйелердің практикалық қолдану орны-телефонды желі, кабелді теледидар, есептеу техникасы технологиялық үрдістерді бақылау және басқару т.с.с.
Қазіргі заманда оптикалық кабелдер және оптикалық жүйелер зертханалы тәжірибелер кезеңнен шығып практикалық енгізілу кезеңіне келді. Бірінші кезекте оптикалық кабелдер АТС-ді жалғайтын байланыс жолдарын құру үшін және қала шеттеріне баратын байланыс жолдарын құру үшін қолданылады. Олар металл сиымдылықты мыс сымдары бар кабелдердің орнын басып жатыр.
Оптикалық кабель кең жолақты ақпаратты жергілікті жүйеде телебейнелеу, деректемелерді тарату желілері, бейнетелефон сигналдарын тарату үшін қолданылады. Оптикалық кабель байланыс жүйелері зоналы және магистралды желілерде кең қолданылады.
Қазіргі кезде таратудың цифрлық әдістері және ақпаратты цифрлық өңдеу кеңінен қолданып жатыр. Біріншілік цифрлық жүйелер ақпаратты төменгі жиілік телефон кабелдерінен тасымалдау үшін арналған, ал жоғары реттілік цифрлық жүйелер жоғары жиілікті кабелдермен, коаксиалды, оптикалы-талшықты байланыс жолдарымен және де жерсеріктік, радиорелейлі байланыс жолдарымен ақпаратты тасымалдайды.
1.4 Қойылған мәселені негіздеу
Бұл дипломдық жобада К-60п аппаратураны сипаттау, цифрлы тарату жүйелерін (ЦТЖ) және аналогты тарату жүйелерін (АТЖ) анализдеу қажет. ЦТЖ-ң аналогты тарату жүйесіне қарағанда басты артықшылығын көрсету, цифрлық жабдықты қолдануды негіздеу қажет.
Талшықты оптикалық байланыс жолдарын жобалауға қарай тарату жүйелердің оптикалық кабелдің маркасын, регенерациялық учаскесінің қажет ұзындығы есебін таңдау. Сонымен бірге, оптикалық кабелдің негізгі параметрлерінің есебін жүргізу қажет. Нәтижесінде жобаланып отырған талшықты оптикалық байланыс жолының сенімділігін бағалау керек.
Дипломдық жобаның соңғы бөліміне «Еңбекті қорғау» сабағының талшықты оптикалық байланыс жолын пайдалануда қауіпсіздік шаралары тақырыбында және де «Өндірістік экономика» сабағының талшықты оптикалық байланыс жолының экономикалы тиімді салуын анықтау тақырыбында тапсырманы орындау қажет.
Қазіргі таңдағы жүйенің анализі және оның сындық анализінің жоғарыда көрсетілген факторларына сүйеніп кез-келген адам симметриялы кабелмен бірге аналогты тарату жүйесі қазіргі таңда оларға жүктелген жүктемеге шамасы келмейтіні түсінеді.
Кабелді байланыс технологиясының жетілу үрдісі үдей түсуде. Оптикалы және квант-оптикалық технологияларының тез қарқынмен жетілуінің арқасында қазіргі кездегі талшықтық-оптикалық тарату жүйесінің өткізу қабілеті 11 Тбит/с дейін жетуі мүмкін. Жаңа технологиялар мен байланыс қызметтерінің (интернет, электронды пошта, IP-телефония, интерактивті цифрлы теледидар, технологиялық, заңгерлік, әкімшілік, қаржылық ақпаратты тарату, дистанционды медициналық қызмет көрсету, Ethernet және т.б. берілгендерді компьютерлік желілер таратуды қолдану) кең тарауы осы қызметтерді тұтынушылар санының тез өсуімен ұласады. Соған орай, осы жағдайда барлық деңгейге шығу желісі кабелді сегменттің өткізу қабілеттілігінің жоғарлауы айтарлықтай, яғни магистралды деңгейден абоненттік деңгейге дейін.
Осы аймақтағы компаниялар санының өсуінің себебімен, сиымдылығы үлкен байланыс желіні ұымдастыру қажет. Берілген арнаның көп жүктелуіне қарай қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған сыйымдылық операторлардың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Арна ұйымдастырушы аппаратура ескірген, АТЖ қазіргі таңға сәйкес келмейді, сондықтан да оларды қазіргі уақыт талабына сай кішігірім, автоматтандырылған, пайдалануда оңай және ыңғайлы цифрлық жүйеге ауыстыру қажет.
Кеше ғана пайдалануда болған арналар саны тұтынушылар талабын қанағаттандыруға жеткілікті болып көрінген, бірақ жергілікті есептеу желілердің пайда болуы және олардың санының көбеюіне байланысты, ақпаратты автоматты түрде жинау және т.б. қызметтердің пайда болуына қарай, қолданыстағы жүйе тұтынушылар қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмады, яғни ол әлемдік стандарттарға сай бұрынғыдан сапалы байланысты қамтамасыз ететін жаңа, жетілген жүйеге ауыстыруды қажет етеді.
Жоғарыда көрсетілгендерге қоса, қазіргі кездегі жұмыс істеп тұрған трасса Ресей Федерациясының территориясымен өтеді. Ол дегеніміз қазіргі кездегі бар магистралды пайдалануда қосымша қиындықтар туады.
Мен жоғарыда талқыланған проблемаларға сүйене отырып Байгарин – Қандыағаш учаскесіндегі байланысын жаңарту үшін жобалау тапсырмасын ұсынамын:
тарату жүйесі тұтынушылардың уақыт талабына сай қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай цифрлық тарату жүйелеріне негізделген болуы керек;
кабель тарату жүйесінің жоғары өткізу қабілетіне сәйкес болуы қажет, яғни ол оптикалы кабель болуы қажет;
магистралды байланыс жолын пайдалануда қиындықтар тумау үшін кабелді салу трассасы Қазақстан Республикасы территориясымен өтуі қажет;
жобаланып отырған ұйымдастыру сұлбасы комбинацияланған яғни нүкте-нүкте және реттелген сызықты тізбек топологияларымен салынуы қажет, бұл топологиялар тұрғылықты мекендердің географиялық орналасуының тура осы топологияларға сәйкес келетіндігіне байланысты.
2. АРНАЛАР САНЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ
2.1. Қажетті арналар санын және тарату жылдамдығын есептеу
Байғанин – Қандыағаш елді мекендерін байланыcтыратын арналар саны және жергілікті желі пункттері негізінен осы мекендердегі халық санына тәуелді және халықтың жекелеген топтарының өзара байланысқа қызығушылық дәрежесіне байланысты.
Кез келген елді мекендегі халық саны соңғы халық санағы статистикалық деректері негізінде анықталуы мүмкін.
Әдетте халық санағы бес жылда бір рет жүргізіледі, сондықтан перспективті түрде жобалау жасағанда халық өсімін ескеру керек.
Берілген мекендегі және оған бағынышты аймақтағы халық саны, халық орташа өсімін ескере отырып мына формуладан анықталады.
(2.1)
мұнда Н0 - халық санағы өткізілген уақыттағы тұрғындар саны, адам;
Достарыңызбен бөлісу: |