Динара Сәтжан, модератор: Көп рахмет. Әлі сөйлемегендерге сөз берейік. Астана қаласы Мәслихатының депутаты Тимур Маратович Оразақов, сөз сізде.
Тимур Оразақов, Мәслихат депутаты: Әрине, әңгіме барысында айтайын дегенмін, бірақ сөзді бөлгім келмеді, өйткені қандай қарқынмен сөйлеп жатқандарыңызды байқадым. Шынымен бірдеңе өзгереді дегенге сенімдісіздер деп ойлаймын. Сіздер сияқты адамдардың арқасында біздің мемлекетімізде жағдайлар жақсы жағына қарай өзгеріп жатыр. Өйткені әлемді бейжайлық танытпайтын адамдар ұстап тұр, әділдік те солардың қолында. Барлықтарыңызға, әсіресе, сөз сөйлегендерге рахмет. Нөлдік шыдамдылық қағидалары неге сақталмайды деген сұраққа қосарым бар. Бұл мәселеде адамдардың, көбінесе жастардың көңіл-күйі көрініс тауып жатады. Ольга Симакова сөз алғанда, полицияның рөлін ҮЕҰ-дар төмен бағалап отыр, ересек буын емес, жастар осылай бағалап отыр дегенді көрсетті. Өйткені ҮЕҰ-да жастар көбірек. Жастар өздеріндегі жастық жалынға қарай, көбірек және жиі сыншыл болып келеді. Бұл бір жағынан керемет, бірақ қарсылық білдіру басым. Жақында жаңалықтардан көрсетті, ер адам отбасымен, балаларымен тиісті емес жерден көшені кесіп өткен, оны полиция тоқтатқысы келген, ал ол болса, қарсылық білдірген, сөйтіп, оған күш қолдануға тура келді. Қызу талқылау болды – «не деген полиция, бұлай істеуге бола ма, балаларының, әйелінің көзінше» деді. Өкінішке орай, дұрыс түсініктен түрленіп шыққан қоғамдық кінәлау институты қазір өте дұрыс емес болып отыр деп ойлаймын. Яғни біз бұл тәртіп бұзушыны жамандап отырған жоқпыз, неге екені белгісіз, қоғам оны жақтап шықты, ал полицияны балаларының көзінше қолын бұрады деп сөкті. Тәртіп бұзушыны соттады. Бізде бұрын қалай болатын, көршілер не айтады, жұрт не ойлайды дейтінбіз. Бұрын аға буын жақындарының, таныстарының, көршілерінің сөзіне қалармыз деп қорқатын. Бұл полициядан да қорқынышты еді. Полициясы жоқ десе де болатын Швеция, Германия сынды елдердің тәжірибесіне қарасақ, адамдар заңды мүлтіксіз орындайды, ендеше мәселе біздің өзімізде, біз өзіміз сондаймыз. Заңның қатал болуына өзіміз кінәліміз. Біз еуропалық қоғам сияқты болуымыз үшін заңды жұмсартып жатыр, өлім жазасына кесуге тыйым салды. Біздің менталитет басқа. Біз таяқсыз, соққысыз, құр ғана бір сәбізбен заңды орындамаймыз, мен бұған сенімдімін. Ал бізге батысқа, Лондонға қараудың қанша қажеті бар. Динара, сіздің ол жақта еркін жүремін дегеніңіз, Сіз әлі қаланың шеткі аудандарына барған жоқсыз, бұрыш-бұрыштардан өткен жоқсыз. Әлде сіз статистиканы оқымайсыз ба? Сіз саяхаттаушы ретінде жүргінші жолағынан өттіңіз, болды, осыны еркін жүру дейсіз бе? Кешіріңіз, Лондонға қарағанда біздің Астанада жүру қауіпсіз шығар. Бұл жерде біз патриот ретінде сөйлеп отырған жоқпыз. Біз Астана өте қауіпсіз қала деп айтып отырған жоқпыз. Мен сіз қыдыруға қорқатын жерде тұрамын. Мен адамдардың күні-түні еркін қыдырып жүргенін өз көзіммен көріп жүрмін. Осылай тек сол жерде ғана емес. Қаланың көп бөлігінде осылай, қауіпсіз. Ал бірақ басқа қалаларда сияқты, бізде де қараңғы бұрыштарда қауіп бар. Неге? Өйткені оларда да біздегі сияқты қала тұрғындары бар, олардың арасында оңай олжаға кенелгісі келетіндер де кездеседі. Олар өлтіруге, ұрлауға неге дайын тұрады? Өкінішке орай, бізде қалай, егер мен МАИ қызметкеріне қалтама бұдан да ауыр салмақ салмас үшін 3 мың теңге пара беріп, 50 мың теңгелік айыппұлдан құтылып кетсем, ертеңіне достарыма барып, 3 мың теңгемен құтылдым деп мақтанамын, ал олар болса, жарайсың, келісе алады екенсің деп гөйітеді. Ешкім мені ешқашан сөкпейді, бірде-бір адам «сен неге пара бересің?», «сен жемқорлыққа жол салып жатырсың ғой», «балаларымызға зияныңды тигізіп жатырсың», «олар мұндай мемлекетте өмір сүрмейді» демейді. Жемқор – лауазымды тұлға – пара алып, қымбат көлік мініп жүргенде, біз: «не деген керемет адам, қандай мықты, жақсы өмір сүре алады, жарайды» дейміз. Бұл қандай ақшаға шалқып өмір сүріп жатыр, жалақысы аз болса да, қалай ауқатты өмір сүруде деп сұрақ қоймаймыз. Біз одан сұрамаймыз. Ал кейін қаржы полициясы және басқа органдар оны темір торға тоғытқан кезде, жамандаймы. Біз бен сіз сияқты салық төлеушілердің ақшасына, бір-бірімізді бүркемелеп жүріп берген парамыздың арқасында шалқып-тасып жүрген кезде жамандамаймыз, сөкпейміз, керісінше, оның қолынан келеді деп мақтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |