Қазақстанның энергетика жүйесі



жүктеу 2,63 Mb.
бет7/18
Дата22.05.2018
өлшемі2,63 Mb.
#16246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Кәсіпорын қаржылары
Кәсіпорын қаржылары ақша қаражаттарын қолдану және қалыптастыру бойынша экономикалық қатыныстарды білдіреді. Бұл экономикалық қатынастар кәсіпорынның табыс мен пайдаларын құрау және пайдалану, оның негізгі және айналым капиталының, мемлекеттік немесе коммерциялық институтпен өзара қарым қатынастарына байланысты сұрақтарды қарастырады.

1 Кәсіпорындағы қаржы қарым-катынасы және қаржы жайлы жалпы түсінік
Қаржының үш функциясы болады: қаржылық ресурстарды қалыптастыру немесе жинақтау, оларды бөліп тарату, қайта бөліп тарату, және ақша қаражатының қолдалынуын бақылау.

Қаржы ресурстарын (қалыптастыру) жасақтау функциясы жеке шаруашылықтың немесе тұтастай бір мемлекеттік қызметтің рентабелділігін қамтамасыз ететін деңгейде сол қаржылардың көздерін реттеуді көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы ресурсының жасақталуының негізгі көзі өнімді өткізуден, істелген жұмыс немесе қызметтен түсетін; кәсіпорын уақытша қолданатын қаржы-несиелік жүйе әдісінен түсетін пайда болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысының үйлестіру (бөліп тарату) функциясы, қәсіпорын пайдасын мемлекетке беру (салық салу жүйесі бойынша) және өз қарамағында қалатынын бөліп тарату қызметін атқырады. Сонымен қатар, егер кәсіпорын цехтық, технологиялық звеносы, бөлігі немесе басқа бөлімшелері болса, онда кәсіпорынның қаржысы оларға бөліп таратылатын болады. Кәсіпорындағы ақша қаражатының бөліп тараттылуы және жасақталу функциясы өзара қатынаста болады. Мысалға, пайданы тарату кезінде, ол өндірістік дамуға (инвестициялық көздер), еңбек ұжымын әлеуметтік қорғауға қажет ақша қорын құру сияқты мәселелер шешіледі.

Қаржы функциясын бақылау кәсіпорынның экономикалық қызметінде маңызды орын алады. Бақылау функциясының нысаны кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде және мемлекеттік немесе облыс деңгейінде қаржылық бақылаулар болады. Қаржылық бақылаудың міндетіне: кәсіпорындағы ақша қаражатының жалпы айналымы; қаржы ресурстарын мақсатты пайдалану; сатып алушы және жеткізушімен, салық салудың мемлекттік жүйесімен өз уақытында және дұрыс есеп айырысуды жүргізу және бюджеттен тыс қорды құруы және кәсіпорынның эконмикалық қызметінің басқа да аспектілері жатады.

Қаржының барлық үш функциясы бір-бірімен толықтырып, араласып, кәсіпорынның теңдестірілген қаржылық жүйесін құрып жұмыс істейді.

Қаржы функциялары кәсіпорындағы қаржы қатынасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Кәсіпорындағы қаржылық қатынастар үш аспектіде дамып қалыптасады:



  • басқа кәсіпорынмен және ұйымдармен қатынасы;

  • мемлекеттің қаржы-несиелік жүйесімен қатынасы;

  • ішкі өндірістік бөлімшелермен қатынасы.

Бұл қаржылық қатынастардың әрқайсысы өзіндік ішкі құрылымы, 1- суретте анық көрсетілген.

1 Сурет - Кәсіпорынның қаржылық қатынастар жүйесі

Кез келген кәсіпорын оның қалыптасуынан бастап, шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін керекті ақша қаржылары бөлінеді. Бұл қаржылардың көздері кәсіпорын түріне және оның меншік формасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорын бұл қорларды бюджет есебінен алса, жекеменшік немесе ұжымдық меншіктегі кәсіпорындар бұл қорларды өздері немесе басқа сырттан тартылған қаржылардан құрайды. Кәсіпорынның өзінің қызмет кезінде де тиімді жұмыс істеуі үшін оның ақшалық қоры толығып отырады және қосымша қорлар құрылады.

Кәсіпорында құрылуы тиіс маңызды ақшалық қорларға жататындар:



  • жарғылық қор немесе жарғылық капитал– негізгі және айналым капиталын құруға қажетті ақша қаражатының негізгі көзі;

  • қосымша капитал – инфляциялық кезеңде негізгі қорлардың құнын қайта бағалау кезіндегі олардың құнының өсуін, айналым қаражаттарын толықтырылуын, акционерлік қоғамның акцияларын қор нарығында өз құнынан жоғары сатудан түскен табысты есепке алады;

  • инвестициялық қор – кәсіпорында өндірісті дамыту үшін жинақтау қоры құрылады. Бұл қаражаттың көзі, өндіріс пайдасы және амортизациялық аударылымдар болып табылады;

  • резервтік қор немесе резервтік капитал – мүмкін болатын шығындарды және акция мен облигацияларды міндетті төлеу мақсатында кәсіпорын есебінен құрылатын қаржыны айтады.

Кәсіпорында, сонымен қатар валюталық қор, тұтыну қоры (кәсіпорын жұмыскерлеріне әлеуметтік төлемдер төлеу үшін) және белгілі-бір мақсаттық бағыттағы басқа да қорлар құрылуы мүмкін.

Кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынастар жүйесінде олардың басқа ұйымдармен, жеткізушілермен, өнімді тұтынушылармен қарым-қатынасында «дебиторлар» және «кредиторлар» немесе кәсіпорынның дебиторлық қарыз және кредиторлық қарыз (берешек) түсініктерін ерекше айта кеткен жөн. Қазіргі нарықтық жағдайда олардың экономикалық жағдайының тұрақсыздығынан сатып алынатын және өткізілетін өнім бойынша есеп айырысу шарттарының жиі бұзылатынын, яғни (келісім шарт бойынша) өнімге төлемнің өз уақытында жүргізілмейтіндігін айтуға болады. Дебиторлық берешек кәсіпорынға қарыз басқа кәсіпорындардың немесе кәсіпорын өніміне қарыз тұтынушылардың ақша қаражатын сипаттайды. Кредиторлық берешек кәсіпорын басқа кәсіпорынға немесе басқа ұйымдарға қарыз болған ақша қаражатын айтады.

Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін және оның қаржылық қызметін күнделікті басқаруды бағалаған кезде кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары мен шығындарын бухгалтерлік есепке алу маңызды орын алады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаржылық қызметінің бір түрі сияқты өндіріс шаруашылығының барлық іс-қималдарының түрін арнайы есептік шоттар арқылы тіркеп отыру жүйесін айтады. Кез-келген шаруашылық іс-қимылдар ақша қаражатының келіп түсуімен немесе шығысымен сипатталады. Бухгалтерлік есеп жүйесі әртүрлі бухгалтерлік есепке алу амалдары арқылы кәсіпорынның мүліктік және шаруашылық күйін дәл есепке алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы нақты есептік кезең бойынша қорытынды бухгалтерлік баланста - құжатында көрсетіледі. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансының жалпы сипаттамасының көрінісі 8-ші кестеде көрсетілген.


8- Кесте - Кәсіпорын балансы (топтасырылған түрде)

АКТИВ

Сомасы, теңге

ПАССИВ

Сомасы, теңге

1 Негізгі қорлар және салымдар




1 Өз қаражатының көздері




2 Резервтер және шығындар

 

2 Несиелер және басқа да қарыздық ақшалар

 

3 Ақшалай қаражат, есеп айырысулар жәнее басқа да активтер

 

3 Есеп айырысулар және басқа да пассивтер

 

БАЛАНС




БАЛАНС




Тақырып 4. Инвсстициялар мен жобаны басқару.

1 Ғылыми-техникалық прогресс
Оның жүзеге асуын үдету (ғылыми-техникалық циклді қысқарту негізінде және жаңа техникалар мен технологияларды енгізудің нәтижесінде) және өндірістің ұйымдастыруды үдету.

Ғылыми-техникалық прогресті басқарудың субъектілері:



  • Мемлекеттік орган;

  • Жеке және мемлекеттік кәсіпорындар

  • Салалық ұйымдар (жекеменшік коммерциялар)

Олардың деңгейі: ұлттық деңгейде, региондық, корпоративтік.

Электр энергетикасында - ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық, құрылысты-монтаждық, жөндеу ұйымдары, машина құрау кәсіпорындары, энергетикалық компаниялар.

Ғылыми-техникалық прогресті басқарудың механизмі:

Негізгі қосалқы жүйелер кіреді:

 жоспарлау (өзінің бағдарламасын жасау);

 қаржыландыру;

 ынталандыру;

 информациялық қамтамасыз ету;

 кадрларды дайындау;

 құқықтық қамтамасыз ету.

Оның негізгі көрсеткіштері:

 ғылымды көп қажет ететін сала;

 техниканың жаңалануының интенсивтілігі;

 энергетикалық қондырғылардың прогресивтілігі.

Ғылымды көп қажет ететін (энергетикада) ғылыми-техникалық жұмыстар инвестия үш салаға айналады. Интенсивтілігі негізгі қорлардың активті бөліктерінің жаңалану коэффициенті, не істен шығарылып тастау коэффициентін айтады.

Техника-экономика көрсеткіштері дегеніміз 

 жалғыз жеке қуаты;

 шартты отынның меншікті шығыны;

 қондырғының меншікті құны;

 қызмет көрсету персоналының меншікті саны;

 нормативтік (не жобаланған) қызмет көрсету мерзімі;

 меншікті салмағы, алатын көлемі;

 характеристикалары (реттеу диапазоны, азайту жылдамдылығы, іске қосылу).
Ғылыми-техникалық прогресс екі фактор әсерінен жүзеге асып отырады: рыноктық және мемлекеттік бағытталған (мақсатты) әсері.

Мемлекеттік бағыт ұзақ уақыттық, ұлттық мүддені қалайды (энергетикалық тәуелсіздік, экологиялық қауіпсіздік, жаңа ғылымды көп қамтамасыз ететін технологияларды енгізу).

Мемлекеттік ҒТП әсері:

 тікелей және жанама реттеу әдістері болып бөлінеді. Тікелей реттеу мақсаты ұзақ уақыттық ҒТП экономика негізгі кілті экономикаларында (ядролық жаңармалы энергия, жаңа энергия түрлері, жаңа техникалар).

Тікелей ынталандыруға кіреді:

 ғылыми зерттеу баға жасау және өндіріске енгізу,

 ғылыми зерттеу институттарды қаржыландыру.

 жеке кәсіпорындармен белгілі бір жұмыстарды орындау үшін келісімге отыру,

 ғылыми зерттеу ақпараттың орталықтар құру

 кадрларды дайындау.

Жанама ынталандыру мақсаты:

 жаңа технологияларды енгізуді үдету;

 жеке меншік фирмалардағы қаржыландыруды кеңейту;

 ҒТП мен кәсіпорындар өнімі;

Оған кіреді:

 мемлекеттік субсидия,льготтық қойылымдар;

 жеңілдетілген несиелер;

 бағалық жеңілдету (бағаны түсіру);

 амортизациялық льготтар (жеңілдетілген амортизация);

 салықтық жеңілдіктер.

Амортизациялық ынталандыру:

 негізгі капиталды өндірістен шығарып тастау нормасын көтеру;

 жеңілдетілген амортизация түрін қолдану.
Салықтық жеңілдіктер

Ніпрхн/100(G-H)-н/100*Коб

Ніпр - кәсіпорынның пайда үшін салынатын салығы (инвестиция жеңілдіктерін есепке алғанда);

хн - салық ставкасы заң бойынша, 

G - өнімнің шығарылған көлемі, теңге (сол мерзімге);

H - толық шығындар;

н - инвестиция жеңілдіктің нормативі;

Коб - прогресивті жабдықтың құны.


2 Инвестициялық қаржының экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жалпы ұғымдар
Инвестиция - қоғамды техникалық, технологиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды дамытуға салынан қаржы немесе капитал. Инвестицияның нысаны болып (салынып, жаңартып және кеңейіп жатқан) кәсіпорындар және жаңа өнімді немесе қызмет көрсетуге арналған оның негізгі қорларының түрлері; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешуге арналған республикалық, аймақтық немесе салалық бағдарламалар; өнімнің немесе қызметтің жаңа түрін шығарулар жатады.

Инвестицияның келесідегідей түрлері қолданылады: қаржының ақшалай түрі (мақсатты салымдар, бағалы қағаздар, несиелер, мүліктік немесе басқа да салымдар); құрылыстар, ғимараттар, жұмыс машиналары және механизмдері, беріліс құрылғылары, транспорт, өндірісте пайдаланатын басқа мүліктер, жер, ақшаға теңдес мүліктік құқық.

Инвестициялық шығындар инвестициялық бағдарламаны орындауға қажетті қаржылардан тұрады. Оларға жер сатып алу, құрылыс салу алаңын дайындау жұмыстары, жобалық және конструкторлық жұмыстар, негізгі өндірістік үрдіске қажетті құрылысты салу, машиналарды, жабдықтарды және басқа негізгі қорларды сатып алу, пайдалану және енгізу алдындағы ескерілмеген шығындар жатады.

Инвестиция көзі болып табылатындар:



  • өз қаражаты – пайда, амортизациялық аударылымдар немесе нақты бір мүліктер, нысандар: жер, негізгі қор түріндегі өндірістік меншік немесе жеке меншік;

  • жеке тұлғалардың немесе өндірістік-қаржылық топтардың қайтарымсыз қаржыны беруі;

  • бюджеттен (республикалық, жергілікті) бөлу;

  • қарыз ақша (банктердің, сақтандыру компанияларының несиелері, шетел несиеслері, қайтарылуы қажет мемлекеттік несиелер және т.б.).

Отандық экономикалық әдебиеттерде негізгі қорларды жетілдіру мен дамытуға салынатын инвестицияны капиталдық салымдар деп атайды.

Тиімділіктің жалпы теориясында инвестициялық салымдарды коммерциялық және қаржылық тиімділік, бюджеттік, экономикалық тиімділік деп бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзінің анықталған жүйелік көрсеткіштерімен сипатталады және нақты бір мақсатқа пайдаланады. Қаржылық тиімділік инвестициялық жобаға қатынасушылардың сол қаржының салдарынан болатын нәтижелерін бағалауға қоланылады. Бюджеттік тиімділік бюджет көздерінен қаржыландырған жобалар бойынша анықталады.

Экономикалық тиімділікті есептеу әдістері әртүрлі болып келеді. Олар экономикалық негіздеудің мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ қаржы салымдарының шарты мен бағыттарына байланысты болады.
3 Экономикалық тиімділікті бағалау көрсеткіштері мен критерийлері
Инвестициялық салымдарды қажет ететін саланы техникалық немесе технологиялық жағынан жетілдірудің техника-экономикалық негіздеудің мақсатқа лайықты екенін екі топқа бөлуге болатын (табиғи және құндық) көрсеткіштер жүйесімен негіздеуге болады.

Табиғи көрсеткіштер жоба бойынша шешім қабылдауда техникалық немесе технологиялық артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды. Ол тек жобаның тек техникалық параметрлері болуы мүмкін: жылдамдығы, сенімділігі, нысанның қызмет ету мерзімі, олардың қуаты және тағы басқалар. Немесе нысанды пайлаланудағы маңызды параметрлерді айтуға болады: техникалық құралдардың мерзімдік жөнделуін қысқарту, нысанды пайдалану үрдісінде материалдық шығындарды үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру.

Құндық көрсеткіштері ретінде капитал салымдарын экономикалық негіздеу кезінде, әдеттегінше жобаға қажетті инвестицияның немесе капитал салымдарының сомасы, жобаны енгізгеннен кейін пайда болатын жылдық ағымдағы шығындар, келтірілген құрылыстық-пайдалану шығындары, жобаны енгізуден болатын табыс немесе пайдалар жатады.
4 Жалпы экономикалық тиімділікті бағалау әдістері

Экономикалық нәтижені немесе жобаның тиімділігін әртүрлі көрсеткіштермен сипттайды: қосымша табыс, пайда немесе үнемделген ағымдағы шығындар.



Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудың қарапайым түрінен күрделі түріне дейінгі бірнеше әдістері болады: қаржы салымдарының өтелу мерзімін анықтау әдісі, тыбыс немесе пайданың абсолюттік шамасы бойынша экономикалық тиімділікті бағалау әдісі, жобаның рентабелділік деңгейі бойынша, уақытты есепке алатын дисконттау әдісі.
Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалау

Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалаудың мәні - жобаны енгізуден алынатын пайда есебінен салынған инвестицияның өтелетіндігін көрсететін, уақытты сипаттайтын «өтелу мерзімі» көрсеткіші бойынша есептелетін инвестициялық жобаның мақсатқа лайық екендігін білдіреді.
(70)
мұндағы К – капитал салымдары;

Пжоба – жобаны енгізу нәтижесінде алынатын жылдық пайда.



Мысал 1. Энергетикалық кәсіпорынның жабдығын жаңарту бойынша инвестициялық жобаға 1000 мың теңге қаржы салымы қажет. Жабдықты жаңартқаннан кейін жылына қосымша 200 мың теңге мөлшерінде ақша түсіп отырады. Капитал салымының өтелу мерзімін анықтау керек:

Төтелу = 1000 / 200 = 5 жыл.

Табылған есептік өтелу мерзімі нормативтік өтелу мерзімімен салыстырылады. Егер ол нормативтік өтелу мерзімінен аз болса, онда инвестор үшін тиімді болып есептеледі.

Капиталды көп қажет ететін салалар үшін ол шамамен Тн = 8–10 жылды құрайды. Өндірісті жаңарту немесе жаңа техниканы енгізу Тн = 5 – 6 жыл аралықтарында жатады.

Шетелдік пратикада бұл көрсеткіш өндірісті жаңарту мен жаңа техниканы енгізу 3 – 5 жыл аралығында болып келеді.

Егер кәсіпорынның негізгі қорын жаңартуға шығындар жұмсалған болса, одан алынатын пайданы анықтау қиынға түссе, онда өтелу мерзімін төмендегідей анықтауға болады


(71)
мұндағы Ш – нысанды ұсап тұруға және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындарының төмендеуі.
Ш = Шдейін – Шкейін                                     (72)
мұндағы Шдейін, Шкейін – нысанды жаңартуға дейінгі және жаңартудан кейінгі ұстап тұру және оған қызмет көрсетуге кететін ағымдағы шығындар.

Мысал 2. 110 кВ қосалқы стансаны жаңартуға, 800 мың теңге инвестиция қажет. Егер жаңартылған болса, онда жылдық электр энергиясының ысырабын төмендету нәтижесінде 250 мың теңге үнемдеуге болады екен. Сонда салынған инвестицияның өтелу мерзімі қандай болады?

Төтелу = 800 / 250 = 3.2 жыл.

Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудың құндық критериі ретінде өтелу мерзіміне кері көрсеткіш - тиімділік коэффициенті қолданылады:
Е = 1/Төтелу .                                            (73)
Тиімділік коэффициентінің нормативтік мәндері нормативтік өтелу мерзімдері кезінде төмендегідей

Тн = 10 жыл - Ен = 0.1,

Тн = 8.5 жыл - Ен = 0.12,

Тн = 6.7 жыл - Ен = 0.15.




жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау