«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулердің президенттік бағдарламасы.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Бұл жайында ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында сөйлеген сөзінде жариялаған болатын Бағдарламаның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
Ұйымдастыру және жоспарлау саласында: 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы болып өтті. Отырыс жұмысына жұмысшы топтың жетекшісі – ҚР БҒМ ҒК төрағасының орынбасары А.К. Төлешов қатысты. Отырыс ММ «Мемлекет тарихы институтының» директоры, т.ғ.д., профессор Б.Г. Аяғанның төрағалығымен өтті.
«Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлау бойынша жұмысшы тобы отырысы Хаттамалық шешім қабылдады:
I. 2013 жылдың 10 шілде мен 10 тамызы аралығындағы «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы жобасын даярлаудың ұйымдастыру схемасы бекітілсін;
II. «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы құрылымының жобасы негізге алынсын;
III. 2013 жылдың 22 шілдесіне дейін «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасының жобасы жасалынсын;
IV. 2013 жылдың 10 тамызына дейін, белгіленген ереже бойынша ЖҒТК-ның қарастыруына «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеу бағдарламасы ұсынылсын
.Міндеттері:
«Білім және ғылым министрлігі жинақталып жатқан тың тарихи деректерді сараптай отырып,ұлттық тарихымызды одан ары дамыту керек;
Шет елдерде жасалып жатқан зерттеулерге аса мән беріп, қолға түскен деректерді орынды қолдануға аса мән берген жөн.
Шет елдік түркітанушылармен байланысты нығайтқан жөн.
Аймақтардағы мұражайлар мен тарихи орындарды жаңғырту керек.
Жаңадан ашылған «e-history.kz» веб парталының жұмысын тоқтатпай, архив қорын көбейтіп, авторлардың тартылуына жағдай жасау керек.
Жасөспірімдер мен балаларға, барша ел халқына тарихи патриотизмді сіңіру керек»
Достарыңызбен бөлісу: |