Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.
Фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасағанда КСРО-ны көп ұлттың жасанды жəне тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат (құранды) деп есептеді.
КСРО аумағында рейхкоммиссариат құруды жоспарлады: Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы, Украина, Московия – Ресей, Кавказ, Еділ-Орал, Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан).
“Үлкен Түркістанға” Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Əзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат жəне азық-түлік базасын жасау белгіленді. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтіп, әрбір бесінш іқазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп əкелінген 27 əскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды
1941-1945 соғыс жылдары арасында республика еңбекшілерінен майдан қажетіне қомақты сома – төрт миллиард 700 мың сом ақша жиналған, соғыс жылдарында шығарылған үш миллиард 184 миллион 395000 сомның заемдарын еріксіз сатып алып, Қорғаныс қорын молайтқан. Қарағандының шахтерлері, Балқаш металлургтері, Жезқазғанның мыс қорытушылары, Шымкенттің қорғасыншылары, Ембі мұнайшылары, Түркістан-Сібір және Қарағанды темір жолдарыныңтеміржолшылары жоғары патриотизм мен ұйымшылдық көрсете отырып, тыл еңбеккерлерінің күрделі әскери-шаруашылық міндеттерді шешкен кезде алдыңғы сапында болды.
Қазақстанның теміржолшылары да аса зор жұмыс атқарды. 1941-1942 жылдары теміржол бойымен Қазақстанға бір миллионға жуық эвакуацияланған халық, өнеркәсіп орындары жабдықтарының аса зор көлемі көшіріліп әкелінді. Теміржол транспорты майданды не қажеттің бәрімен жабдықтап қоймай, сонымен бірге қорғаныс заводтарына қажетті стратегиялық шикізат жеткізіп отырды. Поездардың жүрісі айрықша әскери графикке көшірілді.
Қарағанды-Магнитогорск теміржолының жүк өткізу қабілетін арттыру
үшін Ақмола-Қарталы линиясы қатарға қосылды.Түркістан-сібір жолының 1941 жылғы 29 желтоқсанда СССР қатынас жолдары халық комиссариатына жолдаған мына телеграммасы Қазакстан теміржолшыларының іркілсіз жұмысын сипаттайды: “Түрксіб жылдық жоспары 251 850 вагон болған жағдайда 28 желтоқсанда 254 623 вагон тиеді. Жылдық жоспар мерзімнен бұрын орындалды. Жылдық жоспардан тыс 8200 вагон құрылыс жүгі тиелді.”
Достарыңызбен бөлісу: |