Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, менің сізге сұрағым бар. Полиция қызметкері, басшы ретінде қоғамның қазақстандық полицияға сенбей отырғанын көріп отырсыз ба?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Шақырғандарыңызға рахмет. Бүгін өте мәнді диалог болды. Әлбетте, бүгінгі талқылау барысында айтылғандардың бәрін қаперімізге алатын боламыз. 2015 жылды департамент бастығы «Полицияның күші – халық сенімі» жылы деп атаған. Полицияға сеніммен қарамаса, біз өз жұмысымызды атқара алмаймыз. Сондықтан мен қысқаша әңгімелеп берейін. Ағымдағы жылдың басынан 75573 ӘБ-нің күші мен құралдарын пайдаланудамыз. Күн сайын қала аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен мың жарым қызметкер қадағалауға шығарылады. Адамдар көп жиналатын, шұғыл іс-қимыл мен қосымша жасақ күші талап етілетін жерлерде күн сайын талдау жүргіземіз. Мұндай жұмыстарды күн сайын атқарудамыз. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың өздеріде белсенді ат салысып, қолдау көрсетіп жатады. Қазір бізде мұндай 840 азамат бар. Оларды ынталандыру, марапаттау үшін әкімдік жыл сайын 13 млн теңге бөледі. Айта кету керек, тек осы жылдың өзінде азаматтардың көмегі арқылы екі мыңға жуық құқықбұзушылықтар мен жүз қырыққа жуық қылмыстың беті ашылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында заманауи техникалық құралдардың пайдасы зор болды, оның қатарында бейнекамералар да бар, олар тәулік бойы қосылып тұрады. Қазір қалада 791 бейнекамера орнатылған. Олардың көбі қиылыстар мен көлік көп өтетін жерлерге қойылған. Осы техникалық құралдардың көмегімен ағымдағы жылы 36 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар мен 180 қылмыс анықталды. Мұндай жұмыстарды тұрақты жүргіземіз. Сондықтан бүгін сөз сөйлеген спикерлер әлеуметтік сауалнамаларды көрсетіп жатыр, ол бойынша қалай десек те полицияға деген сенім жыл өткен сайын артып келеді. Біз жыл сайын өзіміз талдау жасаймыз, учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік аймақтарды аралап тексеріп шығуы бойынша іс-шараларды үнемі өткіземіз. Бір мәліметті айта кетейін, бізде 860 мың тұрғыны бар қалада 261 учаскелік полиция инспекторы ресми тіркелген. Қазіргі сәтте бізде жүктеме көп, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, бір учаскелік инспектордың қарамағында 2300 азаматтан артық адам болмауы тиіс. Бұған қарап, қоғамды тәртіпті қамтамасыз ету үшін бізге әлі 100-ден артық учаскелік инспектор қажет екен.
Достарыңызбен бөлісу: |