Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, мысалы мен өзім әлі өзімнің учаскелік инспекторымды бірде-бір рет көрген емеспін. Адамдардың көбі көрмеді десем, қателеспеспін. Міне, сіз айтып отырсыз олар 261 деп. Әрине, барлық қала халқы үшін бұл сан аз. Бірақ олармен қарым-қатынасты жолға қою үшін не істеу керек? Біз оларды іздеуіміз керек пе әлде олар бізді іздеуі керек пе?
Қосман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы: Бұл жұмысты біз үнемі жүргізіп келеміз. БАҚ-да, ІІД сайтында «Өз учаскелік инспекторыңды таны» деген айдар бар. Үйлердің кіреберістеріндегі ақпараттық тақтайшаларға учаскелік полиция инспекторының телефондарын іліп қоямыз. Сондай-ақ, байқадыңыздар ма, жоқ па, өткен жылы жасалған құқықбұзушылықтар үшін қандай жаза қолданылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын қызу жүргізгенбіз.
Динара Сәтжан, модератор: Қосман Сапарғалиевич, не десек те, біздің полиция қоғамның, «Фэйсбуктің» арқасында жұмыс істеп жатыр. Бұлай деп отырғаным, шамамен жазда ғой деймін, педофил қыз балаға тиіскенде, бақылау камераларының арқасында, бұл бейнеақпарат әлеуметтік желілерде таратылғандықтан, жарты күннің ішінде жауызды тауып, ұстады. Жақында біздің әріптесіміз Жұмановаға шабуыл жасалды, бұл жолы да, айналасы бір аптаның ішінде полиция қылмыскерді тапты. Яғни осындай шұғыл сәттерде біздің полиция қылмыскерді тауып, басқа елде жүрсе де ұстап алуға қауқарлы екенін түсінеміз. Бірақ әлі де дұрыс жолға қойылмаған жайттар бар екенімен келісетін шығарсыз. Мысалы, мен өз учаскелік инспекторымды білмеймін. Меніңше осы жерде отырғандардың көбі... Өзінің учаскелік инспекторын білетін адамдар болса, қолдарыңызды көтеріңіздерші. Үш адам. Өкінішке орай осылай болып отыр. Енді бірақ, біз кімге барып арызданатынымызды білетіндей не істеуге болады? Меніңше, біздің полиция қоғаммен бетпе-бет жиі кездесуі тиіс, БАҚ-на да жиі шығуы тиіс. Әлеуметтік желіде белсенді жұмыс істеу үшін адамдар болу қажет, өйткені қазір «Фейсбукта», «Инстаграмда» парақшасы жоқ бірде-бір адамды білмеймін. Қазір көп жаңалықтарды оқиға өткен сәттен кейін бірнеше секундтардан соң әлеуметтік желіден көресің. ІІМ-де, оның ішінде ІІД-де жағдайды шапшаң бақылап отыратын жауапты адам бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |