«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы»


ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті



жүктеу 1,22 Mb.
бет3/6
Дата14.05.2018
өлшемі1,22 Mb.
#13129
1   2   3   4   5   6

ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті

1.Ұлттық сананың өсуі

2.Білім және ағарту ісі Қазақ баспасөзі

3. Ғылымның дамуы

4.Музыка өнері

XX ғасырдың басындағы қазақ өмірі бұрынғы және т.б. бейнеленген фотосуреттер орын алды. Сонымен бірге зейнеткер Е.С.Мұқанова мұражайға 1913-1914 жылдардағы Семей мұғалімдер семинариясының студенттері мен мұғалімдерінің төрт фотосуретін сыйға берді. Абайдың жиені Искаков Архамның қолынан Ш.Құдайбердиевтің «Еңлік және Кебек» және «Қалқаман мен Мамыр» поэмаларын, сонымен бірге Абайдың досы, орыстың саяси жер аударылған қайраткері Н.И.Долгополов туралы жарияланған мақалаларды Москвада тұратын зейнеткер қызы Долгополованың қолынан алынды. Бұған қоса мұражайдың жәдігерлер қатарына Қарағанды қаласының тұрғыны, зейнеткер А.Жақымбаев ақсақалдан алынған Абайдың 1909 жылы шыққан таңдаулы шығармалары қосылады.

Осы жылдары Абай мұражайының құрамында 3639 әдебиеті бар кітапхана жұмыс жасады. Кітапханадан XIX ғасыр әдебиеттерін табуға болады, солардың ішінде классикалық шығармалар мен әлемдік әдебиеттердің бар екендігін айтып өткен жөн. Бір жыл ішінде кітапханаға барлығы 117 кітап, Абайдың 12, М.Әуезотың 9 шығармасы жинақталады. [46,156]

Мұражай экспозициясы 6 түрлі залда орналасқан, онда шамамен 270 негізгі экспонаттар мен 1000 иллюстрациялық, бейнелеу және ғылыми-қосалқы материалдар орын алған. Мұражайдың қорындағы ең бағалы жәдігерлеріне – Абай қолынан шыққан заттар: белбеу, ер тоқым, тегене, ожау, кебеже жатады. Сонымен қоса ерекше жәдігерлердің қатарына Абайдың екі фотосуретін: біреуі жанұясымен, ал екіншісі ұлдары Ақылбай, Мағауиямен түскен фотосуретін, ақын оқыған медресе суреттерін, Абайдың орыс достары Е.П.Михаэлис пен Н.И.Долгополовтың суреттерін жатқызуға болады.

Одан басқа Шығыс әдебиетінің классиктері Низами мен Науаидің кітаптары, ұлы орыс ақыны Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Батыс-Европа әдебиетінің классиктері Байрон мен Гетенің шығармалары көрмеге қойылған. «Қайтсек ел боламыз, жұрт боламыз» деген мазасыз ойларға шырмалған зиялы қауым Ақпан төңкерісі ала келген демократиялық өзгерістер лебімен қанаттанып, қазақ арасында мәдени-ағарту жұмысын жандандыра түсуге күш салды. Бұл жолда ұлт қамын жеген бірден-бір қоғамдық саяси ұйым – Қазақ комитетері ұлттың оқу-ағарту, мәдени, діни мәселелерін қолға алып, оның талай жыл шешілмей жатқан түйіндерін таратуға тырысты. Бәрінен бұрын қазақ жерінде кенже қалып келе жатқан оқу жайын жолға қоюға зор талпыныс жасады.

«Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болсада оқумен ілгері басып тұрғандығын кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенін көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болсада, бірз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші»,-деп келер ұрпақтың болашағына алаңдап, алысқа көз тастаған ғалым ағартушы А.Байтұрсыновтың көрсетуінше, 1912 жылы бір ғана Торғай облысында 3561 кісіге бір ғана мектептен келген. Басқа облыстарда да мектеп жайы осылай болатын. Бүкіл қазақ облыстарында 1913 жылға қарай 157 орыс-қазақ школасы, 267 ауыл мектебі болды. Бұл екі түрлі мектептің екеуіде қазақ баласына көңілдегідей білім бере алмады, ауыл мектептерінің оқу құралдары, тәртіп, мөлшер жоспары жоқ болса, орыс-қазақ школдарында жоспар да, тәртіп те, оқу құралдары да сай болғанымен, қазақ баласын орыстандыру мақсатын қойғандығымен қолайсыздық туғызды.

Ақмола облыстық Қазақ комитеті облыстық қазақ съезінің қаулысымен Ғалия, Хасения, Расулие, Мұхамедие һәм Хусаиния медреселерінде оқитын шәкірттерге 50 стипендия тағайындап, облысты мұғалім мамандармен қамтамасыз ету мақсатында шәкірттерге төмендегідей шарт қойды:

1)Съезд қаулысы бойынша стипендия пайдаланған шәкірттер Ақмола облысы қазағы болуы тиіс;

2)Стипендияны шәкірттер қанша жыл пайдаланса, медресе бітірген соң, сонша жыл Ақмола облысында қызмет етуге міндетті болсын.[230]

Ақмола облыстық Қазақ комитетіне қазақ оқушыларына деп уездік Қазақ еомитеттері, атап айтқанда Омбы уезі-4200, Қызылжар уезі-4620, Көкшетау уезі-5000, Атбасар уезі-4400, Ақмола уезі-8500 сом жинап беріп, кейін осы мақсаттта тағы қаржы бөлетіндіктерін білдірді. Комитет шәкірттерге стипендия бөлгенде олардың қандай оқу орнында білім алып жүргендігіне көп көңіл аударды, соған қарай қаржыландырды. «Қазақ әлеуметшілігінің өткенін жөндеп түсініп, қазіргі қалпын анық көріп, кемісін болжай білу – көп қазаққа көз болған, мәдениет жолына көш басшы болған «молда оқып тәрбие алған, ордаға кіріп жол салған» оқыған қазақ зиялыларының міндеті» - деп Халел Досмұхамедов көрсеткеніндей, ендігі шығар қазақ кітаптарының саны ғана емес, сапасы да назарға іліне бастады.


7лекция

Қазақстан азамат соғысы жылдарында(1918-1920жж)

1.Азаматтық қарсыластықтың басталуы

2.Солтүстік және солтүстік –шығыс Қазақстанда Кеңес үкіметінің құлауы

3.Қазақстанда азамат соғысы ошақтарының құрылуы

4.«Ақ», «Қызыл» террор

Азамат соғысы 1918 жылдың жазына қарай кең етек алды. Оған шетелдік импералистік мемлекеттердің кеңес өкіметін құлату мақсаты мен ішкі революцияға қарсы күштермен одақтасуы себеп болды. Кеңес өкіметіне қарсы біріккен осы екі күштің екпінді тобының ролін Чехословак корпусы атқарды

Социал-революционерлер (эсерлер) партиясы Сібірдегі кеңес өкіметіне қарсы чех ақ гвардияшыларының контрреволюциялық дайындықтарын жүргізуде нағыз белсенділік танытты. Олардың кеңесі бойынша чехо-словактардың уақытша атқару комитеті құрылып, 23- мамырда чехословак корпусының әскеріне "қандай жағдайда да қаруды тапсырмауға" бұйрық берілді. Орталық Сібір контрреволюциялық штабының басында көрнекті эсерлер: Сазонов, Михайлов, Фомин, Марков, капитан Гришин, Алмазовтар отырды

Сібірді, Уфаны, Самарды, чехословактар алысымен әлеумет майданына шығып, олар әр жерде үкімет жасауға кірісті. Төңкеріске қарсы әрекет қылып жүрген учредительное собраниенің біраз мүшелері Самараға жиылып, комитет құрып, "Самар үкіметін" жасады (Комуч). Бұл учредительное собрание комитеті (Комуч) "Барлық Россияның иесі біз ғана" деп жар салды. Әрине, бұлардың "жар" қағазына ақтардың Омбыдағы үкіметі бағынған жоқ, қайта Омбы үкіметі өзін "барлық Сібірдің үкіметі - біз…" - деп жариялап, Самарадағы учредительное собрание комитетін де өзі бағындыруға әрекет қылды

9 - қазанда Директория Уфадан Омбыға көшті. Кеңес өкіметіне қарсы күрес жариялап, Антантамен байланысты жүргізе бастады. Директория барлық облыстағы ұлттық және қазақ "үкіметтерін" таратты, оның ішіне Алашорда үкіметі, Орынбор, Орал және Жетісу әскери "үкіметтері" де кірді.

7- маусымда чехословактар Омбыны алып, Семейге шабуыл бастайды. 1918 жылы 11 маусымда чехословактар мен ақгвардияшылар жергілікті байлардың көмегімен қаланы алады

Осы күні қаланы казак офицерлері - есаул Сидоров пен капитан Виноградов басып алып, әскери штаб құрып, оны облыстағы бір ғана өкімет деп жариялады. Міне осылай, ашық әскери ақгвардияшылар диктатурасы орнады. Семей әскери штабы барлық большевиктер өкіметінің басшыларын тұтқындап, Семей қаласындағы әскери штабқа әкелу керек. Қаңғып жүрген қызыл әскерлерден ауыл-аймақтарды тазарту керек" - деген жарлығын шығарды

Және де осы өкіметтің жергілікті азаматтарға арналған үндеуі жарияланды. Онда: "Соңғы күндердегі төңкеріс сіздерді зорлықшыл большевиктерден босатты. Олардың қалдықтары еліміздің қараңғы түпкірлерінде тығылуда, өздерінің құлаған өкіметтерін қайта орнату үшін барлық күштерін пайдалануда Сондықтан барлық азаматтарды өздерінің Отанының алдындағы маңызды борышын өтеуге шақырамыз. Менің шақыруыма үн қатып, азаматтардың уақытша ерікті әскер қатарына сапқа тұратынына үміттенемін" -делінген.

Колчактың үкімет басына келуі Омбы, яғни, жалпылама Сібір бойынша үлкен өзгеріс енгізді. Оның эсерлер партиясындағыларды қуғынға салуы эсерлік газеттердің жабылуына әкелді.

Өйткені, барлық облыстар мен уездердің комитеттеріне мемлекет бұйрықтары мен заңдары басылатын "Правительственный Вестник" және "Областной ведмости" газеттеріне жазылу міндеттелген және оны талап ету ісімен Омбы ішкі істер жанындағы департаменттің баспа істері жөніндегі кітаптар бөлімі айналысқан. Колчак үкіметі өзінің мүддесін көздейтін баспасөзге мән бере отырып, барлық баслымдарды қатал цензурада ұстаған. Сондай-ақ, осы газет беттеріндегі барлық бұйрық-жарлықтарды, үндеулерді, мемлекеттік шешімдерді басқа газеттер көшіріп, өз газеттеріне қайталап бастырып отырған.

8 лекция

Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуы.

Мақсаты: Қазақстанда Кеңес мемлекетінің құрылуын түсіндіру.

1.Революциялық комитеттің құрылуы және оның қызметі.

2.Түркістан істері бойынша БОАК мен ХКК комиссияларының қызметі.

3.26-тамыз 1920 жылғы Кеңес өкіметінің Декреті.

4.Қазақстанның ОАК мен ХКК құрылуы.
Қазақстанда азамат соғысының аяқталуы және контрреволюциялық күштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды. 1919 жылғы маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ кеңес автономиясын құру туралы арнайы мәселе қарады. Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын, мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып, өлкеде Кеңестердің құрылтай съезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабыданды. Осыған байланысты 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді.

Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және халық ағарту, егіншілік, юстиция, пошта және телеграф, азық-түлік, жұмысшы - шаруа инспекциясы, халық шаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.



Қазақ өлкесі территориясындағы өкімет билігі мен басқару жоғары органы - Қырғыз (қазақ) революцпялық комитетініц функциялары өте кең әрі сан-салалы болды. Ол өлкені интервенттер мен ақ гвардияшылардан азат етуде Қызыл Армияға көмек көрсету, мемлекеттік өкімет органдарын нығайту, азат етілген аудандарда кеңестерді қалпына келтіру, өнеркәсіп пен көлік қатынасын жандандыру, мәдениетті өркендету т. б. мәселелермен айналысты. Оның қазақ еңбекшілерін мемлекеттік құрылысқа тарту, кеңес кадрларын дайындау жөніндегі қызметінің зор маңызы болды.

Казревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шаруашылығындағы басты сала -отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігін, Қарағанды мсн Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп саласында Екібастұз зауытындағы, Риддер рудниктерінде қорғасын қорыту жұмыстары жолға қойылды. Семей және Ақмола губернияларының кәсіпшіліктерінде тек 1920 жылы 8,5 миллион пұт тұз өндірілді. Семей губерниясында алтын шығару жұмысы қайта басталды. Оралда, Қостанайда, Семейде, Ақмолада және басқа қалаларда электр станциялары жұмыс істей бастады. Жылдың аяғына қарай өлкеде 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Өлке жұмысшылары мен шаруалардың күш жігері арқасында 1920 жылы Бекей, Қостанай, Семей және Ақтөбе губернияларында көптеген орта және ұсақ өнеркәсіп орындары мен шеберханалары қатарға қосылып, бұларда 20 мыңнан астам адам еңбек етті.



РК/б/П Қырғыз /Қазақ/ облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмысы одан ары өрістей түсті. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында "Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" жарлық қабылдады.

Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоны-станған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орыпбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.

1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127 орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, қазақтардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.

Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын, нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтығын, тегін білім алу құқығын, қазақ әйелдерінің тең құқықтығын, сөз, жиналыс, баспасөз, ождан бостандығын қуаттап, баянды етті. Азаматтардың еңбек ету, елін қорғау міндеттері де белгіленді.

Кеңестердің Құрылтай съезі жер мәселесі жөнінде, экономикалық құрылыс туралы, әкімшілік мәселесі жөнінде, кеңестік заң органдары туралы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдады.

Қазақ АКСР құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезінің шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды. Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттігін құрудың орасан зор тарихи маңызы болды. Жаңадан құрылған жас республика тез аяқтана бастады. Қазақ халқының басқа ұлттармен қатар қалыптасу процесі күшейді. Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мем достығы нығая түсті.

Бекіту сұрақтары.


  1. Қай жылы Революциялық комитет құрылды?

  2. «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қашан қабылданды?

  3. Құрылтай съезінде орталық Атқару комитетінің төрағасы болып кім сайланды?

Дәріс №9

Тақырыбы: Жаңа экономикалық саясат

Мақсаты: Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясатқа өтудің алғышарттары, жер - су реформаларының нәтижелері жөнінде түсіндіру.

  1. Соғыстан ейінгі бейбіт құрылысқа көшу.

  2. ЖЭС, оның ҚР – ғы ерекшілігі.

  3. Жер – су реформасы, оның нәтижелері.

Қазақстанда азамат соғысы аяқталғаннан кейін, экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда ауыр болды. Бейбіт құрылысқа көшудің барысында шаруашылық және саяси қиындықтары мұнда бұрынғы феодалдық дәуірден мұра болып келген экономикалық және мәдени артта қалушылықпен байланысты еді.

1920 жылдың аяғында Қазақстанда 4,7 миллион адам тұрды. Оның ішінде қазақтары - 50,3, орыстары - 31,1, украиндары - 14,4 пайыз. Халықтың басым көпшілігі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал ауыл шаруашылығы мешеу жете дамымаған еді. Егіншілікте жерді біраз тыңайтып алып қайта жырту жүйесі, мал шарушылығында көшпелі және жартылай көшпелі шараушылық басым болатын. Егістің көлемі азамат соғысы жылдарында едәуір кеміп, астықтың жалпы көлемі мен түсімі үш есеге жуық азайды. Егер егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. десятина болса 1922 ж. 1,6 млн. десятинаға қыскарды. Мал шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы - 2 млн-ға, Қой ешкі 6,5 млн-дай, түйе - 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдары барлық мал түрі 10,8 млн. басқа кеміді.



Жеті жылға созылған соғыста (бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы) жүздеген мың адам қырылды. Кейбір уездерде аштық басталды. Кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізілді. Ол бойыпша шаруалардың күн керісінеп артылған азық-түлік әскер мен ондіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды, Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Өйткені олардан азық-түлік неғұрлым көп және қайырымсыз қатал әдістермен жиналды. Мұның өзі Қостанай, Орал, Семей, Шымкент уездерінде шаруалардың Кеңес өкіметіне қарсы шығуына әкелді.

Мұндай наразылықтың күшеюі Кеңес өкіметін салғырттан, яғни «әскери коммунизм» саясатынаы / салғырт кейде солай аталатын / бас тартуға, жаңа экономикалық саясатқа көшуге, салғыртты салықпен ауыстыруға мәжбүр етті.



Қазакстанда жана экономикалық саясатты /НЭП-ті/ іске асыру 1921 жылғы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. Мәселен, 1920 жылы Жетісу және Сырдария облыстарында астық салғырты бойынша 10,4 млн. пұт астық жиналса, 1921 жылы салық арқылы шаруалардан жиналған астық 6,0 миллион пұттан асқан жоқ. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріпің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Алайда, жаңа экономнкалық саясатты іске асыру барысында көптеген қиыншылықтар да кездссті. Атап айтқанда, 1921 жылы жазда Еділ озені бойының, Солтүстік және Батыс Қазақстанның халықтары күшті қуаншылық болуына байланысты аштыққа ұшырады. Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей және Қостанай губернияларында егістің көбі күйіп кетті. Малға азық болмай, қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соқты. Сол кездегі мәліметтерге карағанда республикада 2,3 млн. адам ашыққан. Осы қиын-қыстау кезендерде Қазақстан еңбекшілеріне Ресей халқы елеулі көмек көрсетті. 1921 жылы күзде және 1922 жылы көктемде РКФСР үкіметі толық емес есеп бойынша Қазақстанға 4475 мың пұт астық, 183 мың пұт картоп жіберді. Түркістан мен Украина республикалары да Қазақстанға елеулі көмек жасады. Жұт пен қуаңшылықтан зардап шеккеп кедей шаруашылықтарға ондаған мың ірі қара мал, 5 млн. пұттан астам тұқымдық дән берілді. Бұл дән 1921-1922 жж. бір милллион гектардан астам күздік және жаздық егістікке себілді. Алайда Қазақ Республикасы халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр болып қала берді.

20-шы жылдардың басындағы жер реформаларының ерекше маңызды рөлі болды. Мұның өзі жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарып жою бағытында іске асырылған шаралар еді. Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, оның ішінде Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. Жайық өзенінің сол жағалауының бөлігі межелеп бөлінді. Қазақ шаруалары бұрынғы жайылымдарын алды.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер-су реформаларын жүзнеге асыру үшін бұқаралық ұйым Қосшы одақтары құрылды. Оның жарғысым кедейлердің таптық сана-сезімін арттыру, олардың мүдделерін қорғау және Кеңес өкіметіне көмектесу сияқты мақсаттарды іске асыруды көздеді. Қосшы одақтарын құруда және оның практикалық қызметінде, сондай-ақ Оңтүстікте жер-су реформаларын жүргізуде Ж. Бөрібаев, О. Жандосов, А. Розыбакиев, т. б. қоғам қайраткерлер көрнекті қызмет атқарды. 1921 жылғы наурызда Жетісуда 17 мыңнан астам мүшесі бар Қосшы одағынын 99 ұясы жұмыс істеді.



Қазақстанның ауыл шарушылығында елеулі өзгерістер жүрді. Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы енгізіліп, оның жалпы көлемі 100 млн. сомға төмендетілді 1925 жылы 46 мың кедей және ол-ауқаты кем шаруашылықтар мал және құрал-сайман алуға, жер жырту мен егіс егуге мемлекеттен қарыз алды.

1925 жылы мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе көбейіп, 26 миллионнан асты. Осы шаралардың нәтижесінде республиканың ауыл шаруашылығында орташаландыру процесі бой көрсете бастады.



Тұтас алғанда Республика бойынша 1925 жылы қазанда ауыл шаруашылық кооперациясының жүйесінде 322 690 мүшесі бар 2811 бірлестіктері жұмыс істеді, олардың ішінде 62546 мүшссі бар бір мың қазақ бірлсстіктері де бар еді. Сонымен қатар қазақ және қоныс аударып келген шаруашылықтардың төрттен бірінен көбі (27,1 пайыз) бірлестіктерге қамтылды. Бірлестіктер катарына 96 коммуна, 557 артель, 58 жай серіктестіктер кірді. Тұтыну кооперациясы көшпелі ауылда кенінен дамыды. Олардан басқа республикада 35 совхоз және 4 мыңнан астам шаруалар комитеттерінің өзара көмек қоғамдары жұмыс істеді.

Бекіту сұрақтары:

  1. ЖЭС –тің экономикалық және саяси алғышарттары.

  2. ЖЭС-ті жүзеге асырудағы қандай кемшіліктері мен жетістіктері бар?

  3. Жер - су реформаларының нәтижелері қандай балды?

Дәріс №10

Қазақстандағы индустрияландыру.

Мақсаты: Қазақстанның индустриялық дамуы және оның қайшылықтары мен қиындықтары жөнінде түсінік беру.

  1. Техниалық артта қалуды жою.

  2. Қазақстандағы индустрияландырудың ерешеліктері.

  3. Индустрияландырудың нәтижелері мен қиыншылықтары.

Жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіріп, өркендету ісі өріс алды. Мұнан, тұз өндіру ісі жолға койылып, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қалпына келтірілді. Бұл кезде өлкедегі транспортқа айрықша көңіл бөлінді. Өйткені көлік қатынасын жолға қоймайынша жана экономикалық саясаттың басты міндеттсрін жүзеге асыру мүмкін емес еді. Осымен байланысты жаңа темір жол құрылыстары жүргізілді. Петропавл – Көкшетау темір жолы іске қосылды. Сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралының Ақмола - Қарағанды - Павлодар тармағы салыпды. Жетісуда темір жол салу тездетілді. Орынбор - Ташкснт және Сібір темір жолдарында жүк айналымы өсті, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жол қатынасы халық комиссариаты тарапынан едәуір мөлшерде паровоз және вагон отын, әр түрлі материалдар бөлінді, транспорт шаруашылығының жоғары маман теміржол басшылары жіберілді.

Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейін елді индустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустрияландыру өндіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зауыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы КСРО-нын шығыс аудандарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұранымен жүргізілді.

Ф. И. Голощекин республикада индустрияландыру идеясына қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп салаларының орнына, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ және орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды. Голощекиндік индустрияландырудың мәнін тез арада түсінген қазақтың алдыңғы қатарлы интеллигенция өкілдері оған үзілді - кесілді қарсы шықты. Смағұл Сәдуақасов Голощекин идеясына ашық қарсы шығып, республикада шикізат байлықтарын қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар салу талаптарын қойды. Алайда, Қазақстан жетекші кадрларының ақылға қонатын, дұрыс қойған саясатын Голощекин жергілікті ұлтшылдықтың белгісі деп бағалады, оларды енді қуғынға сала бастады.

Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор еді. 1927 жылдан басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, тез аяқталу үшін істелген шаралардың нәтижесінде ол мерізімінен 17 ай бұрын 1930 жылы 25 сәуірде іске қосылды. Оиың құрылысын жүргізуге бұл тұста РКСФР Халкомы төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов, темір жол инженсрі М. Тынышбаев, т. б. елеулі үлес қосты.

Индустрияландыру барысында Қазақстан индустриялды аграрлы елге айналды. Өнеркәсіп өнімінің халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан асты. Қазақстан өнеркәсібін өркендетуге 1928-1940 жылдары 4,6 миллиард сом күрделі қаржы жұмсалды.

1940 жылы Қазақстанда өндірісте істейтін жұмысшы табының жалпы саны 350 мыңға жетті. Оның жартысына жуығы қазақ жұмысшылары еді. Республикада көптеген инженер-техник кадрлары даярланып, олардың саны 11 мыңнан асты.

Индустрияландыру барысында өндірісте екпінділер, еңбек озаттары, шаруашылық есеп бригадалары, стахановшылар қозғалысы өріс алды. Индустрияландыру бұрын артта қалған Қазақстан сияқты ұлт аймақтарының тез дамуына, сөз жоқ игі әсерін тигізді.

Қазақстанның индустриялық дамуының жоғарғы қарқында жүргізілуі Ресейдің, Украинаның және Кеңес Одағының басқа өнеркәсібі дамыған республикаларының жан-жақты көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Бұл көмек барынша кеңінен және сан алуан түрде жүргізілді.

Индустрияландыру Қазақстанда әміршіл - әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді.

Индустрияландыруды жүргізу үшін қаражат жинаудың негізгі қоры ауыл – село адамдарының, шарауалардың адал еңбегінің жемісі мен дәулеті арқасында қалыптасты.


жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау