Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет6/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

18
6 .  «Балаға  мейірімді  қала»  жобасын  жүзеге  асыруда  білім  беру 
ұйымдарының  қатысуын  үйлестіру,  қаладағы  отбасы  институты 
статусының өркендеуіне көмектесу .
2009 жылдан бастап орталықта балалар мен жасөспірімдерге арналған 
тәуліктік  сенім  телефоны  қызметі  жұмыс  жасайды .  Орталық  мамандары 
отбасы  институтын  қолдау  бойынша  қалалық  бағдарламаларды  жасап, 
жүзеге асыруда: әумесерлік мінез-қылықты балалар мен жасөспірімдерге 
арналған  авторлық  бағдарламалар,  олардың  мақсаты  қатысушылардың 
әлеуметтік  маңызды  мінез-қылық  үлгілерін  қалыптастырып  және  да-
мыту,  олардың  жалпы  адами  құндылықтарды  қыбалдауы  болып  та-
былады .  Жасөспірім  қыздарға  арналған  «Бақытты  болашаққа  назар» 
бағдарламасы . Бағдарламаның мақсаты – бағдарлама қатысушыларының 
өздерінің болашақ отбасылық өмірге деген ұстанымдары, олармен болып 
жатқан жайттарға жауапкершілік деңгейінің түсінігі . «Ата-аналық махаббат 
сабақтары» бағдарламасы . Бағдарламаның мақсаты – отбасылық жағдай 
төмендігін алдын алу, қараусыз қалушылық пен балалардың интернаттар 
мен балалар үйіне түсуін болдырмау .
Орталық  мамандары  «Ана  немесе  әке  ішкен  кезде»  бағдарламасын 
жүзеге  асыру  арқылы  балаларды  қолдау  тобының  жұмысын 
ұйымдастырады .  «Асырап  алушы  ата-аналар  мектебі»,  «Жас  отбасы» 
бағдарламалары жасалған .
Барлық  аймақтарда  дерлік  «Ана  Yйi»  Қоғамдық  Қордың  филиалдары 
жұмыс  жасайды,  олардың  мақсаты  баланы  отбасында  (туған  анасымен) 
сақтап  қалу  болып  табылады .  «Ана  Yйi»  өмірлік  қиын  жағдайларға  тап 
болған  аналарға  моральдық  және  материалдық  көмек  көрсету  арқылы 
көмектесуге  бағытталған .  Сынамалы  жоба  Қазақстанның  астанасы  – 
Астана  қаласында  басталды .  Бірінші  дағдарыстық  орталық  2013  жылғы 
мамыр  айында  ашылды .  Бес  ай  ішінде  Үй  толығымен  адамға  толы  бол-
ды .  Қолдау  15  әйелге  көрсетілді .  Осы  мерзімде  соншалықты  бала  жетім 
қалмады . 2013 жылы қазан айында баларымен әйелдерге арналған тағы 
да үш дағдарыстық орталық ашылды: Астанадағы екінші үй және Алматы 
мен Қостанайды бір-бір үйден . 2015 жылғы маусым айынан Қазақстанда 23 
Ана Үйі жұмыс жасауда . Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында 
барлығы  54 дағдарыстық орталық ашу жоспарлануда .
Айсайын  орташа  алғанда  кризистік  орталыққа  жаңа  туған  балалары-
мен 40-45 ана келіп түседі . Жобаның жұмыс жасауы кезінде «Ана Yйi»(Дом 
Мамы)  паналарында 900 жуық балаларымен аналар көмек пен түсінік тап-
ты (2015 жылғы шілде айындағы мағлұматтар) .
Бақытқа орай, 2013 жылғы желтоқсан айынан 2015 жылғы шілде айы 


19
*
Ата-аналарының 
қамқорлығынсыз 
қалған 
балаларды 
отбасылық 
орналастыру/
қорғаушылықтың альтернативтік формалары туралы толық ақпарат мына сайтта барhttp://www .
usynovite .kz/; http://egov .kz/; http://www .bala-kkk .kz/
1-тарау. Жетімдік аясындағы жағдайға шолу
аралығында  біздің  аналарымыздың  50%  отбасыларына  қайтып  орал-
ды . Бұл мағлұматтар аналардың балаларынан бас тартуына соқтыратын 
мұндай қиындықтар қысқа уақытты болуы мүмкіндігін көрсетеді және әйел 
адамға  осынау  қысқа  дағдарыстық  кезеңде  көмек  алып,  аздап  күте  тұру 
керек .
Зерттеу  қорытындылары  келесі  күрделі  мәселелерге  нұсқауда:  ҚР 
Заңнамасы  әлеуметтік  жетімдікті  алдын  алу  бойынша  шараларды,  ал  яғни 
баланың мүдделері, оның қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз 
ету  үшін  дағдарыстық  отбасын  оңалту  мен  отбасы  ішілік  қарым-қатынасты 
түзету  үшін  қажетті  шараларды  ешқалай  қарастырмаған .  Қиын  кезеңде 
мәселелер  ата-аналық  құқығынан  айыру  мүддесіне  қарай  шешіледі,  бұл  ав-
томатты түрде баланың отбасынан түбегейлі және үзілді-кесілді айырылуына 
әкеліп соқтырады, себебі ата-аналық құқығын қалпына келтіру жағдайлары өте 
сирек кездеседі .
Сонымен қатар қолданыстағы бала асырап алу, тәрбиелеу мен патронат 
тәжірибелері әлеуметтік жұмысшылар мен психолог – мамандардың қолдауына 
бекітілмеген . Мұндай қолдау отбасынң нығайту мен баланың асырап алған от-
басында жеңіл бейімделуне ғана емес, сонымен қатар балаларды интернат 
мекемелеріне қайтарылу қауіпін де төмендетуге көмектесуі керек .
Альтернативті  тәрбиелеу  формалары  және  балаларды  асырап 
алушы отбасыларына жайғастыру тәртібі *
Отбасынан алып қойылған баланың «сапалы қамқорлығын» қамтамасыз 
ету мақсатында ұлттық саясатпен альтернативтік қамқорлық бала үшін ең 
тиімді формада  жасалуы  қарастырылады .  Бірінші  кезекте  баланың  отба-
сына тәрбиеленуге берудің (тәрбиелеу, қамқорлық, патронат, асырап алу) 
барлық нұсқалары қарастырылады, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда 
-    жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған  барлық  типтегі  ұйымдарға  жіберілуі  қарастырылады .  Осы 
мәселелерге жауаптылар бала құқығын қорғау мақсатында қамқорлықтың 
тиісті орындалуын бақылайтын жергілікті атқарушы органдар болып табы-
лады . Баланы асырап алушы отбасыға немесе ұйымға қамқорлыққа беру, 
бір  қамқорлық  формасынан  басқасына  ауыстыру  баланың  ойын  ескере 
отырып, сонымен қатар егер отбасы мүдделі болса, отбасының ойын еске-
ре отырып жүзеге асырылады . Бірақ тәжірибе көрсететіндей интернаттық 
мекемелерде қамқорлықта тұрған балаларды басқа мекемеге аудару тура-


20
лы немесе қамқорлықтың басқа формасына аудару туралы ойлары барлық 
кезде ескеріле бермейді .
Альтернативтік тәрбиелеу бойынша БҰҰ басшылығы баланың қажеттілігін 
және баланың отбасына берілу мүмкіндігін ескере отырып тәрбиелеу жо-
спарын жасауды ойластыруда . Сұрау нәтижелері көрсеткендей заңнамалық 
деңгейде, сонымен қатар тәжірибеде тәрбиелеудің жеке жоспарларын жа-
сау жүргізіліп жатқан жоқ . Бірақ соған қарамастан балаға қамқорлық жаса-
уды ұйымдастыруға жауапты орган тәрбиелеудің альтернативті формасын 
таңдауға жауапты болып табылады, тұрақты түрде жылына 1 рет баланы 
қамқорлыққа беру сараптамасын жасайды және сараптама қорытындылары 
бойынша тиісті шаралар қолданады .
БҰҰ  Басшылық  принциптеріне  сәйкес  мемлекет  альтернативті  күтім 
нұсқаларының  жиынымен  қамтамасыз  етуі  керек .  Ұлттық  заңнамада 
альтернативтік  қамқорлықтың  түрлі  формалары  қарастырылады:  бала-
ны асырап алу, отбасында немесе балалар мекемелерінде қорғаншылық 
(қамқоршылық), патронат . 
Асырап  алған  отбасында  қамқорлықты  жүзеге  асыратын  тұлғаға 
қойылатын  талаптар  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы» 
Кодекстің 122 б . жазылған . Қорғаншы немесе қамқоршы тек кәмілетке 
толған тұлғалар бола алады, келесі жағдайлардан басқа:
1)  сотпен  іс-әрекетке  қабілетсіз  немесе  шектеулі  іс-әрекетке  қабілетті 
деп танылған түлғалар;
2) сотпен ата-аналық құқығынан айырылған немесе сотпената-аналық 
құқығынан шектелген тұлғалар;
3)  ҚР  заңымен  жүктелген  міндеттерді  тиісінше  орындамағаны  үшін 
қорғаншылық немесе қамқоршылық міндеттерінен алыстатылған;
4) егер сотпен асырап алушылық солардың кесірі бойынша жойылған 
жағдайдағы бұрынғы асырап алушылар;
5)  денсаулық  жағдайлары  бойынша  тәрбиелеу  немесе  қамқорлық 
міндеттерін жүзеге асыра алмайтын тұлғалар .
ПБалаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау кезінде қорғаншының 
немесе  қамқоршының  адамгершілік  және  басқа  да  жеке  сапалары,  оның 
қорғаншының  немесе  қамқоршының  міндеттерін  орындау  қабілеттілігі, 
бала  мен  қорғаншының  немесе  қамқоршының  арасындағы  қарым-
қатынас, қорғаншының немесе қамқоршының отбасы мүшелерінің балаға 
дегенқарым-қатынасы,  сонымен  қатар,  егер  мүмкін  болса  баланың  өз 
қалауы да ескеріледі .
Сауалнамалардың  алынған  қорытындылары  бойынша  қамқорлық  жа-


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау